Тауардың бәсекеге шыдамдылығы.
Бұл тауардың экономикалық,техникалық пайдалану көрсеткіштері дәрежесінің нарыққа түскенде,басқа осындай тауарлармен бәсекеге түскенде,жеңетіндей болуы.
Тауардың бәсекеге шыдамдылығы-бұл тауардың салыстырмалы мінездемесі оны комплекті бағалау барлық жағынан: өнеркәсіптік, саудалық,экономикалық көрсеткіштерін басқа тауарлармен немесе нарық талаптарымен салыстырылады.Ол тауардың және бәсекеге түскен тауарлардың жалпылама тұтыну қасиеттерін көрсетеді, қоғамның қажеттілігіне жарауы,шығын мен бағаның арақатынасы, жеткізу және пайдалану жағдайы.
Тауардың бәсекеге шыдамдылық көрсеткішітері:
1).Техникалық көрсеткіштер.
2).Саудалық жағдайлар:
-баға көрсеткіштері
-жеткізу және жеткізілген тауардың көлемі
-нарықтағы салық және кедендік жағдайлардың көрсеткіші
-сатушылардың жауапкершілігінің көрсеткіштері
3).Ұйымдастыру жағдайлары.Тауарлады сатуды ұйымдастыру жағдайларына мыналар жатады:
-сатышулар мен сатып алушылардың арақашықтығы жақын болу
-тауарларды тек ірі партия ғана емес ұсақ партиялармен де қоймалар арқылы жеткізу
-сатудан кейінгі қызметті кеңейту,тұтынушыларға кепілдік және кейінгі қызметтерді көрсету
-рекламаны жоғары техникалық-ұйымдастырушылық,сапалық деңгейде жүргізу
4).Тұтынудың экономикалық шарттары.Бұл шарттар көптеген көр- сеткіштерді біріктіреді,негізгілері:
-шығарылған бір дана өнімге немесе жұмсалған энергия, қаржы, шикізат
-шикізат пен материалдардың пайдалану бағасы
-қолданылған технологиялардың сенімділігі
-жөндеу жұмыстарының бағасы мен сенімділігі
-артық бөлшектер бағасы
-қызмет етушілердің саны мен шеберлігі
Бәсекеге шыдамдылықтың жалпы эмпирлік формуласы: КСП=качество+цена+обслуживание
СБҚ=сапа+баға+қызмет
Тауардың бәсекеге шыдамдылығын комплексті бағалау маңызды жұмыс.Ол бағалаудың негізгі факторлары:
1.Экономиканың қуаты мен өсу қарқыны.
2.Ғылым мен техниканың даму дәрежесі.
3.Халықарлық жұмыс бөлуге қатысуы.
4.Ішкі нарықтың көлемі мен даму жылдамдығы.
5.Әлеуметті-экономикалық және ішкі саяси жағдай.
6.Қаржы системасының икемділігі.
7.Экономиканы мемлекеттік реттеу.
8.Жұмысшы және материалдың ресурстар байлығы және жұмысшы ресурстарының кәсіби шеберлігі.
Бәсекеге шыдамдылық көрсеткішін мына параметрлік индекс бойынша көрсетеді:
n-анализ жасалатын параметр саны
Ai-i-кезекті параметрдің индекстің салмағы
Ii-i-кезекті параметрлік индекс
Экономикалық бәсекеге шыдамдылығының индексі мына формула бойынша анықталады:
n-анализ жасалатын экономикалық параметрлердің саны
Ai-i-керекті параметрлерінің индексінің салмағы
Ji-i-кезекті параметрдің индексі
Бәсекеге шыдамдылықтың жиынтық индекстерінің тұтыну және экономикалық параметрлері бойынша интегралдық көрсеткіш шығарады,үлілік өніммен салыстыра:
K=Jп/Jэ
к-бәсекеге шыдамдылық көрсеткіші
Егер к>1 болса зерттелген өнім үлгіден бәсекелік қасиеті бойынша ар-
тық болады,к<1 болса кем болады,к=1 болса тең түседі.Өндірістің негізгі мақсаты к>1 алу.
Тауардың бәсеке арттыру жолдары:
1.Өз тауарының бәсекелестердің тауарынан тұтынушылар көзімен қарағанда ерекшелігі болуына қол жеткізу керек.
2.Шығаруға белгіленген тауарлардың ішінен тұтынушыларға ұнаған тауарлармен нарыққа шығып жеңу.
3.Шығарып жатқан тауарларға жаңа пайдалану бағытын табу.
4.Экономикалық тиімсіз тауарларды уақытында жоспардан алып тастау.
5.Жңа нарыққа шығу,ескіні жаңа тауарлармен.
6.Шығарып жатқан тауарларға тұтынушылардың талғамы бойынша өзгерістер енгізу.
7.Сервистік қызметті жүйелі түрде дамыту және тауарларды өткізуді ынталандыру системасын дамыту.
Тауарлардың ассортименті.
1).Тауарлар ассортиментінің түрлері және оның нарықтағы рөлі.
Ассортимент деп аталады:тауарладың белгілі жиынтығы әртүрлі түрлер мен сорттардан бір белгілері бойынша іріктелген(түсі,размері т,б).Ассортимент ұғымы тауарлық массаның құрамын көрсетуге қолданылады.Тауардың ассортиментінің көрсеткіштері: ауқымы, тереңдігі,толықтығы,жаңару дәрежесі,құрамы болып бөлінеді.
Ассотимент тереңдігі дегеніміз белгілі тауарлардың түрлері, топ- тағы бөлімдері.Мысалы,көтерме сауда мекемесінде бес түрлі құрлыс- тық материалдар бар.Сонда ассортименттің тереңдігі 15 болады. Кеңдігі-белгілі тауардың кеңдігі болып табылады.Ассортименттің толықтығы тауарлардың түрлерінің белгіленген жобаға сәйкестігі. Мысалы,прейскурант бойынша 6 түрлі металл болу керек,ал бары 4,сонда ассортимент толықтығы 0,66.
Жаңару деңгейі-жаңа түскен тауарлардың барлық тауарларға қатынасы.Мысалы,Дүкен 25 түрлі тауарлар сатады,жаңадан 7түрі келді.Сонда жаңару деңгейі 0,28.
Ассотименттің құрамы-тауарлардың топтарының,түрінің жалпы көлеміндегі салыстырмалы көлемі.Егер ассотименттің құрамы сұранысқа сәйкес болмаса керексіз тауарлар жиналады,ал керек тауарлар жетіспейді.
Ассортимент өнеркәсіптік және саудалық болып бөлінеді:
Өнеркәсіптік ассортимент-ол шығарушы мекемедегі тауарлар тізімі.
Сауда ассотименті-саудаға түскен тауарлардың ассотименті. Сау- далық ассотимент сауда мекемелерінің мамандандыру дәрежесіне, халық санына байланысты.
Өнеркәсіптік ассортименттің саудалыққа ауысуы дайын өнімдер қоймасында немесе жіберу қоймасында болады.
Тауарлар жай және күрделі ассортиментке бөлінеді:
Жай ассотименттегі тауарлар түрге бөлінеді,бірақ өзгешеліктер бойынша(размер,жобасы)бөлінбейді.
Күрделі ассортименттегі тауарлар бір түрдің ішінде тағы тағы размер,конструкция т,ббелгілер бойынша бөлінеді.Тауарлар шығару тегі бойынша топтарға бөлінеді(мысалы,лак-сыр материалдары, металдар,маталар,тоқыма бұйымдары)немесе тұтыну бағыты бойын- ша бөлінеді(шаруашылық тауарлары,мәдени тауарлар, киімдер). Мұндай бөлу топтама ассортимент деп аталады.
Бір тауарлық топтың ішіндегі түрлері номенклатура деп аталады. Ассортименттік концепция деп тауардың тиімді бағытталған құра- мын құру.Мұның негізіне нарықтың нақты субъектілерінің тұтыну талаптары қаржылық,материалдық,еңбек ресурстарын тиімді пайда- лану.Тауардың тиімді ассотиментін құруға толық көмек жасайтын ассотименттік саясат.Олұзақ мерзімдік жоспарлар негізінде тауардың ассотиментін дамытуға,тиімді құрамын жасауға саудамен байланыс- ты жақсартуға арналады.
Ассотименттік саясат жобалағанда тауардың өмірлік циклін зерт- теу,білу керек.Осы негізде тауарларды таңдау,ассотимент жобалау, бағаларды қою,пайда есептеу,сауданы жандандыру формалары қолданылады.
2).Ассотиментті құру.
Ассотиментті құру дегеніміз әртүрлі тауарлардың түрлерін,тағы басқа ерекшеліктері бойынша іріктеп алу,нарық субъектісінің талап- тарына сәйкес етіп оның талаптарын толығырақ орындауға ұмтылу.Тауарлық ассотимент құру,сақтау және тауарлық запас құру процесстерімен тығыз байланысты.Көтерме және бөлшек сауда орындарында тиімді ассотимент болуы үшін міндетті ассотимент болғаны дұрыс(ассотименттік минимум).Міндетті ассотимент уақыт бойынша өзгертіліп,қайта қаралып отыру керек.
Ассотимент тұрақтылығы-асссортиментті уақытында тексеру арқылы атқарылады.Әрқашанда саудадағы тауарлардың болуын қадағалау керек.Тұрақтылық коэфицентін жеке дүкен тбойынша,не тауар топтары мен түрлері бойынша есептеуге болады.
ҚУА=нақты ассотимент/міндетті ассотимент
Тауарлардың ассотиментін құру екі сатыда жүргізіледі:
1.Топтық ассотимент.
2.Топ ішіндегі ассотимент.
Топтық ассотимент сатуға белгіленген тауарлардың топтарының тізімі,әрбір топтың жиынтық саны немесе барлық тауарлар көлемін- дегі үлес салмағы көрсетілген тізім.
Топ ішіндегі ассортимент-әрбір тауардың топ ішіндегі нақты тауарлар мен олардың түрлерінің номенклатурасы.Номенклатура тұрақтылығы жағынан тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.
Тұрақты ассортимент әрқашанда толық көлемде болуы керек. Кейбір тауарлардың болмауы сұраныстың қанағаттандырылмауына әкеледі.
Өзгермелі ассортимент-альтернативтік және тез өзгермелі сұраныс- қа байланысты ассортименттің жан жақты және жаңарып отыруына көмектесуге.
Тауарларды ақпараттық қамту.
Ақпарат беру каналы формальді немесе формальді емес болуы мүмкін.Тауарлар туралы ақпараттар берілу тәсілі бойынша бірнеше тәсілге бөлінеді:
-көру тәсілі(көрінетін символдармен беріледі)
-актуальді(дыбыс арқылы беріледі)
-дәмдік(иіс арқылы беріледі)
-тактильдік(сезім арқылы беріледі)
-машинаға арналған(ЭВМ-дар арқылы беріледі)
Әлеуметтік бағыты бойынша ақпараттар бөлінеді:
-көпшіліктік
-арнайы(кейбір адамдарға арналған)
-жеке бастық
Ақпарат өңделу деңгейіне байланысты бөлінеді:
1.Алғашқы.
2.Қосымша.
Тауарлар жөнінде ақпарат беру құралдарына таңбалау мен тауардың жолдама құжаттары жатады.
Таңбалау-бұл өнімге қорабына,орамына,шартты таңбалар,суреттер,сандық,жазбалық белгілер салу,олар шығарушы мекеменің аты,адресі,бағынушылығы,өнімнің маркасы,сорты т,б мағлұматтар.
Тұтыну таңбалауы өнімнің маркасын түрін эталонға сәйкестігін көрсетеді.
Транспорттық таңбалар тасымалдау жөнінде ақпарат береді:
-жіберуші және алушы пунктер
-тасымалдау кезіндегі ережелер
Таңбаланған немесе нашар таңбаланған өнім жіберсе,жөберуші жақ алушы жаққа айып төлейді.Таңбалауға кіреді:тауарлық марка (тауарлық белгі)және тасымалдау таңбалары.
Жолдама белгілері сатып алушыны әртүрлі заттар мен материал- дардың қауіпті қасиеттерін ережелерді орындамағанда зиянды жағ- дайлар,аурулар,қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайларды көрсетеді.Тауардың тұтынушыға қауіпсіз екенін қауіпсіздік белгісі көрсетеді.Орамда Е әрпі мен цифрлардан құралған индекс құралады. Таңбалауда қосымша белгілер болуы мүмкін, мысалы, наградалар, медальдар.Ал өнер кәсіптік тауарлардың таңбасында тауарды қол- дану ережелері,қолдану аясы,ерекшеліктері т,б көрсетіледі.
Тауардың жолдама құжаттары-бұл құжаттар тауарды өндіру- шіден тұтынушыға дейін бірге болады.Тауарды транспортқа беріл- геннен кейін ол жүктер деп аталады.Барлық жүктер тауар-тасымал шартты құжатымен бекітіледі.Бұл шартты құжатта өзара міндеттемелер көрсетіледі,яғни теміржол жүкті уақытында және алушыға өткізуге міндеттеледі,ал жіберуші тасымал шығындарын төлеуге міндеттеледі.
Басқа жолдамалық құжат-жолдық тізім,бұл есеп айырысу қаржы- лық құжат.Онда жазылады жеткізу уақыты,жүріп өтетін бағыттары.Бұл құжаттар баратын станцияға дейін тауармен бірге жүреді.Тауарды алғаннан кейін жол тізіміне қол қояды.
Тауарларды классификациялау және кодтау.
Классификация көптеген объектілерді түрлі класстарға, топтарға, түрлерге және басқа бөлімдерге әрбір топқа ортақ қасиеттері бойынша бөлу.
Классификациясыз тауартану ғылымының және сауда жұмыстары- ның жүргізілуі мүмкін емес.Классификациялаудың негізгі сипаттама- лары:
1.Технологиялық процесстер бірлігі,шығару кезінде.
2.Қолдану бағыттары.
3.Физико-химиялық қасиеттері.
Классификаның түрлері 3-ке бөлінеді:
1.Жалпы мемлекеттік классификация.
2.Саудалық классификация.
3.Оқулық классификация.
Саудалық классификация көпшілік тұтыну тауарларына қолданыла- ды.Ол нағыз дәйекті жүйе болып табылмайды,сауда жұмыстарын жүргізуге пайдалынады.Тауарлар шығару тәсілі,қолдану аясы, қолда- нылған материалдар бойынша бөлінеді.
Азық-түлік тауарлары:нан-тоқаш,ет,балық,сүт-май,тамақтық майлар,жұмыртқа,кондитерлік,жеміс-көкөніс,арақ-шарап,темекі бұйымдары.Азық-түлік тауарлары гастрономиялық және бакалея тауарлары болып бөлінеді.
Гастрономиялық-бұл қолдануға дайын тағамдар: колбасалар, сырлар,сүт тағамдары,консервлер.
Бакалеялық-бұл жармалар,ұн,тұз,макарондар,шикі ет т,б.
Азық-түлік тауарлар түрлерге ,сорттарға бөлінеді.Сорттар табиғи және тауарлық болады.Тауарлық сорттар тауардың сапасына байланысты стандарт бойынша қойылады.
Азық-түлік емес тауарлар.
-пластмасса заттары
-шаруашылық химия заттары
-шыны бұйымдары
-керамика
-құрлыс
-мебельдік
-темір шаруашылық заттар
-электр тауарлары
-мәдени тауарлар
-шаруашылық үй электр тауарлары
-зергерлік тауарлар,сағаттар
-мата
-парфюмерлік-косметика
-тігін
-галантерея
-тоқыма
-тоңдар
-аяқ киімдер
-тері,аң тері тауарлары
Оқулықтық классификация тауарларды олардың шығу тегі,химиялық құрамы,ерекшеліктері,шығару тәсілдері бойынша бөледі.Бұл классификация нақты ғылыми емес,ассортиментті зерттеу кезінде пайдалынады.Оқулықтық классификация бойынша тамақтық тауарлар 9 топқа бөлінеді:
1.Дән-ұн тауарлары.
2.Ет тауарлары.
3.Балық.
4.Сүттік.
5.Тамақтық майлар.
6.Жұмыртқа.
7.Қант,крахмал,кондитерлік.
8.Жеміс-көкөніс.
9.Дәмдік тауарлар.
Азық-түлік емес тауарлар да 9 классқа бөлінеді:
1.Киімдік материалдар және бөлек материалдық заттар.
2.Киім мен бас киім.
3.Аяқ киімдер.
4.Мәдени тауарлар.
5.Спорттық тауарлар.
6.Жеке меншік машиналар.
7.Үй-жихаз тауарлары.
8.Шаруашылық үй тауарлары.
9.санитарлық,гигиеналық,қол шеберлік тауарлары.
EAN системасында 13 немесе 8 санды штрих кодтар қолданылады,көбінесе 13 саннан EAN системасы қолданылады. Бі- рінші 2-3 сандар тауарды шығарушы немесе салушы елді көрсетеді. Келесі 4 сан шығарушы мекемені көрсетеді.Келесі 5 сан тауардың аты,размері,түсі,массасы.Ақырғы саны тексеру саны болып табыла- ды,кодтарды сканердің дұрыс санаөанын көрсетеді.
Тауардың шын екенін штрих кодтың тексеру санын шығарғанда білуге болады.Есептеу былай жүргізіледі:
1.Штрих-кодтың жұп орындағы сандарын қосамыз.
2.Алынған санды 3-ке бөлеміз.
3.Дақ орындағы сандарды,тексеру сансыз қосамыз.
4.2-3 пунктерде шыққан сандарды қосамыз.
5.Алынған сандардан ондықтарды алып тастаймыз.
6. 10 санынан 5-ші пункте шыққан санды шегеру керек.Бұл алынған сан тексеру санына тең болу керек.1>
Достарыңызбен бөлісу: |