5 Дәріс : Негізгі құралдардың амортизациясы.
Негізгі құралдардың тозуы.
Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық).
Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техникамен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған неігізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданады.
Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады. Негізгі құралдардың сапалық тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды:
- өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар;
техникалық процесті жетілдіру.
Жаңа технология қолданылған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылған өнімнің номенклатурасын өзгерткен кезде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал- жабдықтар жарамсыз болып танылады); жұмысшылар біліктілігіндегі пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал - жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы түріне ауыстырылады.
Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал - жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көрме туынды құндылықтары кітапхана кітаптары, фильм қорлары және басқа да барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.
Амортизация – тозудың құндық көрінісін білдіреді. №6–шы “Негізгі құралдардың есебі” бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, амортизация - активтің қызмет еткен мерзім бойынша амортизацияланған құнды тарату процесі.
Амортизацияланған құн бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырма. Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құрал бойынша амортизация келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күніне басталады, ал шығып кеткен негізгі құрал бойынша шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құрал бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (қызметтің, жұмыстың) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады. Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді. Одан басқа төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер; өнім беретін малдар; кітапхана қоры; мұражай құндылықтары; ескерткіш архитектурасы мен өнер; ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары. Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 2420,2430 “Негізгі құралдардың тозуы” бөлімшесінің шоттары пайдаланылады. Бұл шоттарға мынандай субшоттар ашылуы мүмкін.
1) “Үйлер мен ғимараттардың тозуы”; 2) “Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш тетіктердің тозуы”; 3) “Көлік құралдарының тозуы”; 4) “Басқа негізгі құралдардың тозуы”.
2410 -ші бөлімшенің шоттарында есептелген негізгі құралдар ай сайын амортизацияланады. Амортизация есептелінген кезде келесі корреспонденция жасалынады:
Негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы:
а) өндіріс цехында 8410 2420,2430
б) басқару әкімшілігіндегі объектілерде 7210 2420,2430
в) өнімді сату бөлімінде 7110 2420,2430
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады. Олар:
құнын бір қалыпты жолмен есептеу;
құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды етіп есптеп шығару;
жеделдетпе есептеп шығару;(кумулятивтік әдіс)
қалдығын азайту жолымен есептеп шығару;
құнын сандардың жиынтығы бойынша есептеп шығару.
ҚЕХС на байланысты ушалды әдіс (1 обектінің әртүрлі бөлімдеріне байланысты есептеледі)
Амортизация дегеніміз- тозудың ақшалай түрдегі активтің пайдалы, тиімді жұмыс жасау уақыт мерзіміне жүйелі түрде бөлінген құн. Амортизациялық құн объектілердің түскен кезіндегі алғашқы құнымен жойылу құны арасындағы айырмашылығы. Амортизациялық төлемдер норма бойынша есептеліп, әрбір есеп беру кезінде шығын ретінде мойындалады. Норма дегеніміз- амортизациялық төлемдердің жылдық сомасын негізгі құралдардың орташа жылдық құнына бөлгендегі сомма.Негізгі құралдарға тозу, есептеу:
а)жаңадан түскендерге түскен айдың бірінші күнінен бастап;
б)кеткен негізгі құралдарға сол айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу жалға беру келісім-шарттың түріне байланысты және келісім-шарттың шартына байланысты. Арендаға беруші немесе арендатор көрсетіледі.
Бірінші әдіс бойынша объектінің құны ай сайын бірдей сомада есептеліп отырылады. Мысал үшін компьютер сатып алынды. Құны 95760 теңге, қызмет ету мерзімі 5 жыл, болжамды жойылу құны 1850 теңге.
Кесте 1
Негізгі құралдарға амартизация есептеудің бірқалыпты әдісі
Есепті кезең
|
Алғашқы құны
|
Жойылу құны
|
Амортизациялық құны
|
Қызмет ету мерзімі, (жыл)
|
Амортизация нормасы, %
|
Жылдық амортизация нормасы
|
2004
|
95760
|
1850
|
93910
|
5
|
20
|
18782
|
2005
|
95760
|
1850
|
93910
|
5
|
20
|
18782
|
2006
|
95760
|
1850
|
93910
|
5
|
20
|
18782
|
2007
|
95760
|
1850
|
93910
|
5
|
20
|
18782
|
2008
|
95760
|
1850
|
93910
|
5
|
20
|
18782
|
Кесте 2
Жинақталған тозу ведомостісі
Есепті кезең
|
Алғашқы құны
|
Жылдық амортизациясы
|
Жинақталған тозу
|
Баланстық құны
|
2004
|
95760
|
18782
|
18782
|
76978
|
2005
|
95760
|
18782
|
37564
|
58196
|
2006
|
95760
|
18782
|
56346
|
39414
|
2007
|
95760
|
18782
|
75128
|
20632
|
2008
|
95760
|
18782
|
93910
|
1850
|
2000ж. 18782+18782=37564
95760-37564=58196
ҒТП жетістіктеріне байланысты кейбір негізгі құралдар моральді тозады. Өзінің негізгі құралдарының құрамын жаңалауға мүдделі кәсіпорындар амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісін қолдануға мүдделіліктері бар.
Кумулятивтік әдіс немесе оның мазмұны есептеу коэффицентін анықтаумен байланысты.Бөлшектің бөлімінде пайдалы мерзім жылдарының қосындысы тұрады, ал алымында жылдық саны. Тозу сомасы алғашқы жылдары көп болады, соңғы жылға қарағанда. Мысалы: Компьютер сатып алынды. Алғашқы құны 95760, қызмет ету мерзімі 5 жыл, болжамды жойылу құны 1850.
Кесте 3
Негізгі құралдарға амартизация есептеудің кумулятивтік әдісі
Есептік кезең
|
Алғашқы құны
|
Жойылу құны
|
Аморти-зациялық құны
|
Камуля-тивтік құны
|
|
Есептеу коэф-ті
|
Жылдық амортизациясы
|
2004
|
95760
|
1850
|
93910
|
15
|
5
|
0,333
|
31303,01
|
2005
|
95760
|
1850
|
93910
|
15
|
4
|
0,266
|
25042
|
2006
|
95760
|
1850
|
93910
|
15
|
3
|
0,2
|
18782
|
2007
|
95760
|
1850
|
93910
|
15
|
2
|
0,133
|
12521
|
2008
|
95760
|
1850
|
93910
|
15
|
1
|
0,066
|
6260
|
2004 ж. 95760-1850=93910
1+2+3+4+5=15
5/15=0,33
93910*5/131303,3Кесте 12
Жинақталған тозу ведомостісі
Есепті кезең
|
Алғашқы құны
|
Жылдық амортизациясы
|
Баланстық құны
|
Жинақталған тозу сомасы
|
2004
|
95760
|
31303,3
|
64457
|
31303
|
2005
|
95760
|
25042
|
39415
|
56345
|
2006
|
95760
|
18782
|
20633
|
75127
|
2007
|
95760
|
12521
|
8112
|
87648
|
2008
|
95760
|
6260
|
1850
|
93910
|
2004 ж 795760-31303=64457
64457-25042=39415
95760-39415=56345
Жеделдетілген амортизация есептеудің тағы бір әдісі қалдықты азайту әдісі. Осы әдісте алғашқы жылы амортизация жедел өседі, соңғы жылдары төмендейді. Қалдықты азайту әдісінің тағы бір ерекшелігі амортизация есептеу бастапқы құннан емес баланстық амортизация есептеледі.Бірқалыпты амортизация есептеудегі норма екі есеге көбееді, яғни 20% болса, 40% болады. Жойылу құны ескерілмейді, тек соңғы жылы ғана ескеріледі. Мысалы, компьютер сатып алынды 95910, жойылу құны 1850, амортизация нормасы 20%, қызмет ету мерзімі 5 жыл.
Жинақталған тозу ведомостісі
Кесте 4
Негізгі құралдарға амартизация есептеудің қалдықты азайту әдісі
Есепті кезең
|
Баланстық құн есепті кезең бойына
|
Амортизация нормасы,%
|
Жылдық амортизация
|
Жинақталған тозу сомасы
|
Баланстық құн есепті кезең аяғына
|
2004
|
95760
|
40
|
38304
|
38304
|
57456
|
2005
|
95760
|
40
|
22982,4
|
61286,4
|
34474
|
2006
|
95760
|
40
|
13789,6
|
72777,6
|
20684,4
|
2007
|
95760
|
40
|
8274
|
83350
|
12410
|
2008
|
95760
|
40
|
10560
|
93910
|
1850
|
95760*40%=38304
95760-38304=57456
57456*40%=22982,4
95760-22982,4=72777,6
Өндірістік әдіс- амортизация есептеуді жасалған жұмыстың көлеміне пропорционалды бөледі. Бұл әдіс объектіні пайдаланудың нәтижесі ретінде көрінеді. Мысалы, 240000 теңгенің станогы техникалық құжатына байланысты 6000 бұйым шығаруы тиіс. Жойылу құны 18000 теңге.
1.Бір бұйымның амортизациясының нормасын табу:
240000-18000/6000=37, яғни Бастапқы құн- Жойылу құны/ Бұйым санына
2003 жылы мамыр айында 45 бұйым өндірілген болса, онда 45*37=1665 амортизациялық соммасы шығады.
2003 жылы маусымда 52 бұйым жасалса 52*37=1924
Шілде айында 48 бұйым өндірілсе 48*37=1776.
2.Техникалық паспорт бойынша негізгі құралдардың жасалған жұмысының сағат саны көрсетілуі мүмкін. Мысалы: 10000 сағат, бір сағаттың амортизациясын табамыз.
240000-18000/10000=22
2003 жылы мамырда 224 сағат жұмыс жасалған
224*22=4728
Негізгі құралдардың әрбір түріне кәсіпорында әрбір амортизациялық норманы есептеуде әртүрлі әдісін қолдануға болады, және ол есеп саясатында көрсетілуі керек.
Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 2420,2430 бөлімшенің шоттары қолданылады. Барлық субъектілер заң бойынша меншік түріне қарамастан негізгі құралдардың барлық түріне амортизацияны есептеуге тиіс. Тек қана мына негізгі құралдарға амортизация есептелмейді:
Жерге
Кітап қорларына
Фильмдерге
Мұражайларға
Ескерткіштерге
Автомобиль жолдарына
Өнім беретін малдарға
Амортизация есептелген кезде Д-т 8410, К-т 2420,2320
Егер контордағы жалпы шаруашылық негізгі құралдарға тозу есептелсе Д-т 7210, К-т 2420,2320, ал егерде сатумен байланысты тауарды сақтайтын қоймаларға тозу есептелсе Д-т 7110, К-т 2420,2320.
Негізгі құралдар кәсіпорынға пайдалану үшін мақсатқа түседі, және негізгі құралдардың құрамына кірістеледі, ал сату үшін сатып алынған негізгі құралдар қаржылық инвестициялардың құрамында есептеледі. Негізгі құралдардың есебін жүргізу үшін типтік шот жоспарында 12 бөлімшенің шоттары қарастырылады.
Негізгі құралдардың есебін жүргізу үшін типтік шот жоспарында 12 бөлімшенің шоттары қарастырылады. Негізгі құралдардың құрамына объектілерді құрастыру негізгі құралдарды қабылдап жіберу актісімен жабдықталады. Осы құжатта оның пайдаланудың мерзімі көрсетіледі. Субъектілер пайдалану, тиімді қызмет көрсету мерзімін өздері анықтайды, ал нормалық қызмет көрсету мерзімі, ол негізгі құралдарға тозу, есептеу мерзімі болып есептеледі.Ол тозуды белгіленген нормалар бойынша есептейді. Сонымен қатар негізгі құралдар тозу құны болып табылады, бұл тозығы жеткен негізгі құралдардарды бұзғанда түсетін запас бөлшектің құны, осы құннан жойылуға кеткен шығындарды алып тастағаннан кейінгі құн.
Негізгі құралдарды сатып алған кезде бастапқы құнмен қабылданады. Осы құнның құрамына келісім бағасы кіреді және соны алып келіп, орнатуға кеткен шығындар, сонымен қатар төленген мемлекеттік салықтар т. б. барлық шығындар қосылады.
Егер жер учаскесін сатып алатын болсақ, сатып алу құны оған агенттерге төлеген коммерциялық сыйақылар, сатып алу, сату шартын жасайтын юристтердің көрсеткен қызметтерінің құны, әртүрлі төленген салықтар, жерді тазалау, тегістеу т. б. шығындар қосылады. Егерде үй немесе ғимаратты өзіміз салсақ құрылысқа кеткен барлық шығындар: шикізаттар, материалдар, құрылысшының еңбекақысы, бөлініп келетін үстеме шығындар, архитектор, юристтердің құндары, сақтандыруға төленген шығындар, құрылысты салуға рұқсатнаманың құны қосылады. Ал егер негізгі құралдарды алып келгенде, орнатуда болған кейбір бұзылулар жасалған жөндеу, тасу, түсіру кезінде кейбір бұзушылықтар болса, оның құны бастапқы құнға қосылмайды, бұл шығындарға жатады.
Кесте 6
Негізгі құрал объектілердің бастапқы құнын табу мысалы.
№
|
Мазмұны
|
Д-т
|
К-т
|
Сомасы
|
1.
|
Құрылтайшылардан жарғылық капиталға жарна ретінде негізгі құралдар енгізілсе
|
511
|
503
|
1000000
|
2.
|
Негізгі құралдарды сатып алғанда
|
122-125
|
671
|
324000
|
3.
|
Егер заңды немесе жеке тұлғалардан әншейін түссе
|
122-125
|
727
|
127800
|
4.
|
Егер айырбастау операциясы түссе
|
122-125
|
671
|
300000
|
5.
|
Егер негізгі құралдар жарна ретінде түссе
|
122-125
|
511
|
600000
|
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал- саймандарды дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілермен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады.
Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді:
Негізгі құралдарды қабылдау - тапсыру (орын ауыстыру) актісі; негізгі құралдар құрамына жекеленген объектілерді енгізу үшін, қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы. Олардың пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құралдардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды) негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкілімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардан бірнеше объектісін қабылдау- тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал - сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егерде бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс - беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжаудың жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық субъектісі дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдардың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады.
Алушының және тапсырушының қолдары қойылған 1-ші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады. Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт екі дана етіп жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |