«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет25/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

арақашықтықтағы  тіреулерге  бекітіледі.  Антеннаның  салбыраған  ұшы  ӘЖ  сымының 

салбыраған ұшынан үлкен болуы тиіс. 

438. Антеннаны ілер алдында антенна орамасы бар бекет тіреуге 1-1,5 метр биіктікте 

бекітіледі және жерге тұйықталады. 

Бекетке  шығатын  антенна  ұшы  бекет  ішінде  тұрған  дроссель  арқылы  және 

дроссельмен  қатар  тұйықталған  жерге  тұйықтау  пышағы  арқылы  жерге  тұйықталады. 

Дроссельмен қатар 1 килоВ разрядник кернеуге қосылады. 

Антеннаны баяу жұлқыламай тарту керек. 

439. Антеннаны кӛтеру және түсіру кезінде трасса жағында ортаңғы аралықта тұрған 

бір  адам 

437-тармақта

  кӛрсетілген  қашықтықтан  кем  емес,  кернеудегі  ӘЖ-ның  сымына 

антеннаның  жанасуын  бақылайды.  Антенна  сымдарының  астында  тұруға  рұқсат 

етілмейді. 

440.  Антеннаны  түсірер  алдында  міндетті  түрде  жерге  тұйықтау  пышағымен  немесе 

тасымалды жерге тұйықтаудың кӛмегімен жерге тұйықтау керек. 



  

  

Аппараттық ДТБҚ 

  

441.  Аппарат  үй-жайларында  орналасқан  құрылғыларда  жұмыс  істеуді,  тұйықтауды 



және ажыратуды, сондай-ақ телефон байланысы, радио тарату аппаратурасын және электр 

станциясының  және  қосалқы  станцияның  электр  қондырғыларында  ӛзгені  жӛндеуді  ІІІ 

топтағы бір жұмысшы орындай алады. 

442.  Еденде  кәбілді  және  әуе  желі  байланысын  енгізу  және  енгізу-сынау  тірегі, 

қашықтықтан қоректендіру тірегі, кернеуді автоматты реттеуіш тірегі, тоқты тарату тірегі 

алдында диэлектрлік резеңке кілемше немесе оқшаулағыш тұғыр болуы керек. 

443.  Қашықтықтан  қоректендіру  кернеуі  жіберілген  жабдықтың  тысына  кернеудің 

болуы туралы ескертетін қауіпсіздік белгісі салынады. 

444.  Іздеуші  байланыстың  (байланыс  ӛрісін)  және  релені  жууды  оларды  кернеуден 

алған соң орындау керек. 

445. Жабдықты тазалау кезінде металл тіреуі жалаңаш қылқаламды, сондай-ақ металл 

ұшы бар шаңсорғыштың шлангасын қолдануға рұқсат етілмейді. 

446.  Аппаратурадағы  радио  шамын  ауыстыруды  олардан  кернеу  алғаннан  кейін 

орындау  керек.  Қорғау  құралдарын  қолдана  отырып,  250  В  дейінгі  кернеудегі  шамды 

ауыстыруға жол беріледі. 

447.  Кіріспе-сынау  тірегіне  енгізілген  байланыс  желісіне  немесе  бӛгде  кернеуі  42  В 

жоғары  кростың  қорғаушы  жолағына  (электр  тарату  желісінен,  қашықтықтан 

қоректендіру  аппаратурасынан  және  ӛзгелерден)  түскен  кезде  кезекші  персонал  мұндай 

желіні ажырату және қорғау құралдарын қолдана отырып оқшаулауы қажет. 42 В жоғары 

бӛгде  кернеудің  болуы  туралы  объектінің  кезекші  персоналға,  ол  болмаған  кезде  -  одан 

жоғарғы  кезекшіге  хабарланады.  Разрядникті  немесе  сақтандырғышты  ауыстыруды  тек 

бӛгде кернеу болмаған кезде орындауға рұқсат етіледі. 

448. Электр тарату желісінің әсеріне шалдыққан байланыс желісінің аппаратурасында 

және  айнымалы  тоқтағы  электрленген  темір  жолда  жұмыс  кезінде  желілі  қорғау 

құрылысын  ауыстыру  диэлектрлік  қолғаппен  (немесе  оқшаулағыш  тұтқасы  бар 

қысқыштармен)  және  диэлектрлік  резеңке  кілемшені  қолдана  отырып,  қорғау 

кӛзілдірігімен жүргізіледі. 

  

  

Автомобильдерді, жүк көтергіш машиналарды, механизмдер мен 

сатыларды қолдана отырып, электр қондырғыларындағы жұмыстар 

  



449. Қолданыстағы электр қондырғыларда жүк кӛтергіш крандарды қолдана отырып, 

жұмыс  істеу  кезінде  жүктерді  кранмен  тасымалдау  бойынша  жұмыстардың  қауіпсіз 

орындалуы  үшін  уәкілетті  тұлға  «Жүк  кӛтергіш  крандарды  орнату  және  қауіпсіз 

пайдалану  қағидаларының»  талаптарына  сәйкес  IV  топтағы  инженерлік-техникалық 

жұмысшы  болуы  қажет.  Бұл  тұлғаның  ӛкілеттігі  наряд  берушіге  немесе  жұмыс 

басшысына жүктеледі. 

450.  Энергетика  кәсіпорнының  штатында  тұрған  және  қолданыстағы  электр 

қондырғыда жұмыс істейтін ӛндіруші мен машинистер II топтан болуы қажет. 

Басқа  ұйымның  кран  ӛндірушілері  «Жүк  кӛтергіш  крандарды  орнату  және  қауіпсіз 

пайдалану қағидаларының» талаптарына сәйкес жұмысқа жіберіледі. 

451. Автомобильдерге, жүк кӛтергіш машиналарға және механизмдерге АТҚ бойынша 

және  ӘЖ-нің күзетілетін  аймағында  қозғалуға 

449-тармақта

  аталған  тұлғалардың  бірінің 

немесе  әкімшілік-техникалық  персоналдың  IV  топтағы  жұмысшысының  бақылауымен 

рұқсат етіледі. Сондай-ақ, АТҚ бойынша автомобильдердің, жүк кӛтергіш машиналардың 

және механизмдердің қозғалуына кезекші немесе жедел жӛндеу персоналынан IV топтағы 

рұқсаттама беруші қадағалауымен рұқсат етіледі. 

452.  АТҚ  бойынша  және  ӘЖ  астымен  ӛткен  кезде  жүк  кӛтергіш  машиналары  мен 

механизмдерінің  кӛтеретін  және  жылжымалы  бӛліктері  кӛлік  жағдайында  болуы  тиіс. 

Жұмыс  орны  шегінде  кӛтеру  немесе  жылжымалы  бӛлігінде  жүксіз  және  адамдарсыз 

кӛтерілген  жұмыс  органымен  кӛтере  жүк  кӛтергіш  машиналарын  жазық  жерге  орнын 

ауыстыруға,  егер  мұндай  орын  ауыстыруға  зауыт  нұсқаулығы  бойынша  жол  берілсе, 

рұқсат  етіледі  және  бұл  ретте  ӘЖ-нің  ажыратылмаған  шиналары  мен  сымдарының 

астынан ӛту қажет емес. 

АТҚ-дағы  қозғалыс  жылдамдығы  жергілікті  жағдайда  айқындалады,  бірақ  10 

километр/сағ. аспайды. 

Автомобильдер,  жүк  кӛтергіш  машиналар  мен  механизмдер  ӘЖ  астынан  сымының 

(тірегінің) ең аз салбыраған жерінен ӛтеді. 

453. Жебесі бар жүк кӛтергіш механизмді орнатуға және олардың кернеудегі тікелей 

ӘЖ сымдарының астындағы жұмысына жол берілмейді. 

Жүк  кӛтергіш  машинаны  (механизмді)  шығарылатын  тіреуге  орнатуды  және  оның 

жұмыс істеу органдарын кӛліктік қалыптан жұмысшы күйге ауыстыруды оны басқаратын 

машинист  орындауы  қажет.  Бұл  мақсаттар  үшін  басқа  жұмысшыларды  тапсыруға  жол 

берілмейді. 

454.  Автомобильдің,  жүк  кӛтергіш  машинаның  және  механизмдердің  жүрген, 

қондырған  және  жұмыс  істеген  кезінде  кӛтеретін  және  жылжымалы  бӛлігінен, 

ілмектерінен, жүк іліп алу құрылғыларынан, жүктерден кернеудегі тоқ беруші бӛліктеріне 

дейінгі  арақашықтығы  осы  Қағидаларға 

4-қосымшадағы 

1-кестеде  кӛрсетілгеннен  кем 

болмауы тиіс. 

455.  Телескоптық  мұнараның  және  гидрокӛтергіштің  жұмыс  басталар  алдында 

жылжымалы  және  кӛтеру  бӛліктерінің  әрекетін  тексеріледі,  ал  телескоптық  мұнараның 

бұдан басқа кӛтеру бӛлігі тігінен орнатылады және осы жағдайда бекітіледі. 

456.  ӘЖ-нің  бұрышты  тірегіндегі  оқшаулағышты,  сымдарды  ауыстыруға  немесе 

арматураны  жӛндеуге  байланысты  жұмыс  кезінде  сымдардан  туындаған  ішкі  бұрышта 

телескопиялық мұнара (гидрокӛтергіш) орнатуға жол берілмейді. 

457.  АТҚ-да  және  ӘЖ-нің  күзетілетін  аймағында  барлық  жұмыстар  кезінде 

автомобильдер,  жүк  кӛтергіш  машиналар  және  механизмдер  пневмa  дӛңгелекпен 

жүргенде  жерге  тұйықталады.  Автомобильдің  (жүк  кӛтергіш  машина,  механизм) 

қаңқасына жанасуға және жерге тұйықтау сымын орнатқанға дейін олардың жұмыс істеу 

органдарының,  жүк  іліп  алу  құрылғыларының  және  тірек  бӛлшектерінің  қандай  да 

болмасын орын ауыстыруына жол берілмейді. 

Жүк  кӛтергіш  машиналар  мен  механизмдер  табан  шынжырмен  жүргенде  тікелей 

топыраққа орнату кезінде жерге тұйықтау қажет етілмейді. 




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау