Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні



жүктеу 1,17 Mb.
бет5/7
Дата25.05.2018
өлшемі1,17 Mb.
#17137
1   2   3   4   5   6   7

30, 31-ұсынымдар

  1. Бүгінгі таңда ҚР азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органдар жеке меншік тұрғын үй қорынан жалға тұрғын үй алу мүмкіндігі беріледі.

  2. Қолжетімді баспана бағдарламасын іске асыру кезеңінде
    (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасы) жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысына облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен 91,6 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді, соның ішінде: 2010 жылы – 10,8 млрд. теңге, 2011 жылы – 10,9 млрд. теңге, 2012 жылы – 19,6 млрд. теңге; 2013 жылы – 17,5 млрд. теңге; 2014 жылы – 18,9 млрд. теңге; 2015 жылы –
    9,8 млрд. теңге; 2016 жылы – 4,1 млрд. теңге бөлінді.

  3. Ауданы 1 136,8 мың ш. метр пәтерлер пайдалануға берілді, соның ішінде: 2010 жылы – 150,0 мың ш. метр (2478 пәтер), 2011 жылы – 120,5 мың ш. метр (2006 пәтер), 2012 жылы – 151,5 мың ш. метр (2617 пәтер); 2013 жылы –250,6 мың ш. метр (4246 пәтер); 2014 жылы – 210,7 мың ш. метр (3781 пәтер), 2015 жылы – 150,2 мың ш. метр (2457 пәтер), 2016 жылы 103,2 мың ш. метр (1796 пәтер) берілді.

  4. Мәселен, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй ҚР тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын азаматтарына беріледі. ҚР азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған:

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды;

мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;



жалғыз тұрғын үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған адамдарға жататын ҚР азаматтарына пайдалануға беріледі.

  1. Осыған байланысты азамат жоғарыда көрсетілген санатқа сәйкес келген жағдайда тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тұра алады.

  2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының,
    сондай-ақ жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар екендігін атап өткен жөн.


  3. Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданды. 2020 жылға дейін орталықтандырылған қызметтерге қолжетімдікті қамтамасыз ету жоспарлануда, атап айтқанда:

2011 жылы қалаларда сумен жабдықтау бойынша 82%, ауылдық елді мекендерде – 42,5%;

2012 жылы қалаларда сумен жабдықтау бойынша 84%, ауылдық елді мекендерде – 43%;

2013 жылы қалаларда сумен жабдықтау бойынша 85%, ауылдық елді мекендерде – 47,7%;

2014 жылы қалаларда сумен жабдықтау бойынша 86%, ауылдық елді мекендерде – 50,3%;

2015 жылы қалаларда сумен жабдықтау бойынша 87%, ауылдық елді мекендерде – 51,5%;

2016 жылы қалаларда сумен жабдықтау бойынша 88%, ауылдық елді мекендерде – 52,3%;

2017 жылы қалаларда сумен жабдықтау бойынша 90%, ауылдық елді мекендерде – 55%;

2018 жылы қалаларда сумен жабдықтау бойынша 93%, ауылдық елді мекендерде – 58%;

2019 жылғы қалаларда сумен жабдықтау бойынша 97%, ауылдық елді мекендерде – 62%.

Орындалған іс-шаралар нәтижесінде орталықтандырылған қызметтерге қолжетімділік:

2011 жылы қалаларда суды бұру бойынша 73%, ауылдарда – 8,8%;

2012 жылы қалаларда суды бұру бойынша 75%, ауылдарда – 9%;

2013 жылы қалаларда суды бұру бойынша 78%, ауылдарда – 10%;

2014 жылы қалаларда суды бұру бойынша 81%, ауылдарда – 11%;

2015 жылы қалаларда суды бұру бойынша 82%, ауылдарда – 11%;

2016 жылы қалаларда суды бұру бойынша 84%, ауылдарда – 11,2%;



  1. Нәтижесінде 2011 жылмен салыстырғанда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік қалалар бойынша 82 %-дан 87 %-ға дейін, ауылдық елді мекендер бойынша 42,5 %-дан 51,5 %-ға дейін өскен. 2015 жылғы жоспарлы индикаторларға (қалалар - 87 %, ауылдар – 51,5%) қол жеткізілді. Бұл ретте орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 2,0 млн. адам қамтылған. Сумен жабдықтаудың орталықсыздандырылған көздерін 1,7 млн. адам немесе 21,7 %-ы пайдаланады. 6 721 ауылдық елді мекен ішінде 3 469-ының немесе
    51,5 %-ының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар.

  2. Соңғы жылдары Адам құқықтары жөніндегі уәкіл осы мәселенің маңыздылығын назарға ала отырып, ипотекалық қарыз рәсімдеген төлеуге қабілетсіз қарыз алушылардың проблемаларына ерекше көңіл бөледі. Мәселен, Омбудсмен ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары, Ұлттық банк төрағасының атына жеткілікті тұрғын үй құқығын қамтамасыз ету мәселесі жөнінде жүгінді, өтініште қарыз алушылардың ипотекалық қарыздарын өз уақытында төлей алмауынан жалғыз тұрғын үйінен мәжбүрлі шығарумен байланысты шағымдар санының артуы, сондай-ақ коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді күту уақытының ұзақтығы туралы хабарланды.

  3. Уәкіл өмірлік қиын жағдайда қалған және банк қарыздарын уақытында төлеу мүмкіндігі жоқ азаматтардың шағымдарын барлық
    мән-жайларды ескеріп, өтеудің тиімді шарттарын ұсынумен бірге қарызды қайта құрылымдауды немесе халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдаудың басқа түрлерін қолдану арқылы жеке тәртіпте қараудың орындылығына назар аударды. Бұл ретте адамдардың, оның ішінде осал топтардың жеткілікті өмір деңгейіне негізгі құқықтарын бұзуға жол берілмейді.

  4. Одан басқа, Уәкіл мекемесі тиісті мемлекеттік органдарға мәжбүрлі шығару саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру мәселесі бойынша заң жобасын әзірлеуге қатысты ұсыныстар жіберді.

  5. 2014 жылғы 1-жартыжылдықта Ұлттық банк банктердің жедел қызметіне араласпау туралы нормаларды ескере отырып, шығару және банк қарыз алушыларының кепілге қойылған тұрғын үйін сату бойынша рәсімдерді тоқтата тұру, кепілге қойылған тұрғын үйлерді сату арқылы қарызды өндіріп алу үшін сот орындаушыларына берілген атқару парақтарын қайтарып алу туралы банктерге ұсынымдар жіберді.

  6. Қарыз алушылардың өтінімдері бойынша апта сайын проблемалы қарыз алушылардың банк өкілдерімен қарыздарды қайта құрылымдаудың өзара тиімді шарттарын әзірлеу бойынша кездесулері өткізіледі. Конструктивті диалог кезінде банктер (қарыз алушылар ай сайын өтеудің ықтимал ең төмен сомасын растаған жағдайда) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындарға қарыздарды өтеудің жеңілдікті шарттарын ұсынады. Әрбір жағдай екінші деңгейдегі банктерге қарыз алушылар барлық растаушы құжаттарды ұсына отырып жүгінген кезде жеке қаралады.

  7. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың оның барлық негізгі бағыттары бойынша тұрғын үй алуға басымдықты құқығы бар. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының желісі бойынша жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй көлемін - 100 %, тұрғын үй құрылысы жинақтары арқылы 50 % және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы 100 % іске асыру көзделеді. Енгізілген өзгерістер жергілікті атқарушы органдарда туындаған тұрғын үйге кезектілікті азайту мақсатында тұрғын үйді сату тетігін жетілдіруге бағытталған.

  8. Сонымен қатар, ҚР-да 2000 жылдан бастап халық үшін ипотекалық кредит беруге балама қарыз қаражатының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй жинақтары жүйесі енгізілді, оның артықшылығы қажетті сомадағы тұрғын үй қарызын 3,5 %-дан 5 %-ға дейінгі жылдық тиімді мөлшерлеме бойынша теңгемен алу (жылдық тиімді мөлшерлеме 4-тен 6,2 %-ға дейін) болып табылады.

  9. Тұрғын үй жинақтары жүйесін тарту арқылы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру азаматтарды жинақтаушы жүйеге бағыттады және қазіргі уақытта аталған жүйеде 600 мыңнан астам шарт тіркелген.

32-ұсыным

  1. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету бойынша нормалар регламенттелген, олар аталған контингентке көмек көрсету саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді.

  2. Кодексте адамның психиатриялық көмек көрсету кезінде еріктілігіне, диагностика мен емдеуге, медициналық-әлеуметтік оңалтуға, сондай-ақ мамандандырылған көмек көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына құқықтары, бастапқы куәландыру, оның ішінде пациенттің келісімінсіз мәжбүрлеп куәландыру тәртібі (сот шешімі бойынша) бекітілген.

  3. Сондай-ақ 2013 жылдан азаптаулардың және қатыгездікпен, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлай қараудың және жазалаудың басқа да түрлерінің алдын алу жүйесі түрінде әрекет ететін, ұлттық алдын алу тетігінің бостандығы шектеулі адамдар орналасқан, оның ішінде психиатриялық ұйымдарға жоспарлы түрде бару құқығы көзделген қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін Ұлттық алдын алу тетігі қағидаты іске асырылуда.

  4. Статистикалық деректер 6-қосымшада берілген.

33-ұсыным

  1. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, ҚР-ны дамытудың 2030 жылға стратегиялық жоспарда, «Қазақстан-2050» стратегиясы, сонымен қатар ҚР-ның денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында репродуктивтік денсаулықты сақтау көрініс тапқан.

  2. Республикада ерте жүкті болудың профилактикасы үшін ҚР ДСМ
    «ҚР азаматтарының репродуктивтік денсаулығын нығайту жөніндегі жол картасын» әзірледі, онда сексуалдық білім беру, ұйымдасқан ұжымдарда (орта және жоғары оқу орындарында) қыздар мен жігіттерді гигиеналық оқыту және жыныстық тәрбиелеу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ЖИТС, АИТВ және т. б. бойынша оқу курсын және оқу құралын, әдістемелік ұсынымдарды қамтитын ДДҰ ұсынымдарының негізінде жасөспірімдерді және жастарды оқыту және тәрбиелеу бағдарламалары көзделген.

  3. 2015 жылы республика бойынша 81 440 түсік жасату тіркелді, оның ішінде 15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында – 27 (0,04 %), 15-тен 18 жасқа дейінгі қыздар арасында – 1069 (1,3 %). 2010 жылмен салыстырғанда (барлық түсік жасату – 106 074, оның ішінде 15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында – 56 -0,05 %, 15-тен 18 жасқа дейінгі – 3 256 – 3 %) жасөспірім қыздарда түсік жасату саны 3 есе төмендеген.

  4. Қазіргі заманғы қоғамдағы отбасының маңыздылығы, репродуктивтік денсаулық, отбасын жоспарлау туралы халықтың хабардарлығын арттыру, түсіктердің профилактикасы, қоғамның назарын отбасы, оның ішінде жас және толық емес отбасылар проблемаларына аудару мақсатында МСАК деңгейінде Отбасы денсаулығы орталықтары, жастарға ықыласты клиникалар, Жастар денсаулық орталықтары (бұдан әрі – ЖДО) және денсаулықты нығайту орталықтары құрылды. 2016 жылы елімізде 97 ЖДО және 478 отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс істеді.

  5. 2011 жылдан бастап МСАК ұйымдарының штаттық нормативтеріне отбасылармен жұмыс істейтін, оларға консультация беретін, жан-жақты көмек көрсетуге мүдделі органдарды тарта отырып, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтайтын әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың лауазымдары енгізілді. Қазіргі уақытта 2000-нан астам әлеуметтік қызметкер және 1000 психолог бар.

  6. Өз-өзіне және өзара көмек тренингтерін өткізу арқылы қолдау топтары құрылды. Жастар мен жасөспірімдердің көкейкесті проблемаларын шешуге бағытталған «Жедел байланыс» телефоны жұмыс істейді
    (150 телефоны).

  7. Халықтың репродуктивтік денсаулықты қорғау мәселесі бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында ақпараттық материалдар шығарылады және үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік жобалар іске асырылады.
    2015 жылдан бері «Халыққа, медицина қызметкерлеріне консультация беру және оқыту арқылы репродуктивтік денсаулықты қорғау, отбасыны жоспарлау, жүктілікке дайындалу және сау балаларды дүниеге әкелу» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғасуда.

  8. БҰҰ ҚР-дағы халықтың қоныстануы саласындағы қорының елдік офисі (ЮНФПА) «Валеология» пәніне сексуалдық және репродуктивтік денсаулықты қорғау бойынша күшейтілген компоненттерді енгізу бойынша колледж және мектеп оқытушыларына арналған әдістемелік құрал әзірледі.

  9. Сонымен қатар, ҚР-да балалар және босандыру қызметінің интеграциялаған моделін енгізу және жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ҚР ДСМ 2016-2020 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде ЮНФПА-мен бірге жасөспірімдер мен жастардың осал топтарын, сондай-ақ жүктілікке абсолютті қарсы көрсетілімі мен жоғары әлеуметтік қатері бар әйелдерді заманауи контрацептивтiк заттармен тегін қамтамасыз ете отырып, отбасын жоспарлау қызметін жетілдіру және жастар орталығының тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар көзделген. Осы бағытта ҚР ДСМ-нің халықаралық ұйымдардың қолдауымен жергілікті басқарушы органдармен бірлескен жұмысы жалғастырылатын болады.

34-ұсыным

  1. Еліміздегі нашақорлық жағдайына әсер ететін негізгі факторлар мынадай:

ауған героинінің трафигі;

өсімдік түрінде шығатын өз шикізат базасының болуы;



синтетикалық наркотиктің және психикалық белсенді жаңа заттардың таралу қаупі.

  1. Бұл ретте ауған накротрафигінің өзгеруі аясында «Солтүстік бағыт» бойынша транзиттің айтарлықтай қысқарғаны байқалуда.

  2. Есірткіге байланысты құқық бұзушылықтарды тұрақты анықтау және заңсыз айналымнан есірткі бұйымдарын алу жағдайында есiрткiге тәуелдi адамдар санының тұрақты азаю үрдісі байқалады.

  3. Аталған үрдіс нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы
    іс-қимылды ұйымдастыруда еліміздің құзыретті органдары қызметінің негізгі бағыттары үшін айқындаушы болып табылады (ІІО жедел-қызметтік жұмысының Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД бөлінісінде 2010-2015 жылдарғы нәтижесі туралы мәліметтер 6-қосымшада).

  4. 2008 жылғы қазанда ҚР-да ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі жаһандық қордың қолдауымен опиоидтық наркотиктерге тәуелді адамдарға қолдауды алмастыру терапиясын (ҚАТ) ұсыну бойынша пилоттық жобаны енгізу басталды. ҚАТ пилоттық жобасын Павлодар және Теміртау қалаларында наркология ұйымдарының базасында іске асыру басталды, 2012 жылдан бері ҚАТ бағдарламасы Ақтөбе, Тараз, Қостанай, Орал, Екібастұз, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларында енгізілуде.

  5. Бағдарламаны іске асырғалы 2012 жылдан бері пациенттердің жалпы саны – 910 адам (ерлер – 738, әйелдер – 172). 2016 жылғы жағдай бойынша ҚАТ алатын барлық пациенттердің саны 307 адам (ерлер – 244, әйелдер – 63), бұл диспансерлік есепте тұрған инъекциялық есiрткiлердi тұтынушылардың 1,6 %-ын құрайды.

35-ұсыным

  1. Бұрын қабылданған бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген ҚР-ның «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру жалғасып жатыр.

  2. Су ресурстарын орнықты пайдалану, орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және ауаның ластануын төмендету, көлік құралдарын отынның экологиялық таза түрлеріне көшіру және тиісті инфрақұрылым құру, ЖЭС шығарындыларын тазартуды енгізу, өндіріс пен тұрмыстағы ең жаңа технологиялар негізінде электр энергиясын жаппай үнемдеу, сондай-ақ отандық ғылымға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі шаралар көзделген
    іс-шаралар жоспары бойынша жұмыс жүргізілуде
    .

  3. Президенттің 2014 жылғы 26 мамырдағы Жарлығымен ҚР Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құрылды.

  4. ТҚҚ проблемасын шешу үшін Үкімет «Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасын» қабылдады. Бағдарлама тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіруге, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, өңдеу және көму жөнінде көрсетілетін қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын жоғарылатуға, заманауи технологиялар мен басқару әдістерінің негізінде ТҚҚ секторын жаңғыртуға, сондай-ақ ҚР экология заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындау жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған.

  5. Бағдарлама ҚР азаматтарының өмір сүру жағдайлары мен сапасын жақсартуға айтарлықтай ықпал ететін болады. Қоршаған ортаны қорғау секторындағы басым міндеттердің бірі экологиялық заңнамаға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және анықтау бойынша мемлекеттік экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру болып табылады.

  6. Мемлекет пен халықты гидрометеорологиялық және экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету сапасын арттыру мақсатында гидрометеорологиялық желілерді қосымша жабдықтау жоспарланған.

  7. Заңнама базасы негізінде ұлттық деңгейде нарықтық тетік дамытылуда – парниктік газ шығындыларын квоталау, мониторингілеу және есебін жүргізу арқылы оларды реттеу.

  8. Қазақстан БҰҰ-ның Климатты өзгерту жөніндегі шеңберлік конвенциясы бойынша келіссөздер процесіне белсенді атсалысуда және жаңа келісімді әзірлеуге қатысуда.

  9. ҚР-ның денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экологияның әсерінен болатын аурулардың алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді. Сәулеленудің әсеріне ұшыраған халықтың сандық және жас-жыныстық құрамын қалыптастыру, денсаулық жағдайын бағалау, радиациялық-гигиеналық мониторинг жүргізу негізінде патологиялық жағдайларды анықтау және ранжирлеу бойынша іс-шаралар жүргізілді. СИЯП (ГНАМР) қызметінің нәтижесінде йондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған ҚР халқының мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған тіркелімі жасалды.

  10. Сәулеленуге ұшыраған халық үшін медициналық салдарын бағалау мақсатында Семей қаласында Радиациялық медицина және экология жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – РМЭҒЗИ) құрылды.

  11. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының ең көп зардап шеккен аудандары ауылдарының тұрғындарына скринингтік тексеру жүргізіледі. Скрининг нәтижелері бойынша РМЭҒЗИ оңалту бөлімшесінде одан әрі терең зерттеу және емдеу үшін қатер топтары қалыптастырылады.

  12. Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарға «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы ҚР Заңымен мыналарға:

1) бір тұрғынға есептегенде медициналық мекемелерді күтіп-ұстауға арналған қаражат нормаларын ұлғайтуға;

2) медициналық техниканы, дәрілік заттарды мақсатты бөлуді қамтамасыз етуге;

3) өңірдің барлық тұрғындарының мерзімдік кешенді медициналық тексеруден өтуіне, республиканың барлық клиникаларында, медициналық орталықтарында және басқа да медициналық мекемелерінде медициналық-санитариялық және медициналық-әлеуметтік көмектің көрсетілуіне;

4) 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнеткерлікке шыққандарға тұратын аймағына байланысты 1,3-тен 1,5-ке дейінгі коэффиценті қолдану арқылы зейнетақыны тағайындауға;

5) экологиялық қолайсыз аймақтарда тұруына байланысты 1,2-ден 1,5-ке дейінгі коэффицентті қолдану арқылы еңбекақының, стипендияның төленуіне;

6) аймақтар бойынша 7-ден 12 күнтізбелік күнге дейін жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалысқа (зиянды еңбек жағдайлары үшін берілетін демалысқа қосымша) кепілдік беріледі.



  1. Еңбек демалысымен бірге бар төлемдерге қосымша бір айлық тарифтік мөлшерлеме немесе лауазымдық айлықақы мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.

  2. Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен адамдарға осы Заңмен сонымен қатар тұрып жатқан тұрғын үйін меншігіне өтеусіз алу көзделген.

  3. Экологиялық апат аймағында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде орын алуда басымдық беріледі.

  4. Экологиялық қасірет салдары себебінен І және ІІ топтағы мүгедек болған адамдардың облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қалаларды және ҚР астанасын қоспағанда, жаңа тұрғылықты жері бойынша тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығы бар.

  5. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұрғындарға «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы ҚР Заңында мыналар:

1949 жылдан 1990 жылдар аралығында ядролық сынақ жүргізу барысында радиациялық әсерге ұшыраған аймақтарда тұрған және тұрып жатқан азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу. Тек
2003 жылдан бастап 2016 жылға дейін 640,3 мың азаматқа жалпы сомасы
12,3 млрд. теңгеге біржолғы ақшалай өтемақы төленді;

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан, төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұратын азаматтар зейнетақыларына үстемеақы;

1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде 5 жылдан кем емес төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған азаматтар үшін бұдан бұрынғы жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жас бойынша зейнетақы төлемдерін алу құқығы, зейнетке 50/45 жасында жасы бойынша жеңілдікпен шығу (әйелдер сен ерлер сәйкесінше);

ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларына тікелей қатысқан адамдарға мөлшері 6,19 АЕК ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу (2017 жылы - 13 996 теңге);



аурудың, мүгедектіктің Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруды сынақтан өткізуден болған радиациялық әсермен себеп-салдарлық байланысы болған жағдайда 7,55 АЕК мөлшерінде (2017 жылы – 17 131 теңге) ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;

ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны жоғарылатылған мөлшерде төлеу (І топ мүгедектеріне – 51 609 теңге; ІІ топ мүгедектеріне – 41 581 теңге; ІІІ топ мүгедектеріне – 32 042 теңге) көзделген.



  1. Полигон аумағында тұратын және зардап шеккен деп танылған тұрғындардың тұратын аймағына байланысты 1-ден 2-ге дейін АЕК мөлшерінде қосымша еңбекақыға, 5-тен 12 күнтізбелік күнге дейін жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалысқа құқығы бар.

  2. Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аймақтарда тұратын әйелдердің қалыпты босануы кезінде жүктілігі мен босануы бойынша – ұзақтығы күнтізбелік 170 күн және босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала босанған кезде ұзақтығы күнтізбелік 184 күн жүктілігі және босануы бойынша демалысқа құқығы бар.

  3. Ядролық сынақтардың әсерінен зардап шеккен аймақтарда тұратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер санаторий-сауықтыру мекемелерінде (медициналық көрсетілімдер бойынша) тегін сауықтыруға құқылы.

жүктеу 1,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау