Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні



жүктеу 1,17 Mb.
бет7/7
Дата25.05.2018
өлшемі1,17 Mb.
#17137
1   2   3   4   5   6   7

41-ұсыным

  1. ҚР Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттаманы ратификациялауға қатысты ұсынымдарды қолдайды. Осы бағыттағы жұмыс болашақтағы ықтимал қаржы міндеттемелерін айқындау қажеттілігіне байланысты қатысушы мемлекеттерге сараптамалық және техникалық көмек ұсыну үшін Нысаналы қор құрылғаннан кейін жанданатын болады.

42-ұсыным

  1. Пікірлерге толық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және құқық қорғау саласында қажетті шешімдер қабылдауға жәрдемдесу мақсатында
    ҚР СІМ жанынан «Адами өлшем бойынша диалог алаңы» атауымен Консультативтік-кеңесші орган (ККО) құрылды, оның жұмысына ҮЕҰ, Қазақстанда аккредиттелген халықаралық құқық қорғау ұйымдарының, саяси партиялардың, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

  2. Осы алаңда белсенді пікірталастар өткізіледі, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланады, Үкімет атына ұсынымдар әзірленеді, ҚР-ның халықаралық міндеттемелерді орындауы мәселелері бойынша құқық қорғау ұйымдары мен құзыретті мемлекеттік органдар өкілдерінің арасында конструктивті пікір алмасу жүзеге асырылады.

  3. ККО шеңберінде демократия, құқықтың үстемдігі, адам құқықтары және азаматтық сектордың заң шығару процесіне қатысуы мәселелері бойынша
    4 кіші топ жұмыс істейді.

43-ұсыным

  1. 2015 жылдың ақпан айында Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын ратификациялады.

  2. Аталған жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында 2012 жылдан бастап ҚР-да Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен іске асырылуда.

  3. Жоспардың бірінші және екінші кезеңдері шеңберінде мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар жүзеге асырылды, мүгедектерді жұмыспен қамтудың және мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құрудың негізгі тетіктері әзірленді, ақпараттық науқандар жүргізіледі.

  4. Қазіргі уақытта Конвенцияға қол қойған 163 елдің 92-сі Факультативтік хаттамаға қол қойған және тек 88-і ғана оны ратификациялаған.

  5. Осыған байланысты Факультативтік хаттаманы ратификациялау мәселесін Жоспардың іске асырылу мерзімі аяқталғаннан және қол жеткізілген нәтижелер бағаланғаннан кейін қарастырған орынды деп есептейміз.

  6. Қазіргі уақытта Барлық еңбекші көшіп-қонушылардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық Конвенцияға қосылуға әлі ерте деп есептейміз. Себебі ҚР аталмыш конвенцияға қосылған жағдайда оның жекелеген шарттарын орындау үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлу қажет болады.

  7. Сонымен қатар, оның жекелеген нормалары ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейді және шетелдік жұмыс күшін тарту саласында жүргізілетін мемлекеттік саясатқа қайшы келетініне байланысты одан әрі қолдану үшін қолайсыз.

Болашаққа міндеттер

  1. ҚР «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» негізгі стратегиялық құжатын әзірледі, онда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, ана мен баланы қорғау, отбасы мен неке, көші-қон, сексуалдық құлдықтан қорғау, азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығын іске асыру, сот жүйесін жаңғырту және нығайту, сот билігінің беделін, қоғам тарапынан оған деген сенімді арттыру бойынша әрі қарайғы міндеттер айқындалған.

  2. Әлеуметтік-экономикалық саясаттың ортамерзімдік кезеңдегі негізгі мақсаты – бұл ҚР-ны дамытудың жаңа бағытын іске асыруды жалғастыру, кірістердің, өндіріске және адами капиталға инвестициялардың тұрақты өсу қарқыны есебінен экономиканың тиімді және сапалы өсуін қамтамасыз ету.

  3. Елдің экономикалық әл-ауқаты адами капиталдың дамыту деңгейі, денсаулығы, әлеуметтік күйі, инклюзивтілік, қауіпсіз өмір сүру ортасы және өнімді әрі тұрақты экономикасы бар тиімді мемлекеттік басқару деңгейімен айқындалуға тиіс.

  4. Аталған мақсатқа қол жеткізу мен елдің экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясат сеп болады.

  5. Орта мерзімді кезеңге әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары ретінде мыналар айқындалды:

1) макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау;

2) тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету;

3) қоғамды әлеуметтік жаңғырту;

4) өңірлік дамыту және урбандалу процесін басқару;

5) мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі қалыптастыру;

6) халықаралық интеграция.



Макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау

  1. Макроэкономикалық тұрақтылық Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру және инфляцияны экономикалық өсім үшін қолайлы деңгейде ұстау бойынша шараларды қабылдау есебінен қамтамасыз етілетін болады.

  2. ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банктің алдында тұрған міндеттерді тиімді шешу мақсатында орта мерзімді перспективада инфляцияны 3-4 % дейін төмендетуге бағытталған шаралар кешені әзірленетін болады. Аталған шаралар елде макроэкономикалық дамудың қол жеткізілген оң нәтижелерін сақтау және экономиканың одан әрі тұрақты және түсімді өсуін қамтамасыз ету үшін тепе-теңдік сипатқа ие болады.

  3. Бюджет саясаты мемлекет қаржысының тұрақтылығын нығайтуға және Ұлттық қорда қаржының одан әрі жиналуына бағытталатын болады.

Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету

  1. Экономикалық саясат орта мерзімді кезеңде экономиканың өсуін
    5-6, 8 % деңгейінде инвестициялық белсенділік, экономиканы одан әрі индустрияландыру, агроөнеркәсіп кешенін (бұдан әрі – АӨК) жаңғырту, еңбек өнімділігінің өсуі, өңірлердегі іскерлік белсенділіктің артуы, салалардың инвестициялық тартымдылығы, елдің транзиттік әлеуетін көтеру және жаңа жұмыс орындарын ашу есебінен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

  2. Ішкі сұраныстың өсуі және экспорт үшін сыртқы жағдайлардың жақсаруы Қазақстан экономикасы өсуінің негізгі факторы болып табылады. Экономикадағы ішкі сұранысты қолдау үшін экономиканың өсуі мен жұмыспен қамтуға үлкен мультипликативтік ықпал ететін мемлекеттік және салалық бағдарламаларды басымды қаржыландыру қамтамасыз етілетін болады.

  3. Ел экономикасын одан әрі инновациялық индустрияландыру саясаты өңір ерекшелігіне қарай белгілі бір басымды секторларда өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған индустриалдық-инновациялық дамытудың екінші бесжылдығы шеңберінде іске асырылатын болады.

  4. Еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында ҚР-да Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқарудың ең үздік стандарттары мен қағидаттары
    кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

  5. Шағын бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау және нақты мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Қоғамды әлеуметтік жаңғырту

  1. Әлеуметтік саясат денсаулық сақтау жүйесін дамыту, әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құру және халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету есебінен адами капиталдың сапалық жаңаруы және дамуы арқылы қоғамның одан әрі жаңғыруына бағытталатын болады.

  2. Зейнетақы жүйесін жетілдіру Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының шеңберінде қамтамасыз етілетін болады. Онда зейнетақы төлемдерінің әділ мөлшерлеріне кепілдік беру және зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық орнықтылығы мақсатында мемлекеттің, жұмыскер мен жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейте отырып, қолданыстағы көп деңгейлі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін қалдыру көзделген.

  3. Әлеуметтік сала басымдықтарының бірі ретінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олар үшін әлеуметтік жайлы жағдай жасау және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып айқындалды.

Өңірлік дамыту және урбандалу процесін басқару

  1. Өңірлік саясат экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыруға, урбандалу процесін ынталандыру және реттеу арқылы халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауға және экономикалық өсудің маңызды нысаны болып табылатын агломерацияны дамытуға, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалық елді мекендерді дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.

  2. Инклюзивтік әлеуметтік-экономикалық өсуді жылдамдату мақсатында басқарылатын урбандалу саясатын жүргізу қажет.

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі қалыптастыру

  1. Әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру және азаматтардың, бизнестің және жалпы қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыруға, артық өкілеттіктерден босатылған шағын үкіметті құруға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған сапалы жаңа модельді құру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

  2. Мемлекеттік активтерді тиімді басқару және экономикадағы мемлекет пен жеке бизнестің рөлін нақты бөлуді қамтамасыз ету үшін жекелеген мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік компанияларды жекешелендіру жалғасатын болады.

  3. Орта мерзімді кезеңге экономикалық саясаттың негізгі құралы Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдараламасын іске асыру болады, оған мынадай негізгі бағыттар кіреді:

- елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту;

- индустриалдық инфрақұрылымды дамыту;

- энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, су және жылумен жабдықтау желісін жаңғырту;

- тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту;

- әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;



- шағын, орта бизнесті және іскерлік белсенділікті қолдау.

  1. Қазақстанның институционалдық ортаны жақсарту арқылы дамыған мемлекеттердің санатына қосылуы және тұрақты өсуі үшін ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің сайлауалды науқанында реформалардың бес бағытын алға тартты.

  2. Бұл – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, экономикалық өсуді ынталандыру, қазақстандық біртектілікті нығайту және мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін арттыру. Осы реформаларды іске асыру үшін 100 нақты қадам – «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Жоспары қабылданды және жарияланды. Реформалардың шеңберінде ең дамыған елдердегі мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы құралдары және стандарттары енгізілетін болады. Бұл үшін ҚР 2015 жылғы 22 қаңтарда Елдік бағдарламаны іске асыру туралы ҚР Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

жүктеу 1,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау