Тақырып бойынша тапсырмалар
1-есеп.Сізден танысыңыз 250000т. ақша сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтармақшы: бір жылдан кейін – 80000, екі жылдан кейін – 90000, үш жылдан кейін – 100000. Қарызды қандай жылдық проценттік ставкамен алмақшы? ЧПС функциясын қолданыңыз.
2-есеп. Сізден танысыңыз 320000т. ақша сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтармақшы: бір жылдан кейін – 80000, келесі үш жылда – 100000-нан, 5-ші жылы – 110000. Қарызды қандай жылдық проценттік ставкамен алмақшы? ЧПС функциясын қолданыңыз.
3-есеп. 6 жылға шығарылған облигацияда процентті есептеу тəртібі мынандай: бірінші жылы – 10 %, келесі екі жылда – 15%, қалған үш жылда –17 %. Оның болашақ құны 1546,88 болатынын білсек, облигацияның номиналы қаншаға тең? БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.
4-есеп. Мөлшері 1500 инвестицияның болашақ құны 4 жылдан кейін 3000 болады. Оның табысы мынандай: бірінші жылы – 15 %, екінші жылы – 17 %, төртінші жылы – 23 %. Үшінші жылғы инвестиция табысын табу керек. БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.
5-есеп. Проект бойынша табыс 4 жыл ішінде мынандай: 50000, 100000, 300000, 200000. айналым жылдамдығы 10 % болу үшін бастапқы шығын қанша болу керек? ВСД функциясын қолданыңыз.
6-есеп. Табыс нормасы 9 % болу үшін төмендегі табыстардың бастапқы шығыны қанша болу керек: 2, 5, 6, 8, 10 млн. ВСД функциясын қолданыңыз.
7-тәжірибелік жұмыс. Қою кестесі (таблица подстановки).
Бір айнымалысы бар қою кестесін қолдану
Займ бойынша ай сайын төленетін төлемдерді есептеу мысалын қарастырайық. Есептеуде ПЛТ функциясы қолданылады.
Шешуі:
а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендері жазылған есептеу бетін 3.18-суреттегідей құрамыз:
Мұнда В5 ұяшығындағы мəндер төмендегі формуламен есептелінеді:
=ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2)
Бұл формулада абсолютті адрестеуді қолданған дұрыс.
ə) Түрлі проценттік ставкада ай сайынғы төлемдер қалай өзгеретінін анықтау үшін сол мəндер орналасатын диапазондарды 3.19-суреттегідей дайындаймыз;
3.18-сурет – Берілгендер кестесі
б) Берілген мəндер мен шығатын нəтижелер орналасатын диапазондарды ерекшелеп, Данные – Таблица подстановки командасын орындаймыз, нәтіжесі 3.20-суретте көрсетілген;
в) Шыққан Таблица подстановки 3.21-суретте көрсетілген терезесіне дайындаған мəндердің формулада қай ұяшық орнына қойылатыны көрсетеміз. Біздің мысалымызда ол В4;
г) Нəтижесінде ай сайынғы төлемдер түрлі проценттік ставкаға сəйкес 3.22-суреттегідей есептелініп шығады.
3.19-сурет – Мəндер кестесін дайындау
3.20-сурет – Қою кестесін ерекшелеу
3.21-сурет – Таблица подстановки терезесі
3.22-сурет – Бір өлшемді нəтижелік қою кестесі
Достарыңызбен бөлісу: |