«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет27/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

476.  Келісім  алу  үшін  ҚМҰ  пайдалануға  беруші  кәсіпорынның  атына 

475-тармақта

 

аталған  жұмысшылар,  сондай-ақ  жауапты  орындаушылар  тізімін  қоса  бере  отырып  хат 



жібереді. 

477. Жұмыс істеуге келісімде пайдалануға беруші кәсіпорын мыналарды кӛрсетеді: 

1)  жұмыс  жүргізілетін  қолданыстағы  электр  қондырғысының  учаскесі  (ТҚ,  желі, 

шынжыр, тірек); 

2) жұмыс жүргізу мерзімі (басталуы мен аяқталуы); 

3)  жұмыс  аяқталғандығы  туралы  хабарлайтын  пайдалануға  беруші  кәсіпорынның 

уәкілетті тұлғасы; 

4)  қауіпті  және  зиянды  факторлардың  болуы  (жақында  орналасқан  қолданыстағы 

электр беру желілері, электр және магниттік ӛріс, бағытталған кернеу), егер ол орын алса. 

478. Келісім алғаннан кейін ҚМҰ бригадаға рұқсаттама-нарядты береді. Рұқсаттама-

наряд үш данада жазылады, олардың бірі пайдалануға беруші кәсіпорынның персоналына 

беріледі. 

479.  Ажыратуды  және  басқа  техникалық  іс-шараларды  жүргізуді  талап  ететін 

құрылыс-монтаждау жұмыстарына, сондай-ақ кернеудегі электр тарату желілерінің күзету 

аймақтарындағы 

жұмыстарға 

рұқсаттама 

осы 


Қағидалардың 

55-61-тармағының

 

талаптарына сәйкес орындалады. 



480.  Егер  ТҚ  аумағында  құрылыс-монтаждау  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  арнайы 

қоршалған аймақ бӛлінеді, пайдалануға беруші кәсіпорын және ҚМҰ рұқсаттама-актісін 

ресімдейді. Бұл жағдайда, келісім беру талап етілмейді. 

481. ҚМҰ үшін бӛлінген жұмыс аймағы электр қондырғының қолданыстағы бӛлігіне 

персоналдың ӛтуіне кедергі келтіре отырып, қоршалады. 

482.  Қолданыстағы  электр  қондырғы  аумағын  немесе  үй-жайын  ҚМҰ  персоналы, 

машиналары  және  механизмдері  оған  бӛлінген  қоршалған  аймақта  ӛту  жолдарымен 

немесе ӛткел арқылы кесіп ӛтуін болдырмайтын іс-шаралар қамтамасыз етіледі. 

Бӛлінген аймаққа ҚМҰ персоналы жүрген жолы қолданыстағы ТҚ аумағы немесе үй-

жайы  бойынша  ӛткен  жағдайда,  осы  аймаққа  рұқсаттаманы  жұмыс  аймағына  кіргенге 

және шыққанға дейін ҚМҰ персоналы сүйемелдейтін ТҚ-ны жеке дара тексеру құқығына 

ие пайдалануға беруші кәсіпорын ӛкілі орындайды. 

483.  Егер  ҚМҰ  үшін  бӛлінген  жұмыс  аймағы  қоршалмаса,  ондағы  жұмыстар 

бақылаушыға, пайдалануға беруші кәсіпорын берген наряд бойынша жасалады. 

484.  ҚМҰ-ның  жауапты  тұлғасы  жұмыстың  толық  аяқталғандығы  туралы 

Қағидалардың 

477-тармағына

  сәйкес  пайдалануға  беруші  кәсіпорынның  жауапты 

тұлғасына хабарлайды. 

485.  ҚМҰ-ның  жұмысты  толық  аяқтағандығы  туралы  хабарлама  жазбаша  хабарлама 

түрінде беріледі. 

Хабарламада  жұмыс  наряд  бойынша  толық  аяқталғандығы,  бригада  (бригадалар) 

жұмыс  учаскесінен  шектетілгендігі,  жұмыс  орындары  тексерілгендігі  (материалдар, 

аспаптар,  құрылғылар  және  ӛзгелері  жиналғандығы;  ҚМҰ  персоналы  орнатқан  жерге 

тұйықтау  құралдары,  қоршаулар,  қауіпсіздік  белгілері  мен  плакаттар  алынғандығы) 

кӛрсетіледі. 

486.  Жұмыстың  толық  аяқталғандығы  туралы  хабарламаны  алғаннан  кейін 

пайдалануға  беруші  кәсіпорын  орнатылған  ӛткізуші  жерге  тұйықтау  құралдарын, 

қоршауларды  қауіпсіздік  белгілерін  (плакаттарын)  алуға  және  электр  қондырғыны 

сӛндіруге құқылы. 

  

Электр қондырғыларын пайдалану 



кезіндегі қауіпсіздік техникасы 

қағидаларына

 

1-қосымша 



  


  

Электр қондырғыға қызмет көрсететін персоналдың электр 

қауіпсіздігі бойынша топтары 

  

Қызметкердің санаты 

Топ алу үшін қызмет кӛрсету немесе осыған сәйкес электр 

қондырғылар жұмыстарындағы ең аз еңбек ӛтілі 

II 


III 

IV 


1. Электр қондырғыда 

жұмыс істеуге 

тартылған электро 

техникалық емес 

жұмыскерлер/құрылыс 

жұмысшысы, 

тазалаушы, автокӛлік 

жүргізушісі, жүк 

кӛтеретін машиналар 

мен механизмдердің 

машинистері және 

т.б./ 

Нормаланбайды  2 ай 



12 ай 



2. Әкімшілік-

техникалық, кезекші, 

жедел-жӛндеу және 

жӛндеу жұмыскері: 

- арнайы білімі жоқ 

/электр техникалық/; 

- орта және жоғары 

оқу орындарын электр 

техникасы мамандығы 

бойынша бітірген 

Нормаланбайды 

Нормаланбайды 

1 ай 

нормаланбайды 



Бұрынғы 

тобында 


2 ай 

Бұрынғы 


тобында 

2 - ай 


Бұрынғы 

тобында 


3 ай 

Бұрынғы 


тобында 

3 ай 


Бұрынғы 

тобында 


12 ай 

Бұрынғы 


тобында 

6 ай 


3. Орта және жоғарғы 

оқу орындарының 

практиканты 

Нормаланбайды  1 ай 

Бұрынғы 

тобында 


3 ай 



  

Ескертпе: 

1. 18 жасқа толмаған адамдарға II-топтан жоғары иеленуге рұқсат етілмейді. 

2.  1-топты  алу  үшін  электр  қауіпсіздігі  туралы  нұсқау  алу  жеткілікті.  Осы  электр 

қондырғысындағы  нұсқау  тіркеу  журналына  жазылады.  І-топтың  жұмыскеріне  куәлік 

беру қажет емес. 

3.  II-IV  топты  алу  үшін  персонал:  электр  қондырғыдағы  жұмыстарға  байланысты 

қауіпсіздік туралы жақсы білу керек; орындалатын жұмыс кӛлеміне қатысты негізгі және 

басқа  да  қауіпсіздік  Қағидаларын  білу  және  іс  жүзінде  қолдана  білуі;  электр 

қондырғының  құрылысы  мен  жабдықтарын  білуі;  Жазатайым  жағдайда  зақымданған 

тұлғаға іс жүзінде алғашқы кӛмек кӛрсете білуі, сонымен бірге қолдан дем алдыру түрін 

және  жүректі  сыртынан  уқалауды;  IV-V  топты  иелену  үшін  міндетті  түрде  электр 

қондырғыны  құрастыруды  және  жұмыс  кезінде  қауіпсіздікті  сақтауды  ұйымдастыруы 

қажет. Санамаланған талаптар ең аз мӛлшерде алынған. 

  

Электр қондырғыларын пайдалану 



кезіндегі қауіпсіздік техникасы 

қағидаларына

 

2-қосымша 



  


жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау