2 «Қазақмыс» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдауда рентабельділігінің рөлі
2.1. «Қазақмыс» АҚ-ның жалпы сипаттамасы
Қазақмыс ПЛС (бұдан əрі –«Қазақмыс Тобы» немесе «Топ») мыс, алтын, мырыш, күміс өндіру, электр энергетикасы мен мұнай өндіру салаларында аса қомақты қатысу үлестері жеткілікті алда келе жатқан табиғи ресурстарды өндіру жəне қайта өңдеу бойынша халықаралық топ болып табылады. Қазақмыс Тобының акциялары Ұлыбритания мен Қазақстанның қор биржаларында айналымға қабілетті Қазақмыс Тобы Қазақстандағы əлемдегі алда келе жатқан он мыс өндірушілердің бірі болып табылады.
Топтың қатарына 20 кеніш, 10 тау-кен фабрикалары жəне екі мыс балқытушы өндірістік кешендері қосылады. Мысты өндіру руда өндіруден бастап мыс катанкасын жəне катодты мыс түріндегі дайын өнім шығарумен аяқталатын толығымен интеграцияланған іс болып табылады. 2008 жылы ол меншікті рудасынан барлығын қоса алғанда 343 мың тонна катодты мыс өндірді. Бұл өндіріс ішкі қажетіне электр энергиясын жеткізумен жəне ауқымды теміржол инфрақұрылымымен қамтылған. Соған қоса, Қазақмысқа алдын ала мыстан жəне мыс қорытпаларынан алынған жартылай өңделген өнімдердің алуан-түрлі ассортиментін шығаратын, мыс өнімдерін өндіру жөніндегі тағы МКМ германиялық өңдеуші компания тиесілі. [20]
Қазақмыс Тобы басқа да металлдардың ауқымды көлемін, оның ішінде мырыш, күміс жəне алтын өндіреді. 2008 жылы Қазақмыс 48 мың тонна металлдық мырыш пен 137 мың тонна мырыш концентратын өндіріп шығарды. Ол əлемде күміс өндіруден ең ірі деген төртінші өндіруші болып табылады (2008 жылы 17 млн.унция күміс өндірді). «Kazakhmys Gold» бөлімшесі, кен игеру жəне кен орындарын барлау жөнінде жаңадан ірі жобаларға жетекшілік жасап отыр. 2008 жылы Топ 179 мың унция алтын игерді, оған тиесілі есептелінген əрі болжанып отырған 2.3 млн.унция ресурстары бар.
Қазақстандағы ең ірі теңгерімді қуаттылығы 4000 МВт болатын Екібастұз көмір электр станциясы Топтың меншігіне қосылатын «Kazakhmys Power» бөлімшесінің иелігінде. Оған қоса, бұл бөлімше аталған электр станциясының отынға деген сұранысының 20 пайызын қамтамасыз етуші Майкөбе-Вест көмір кенішіне ие.
2008 жылы осы кеніш 3.6 млн.тоннадан астам көмір өндіріп шығарды. «Kazakhmys Petroleum» бөлімшесі аумағы 602 шаршы шақырым болатын Каспий маңы ойпатындағы шығыс шекарасында орын тепкен Шығыс Ақжар барлау блогын иелігіне сатып алды. Бұл Топ Лондон Қор биржасында айналымға қабілетті FTSE-100 компаниялар тізіміне қосылып отыр.
Топтың акциялары сондай-ақ Қазақстан Қор биржасында (KASE) саудаланады. 2007 жылы ол EBITDA 2.3 млрд. доллар көрсеткішімен 5.3 млрд. доллар шамасында пайда тапты. Топта 65,000 адам жұмыс істейді, яғни басым көпшілігі қазақстандық азаматтар. Топтың стратегиялық мақсаты - Орталық Азияда ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіндіктерін диверсификациялау жəне кеңейте түсуде белсене қатысу. Ал енді мыс өндірісіне шолу жасайық. Мыс өндірумен Kazakhmys Copper айналысады, 1-кестеден мәліметтерді толық көруге болады.
1-кесте. Kazakhmys Copper өндірісі
Өндірілген өнімдер
|
|
2008 ж 12айда
|
2007 ж 12айда
|
Руда өндіру
|
мың т.
|
35 675
|
33 968
|
Мыстың орташа құрамы
|
%
|
1,26
|
1,22
|
Мырыштың орташа құрамы
|
%
|
3,10
|
3,87
|
Концентраттағы мыс
|
мың т.
|
399,8
|
389,9
|
меншікті концентрат
|
мың т.
|
370,9
|
347,9
|
сатып алынатын концентрат
|
мың т.
|
28,9
|
42,0
|
Катодты мыс өндірісі:
|
|
|
|
меншікті концентраттан
|
мың т.
|
340,1
|
340,9
|
сатып алынатын концентраттан
|
мың т.
|
37,8
|
39,0
|
толлингілік концентраттан
|
мың т.
|
0,2
|
1,3
|
Жиыны: катодты мыс
|
мың т.
|
378,1
|
381,2
|
Мыс катанкасы
|
мың т.
|
48,3
|
35,7
|
Ескерту - «Қазақмыс корпорациясының жылдық есебі» 2008 ж.
|
3-сурет. 2007-2008 жылдар соңында Kazakhmys Copper өндірісінің даму көрсеткіштері
3- суретке сәйкес алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2008 жылы руда өндіру 5 пайызға артып, 35 675 мың тоннаны құрады. Өндіріске құрал-жабдықтар жұмысының жақсаруы жəне аймақтардың көпшілігіндегі салыстырмалы түрдегі өндіріс тұрақтылығы, сонымен қатар, 2008 жылдың басында бірнеше салыстырмалы шағын кеніштердің іске қосылуы жағымды əсер етті. Руда өндірудің өсімі концентраттағы мыс өндірісінің 7 пайызға, яғни, 370,9 мың тоннаға дейін жоғарылауында байқалды. 340,1 мың тонна көлеміндегі катодты мыс өндірісі 2007 жылғы деңгейге сəйкес келіп отыр, дегенмен, қосымша 3,5 мың тонна көлеміндегі концентраттағы мыс (3,3 мың тонна катодты мысқа барабар) шикізатты концентратты сынамалы түрінде өткізу аясында катодты мысқа қайта өңдеусіз сатылып іске асырылды, ол жайлы біздің аралық есепте хабарланған болатын. Осылайша, мыс өндірісінің жиынтық көлемі 343,4 мың тоннаны құрап, ол 2007 жылғы деңгейден жəне 2008 жылдың болжамдалған деңгейінен асып түсті.
Соңғы тоқсандағы орын алған өндірістің өсіміне қарамастан, шикізат қорының азаюына байланысты, сатып алынған концентраттан өнім өндіру алдыңғы жылғыға қарағанда біршама төменірек болды.
2009 жылдың 1 тоқсаны ішінде қайта өңделінетін жинақталған меншікті шикізат түріндегі аяқталмаған жұмыстар сəл көбейді.
Нарықтағы ағымды жағдайды ескере отырып, 2009 жылы меншікті шикізаттан катодты мыс өндіруді 10- 15 пайызға қысқартуға апаруы ықтимал өндірістік қызметті жалпы қайта қарау жұмысы өткізілді. Белоусов, Солтүстік Нұрқазған жəне Коунрад сияқты жоғарышығынды үш кеніштегі кен өндіру жұмыстары уақытша доғарылды. 2008 жылы бұл кеніштерде тек 1,3 пайыз рудадағы мыс өндірілген.
2009 жылы руда өндіру дискрециялық капиталдық шығындардың қысқаруына жəне басқа кеніштер жұмысының ықтималды тоқтатылуына қарай азаятын болады.
Топ, сонымен қатар, қайта өңдеу жəне қорыту өндірістеріне қайта қарау жасады. Бірнеше аймақта көлік шығындарын мейлінше азайта түсу мақсатымен, шикізаттарды тасымалдауға түзетулер жасалды. Руда өндірудің азайтылуына байланысты, сондай-ақ өнімділікті арттыру мақсатында, қайта өңдеуші қуаттылықтардың да, қорытумен айналысатын қуаттылықтардың да жұмысы уақытша қысқартылуы мүмкін. Мырыш зауытының жұмысы өндірілген металлын саудалаудан гөрі мырыш концентратын саудалау пайдалы болуына байланысты, уақытша тоқтатылуы мүмкін. 2009 жылға тоқтатылуын талап ететін кейбір мыс қорытушы объектілерде жоспарлы жөндеу жұмыстары белгіленген болатын. [22]
Техникалық қызмет көрсету мерзімдерін руданы өндіру деңгейіне сəйкес, оны қайта өңдеу көлемдеріне келтіру үшін ертерек кезеңге көшірілуі əбден мүмкін. Мыс катанкасы тапсырыстардың көлеміне сəйкес өндіріледі, сондықтан да оның өндірісі 2008 жылдың ішінде қытайлық нарық тарапынан жоғары сұраныстың барын көрсетіп отыр.
Катанка өндірісі салыстырмалы түрде төмен рентабельді саналады əрі қазіргі экономикалық жағдайларда деңгейі азайтылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін. Өндірістің қысқаруына қарай, кейбір жұмыскерлерге басқа объектілерге ауысу не болмаса жұмыс сағаттарын немесе төлемақыны азайту ұсынылатын болады. Соған қарамастан, Қазақстандағы ең ірі деген жұмыс беруші ретінде, Топ, өндірістік қуаттылықтардың уақытша тоқтатылуы нəтижесінде штаттың елеулі қысқаруын болдырмауға күш салу қажеттігін ұғынып отыр. Біздің əлеуметтік міндеттемелерімізге қоса, мұндай тұрғыдан əрекет ету нарықтағы жағдай жақсарған кезде өндірістік объектілерді дереу іске қосуға мүмкіншілік береді [20]
2- кестедге сәйке, қосарлы өнімнің өндірісіне қысқаша шоу жасайық,
2-кесте. Kazakhmys Copper қосарлы өнімнің өндірісі
Өндірілген өнімдер
|
|
2008 ж
12 айда
|
2007 ж
12 айда
|
|
Концентраттағы мырыш
|
мың т
|
137,3
|
132,8
|
Металлдық мырыш
|
мың т
|
47,5
|
45,2
|
Меншікті шикізаттан өндірілген күміс
|
мың унция
|
16710
|
18 985
|
Толлингілік шикізаттан өндірілген куміс
|
мың унция
|
5,7
|
10,0
|
Меншікті шикізаттан өндірілген алтын
|
мың унция
|
123,5
|
113,4
|
Толлингілік шикізаттан өндірілген алтын
|
мың унция
|
4,5
|
23,5
|
Ескерту - «Қазақмыс корпорациясының жылдық есебі» 2008 ж.
|
Концентраттағы мырыш пен металлдық мырыштың жылдық өндірісіне Шығыс аймақта мырыш құрамды руданы өндіру өсімі жағымды əсер етті. 2008 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда, 2008 жылдың 4 тоқсанындағы концентраттағы мыс өндірісі Артемьев кенішіндегі руда құрамының азаюына жəне толлингілік шарттар бойынша концентратты тəуелсіз өндірушілерден өнімді қабылдап алу мерзімдеріне байланысты қысқарған.
Жоғарыда айтылғандай, дəл қазіргі уақытта мырыш зауытының рентабельділігіне талдау жасалынуда, жəне де толлингке деген жергілікті бағамдарға əрі нарықтағы жағдайларға қарай, 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл зауыттағы өндірістік операциялар уақытша тоқтатылуы мүмкін. Зауыттың тоқтатылуы концентратты саудалау көлеміне əсер етеді, өйткені Орталық Азияда жəне Қытайда мырыш концентратына деген жоғары сұраныс белең алып тұр.
Күмістің жылдық өндірісінің елеулі төмендеуі, өткен жылғымен салыстырғанда, 2009 жылдың 1 тоқсанында аяқталатын толық аяқталмаған жұмыстардың жоғары деңгейіне байланысты, 2008 жылдың 3 тоқсанында жинақталып қалған аяқталмаған жұмыстарды қайта өңдеуден ұпайы толды.
2008 жылы алтынның жалпы өндірісі сол 2008 жылдың 1 тоқсанында ашылған Ақбастау кенішінде Кен өндіру жұмыстарының басталуының жəне Орлов кенішіндегі алтынқұрамды руда өндірісінің жоғарылауы арқасында артып отыр. Тұрақты емес негізде өндірілетін толлинг 2008 жылы едəуір азайды, себебі тиісті өндірістік қуаттылықтар меншікті шикізат үшін пайдаланылды. 2008 жылдың 4 тоқсанында алтын өндірісіне бұрыннан жинақталған шикізатты қайта өңдеу жағымды əсерін тигізді.
Осы уақытқа дейін 2009 жылдың ішінде қайта өңделетін қоры жинақталған алтынқұрамды руданың салыстырмалы түрдегі ауқымды көлемі сақталуда.
Ары қарай аймақтар бойынша өнім өндірісіне шолу жасаймыз. Алдыменен Жезққазған кешенін қарастырамыз, 3-кестеге әйкес.
3-кесте. Жезқазған кешені
|
|
2008 ж 12 айда
|
2007 ж 12 айда
|
|
Руда өндіру
|
мың т
|
24 124
|
24 355
|
Мыстың орташа құрамдылығы
|
%
|
0,84
|
0,82
|
Мыс концентраты
|
мың т
|
493,9
|
491,1
|
Концентраттағы мыс
|
мың т
|
176,2
|
178,6
|
Катодты мыс өндірісі:
|
|
|
|
меншікті концентраттан
|
мың т
|
179,6
|
183,7
|
сатылып алынатын концентраттан
|
мың т
|
1,1
|
3,8
|
Катодты мыстың жиыны
|
мың т
|
180,7
|
187,5
|
Мыс катанкасы
|
мың т
|
48,3
|
35,7
|
Ескерту - «Қазақмыс корпорациясының жылдық есебі» 2008 ж.
|
3 - кестеде көрсетілгендей Жезқазған кешеніндегі мыс рудасын өндіру жұмысы 2008 жылдың 4 тоқсанында 2008 жылдың 3 тоқсанындағымен салыстырғанда, 7 пайызға артты. Бұл өсім, 2007 жылдың 4 тоқсанында су басқан Оңтүстік кеніштегі өндірудің артуы есебінен болды. Жөндеу кезеңдерінің аяқталуына қарай, Оңтүстік кеніш өндіруді бірте-бірте арттырып келеді, алайда, оның өндіру деңгейі толық өндірістік қуаттылығынан төменірек болып қалып отыр. Мыс рудасының жалпы жылдық өндірілуі 2007 жылғыға қарағанда, біршама төмен болды. Бұл төмендеу құрамы жоғарырақ руда өндіретін кеніштерде, əсіресе, Жомарт кеніші мен жаңа (Солтүстік кеніштер тобының бөлігі болып табылатын) Тасқура кенішінде кен өндірудің артқанына байланысты металл көлеміне əсер ете қоймады, 4-суретке сәйкес.
.
4-сурет. 2007-2008 жылдар соңында Жезқазған кешені өндірісінің даму көрсеткіштері
2008 жылдың 4 тоқсанында мыстың орташа құрамдылығы 2008 жылдың 3 тоқсанындағымен салыстырғанда Анненский кенішіндегі руданың төмен құрамдылығы мен рудадағы металл құрамы салыстырмалы түрде төмен болатын Оңтүстік кеніштегі өндірістің артуы есебінен төмендеді. [21]
Жезқазған кешенінде концентраттағы мыс өндірісінің əр тоқсандық жоғарылауы өндіріліп шығарылған рудадағы металл құрамының артуын көрсетіп отыр. 2008 жылдың 4 тоқсанында меншікті концентраттан катодты мыс өндіру шығарылған рудадағы металл құрамының өсуіне қарамастан, алдыңғы тоқсандағыға сəйкес келді. Катодты мыс өндірісіне концентраты қайта өңдеуге кеткен мерзімдегі айырмашылықтар əсерін тигізді, өйткені 2008 жылдың 4 тоқсанында өндіріліп шығарылған концентраттың белгілі бір бөлігі 2009 жылы қайта өңделетін болады
2008 жылы катодты мыстың жалпы өндірісі алдыңғы жылдағыға сəйкес келіп, өндіріліп шығарылған металлдың жəне концентраттағы мыстың жалпы ауқымын көрсетті. Мыс катанкасы тапсырыстар бойынша шығарылады, негізінен қытай нарығына шығады. 2008 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда, 4 тоқсанда 2009 жылдың 1 тоқсанында техникалық қызмет көрсетуге жоспарлы жабылау қарсаңында барлық тапсырыстардың орындалуын аяқтау мақсатымен, мыс катанкасы өндірісінде жоғарылау болды. Осыдан бұрын айтылғандай, катанка өндірісі нашар рентабельділік көрсетеді, жəне баға түзудің қазіргі жағдайында қайта қарауға жатқызылады. [33]
Ары қарай Балқаш кешені өндірісінің даму көрсеткіштеріне көшеміз.
4-кесте. Балқаш кешені
|
|
2008 ж
12 айда
|
2007 ж
12 айда
|
|
Руда өндіру
|
мың т
|
2 998
|
2 127
|
Мыстың орташа қурамдылығы
|
%
|
1,03
|
1,05
|
Мыс концентраты'
|
мың т
|
267,3
|
187,9
|
Концентраттағы мыс
|
мың т
|
38,8
|
32,5
|
Катодты мыс өндірісі:
|
|
|
|
меншікті концентраттан
|
мың т
|
160,5
|
157,2
|
сатылып алынатын концентраттан
|
мың т
|
36,7
|
35,2
|
Толлингілік концентраттан
|
мың т
|
0,2
|
1,3
|
Катодты мыс Жиыны
|
мың т
|
197,4
|
193,7
|
Ескерту - «Қазақмыс корпорациясының жылдық есебі» 2008 ж.
|
4-кестеде көрініп тұрғандай-ақ алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 2008 жылғы 4 тоқсанда Балқаш кешеніндегі руда өндіру, мысқа деген бағаның төмендеуінен Коунрад кенішінің тоқтатылуына байланысты кеміді. Коунрад кенішінде Kazakhmys Copper барлық кеніштермен салыстырғанда руданың құрамдылығы ең аз. Сонымен қатар, онда руда өндірудің көлемі шағын болғанда да белсенді түрде аршу жұмыстары өткізіліп жатты. 2008 жылдың бастапқы тоғыз айы ішіндегі Коунрад кенішіндегі кен өндіру жəне Шатыркөл кенішіндегі құрал-жабдықтардың жұмысы жақсаруы 2007 жылғымен салыстырғанда, 2008 жылдың ішінде аймақта руда өндіруді 41 пайызға арттыруға септігін тигізді. Мыстың орташа құрамы, Коунрадтағы 0,29 пайыз құрамдылықтағы мыс өндірісінің тоқтауына байланысты 2008 жылдың 3 тоқсанында 1.05 пайыздан 1,21 пайызға дейін жоғарылады. Сондай-ақ мыстың орташа құрамы 2007 жылдың 4 тоқсанындағы 1,07 пайыздан 2008 жылдың 4 тоқсанындағы 1,21 пайызға дейін жоғарылауына Шатыркөл кенішіндегі өндірістің артуы жəне жоғарырақ құрамдылығы жағымды əсерін тигізді.
5-сурет. 2007-2008 жылдар соңында Балқаш кешені өндірісінің даму көрсеткіштері
2008 жылдың 4 тоқсанында концентраттағы мыс өндірісі алдыңғы тоқсанындағы қол жеткен деңгейден 26 пайызға төмендеп кетті. Бұл төмендеу, Коунрад кенішінің жабылғандығынан өндірілген руда мен өндірілген металл көлемінің қысқаруымен жəне тасымалдауға кететін шығындарды азайту мақсатымен шығыс аймақтағы Ақбастау кенішінен жеткізілімдер көлемінің азаюына байланысты болды.
Концентраттағы мыс өндірісі, өндіріліп шығарылған металл көлемінің жалпы артуымен байланысты, 2007 жылдың 4 тоқсанындағы 8,7 мың тоннадан 2008 жылғы 4 тоқсандағы 9,8 мың тоннаға жетіп 13 пайызға дейін жоғарылады. 2008 жылдың қарашасынан бастап, Нұрқазған (Қарағанды аймағы) кенішінен шыққан руда ендігі жерде Балқаш кешенінде қайта өңделмейтін болады, керісінше, ол іске қосылған Нұрқазған кен-байыту фабрикасында қайта өңделу үшін жолданады. Соның есебінен тасымалдауға кететін шығындар едəуір қысқарады. [23]
2008 жылы болған концентраттағы мыс өндірісінің артуы рудадағы металл құрамының көбеюін, сонымен қатар, жыл ішінде басқа аймақтардағы кеніштерде руданың қайта өңделуін ішінара көрсетеді.
Балқаш мыс балқыту зауытында Жезқазғаннан басқа барлық аймақтардан келетін концентрат өңделіп отырады. 2008 жылдың 4 тоқсанындағы меншікті концентраттан катодты мыс өндірілуінің төмендеуі, осы барлық үш аймақтар бойынша концентраттағы мыс өндірісіндегі өзгерістерді байқатады. (5-сурет)
Катодты мыстың жылдық өндірісі, барлық үш аймақ бойынша өндірілген металлдың артқанын көрсете отырып, алдыңғы жылдағымен салыстырғанда, біршама жоғарылады, яки концентратты өңдеу мерзіміндегі айырмашылықтардың орнын толтырды. меншікті концентрат ауқымының ұлғаюымен, мыс балқыту зауытындағы шикізаттың минималды деңгейін қолдап тұру үшін бұрындары қолданған сатып алынатын концентратқа деген қажеттілік болмай қалды. Төртінші тоқсанда сатып алынатын концентраттың артықшылығы туындап, ол сатылып алынатын концентраттан катодты мыс өндірісінің артуына əкелді.
5- кесте Қарағанды аймағы
|
|
2008 ж 12 айда
|
2007 ж 12 айда
|
|
Руда өндіру
|
мың т
|
3 673
|
3 346
|
Мыстың орташа құрамдылығы
|
%
|
2,13
|
2,21
|
Мыс концентраты
|
мың т
|
252,9
|
231,6
|
Концентраттағы мыс
|
мың т
|
38,4
|
33,3
|
Ескерту - «Қазақмыс корпорациясының жылдық есебі» 2008 ж.
|
2008 жылдың 4 тоқсанында Қарағанды аймағындағы руда өндіру, 2008 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда төмендеп кетті. (5-кесте) Екі кеніш, яғни Батыс Нұрқазған жəне Құсмұрын, қазіргі уақытта екеуі де ашық карьердегі өндірістік операцияларын аяқтап, жерасты қазба жұмыстарына көшуге дайындық үстінде. Алайда, қазіргі уақытта, Құсмұрын жəне Ақбастау кеніштеріндегі өндірісті одан əрі дамыту жоспарын əзірлеу жүргізілуде. Жоғарыда жарияланғандай, өндірістік қызметті қайта қарастыру аясында, Солтүстік Нұрқазған кенішінде руда өндіру тоқтатылды. 2007 жылдың 4 тоқсанымен жəне 2007 жылдың 12 айымен салыстырғанда, өндірудің артуы, 2008 жылдың басында іске қосылып, пайдалануға берілген Ақбастау жəне Абыз кеніштерінде өндіру жұмыстарының басталуымен байланысты. Бұл Батыс Нұрқазған жəне Құсмұрын кеніштеріндегі өндіру жұмыстарының төмендеуін теңгерімдеп орнын толтырды. [23]
2008 жылдың 4 тоқсанында қол жеткен мыстың орташа құрамдылығы Нұрқазған кеніштерінің тобында салыстырмалы түрде мыстың төмен құрамдылығымен, өндірістің елеулі төмендеуі есебінен 2008 жылдың 3 тоқсанындағыдан жоғарырақ болды. Металл құрамының артуы 2007 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда, Ақбастау кенішіндегі өндірудің басталғанынан болған салдарды көрсетеді. Мыстың орташа құрамының 2008 жылғы деңгейден 2007 жылғы деңгейге дейін төмен түсуі Ақбастау кенішіндегі жоғарырақ құрамдылығын теңгерімдей отырып, Нұрқазған жəне Құсмұрын кеніштеріндегі рудадағы металл құрамының жəне руда өндірілімінің күрт төмендеуінен болды.
2008 жылдың 4 тоқсанында 2007 жылдың 4 тоқсанындағымен салыстырғанда, концентраттағы мыс өндірісі, жаңа Нұрқазған кен-байыту фабрикасында жинақталған руданың өңделуі есебінен, сонымен қатар, өндіріліп алынған металлдың артуы есебінен жоғарылады. 2008 жылдың 4 тоқсанында 2008 жылдың 3 тоқсанындағымен салыстырғанда, мыс өндірісінің өсімі, бұрын Балқаш кен-байыту фабрикасында өңделмеген Ақбастаудан жеткізілген руданың Нұрқазған кен-байыту фабрикасында өндірілуімен, сондай-ақ Ақбастаудан шығарылған руданың қарағайлы кен-байыту фабрикасында өндірілуінің артуымен байланысты. Концентраттағы мыстың жылдық өндірісі 2007 жылы жинақталған руданың өңделуінің жəне өндіріліп шығарылған металл құрамдылығы артуының арқасында, 15 пайызға жоғарылады.
Нұрқазған кен-байыту фабрикасы жаңа жабдықтарды орнату үшін 2009 жылдың 1 тоқсанында уақытша жабылатын болады. Барынша тиімділікке қол жеткізу мақсатында, кен-байыту фабрикасындағы өндірістік операциялар Батыс Нұрқазған кенішінде жерасты қазба жұмыстары басталған соң қайыра басталатын болады.
2008 жылы Топтың өндірістік қызметі тұрақты болды. Меншікті кеніштердегі катодты теңгерімдегі мыс өндіру 343 мың тонна көлемінде 2007 жылдағыдан біршама жоғары болып, жылдың басында белгіленген жоспардан артып түсті. Өндірістік қызметті диверсификациялау жəне ұлғайта түсу жөніндегі топтың бастаулары -Қазақстандағы ең ірі электр станциясы Екібастұздың ГРЭС-1 сатып алу, жəне де «ENRC PLC» компаниясындағы біздің үлесімізді 26.0 пайызға дейін арттыру болды.[34]
Өндірісті ұлғайта түсу жөніндегі ірі жобаларға алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелер жүргізу аясында елеулі ілгерілеуге қол жеткізілді.
Оның үстіне, қаржы нарығында туындаған қиыншылықтар экономиканың басқа да салаларына тарағандығына қарай, сыртқы жағдай да біршама өзгерді. Мұндай өзгерістер мыстың бағасынан анық байқалды, ол жылдың басында тоннасына 6,666 АҚШ долларын құраған болса, шілденің басында тоннасына 8,985 АҚШ долларын құрап, өзінің шыңына жетті. Содан, жылдың соңында мыстың бағасы тоннасына 2,902 АҚШ долларын құрады. Өндіру мен саудалаудың тұрақты деңгейіне қарамастан, бағалардың төмендеуі өткізуден түскен пайдаға тікелей əсерін тигізді. Сатылып алынатын өнімдердің құнындағы бағалардың тұрақсыздығы сондай-ақ кірістіліктің төмендеуіне əсер етті.
Біздің ұзақмерзімді стратегиямыз өзгеріссіз қалады жəне 2005 жылы компанияға Листинг өткізілгенде қойылған міндеттерге сай келеді, олар – біздің активтерімізді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі біздің ірі жобаларымызды іске асыру жəне Орталық Азиядағы табиғи ресурстарға жол ашудағы артықшылықтарды пайдалану. Бұл стратегия қазіргі жағдайларды есепке ала отырғанда, икемдірек жүзеге асады. 2009 жылдың ішінде біздің қызметіміз бірінші кезекте, өз стратегиямыздың бірінші бөлігі–активтерді оңтайландыруға бағытталатын болады. Оның мақсаты –ақшалай қаражаттарды сақтап қалу, жəне де Топтың қызметінің ұзақмерзімді өсімін жəне табыстылығын қамтамасыз ету. 2009 жылы, капиталдық шығындарды азайтып, қазіргі бағалар жағдайында ресурстар өндіруді ақтай алатындай пайда түсіре алмайтын объектілердегі өндірісті қысқарту немесе əзірге тоқтата тұру. Осыған байланысты, 2009 жылы мыс өндірісі төмендейтін болады, десек те, бұл өндірістің кірістілігін бір деңгейде ұстауға жəне біздің ресурстарымызды сақтауға мүмкіншілік береді.
Топ мыс өндіру жəне игеру бөлімшелердегі өзгерістер жүргізуді басқару бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бұл бағдарлама өндіру технологиясын одан əрі жетілдіре түсуге жəне ендігі жоспарланып қойған төмендетуге қосымша шығыстарды азайтуға бағытталатын болады.
Барлық қор биржаларының назары тұрақты бухгалтерлік баланс пен несиелерге қол жетушілікке аударылып отыр. Жылдың соңында біз есептілікте 572 млн.АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат пен депозиттер жəне оған қоса, тартылған, бірақ та пайаланылмаған 200 млн.АҚШ доллары шамасындағы несиелік бағдар деп көрсеткен болатынбыз. Жылдың соңындағы таза берешек сома 1,628 млн.АҚШ долларын құрады. 7.5 мың тонна көлеміндегі мысты өндіру 2009 жылдың қалаған əрбір айына хеджирленді. Топ бұрындары мұндай шараларды қолданған емес. Аталған операциялар, егер де мыстың бағасы тоннасына 3,000 АҚШ долларынан төмен түсетін болса, оған тиетін жағымсыз əсердің орнын толтырады, егер бағамы тоннасына 4,000 АҚШ долларынан артып, жоғарылайтындай болса, артықшылықтардан айрылудың арқасында орнын толтырады.
2.2. «Қазақмыс» АҚ-ның рентабельділігін және іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорынның қаржылық саладағы іскерлік белсенділігі, ең алдымен, оның қаражаттарының айналым қарқынынан көрінеді. Оны талдау айналғыштықтың әртүрлі қаржылық коэффициенттерінің деңгейі мен динамикасын зерттеуде жатыр. Субъектінің қаржылық жағдайы оның активке салған қаражаттарының нақты ақшаға айналу жылдамдығынан тікелей тәуелділікте болады. Активтің жекелеген түрлері айналымның әртүрлі қарқынына ие, яғни ақшаға айналудың әртүрлі қарқынына ие. Қаражаттардың айналымда болу ұзақтылығы ішкі (салалық, қызмет ету аясы, субъект масштабы) және сыртқы (экономикалық ситуация және онымен байланысты шаруашылық жағдайлары) факторлардың жиынтықты әсерімен анықталады. [22]
Қаражаттардың ақшаға айналғыштығы субъектінің төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, қаражаттар айналымының қарқынының жеделділігі барлық басқа жағдайларда шаруашылық субъектісінің өндірістік-техникалық потенциалын көтеруді бейнелейді.
Іскерлік қабілеттілік көрсеткіштері және оларды есептеу тәртібі қосымша 1-де келтірілген. Сонымен қатар кезең үшін шаруашылық субъектісінің негізгі қызметі бойынша кәсіпкерлік тиімділігін сипаттайтын іскерлік қабілеттілік коэффициентін келесі формула бойынша анықтауға болады:
Ид/а = DN / ФК * Д0 /S (14)
Мұнда: Ид/а – іскерлік қабілеттілік коэффициенті;
S - өткізілген өнімнің толық құны;
Д0 /S – негізгі қызметтің табыстылығы;
ДМ - өнімді өткізуден табыс;
Фк – қалыптасу капиталы (ұзақ және қысқа мерзімді инвестицияларды шегергеннен кейінгі активтер).
«Қазақмыс» АҚ-ның іскерлік белсенділігі көрсеткіштері 6-кестеде келтірілген. 6-кестедегі есептеулерді, Ә, б, В, Г қосымшаларындағы берілгендеріне қарап жасадық.
6 - кесте. «Қазақмыс» АҚ-ның іскерлік белсенділігі көрсеткіштері
№
|
Көрсеткіштер
|
01.01.2008
|
01.01.2009
|
Өзгерістер
|
|
1
|
Негізгі құралдардың айналғыштығы
|
5,40
|
5,3
|
-0,1
|
2
|
Меншікті капиталдың айналғыштығы
|
7,02
|
6,05
|
-0,97
|
3
|
Ағымдағы активтердің айналғыштығы
|
6,69
|
6,61
|
-0,08
|
4
|
Ағымдағы активтер айналымының ұзақтығы
|
53,81
|
56,20
|
2,39
|
5
|
Материалдық айналым қаражаттарының айналғыштығы
|
5,73
|
4,23
|
-1,5
|
6
|
Дайын өнімнің айналғыштығы
|
51,863
|
49,174
|
-2,689
|
7
|
Дебиторлық берешектердің айналғыштығы
|
30,54
|
23,08
|
-7,46
|
8
|
Дебиторлық берешектердің айналымының орташа мерзімі
|
11,80
|
14,60
|
2,8
|
9
|
Кредиторлық берешектердің айналғыштығы
|
15,64
|
16,81
|
1,17
|
10
|
Кредиторлық берешектердің айналымының орташа мерзімі
|
23,02
|
26,07
|
3,05
|
11
|
Ақша қаражаттарының айналғыштығы
|
226,8
|
220,3
|
-6,5
|
12
|
Перманетті капитал айналғыштығы
|
4,76
|
4,62
|
-0,14
|
13
|
Іскерлік белсенділік индексі
|
0,176
|
-0,063
|
-0,239
|
Кестеде көрініп тұрғандай, 2008 жылы капиталдың жалпы айналғыштығы 0,06-ға төмендеген, бұл оларды тарту көздерінен тәуелсіз барлық қолда бар ресурстарды пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді.
Сондай-ақ осы уақытта негізгі қорларды пайдалану тиімділігі, меншікті капиталдың айналғыштығы да төмендеген. Алайда бұл пассив балансындағы оның үлестік салмағының төмендеуіне әкелді.
Ағымдағы активтердің айналымдық коэффициентінің 8%-ға төмендеуі байқалды, бұл айналымға ағымдағы активтердің тартылғанын көрсетеді. Айналым ұзақтығы жуықтап алғанда 2 күнге көбейді, яғни өндіріс және айналым уақыты ұзарды.
Материалдық айналым қаражаттарының және дайын өнімнің айналғыштығы төмендеді, бұл «Қазақмыс» АҚ–ның өніміне сұраныстың азайғанын көрсетеді.
Дебиторлық берешекпен күрделі жағдай туды: оның айналымының орташа мерзімі 3 күнге көбейді, бұл кәсіпорындағы несиеге сатудың көбейгенін және ақшалай қаражаттардың азайғанын көрсетеді. Сонымен қатар кредиторлық берешектердің айналым көрсеткіші кбейді. Егер «Қазақмыс» АҚ өз шоттарын төлеуді 2007 жылы орташа алғанда 23 күнде төлесе, ал 2008 жылы 26 күнде жүргізді. Бір жағынан алғанда, бұл «Қазақмыс» АҚ–ның төлем қабілеттілігінің нашарлағаны туралы айтып тұр.
Талдау толығырақ болу үшін іскерлік белсенділік көрсеткіштерін толықтырып отыратын рентабельділік коэффициенттерін талдайық. [21]
Рентабельділік көрсеткіштері – бұл кәсіпорынның табысын қалыптастырудың нақты ортасының маңызды сипаттамасы. Сондықтан олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын салыстырмалы талдау мен бағалаудың міндетті элементтері болып табылады. Өндірісті талдау кезінде рентабельділік көрсеткіштері инвестициялық саясат пен баға құрудың құралы ретінде қолданылады. Рентабельділіктің негізгі көрсеткіштерін келесі топтарға біріктіруге болады:
Өнімнің, сатудың рентабельділігі (басқару тиімділігін бағалау көрсеткіштері);
Өндірістік қорлардың рентабельділігі;
Кәсіпорындарға салымдардың рентабельділігі (шаруашылық қызметтің табыстылығы).
Өнім рентабельділігі сатылған өнімнің бірлігіне қанша табыс келетіндігін көрсетеді. Осы көрсеткіштің өсуі сатылған өнімді (жұмысты, қызметті) өндіруге кеткен шығындардың өзгермеуі кезінде бағалардың өсуінен немесе тұрақты бағалар кезінде өндіріске шығындардың төмендеуінен болады.
Рентабельділік көрсеткіштерін біз курстық жұмыстың 7-13 формулаларында көрсеткен едік, енді біз өзімізге қажетті рентабельділік көрсеткіштері арқылы, «Қазақмыс» АҚ–на талдауымызды жалғастырамыз.
Яғни Ә, б, В, Г қосымшаларындағы берілгендерді пайдалана отырып, 7-13 формулаларына қойып, «Қазақмыс» АҚ – ның рентабельділік көрсеткіштерін есептейміз.
7-кесте. «Қазақмыс» АҚ-ның 2007 – 2008 жылдардағы рентабельділік көрсеткіштері (%).
№
|
Көрсеткіштер
|
2007
|
2008
|
Өзгерістер
|
|
1
|
Кәсіпорынның жалпы рентабельділігі
|
105
|
72.7
|
-33
|
2
|
Кәсіпорынның таза рентабельділігі
|
9.02
|
1.77
|
-7.25
|
3
|
Меншікті капиталдың таза рентабельділігі
|
21.50
|
6.12
|
-15.38
|
4
|
Өндірістік қорлардың жалпы рентабельділігі
|
120.53
|
84.84
|
-35.69
|
5
|
Қызмет етуші капиталдың рентабельділігі
|
294.54
|
288.991
|
-5.55
|
7 - кесте мәліметтерінде көрсетілгендей, 2007 жылы кәсіпорын активтерінің бір теңгеге шаққандағы құны жалпы пайданың 1,05 теңгесін әкелген. 2008 жылы бұл көрсеткіш 0,33 теңгеге төмендеді, яғни активтерді қолдану тиімділігі түскен. Бұл көп жағдайда әлі өз құндарын өтеуді бастамаған өндірістік желілерді сатып алумен байланысты.
Кәсіпорынның таза рентабельділігі де 7,25% - ға төмендеді, бұл кәсіпорын активтерінің айналғыштығының және негізгі қызметтен түскен табыс деңгейінің төмендеуімен байланысты.
Меншікті капиталдың таза рентабельділігі кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін сипаттайды. Талданылған кезеңде бұл шама 15,38% - ға төмендеді, бұл айналымдылықтың және табыстылықтың төмендеуімен байланысты.
Қызмет етуші капиталдың рентабельділігі қызмет етуші капиталдың өсу қарқынынан өнімді өткізуден түскен пайданың өсу қарқынының асып кетуімен байланысты 5,55% - ға төмендеді. Осының нәтижесі ретінде өндіріс қорларының жалпы рентабельділігі де 35,69 % - ға төмендеді. Стоянова Е.С. рентабельділікті талдауда негізінде экономикалық рентабельділіктің өзгертілген формуласы жатқан Дюпон формуласын қолдануды ұсынады.
Экономикалық рентабельділік = (15)
Экономикалық рентабельділік =
=
8- кесте. «Қазақмыс» АҚ-ның экономикалық рентабельділігін Дюпон формуласы бойынша есептеу
№
|
Көрсеткіштер
|
2007
|
2008
|
|
1
|
Коммерциялық маржа, %
|
3,06
|
0,61
|
2
|
Трансформация коэффициенті
|
2,94
|
2,88
|
3
|
Экономикалық рентабельділік
|
9,00
|
1,76
|
8 - кестеде көрсетілгендей, «Қазақмыс» АҚ-ның экономикалық рентабельділігі 9 % - дан 1,76 % - ға дейін төмендеді. Бұл негізінен коммерциялық маржаның (сатудың таза рентабельділігі) төмендеуі есебінен болды.
Нәтижесінде «Қазақмыс» АҚ-ның іскерлік белсенділігі туралы қорытынды жасауға болады. Нәтижесі ретінде өз активтерін пайдалану рентабельділігі төмендеген, сондықтан кәсіпорын өзінің инвестициялық саясатын жетілдіруі қажет, жеке алғанда инвестициялық жобаларды экономикалық және қаржылық талдау әдістерін қолдануды көрсетеді. Өндірістік шаруашылық қызметті, қаржы саясатын жетілдіруді және кәсіпорын баға құруды толық талдаған жағдайда өзінің қаржылық қызметін тұрақтандыру және оны тұрақты деңгейге көтеруге мүмкіндігі бар.
3 Рентабельділікті және табыстылықты арттыру кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ретінде
3.1 Кәсіпорынның рентабельділігі мен іскерлік белсенділігін арттыру қаржылық тұрақтылықтың маңызды факторлары
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. [15, 158-б.]
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы(мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тара-ту құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды бо-лып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығы әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, соны-мен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген. [16, 97-б.]
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-касы;
қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мынайдай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді.
Айта кеткен жөн, қажылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсе-тілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай оты-рып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рен-табельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.
Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражаттарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі коммерциялық және банктік несиелер болып табылады.
Стратегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.
Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
И.А.Бланк өз еңбегінде іскерлік белсенділікті арттырудың мынадай жолда-рын атап көрсетеді:
1. Айналымдағы табыстың үлесін арттыру, яғни бұл негізінен шығындарды азайтуға бағытталады. Осы мақсатта шығындардың қалыптасуына үнемі бақы-лау жасалынып отырады.
2. Активтердің айналымдылық жылдамдылығын арттыру, яғни кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттыру болып табылады.
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру
Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады . Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды. [18, 141-б.]
Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қо-сымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.
Сонымен қатар кәсіпорын:
-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзіндік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.
Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпо-рын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатын-да көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қол-данылады.
Оның негізгі мақсаттары:
- Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
- Өнім өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін анықтау;
- Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін есептеу;
- Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.
“Рентабельділік шегі” – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландыру-дың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.
Осылайша, бұл іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің қаупті бағасын есептеуге өте қажетті болып табылады.
Қорытынды
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, келесідей қорытындыларға келдік.
Рентабельділік ұйымның стратегиясынан тікелей тәуелді, белгілі бір деңгейдегі пайданы талап ететін, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік деңгейі. Тәуекел қаншылық жоғары болса, кәсіпкерлік ұйым соғұрлым жоғары пайда табады.
Рентабельділік көрсеткіші алымы мен бөлімін бағалау есепті кезеңдегі кәсіпорын қызметінің шынайы нәтижесінен көрінетін пайда мен бірнеше жылдар қатарынан құрылатын активтер құны есебінен айкындалады.
Уакытша аспектілердің ықпалы келесідей түрде байқалады, басқа ұзақ мерзімді инвестициялар және жаңа технологияларға көшу есебінен ағымды кезенде ликвидтілік көрсеткіштері төмен болуы мүмкін, мұны жағымсыз сәт ретінде қарастыруға болмайды.
Бұл курстық жұмыста талдау объектісі ретінде «Қазақмыс» АҚ –ның қаржылық қызметі таңдап алынды, талдау төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:
кәсіпорынның табыстылығын талдау;
рентабельділігін және іскерлік белсенділігін талдау.
Талдаудың мәліметтері негізінде төмендегі қорытындыларға келдік:
кәсіпорынның іскерлік белсенділік көрсеткіші кәсіпорынның негізгі қызметтен зиян шеккеніне байланысты теріс мәнге ие;
кәсіпорынның таза рентабельділігі де 7,25% - ға төмендеді, бұл кәсіпорын активтерінің айналғыштығының және негізгі қызметтен түскен табыс деңгейінің төмендеуімен байланысты;
меншікті капиталдың таза рентабельділігі 15,38% - ға төмендеді, бұл айналымдылықтың және табыстылықтың төмендеуімен байланысты;
қызмет етуші капиталдың рентабельділігі қызмет етуші капиталдың өсу қарқынынан өнімді өткізуден түскен пайданың өсу қарқынының асып кетуімен байланысты 5,55% - ға төмендеді;
жоғары да айтылғандардың нәтижесінде өндіріс қорларының жалпы рентабельділігі де 35,69 % - ға төмендеді.
Менің пікірімше «Қазақмыс» АҚ – ның қаржылық жағдайын тұрақтандыра алмаудың негізгі себептерінің бірі болып бүкіләлемдік қаржылық дағдарыс табылады.
Экономикалық рентабельділікті көтеру үшін айналымды көбейту қажет. Бұл жерде өсірілген айналым астында «толтырылмаған» актив (себебі активтің әрбір басы артық теңгесі кәсіпорын даму үшін кедергі болуы мүмкін) болмауы керек және таза пайда өнімді өткізуден түскен пайдаға қарағанда тез қарқынмен өсуі қажет. Сонымен бірге тауар бағасын өсіруге болады, бірақ бұл жол бәсекемен және сатып алушылар мүддесімен шектелген. Дұрыс ойластырылмаған баға саясаты кәсіпорын жағдайын одан әрі қиындатуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер
Мейірбеков А.Қ. Әлімбетова Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2003. -278б.
Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Алматы: 2008 249-253 б.
Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001.-280б.
Табаев А.А. Кәсіпорын экономикасы оқу құралы. – Қарағанды: ҚарЭУ, 2008 ж.
Базылов К.Б.,Алибаева С.А., Аманжолова К.Б., Бабич А.А. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: АИЭС, 2006.
Қуатова, Дильмина Яхияқызы. Кәсіпорын экономикасы : практикум / Д. Я. Қуатова. - Алматы : Экономика, 2006. - 105 б.
Ниязбекова Р.Қ. Кәсіпорын экономикасы : Оқу құралы / Р. Қ. Ниязбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 792 б.
Любушин Н.П., Лещева В.Б., Дьякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия.М.: Юнити-Дана, 2001
Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. – Финансы и статистика,2001 ж.
Газарян В.В. Значение анализа финансового состояния предприятия для выводов в аудиторском заключении //Бухгалтерский учет. 2001 ж. - №7
Тасмаганбетов Т.А.,Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А.,Рабатов О., Байболтаева Н.Э., Радостовец В.К. Қаржы есебі. - Алматы: Дәуір,1998ж.
Шеремет А.Д. Методика финансового анализа деятельности коммерческих организации: М., 2004г
Хотинская Г.И. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: на примере предприятии сфере услуг: Учебное пособие- М.: Дело и Сервис,2004г
.Чечевицына Л.Н.,Чуев И.Н.Анализ финансово — хозяйственной деятельности - М.: ИЦК «Маркетинг», 2001 г.
Ефимова О.В., Мельник М.В. Анализ финансовой отчетности: Учебное пособие - М.: Омега - Л, 2004 г.
Абрютина М.С., Грачев А.В. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: учебно-практическое пособие. - Москва: Дело и сервис, 2000 г.
Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: учебное пособие. – Москва-Новосибирск: Дело и сервис, 1999
Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: учебное пособие для ВУЗов, под ред. П.Табурчака, В.М.Тумина, М.С.Сапрыкина. Ростов-на-Дону: Феникс, 2002
Аньшин В.М. Инвестиционный анализ: учебное пособие для программ подготовки управленческого персонала. - Москва: Дело, 2000Демеуов Б. «Анализ и оценка финансового положения компании в конкурентной среде», Қаржы-Қаражат, №6, 2003, стр. 68
«Қазақмыс ПЛС» компаниясының 2008 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған кезең ішіндегі іскерлік қызметіне шолу //www.Kazakhmys.com
Қазақмыс ПЛС-тың 2008 жылдың 31-ші желтоқсанында аяқталған төртінші тоқсанындағы жəне жылдық өндірістік есебі //www.Kazakhmys.com
«Қазақмыс» тобының жылдық есебі ////www.Kazakhmys.com
Қазақмыс ПЛС-тың 2009 жылға жоспары мен даму стратегиялары
Қосымша А
Іскерлік белсенділік көрсеткіштері және оларды есептеу тәртібі
№
|
Атауы
|
Есептеу тәртібі
|
Талдау үшін мәндері
|
|
1
|
Трансформация коэффициенті
|
Өткізуден табыс / кезеңде орташа алғандағы баланс валютасы
|
Бір жылда өндірістің және өнімнің кезеңін өткізілген және өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді
|
2
|
Негізгі құралдардың айналғыштығы
|
Өткізуден түскен пайда / орташа алғанда бір жылғы қалдық құны
|
Негізгі өндірістік өндірістік қорлардың пайдалану тиімділігін сипаттайды
|
3
|
Меншікті капитал айналғыштығы
|
Өткізуден түскен пайда / орташа алғандағы жылдық өлшем
|
Меншікті капиталды пайдаланудың тиімділігін сипаттайды
|
4
|
Ағымдағы активтердің айналғыштығы
|
Өткізуден түскен пайда / орташа алғандағы жылдық ағымдағы активтер мөлшері
|
Оның айналғыштығын тездету ағымдағы активтердің қажеттілігін төмендетеді
|
5
|
Бір айналым ұзақтығы
|
360 / ағымдығы активтердің айналғыштығы
|
Айналғыштықты тездету айналымнан қаражаттарды шығаруды көрсетеді
|
6
|
Қосымша тартылған қаражаттар коэффициенті
|
Есепті жылдағы өткізуден түскен пайда / есепті жылдағы айналым кезеңі - өткен жылдағы айналым кезеңі
|
Айналымдағы қосымша тартылған қаражаттар шамасын көрсетеді
|
7
|
Материалдық айналым қаражаттарының айналғыштығы
|
Өткізілген өнімнің толық өзіндік құны / өндірілген қорлардың орташа құны
|
Мәні жоғары болған сайын айналым капиталы өтімділік құрылымға ие болады
|
8
|
Дайын өнім айналғыштығы
|
Өткізуден түскен пайда / орташа алғанда бір жылғы дайын өнім
|
Өсу өндірістің өнімге сұраныстың көбейгенін, ал төмендеу жиналып қалуды білдіреді
|
9
|
Дебиторлық берешек айналғыштығы
|
Өткізуден түскен пайда / кезеңдегі орташа дебиторлық берешек
|
Дебиторлық берешек сапасын бағалау үшін қолданылады
|
10
|
Дебиторлық берешектің орташа мерзімдік айналымы
|
360 / дебиторлық берешек айналғыштығы
|
Фирма клиентіне шотын төлеуге қолданылатын уақытын сипаттайды
|
11
|
Төлеуге тиісті шоттың айналғыштығы
|
Өткізуден түскен пайда / төленуге тиісті шоттардың орташа шамасы
|
Субъект берешектерін төлеу жылдамдығының өзгерісін көрсетеді
|
12
|
Төленуге тиісті шоттардың орташа мерзімі
|
360 / төленуге тиісті шоттардың айналғыштығы
|
Субъект қарыздарын қайтарудың орташа мерзімдік көрсеткіші
|
13
|
Ақша қаражаттарының айналғыштығы
|
Кезеңдегі ақша қаражаттарының айналғыштығы / ақша қаражаттарының орташа қалдығы
|
Субъектің ақша қаражаттарына мұқтаждығын сипаттайды
|
14
|
Ақша қаражаттарының айналым ұзақтығы
|
Ақша қаражаттарының орташа қалдығы * 360 / кезеңдегі ақша қаражаттарының айналымы
|
Ақша қаражаттарының жеткілігін бақылауға мүмкіндік береді
|
Ә Қосымшасы
Біріктірілген бухгалтерлік баланс 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша
млн.АҚШ доллар
Достарыңызбен бөлісу: |