«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет21/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

кернеудегі  сыналатын  жабдықты  есептеуі  қажет.  Бұл  қызметкерлер  бекетті  жұмыс 

ӛндірушінің келісімімен ғана тастап кетеді. 

355. Кәбіл желісін сынау кезінде, егер оның қарама-қарсы ұшы құлыпталған камерада, 

ЖТҚ бӛлігінде немесе үй-жайда орналасқан болса, есіктерге немесе қоршауларға «Сынақ 

ӛтуде.  Ӛмірге  қауіпті»  деген  плакат  ілінеді.  Егер  есік  пен  қоршау  құлыпталмаса,  не 

трассада бӛлінген кәбіл талсымдары бар жӛнделетін желіде сынаққа ұшыраса, есіктерге, 

қоршауларға және бӛлгіш кәбіл талсымына плакаттарды ілуден басқа, II топ жұмысшылар 

бигадасының немесе кезекші персонал құрамына кірген күзетші қойылады. 

356.  Сынақ  қондырғысы  және  сынақ  жабдығы  әр  үй-жайда  немесе  ТҚ-ның  әртүрлі 

учаскілерде  орналасқан  кезде  жұмыс  ӛндірушіден  бӛлек,  оқшаулау  кезінде  қадағалауды 

жүргізетін III топтағы бригада мүшелерінің келуіне жол беріледі. Осы бригада мүшелері 

қоршаудан тыс болуы және жұмыс ӛндірушіден сынақ басталар алдында қажетті нұсқау 

алуы қажет. 

357.  Сынақ  жүргізуге  кедергі  келтірген  жерге  тұйықтау  құралын  ажырату  және  оны 

қайтадан  орнату  сынақ  қондырғысының  жоғарғы  кернеуіне  жерге  тұйықталғаннан  кейін 

сынақ басшыларының келісімімен ғана Қағидалардың 

100-тармағына

 сәйкес мүмкін. 

358.  Сынақ  схемаларын  жинау  кезінде  ең  алдымен  сынау  жабдығының  қаңқасын 

қорғағыш және жұмыс бабындағы жерге тұйықтау орындалады. 

Жылжымалы  қондырғының  қаңқасын  жерге  тұйықтай  отырып,  жұмыс  схемасын 

кӛмегімен оған сынақ жүргізу жол берілмейді. Сынайтын жылжымалы қондырғы қаңқасы 

10  шаршы  миллиметрден  кем  емес  икемді  мыс  сымының  қиылысында  жеке  жерге 

тұйықтау  сымдармен  жерге  тұйықталады.  Сынау  алдында  жерге  тұйықтау  қаңқасының 

сенімділігін тексеру керек. 

Сынақ қондырғысын 380\220 В желіге қосар алдында жоғары кернеуден шықпа жерге 

тұйықталады. 

Жерге  тұйықтау  үшін  сынақ  схемаларында  қолданылатын  мыс  сымының  қиылысы 

кемінде 4 шаршы миллиметр болуы тиіс. 

359.  Сынақ  қондырғысын  кернеуі  380\220  В  желіге  тұйықтау  үзілмелі  тізбегі  кӛзге 

кӛрінетін  коммутациялық  аппарат  арқылы  немесе  қондырғының  басқару  орнында 

орналасқан штепсель айыры арқылы орындалады. 

Коммутациялық  аппарат  ұстап  тұратын  қондырғымен  жабдықталады  немесе 

аппараттың жылжымалы және жылжымайтын түйісуіне оқшаулауыш тӛсем орнатылады. 

Кернеуі  380\220  В  желіден  сынайтын  электр  қондырғыға  тоқ  беру  үшін 

пайдаланылатын  сымы  немесе  кәбіл  осы  желіде  орнатылған  сақтандырғышпен  немесе 

автоматты  ажыратқыштармен  қорғалуы  тиіс.  Жылжымалы  сынау  қондырғысын  желіге 

қосуды осы желілерді пайдаланатын ұйым ӛкілдері тұйықтауы қажет. 

360.  Сынақ  қондырғысында  оператордың  жұмыс  орны  1000  В-тан  жоғары  жабдығы 

бар үй-жайдан шеттетіледі. Бұл үй-жайдың есігі ашылған кезде сынау схемасы бар кернеу 

алуды  және  есік  ашылған  кезде  кернеудің  берілмеуін  қамтамасыз  ететін  блоктаумен 

жабдықталады.  Оператордың  жұмыс  орнында  1000  В  дейін  және  одан  жоғары  кернеуді 

тұйықтау  туралы  жеке  жарық  дабыл  орнатылады.  Жылжымалы  сынақ  қондырғысында, 

бұдан  басқа,  сынақ  қондырғысы  шықпасында  кернеудің  болуы  кезінде  автоматты  түрде 

тұйықталатын сыртқы жарық дабылымен жабдықталады. 

361. Жоғары кернеулі түзетілген тоқты алу үшін қатты жартылай ӛткізгішті схемалар 

қолданылады. 

362. Сыналатын жабдықтың және сынақ қондырғысының арасындағы жалғағыш сым 

ең  алдымен  жоғары  кернеулі  шықпаның  жерге  тұйықталған  құралына  жалғанады.  Бұл 

сымды  осы  Қағидаларға 

4-қосымшаға 

1-кестенің  үшінші  бағанында  кӛрсетілгеннен  кем 

ара  қашықтықта  жоқ  беруші  бӛліктердің  кернеуіне  жақындауды  (соғуын) 

болдырмайтындай бекіту қажет. 

Жалғанатын  сымды  фазаға,  сыналатын  жабдықтың  полюсіне  немесе  кәбілдің 

талсымына  жалғауға  немесе  оның  ажыратуға  жұмыстың  сынақ  басшысының  нұсқауы 




бойынша  және  оларды  жерге  тұйықтау  пышақтарды  немесе  тасымалды  жерге  тұйықтау 

орнату арқылы жерге тұйықтағаннан кейін ғана рұқсат етіледі. 

363.  Әрбір  сынақ  кернеуін  беру  алдында  жұмыс  ӛндірушіге  (сынау  жетекшісіне) 

мыналар қажет: 

1)  схеманы  жинау  дұрыстығын  тексеру  және  жұмыс  және  қорғағыш  жерге  тұйықтау 

құралдарының сенімділігін тексеру; 

2)  күзетке  тағайындалған  бригаданың  барлық  мүшелерін  және  жұмысшыларды 

түгендеу,  ӛздеріне  кӛрсетілген  орындарында  болуын,  бӛтен  адамдар  шығарылғандығын 

және сынақ кернеуін жабдыққа беруге болатындығын тексеру; 

3)  бригаданы  кернеудің  берілуі  туралы  «Кернеулік  беремін»  деген  сӛзбен  және 

ескертуді бригаданың барлық мүшесіне естілгеніне кӛз жеткізіп ескерту, жерге тұйықтау 

құралын сынақ қондырғысынан шығару және оған 380\220 В кернеуді беру. 

364. Барлық сынақ қондырғысының шықпасынан жерге тұйықтау құралын ажыратқан 

сәттен  бастап  сынақ  жабдықтары  және  қосқыш  сымдарды  қоса  алғанда,  барлық  сынақ 

қондырғылары  кернеуде  деп  есептеледі  және  сынақ  схемасына  және  сынақ  жабдығына 

қандай да бір қайта тұйықтауды жүргізуде жол берілмейді. 

365. Сынақ қондырғысының шықпасына кернеу берілген сәттен оған кіруге және одан 

шығуға,  сыналатын  жабдықта  болуға,  сондай-ақ  жерде  тұрып  сыналатын  жабдық 

қаңқасына жанасуға жол берілмейді. 

366.  Кәбілдерді  жерге  тұйықтау  қондырғысы  бар  пункттер  жағында  сынау  немесе 

күйдіру  керек.  Жерге  тұйықтау  қондырғысы  болмаған  кезде  мұндай  жұмыстарды 

кәсіпорын басшысының келісімімен ерекше жағдайларда ғана жол беріледі. 

367. Сынақ аяқталғаннан кейін жұмыс ӛндіруші сынақ қондырғысын кернеуден нӛлге 

дейін  азайтуы,  оны  380\220  В  желіден  ажыратуы,  қондырғының  шықпасын  жерге 

тұйықтауы  және  бригадаға  бұл  туралы  «Кернеулік  ажыратылды»  деген  сӛздермен 

хабарлауы  қажет.  Тек  осыдан  кейін  ғана  сымды  қайта  жалғауға  болады  немесе  сынақ 

толық  ақталған  жағдайда,  оны  сынақ  қондырғысынан  ажыратуға  және  қоршауды  алуға 

болады. 


368.  Айтарлықтай  сыйымдылығы  бар  жабдықты  (кәбілді,  генераторды)  сынағаннан 

кейін қалған заряд одан алынады. 

369. Электр ӛлшеуіш қысқыштармен 1000 В жоғарғы электр қондырғыларда жұмысты 

нұсқау бойынша екі адам жүргізуі қажет: біреуі - IV топтан, екіншісі - IIІ топтан. Аспапқа 

есептеу кӛрсеткіші үшін еңкеюге жол берілмейді. Жұмысты диэлектрлік қолғаптарда істеу 

қажет. 


370. Электр ӛлшегіш қысқыштармен 1000 В дейінгі электр қондырғыларда III топтан 

бір адам диэлектрлік қолғапты қолданбай жұмыс істейді. 

Электр ӛлшеуіш қысқыштармен ӘЖ тіреуінде тұрып, жұмыс істеуге жол берілмейді. 

371.  Ӛлшеуіш  штангалармен  жұмысты  нұсқау  бойынша  кемінде  екі  адам  жүргізуі 

қажет: бірі - ІV топтан, қалғаны - III топтан. Штангасыз конструкцияға немесе телескопия 

мұнарасына кӛтерілуге, сондай-ақ түсуге болмайды. 

Штангамен жұмыс істеу кезінде диэлектрлі қолғаптарды пайдалануға міндетті емес. 

372. Желіні импульсты ӛлшеуішімен жұмыс кезінде ӛлшеуішті тек ажыратылған және 

жерге  тұйықталған  ӘЖ-де  ғана  тұйықтауға  рұқсат  етіледі.  Тұйықтауды  мынадай 

тәртіппен орындау қажет: 

1)  жалғайтын  сымды  ең  алдымен  импульсті  ӛлшеуіштің  жерге  тұйықталған  сымына 

(қорғағыш  қондырғыдан  шығатын),  одан  кейін  оқшаулағыш  штанга  кӛмегімен  ӘЖ 

сымына  жалғау.  Жалғаушы  сымдар  ӘЖ-ге  жалғанатын  штангалар  ӛлшеу  уақытында 

желінің  сымында  қалады.  Штангамен  жұмыс  кезінде  диэлектрлі  қолғаптарды  пайдалану 

қажет; 

2) ӘЖ-нің импульсті ӛлшеуішті жалғаған ұшынан жерге тұйықтау құралын ажырату. 



Қажет болған жағдайда, жерге тұйықтау құралын басқа да ӘЖ-нің тексерілген ұштарынан 

ажыратуға  рұқсат  етіледі.  ӘЖ-ден  жерге  тұйықтау  құралын  ажыратқаннан  кейін 




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау