Экономикалық мамандықтар бойын



жүктеу 4,06 Mb.
бет12/29
Дата27.02.2018
өлшемі4,06 Mb.
#10846
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29

Әдебиет:

Әдебиет:


Қ. К. Кеулімжаев ; З.Н. Әжібаева; Н.А.Құдайбергенов « БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПРИНЦИПТЕРІ» ; ОҚ « Экономикс »-2003 жыл АЛМАТЫ 27-32 беттер

Қ. К. Кеулімжаев ; З.Н. Әжібаева; Н.А.Құдайбергенов , А.Ә. Жантаева « Қаржылық есеп » ; ОҚ « Экономикс »-2001 жыл АЛМАТЫ 27-32 беттер

Назарова В.Л. «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов», Алматы «Экономика», 2003 , стр.6

Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет»,Алматы, «Экономика»,2000 г, стр.6.

Финансовый учет на предприятии. Учебник под. ред Рахимбековой Р.М.,Алматы «Экономика», 2003 г. Стр.6

Техникалық оқу құралдары: такырып бойынша толтырылатын алғашқы құжаттар мен жинақтауыш құжаттар . кестелер. слайдтар
45 кредит сағат

15 практикалық сабақ



Қаржылық есеп берудің ұсынылуы.

Табыстар мен шығыстар жөніндегі есепті ұсыну. ХҚЕС 35 «Тоқтаьылған қызмет». Төтенше жағдайлардан алынған табыстар мен зияндар. ХҚЕС 8 «Таза пайда(зиян)», Фундаменталды кәтелер, есеп саясатының өзгерістері. Бухгалтерлік балансты ұсыну. Түсіндірме жазбалар. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп. Ақша қаражаттары жөніндегі есептілікті дайындау: тікелей және жанама әдістер. Меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі есеп. Компанияның есеп саясаты.


Әдебиет:


Қ. К. Кеулімжаев ; З.Н. Әжібаева; Н.А.Құдайбергенов « БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПРИНЦИПТЕРІ» ; ОҚ « Экономикс »-2003 жыл АЛМАТЫ 27-32 беттер

Қ. К. Кеулімжаев ; З.Н. Әжібаева; Н.А.Құдайбергенов , А.Ә. Жантаева « Қаржылық есеп » ; ОҚ « Экономикс »-2001 жыл АЛМАТЫ 27-32 беттер

Назарова В.Л. «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов», Алматы «Экономика», 2003 , стр.6

Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет»,Алматы, «Экономика»,2000 г, стр.6.

Финансовый учет на предприятии. Учебник под. ред Рахимбековой Р.М.,Алматы «Экономика», 2003 г. Стр.6

Техникалық оқу құралдары: такырып бойынша толтырылатын алғашқы құжаттар мен жинақтауыш құжаттар . кестелер. слайдтар
ОЖСӨЖ мазмұны: № 29-30 тақырыптар бойынша реферат жазу


    1. .Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. 1995ж. 26 желтоқсандағы ҚР-ның Президентінің заңдылық күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы » Үкімі.

2.Бухгалтерлік есеп стандарттары және оларға әдістемелік нұсқаулар, Алматы, 1998 ж.

3.Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің шоттарының Типтік жоспары. Алматы, 1996 ж.

4.Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003 ж.

5. Қ. К. Кеулімжаев ; З.Н. Әжібаева; Н.А.Құдайбергенов « БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПРИНЦИПТЕРІ» ; ОҚ « Экономикс »-2003 жыл АЛМАТЫ

6. ККеулімжаев ; З.Н. Әжібаева; Н.А.Құдайбергенов , А.Ә. Жантаева

« Қаржылық есеп » ; ОҚ « Экономикс »-2001 жыл АЛМАТЫ 27-32 беттер

7.Финансовый учет на предприятии.Учебник. Под.ред.Р.М.Рахимбековой. Алматы- Экономика, 2003

9.Назарова В.Л. «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов», Алматы, «Экономика»,2003 г.

10.Сәтмырзаев А.А. Аудит теориясы. Алматы, 2000ж.

Оқу үшін қосымша әдебиеттер тізімі :

Андреев В.Д.Практический аудит. – М.,»Эклономика»,1997

Аудит: учебник для ВУЗов под. ред. Подольского В.И., , Москва 2000

Аренс А., Ноббек Дж. «Аудит», Москва 1995

Внеоборотные активы(характеристика, учет, обложение).Составители: Скала В.И.и др.

Дорн Р., «Краткое руководство по стандартам и нормам аудита», Москва 1992

Заменская Е.Р., «Внутренний аудит банка», Москва 1997

Кармайкл Д.Р., Белис М., «Стандарты и нормы аудита», Москва 1995

Ковалева О.В., «Аудиторская организация аудиторской деятельности», Москва 2000

кондраков

Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета.М. Финансы и статистика, 2000

РадостовецВ.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,Алматы: Центраудит-Казахстан, 2000

Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет»,Алматы, «Экономика»,2000 г.

Смирнова Л.Р., «Банковский учет», Москва 1999

Смирнова Л.Р., «Банковский аудит», Москва 2003

Смирнова Л.Р., «Методы учета банковских операций», Москва 2000

Соловьева О.В. «МСФО и ГААП: Учет и отчетность»,М-ИД ФБК-Пресс, 2004

Суйц В.П., Ахметбеков А.Н., «Аудит: общий, банковский, страховой», Москва 1995

Хахонова Н.Н. «Международные стандарты финансовой отчетности»,Ростов- на- Дону, Издательский центр «МарТ», 2002

Хендриксен Е.С.,Ван Бреда М.Ф. теория бухгалтерского учета.М.: Финансы и статистика, 1997

Энциклопедия общего аудита, том2, Москва 1999

Журнал «Бухгалтерский учет и аудит».:Алматы, Каржы- Каражат.

Журнал «Бухгалтер бюлетені», Алматы, Бико- Принт

Журнал «Библиотека бухгалтера и предпринимателя».: Алматы, Бико
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

3 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

Оппонент болуы

Баяндама жасау

Семинар тақырыбына байланысты

4 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Семинарда жауап беруі

3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)



Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)



Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты



№4 семинар

№10 семинар



Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексер







Тест





4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Кафедра Бухгалтерлік есеп; тьютор Жангалиева Рая Уалиоллақызы

(аты-жөні)

Пән Қаржылық есеп1



Кредит саны 135 сағат; 30 дәріс; 15 практика ; 45 Студенттердің өзіндік жұмысы





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003 ж.


10

4

100

-

-

2

Қ. К. Кеулімжаев ; З.Н. Әжібаева; Н.А.Құдайбергенов « БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПРИНЦИПТЕРІ» ; ОҚ « Экономикс »-2003 жыл АЛМАТЫ


14

2

100

-

-

3

ККеулімжаев ; З.Н. Әжібаева; Н.А.Құдайбергенов , А.Ә. Жантаева « Қаржылық есеп » ; ОҚ « Экономикс »-2001 жыл АЛМАТЫ 27-32 беттер

15

2

100

-

-

4.

Финансовый учет на предприятии.Учебник. Под.ред.Р.М.Рахимбековой. Алматы- Экономика, 2003


1

2

0,83

-

-

5.

Назарова В.Л. «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов», Алматы, «Экономика»,2003 г.

3

2

0,25

-

-



5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
1 дәріс : Ағымдағы активтердің есебі: ақша қаражаттары және олардың элементтері

Кәсіпорында кассадағы ақша қаражаттарын есептеуде материалды – жауапты тұлға болып кассир табылады, оның міндеттеріне төмендегілер кіреді:



  • кіріс және шығыс кассалық ордерлерінің дұрыс рәсімделуін тексеру, ордерлерде көрсетілген қосымшалардың дұрыстығын қолдардың дұрыс қойылуын және болуын тексеру;

  • ақша қаражаттарын қабылдау және беру;

  • кассалық кітапта кассалық операцияларды тіркеу;

  • қолма-қол ақшаны банкке тапсыру.

Кәсіпорынның бас бухгалтерімен оның орынбасарының шешімі бойынша аталған операцияларды орындауға кәсіпорынның басқа да қызметкерлері тартылуы мүмкін, бірақ толық материалдық жауапкершілік келісім-шарты жасасқаннан кейін.

Кассаға ақша қабылдау бас бухгалтердің қолы қойылған кіріс кассалық ордермен рәсімделеді. Кассаға ақша салған тұлғаға ақшаны қабылдау туралы бас бухгалтер мен кассирдің қолы қойылған түбіртек беріледі. Кассадан ақшаны беру басшының және бас бухгалтердің қолдары қойылған шығыс кассалық ордерлермен немесе төлем ведомостілермен, ақша беруге өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Ақша қаражаттарын шығыс кассалық ордер арқылы басқа адамға берген кезде кәсіпорыннң кассирі оның төл құжатын немесе жеке куәлігін ордердегі реквизиттерді толтыру үшін талап етеді. Ақша алушы сомасын теңге – жазумен, тиын – санмен жазып қол қояды. Кассалық ордерлерде түзету, сызу рұқсат етілмейді. Жазылған кассалық ордерлер және олардың ауыстыратын құжаттар кіріс және шығыс тіркеу журналында тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаны қабылдау немесе беру құжат толтырылған күні ғана жүзеге асады.

Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) пысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.

Кассалық операциялардың есебін кассир кассалық кітапта жүргізеді, ол беттері нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген болуы керек. Кассалық кітаптағы беттер саны кәсіпорынның бас бухгалтерінің қолымен сендірілуі керек. Кассалық кітаптағы жазулар екі данада жазылады. Екінші данасы жыртылмалы болады және кәсіпорынның кассирі есеп беруінде қолданылады, кассалық кітапқа түзетулер енгізуге болмайды. Жіберілген қателар кассир мен бас бухгалтердің қолымен сендіріледі. Кәсіпорын кассасында қолма-қол ақшамен қатар чек кітапшалары және басқа да бағалы қағаздар, қатаң есеп беру бланкілері болуы мүмкін. Халықаралық қаржылық есеп стандартынаа сәйкес шот жоспары төрт белгіден құралады. Кәсіпорын 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап ХҚЕС көшуге байланысты өзінің жұмыс шот жоспарын жасаған болатын және шаруашылық операциялары сәйкесінше бейнеленетін болады.

Кассадағы операциялар есебі 45-"Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

(1010) -"Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" және (1010) -"Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоттарында жүргізіледі.

"Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның" есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Кассаға ақша кірістелген кезде (1010) - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

(1030) - "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты - кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;

(1250) - "Қызметкерлердің және басқа да адамдардың қарыздары" қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, таоан-таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;

(6010) - "Дайын өнімдарді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысқан кезде.

Кассадан ақша берілген кезде (1010) - шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі:

(3350) - "Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу" шоты - кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасында;

(1250) - "Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары" шоты - кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;

(1030) - "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша" шоты - кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа түсімнің сомасына.

"Кассадағы шетел валюта түріндегі қолма-қол ақшаның" есебі. Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде (1010) - "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп кәсіпорынның кассасындағы операцияларға ұқсас жүреді, тек оның айырмашылығы манандай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.

Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.

Валюта түскен кезде 452 (1020) - шоты дебеттеледі де мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

(1030) - "Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша " шоты - валюта шотынан валюта түскен кезде;

(1210) - "Алынуға тиісті шоттар" шоты - кассаға алынған валюта түсімінің соамсына;

(6250) - "Бағам айырмашылығынан түскен табыс" шоты - тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;

(1250) - "Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары" шоты - есеп беретін адамдардың кассаға өтізілген валюта түріндегі сомаларына.

Валюта кассасынан валюта берген кезде – (1010) -шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:

(1250) - "Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары" шоты - есебіне берілген шетел валютасының сомасына;

(1030) - "Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша" шоты - валюта шотына өткізілген валюта сомасына;

(7430) - "Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар" шоты - тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына.

Кәсіпорынның кассалық операцияларының есебін ұйымдастыру сызбасы:
2 Дәріс: Ағымдағы активтердің есебі: алынуға тиісті шоттар және басқа да дебиторлық берешектер.


  1. Дебиторлық бережақтарды өлшеу және мойындау

  2. Күмәнді дебиторлық бережақтар және оның балансы.

  3. Вексельдер есебі.

  4. Есеп беруге тиісті есеп айырысу.

  5. Еншілес бірігіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық бережақтарының есебі



  1. Дебиторлық бережақ бұл сатып алушылар мен заказ берушілердің алдында сатылған тауар, жасалған жұмыс көрсетілген қызмет, үшін бережақ. Дебиторлық бережақ ағымдағы төлеу уақыты және операциялық ағымдағы емес болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес бережақ деп те бөлінеді.

Саудалық дебиторлық бережақ дегеніміз сатып алушылардың негізгі қызметтен алынатын тауарларды сатқаны үшін сатып алушылардың бережағы.

Саудалық емес дебиторлық бережақ басқалай қызметтермен айналысқан кезде және соларды басқа жаққа өткізгені үшін болатын бережақ.

Дебиторлық бережақ 3 топқа бөлінеді:


  1. Алынуға тиісті шоттар.

  2. Алынатын вексельдер.

  3. Басқалары.

Алынуға тиісті шоттар құрамына тауар, қызметтер үшін және басқалай да активтер үшін басқа субъектілерге қойылатын шоттарды қамтамасыз ету.

Д.б. ағымдағы және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Жалпы д.б. жалпы счет – фактурамен бекітілген, ал алыңған вексельдер статьясы ресми түрде қарыздық міндеттеме болып бекітілген.

Сонымен қатар д.б. нормадағы және өтелмеген болып бөлінеді. Нормадағы д.б. әр түрлі есеп айырысатын формасымен субъектыларының шаруашылық барысында болып отыратын бережақтар.

Өтелмеген д.б. деп уақытында төленбеген бережақтарды айтады. Қ.Р-да барлық шаруашылық етуші субъектылар өздерінің табыстарың есептеу әдісі. Күмәнді бережақтар үшін резерв жасақтау қажеттігі туады. Күмәнді бережақтар үшін резерв кәсіпорындар үшін төленбей қалатын д.б. , басқа да бережақтарды орының толтырудың қоры болып саналады.

Бухгалтерлік баланста д.б. құнының күмәнді бережақтар үшін резервтің құның алып тастағаннан кейін сома көрінеді.




  1. Салық кодексіне сәйкес күмәнді бережақтар тауарларды өткізген үшін, жұмысты жасаған үшін,

қызметтерді көрсеткені үшін болатын нәтижесінде кәсіпорынның алдында бережағын шот қойған мезгілден бастап 3 жыл өтелмеген бережақтарды айтады сонымен қатар дебитор кәсіпорынның Қ.Р. заңына сәйкес банкрот деп табылуына байланысты өтелмей қалған бережақтарда айтады.

Егер күмәнді д.б. бағаланса оларды банктердің шоттарында көрсетуге тиісті. Басқару есебінің салыстырмалық принципіне күмәнді бережақтардан болатын шығындарды қай есеп уақыты болса сол есеп уақыты мойындауды талап етеді.Күмәнді д.б. күмәнді дебиторлық бережақтар шығынында есептеледі. Егер күмәнді д.б. кәсілорындарда болса, онда басқару есепте түзету проводкалары берілу керек. Күмәнді бережақтар үшін резервтің құрылу тәртібі басқару есебінің №5 стандартымен реттеледі, яғни осы стандартқа күмәнді бережақ резервін құру тәртібі деген нұсқау тіркеледі. Күмәнді бережақтар резерві есепті кезеннің аяғынан болатын дебиторлық бережақтың инвентаризация түрінде құрылды. Күмәнді бережақтарды есептеудің немесе бағалаудың 2 әдісі бар:



  1. жалпы сатудың көлемінің пайызына байланысты.

  2. төлеу уақытына байланысты шоттарды есептеу.

3 Вексель дегеніміз қатаң формасы бар сөзсіз ақшалай міндеттемені мойындайтын төлем құжаты. Қ.Р. вексельдарды шығару мен олардын айырмасын реттеу Қ.Р-ның вексельдік заңымен реттеледі.

Жай вексель – вексель ұстаушыға сол вексельдерде көрсетілген ақшаның ен бірінщі сұраған уақытын тауып беруді дәлелдейтін вексель түрі.

Аударма вексель – вексель берушінің бұйрығы бойынша екінші тұлғаға ақшаны төлеу.

Комерциялық вексель – сату, сатып алу мәлімелерінің негізін беретін вексель.

Акцепт – вексельдерді төлеу үшін берілетін жазбаша келісім.

Индоссамент – вексель бйынша құқықты басқа тұлғаға беруі туралы вексельдін арғы жағдайын жазу.

Индессант - вексель беруші адам.

Аваль - вексельдік тапсырыс болым есептеледі, яғни бұл мәмілені жүргізген тұлға вексель бойынша басқа тұлғалардың бережағын өз мойнына алады.

Регресс – акцептелмеген немесе төленбеген вексельдерді қайтадан талап ету.

Есеп канторасы – Қ.Р-ның ҰБ-ның лицензиясы бар вексельдік операцияларды жүргізуге құқығы бар банктер.

4 Есеп беретін сома дегеніміз шаруашылықтың кассасынан жұмысшыға беретін белгілі бір командировкалық шығындарға арналған ақшалай аванстар. Ондай ақшаларды беру тәртібі касса операцияларының жургізу ережесімен тәртіптеледі. Командировкалық шығындарды есептейтің кезде негізге алады.

1 тұратын жерді жалдау құны нақты шыққан шығындарға байланысты және броноға кеткен шығындарды қоса есептелген шығындар және ондай шығындар құжаттарымен дәлелдену керек.

2 командировкалық күндерді болғаны үшін тәуліктік ақша айлық есептеу көрсеткішін 2 есесінен аспауы керек .

3 жолақы нақты төленген билет бойынша командировкаға барып келуге төленеді.

Жұмысшыны командировкаға жіберу үшін басшысы бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта командировканың мақсаты, баратын жері, уақыты көрсетіледі. Осы бұйрық негізінде компанияға баратын адамға коммерциялық куәлік бір ақшасы аванстық ақша көлеміне есептеледі. Есеп беруге тиісті адамның алған авансының көлемі алдын-ала белгіленген заңға сәйкес норма бойынша есептеледі. Алынған ақша тек мақсатты жұмсалуы тиіс. Компаниядан келгеннен кейін 3 күн ішінде аванстық есеп беріледі. Осы есепке барлық құжаттар тіркеледі, яғни жол жүру билеттері, қонақ үй квитанциялары және т.б. Кейін бухгалтерия алған ақша шығындарды жаппаса кәсіпорын төлейді, керісінше болса онда есеп беруге тиісті адам кәсіпорынға ақша қайтарады немесе еңбекақысынан ұсталады. Есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырысу 333 шотында.

5. Егер кәсіпорын тік немесе жанама басқа кәсіпорының 50% ие болса онда ол осы кәсіпорынның үстінен бақылайтын кәсіпорын деп есептеліп, негізгі шаруашылық серіктестік болады. Инвестициясын еншілес шаруашылық серіктестік болып есептеледі. Негізгі серіктестік және оның барлық еншілес серіктістіктері топ құрайды және әрбір еншілес серіктістіктер бойынша аналитикалық есеп жүргізеді. Егер инвестор басқа кәсіпорынның 50%-нан аз акцияға иемденсе, онда ол инвестордан тәуелді субъект болып есептеледі.


жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау