Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет4/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

 

 



анағұрлым  ұзақ  (3  жылға  дейін)  кредиттік  өнімдерді  ұсынған  банктердің  нарықтың    осы 

сегментіндегі  саясатының  өзгеруінің  салдары  нәтижесінде  болды.  Нәтижесінде, 

тұтынушылық    кредиттеу    үлесі    кредиттердің    жалпы  көлемінде  2013  жылғы  19,5%-дан 

2014  жылғы  21,3%-ға    дейін    өсті.  Тұтынушылық    кредиттер    құрылымында  қамтамасыз 

етілмеген  кредиттер анағұрлым  көп  үлесті алады.  

Тәуекелдерді  және  кредит  нарығының  тұтынушылық  сегментінде  жасырын 

«көпіршіктерді»  шектеу    мақсатында  Ұлттық  Банк  2014  жылғы    1  ақпанда  тұтынушылық  

қарыздардың    жыл  сайынғы    өсімінің  30%-ы  деңгейіндегі  лимитін  енгізді,  банктердің  

меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды арттыру жолымен 70 млрд. 

теңге  мөлшерінде  тұтынушылық  кредиттер  бойынша  күрделі  резерв  қалыптастырылды. 

Сондай-ақ Ұлттық Банк 2014 жылғы 1 сәуірде 50%-дан аспайтын деңгейде қарыз алушыға  

борыштық  жүктеменің  шегін  енгізді,  ол  асқан  жағдайда  банк  қамтамасыз  етілмеген  

қарызды  беруді  жүзеге асырмайды. 

Қабылданған  шаралар нәтижесінде  тұтынушылық  кредиттеудің  өсуі 2014 жылы  

17,3%-ға  дейін  баяулап, 2 581,7 млрд. теңгені (2013 жылы – 46,4%-ға  өсу) құрады.  

2014  жылы  заңды    тұлғаларды    кредиттеудің    өсуі  5,6%-ға    дейін  баяулап  (2013 

жылы – 7,9%-ға  өсу), 8 091,3 млрд. теңгені, жеке  тұлғаларды кредиттеу – 10,7%-ға  дейін 

(2013  жылы  –  27,0%-ға  өсу)  баяулап,  4 014,8  млрд.  теңгені  құрады  (5-сурет).  Жеке 

тұлғаларға  кредиттердің  үлес  салмағы  2014  жылғы  желтоқсанда  2013  жылғы 

желтоқсанмен салыстырғанда 32,1%-дан 33,2%-ға дейін  көтерілді. 

Көбіне  мемлекеттік  қолдаудың  нәтижесінде  шағын    бизнесті    кредиттеу  қалпына  

келтірілді.  Өзінің  қорғалмауына  және  біркелкілігіне  байланысты  ғаламдық  қаржы-

экономикалық  дағдарыс  кезеңінде  елеулі  зиян  шеккен  шағын  бизнес    бірте-бірте  

қалпына келе  бастады.  

Шағын  бизнесті қалпына келтіру процесінде шағын және  орта  бизнесті қаржылық  

және қаржылық емес қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы  - 2020» мемлекеттік 

бағдарламасын  іске  асыру,  сондай-ақ  Ұлттық  қордан  2014  жылы  шағын  және  орта  

кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға 100 млрд. теңгені  бөлу  үлкен  рөл атқарды.   

Шағын  кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу  2013 жылы  9,1%-ға  төмендеуден соң 

2014 жылы  1 787,8 млрд. теңгеге  дейін рекордтық 39,3%-ға  көтерілді, бұл  экономикаға  

кредиттер  жалпы  көлемінің 14,8%-ын  құрайды (2013 жылғы  желтоқсанда – 11,4%).  

Экономика  салалары  бойынша  бөлуде  дәстүрлі  түрде  кредиттердің  анағұрлым  

елеулі    сомасы    саудаға    –  20,0%  (2013  жылғы    желтоқсанда  –  19,5%),  құрылысқа  –  9,4% 

(12,3%), өнеркәсіпке – 11,3% (11,4%), ауыл шаруашылығына – 4,0% (3,3%) (6-сурет) тиесілі. 

2014 жылы берілген  кредиттер  бойынша  орташа алынған сыйақы  мөлшерлемесі  

2013 жылғы 12,9%-дан  2014 жылы 12,1%-ға  дейін  төмендеді. Сыйақы мөлшерлемесінің 

төмендеу үрдісі теңгемен, сол сияқты валютамен қарыз берудің төмендеуіне  байланысты  

(7-сурет).  Шетел валютасындағы  кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі  2013 жылғы 

8,1%-дан 2014 жылғы 7,9%-ға дейін, ұлттық валютада – 2013 жылғы 13,8%-дан 2014 жылғы  

13,5%-ға  дейін төмендеді.  

2014  жылы  экономикалық  белсенділіктің  баяулауы  (2014  жылы    экономиканың  

өсуі    алдын  ала  деректер    бойынша  4,3%-ды,  2013  жылы  –  6,0%-ды  құрады),  сондай-ақ 

дәстүрлі  түрде  елеулі  қымбат  тұратын  тұтынушылық  кредиттеудің  өсу  қарқынының  

айтарлықтай  төмендеуі тұтастай  алғанда 2014 жылы  қарыз  берудің  арзандауына  ықпал 

етті.  

Оған  қоса,  жұмыс  істемейтін  кредиттердің    жоғары    деңгейі  проблемасы 



банктердің  кредиттік  белсенділігін ынталандырмайды (8-сурет). 

2015  жылғы  1  қаңтардағы  жағдай  бойынша  негізгі  борыш  және  (немесе) 

есептелген  сыйақы бойынша 90 күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар  қарыздардың 



 

10 


 

үлесі банктердің жиынтық несие портфелінің 23,5%-ын құрады (2014 жылғы 1 қаңтарда – 

31,2%). 

Жұмыс істемейтін қарыздар үлесінің төмендеуіне Ұлттық Банк қабылдаған  реттеу  

шаралары (несие портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің ең жоғары үлесі  бойынша  

2016  жылғы  1  қаңтардан  бастап  10%  деңгейінде  пруденциялық  нормативтерді  енгізу, 

Екінші  деңгейдегі  банктерде  мерзімі  өткен  қарыздарды  төмендету  бойынша  бірыңғай  

саясатты  әзірлеу,  «Проблемалық  кредиттер  қоры»  АҚ  жұмыс  істеуінің  жаңа 

тұжырымдамасын  қабылдау,  ұйымдардың  күмәнді  активтерді  басқару  бойынша  

өкілеттілігін  кеңейту) ықпал етті.  

Қорландырудың  ұзақмерзімді  көздерінің  тапшылығы  проблемасы  банктердің  

кредиттік  белсенділігін  тежейтін  тағы  да  бір  фактор  болып  табылады.  Ұзақмерзімді  

болашақта  Қазақстан  Республикасының  қаржы  секторын  2030  жылға  дейін  дамыту  

тұжырымдамасында  осы  проблеманы  қаржы  секторының  өсу  ресурстарын  кеңейту, 

қорландырудың  әртүрлі  көздері  бойынша  әртараптандырылған банктердің  ресурстық  

базасын қалыптастыру бөлігінде шешу  жөніндегі шаралар  көзделген.  

Экономиканы  кредиттеу  көлемін  ұлғайту  мақсатында  Ұлттық  Банк  2014  жылы 

валюталық-пайыздық  своп  операциялары  тетігін  енгізді,  бұл  банктерге  шетел  

валютасымен  қамтамасыз етумен  теңгелік  өтімділікті  беру  деген сөз.   

2014  жылы  қарқынының  екі  есеге  жуық  баяулауына  қарамастан,  кредит 

нарығының  өсуі  жалғастырылды,  тұтынушылық  кредиттеудің  өсуі  баяулады,  

кредиттерді  долларландыру    және  ұлттық,  сондай-ақ    шетел  валютасымен 

кредиттер    бойынша  сыйақы    мөлшерлемелерінің  деңгейі    төмендеді.    Жұмыс  

істемейтін  кредиттер  үлесінің  төмендеуі,  экономиканы  банктік  кредиттеумен 

қамтамасыз  ету

1

,    ортамерзімді  болашақта  экономиканы  кредиттеу  көлемін 

(валюталық-пайыздық  своп)  ұлғату  бойынша  шаралар  Қазақстан  Республикасының 

экономикасын кредиттеуді   ұлғайтуға  ықпал етуі тиіс. 

 

 



Әдебиеттер  тізімі: 

1.  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  статистикалық  бюллетеньдері, 

// 

http://nationalbank.kz/?docid=310&switch=russian;



 

2.  Қазақстан 

Республикасының 

Ұлттық 


экономика 

министрлігі 

Статистика  

комитетінің ресми статистикалық ақпараты, // 

http://stat.gov.kz

  

 



 

                                                           

1

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  Басқармасының  2014  жылғы  6  мамырдағы  №  79  қаулысымен 



енгізілген  банктердің қаражатының  бір  бөлігін ішкі активтерге  орналастыру  міндеттілігі  

 



жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау