Экономикадағы өнеркәсіп саласының алатын орны


Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі



жүктеу 231,03 Kb.
бет8/21
Дата14.05.2020
өлшемі231,03 Kb.
#30431
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
ДИПЛОМ

1.3 Өнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі
Мемлекеттің өнеркәсіпті дамыту мақсатындағы қатысуының өзіндік себептері бар. Әуелі ұлттық мақсат пен мүддеге қызмет ететін өнеркәсіпті дамытуды қамтамасыз ету, экспорттың дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін, жұмысбастылықты, табиғи ресурстарды қорғауды, қоршаған ортаны бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекеттің мүддесіне мыналар кіреді:



  • халық шаруашылығын экономикалық тиімді қанағаттандыра алуына қарай өнеркәсіпті дамыту динамикасын реттеу;

  • өнеркәсіп өніміне бәсекенің күшеюін және сыртқы сауданың тиімділігін артуы;

Нарықтық реттегіш күштерінің дамуына қарай мемлекет аз не көп араласа алады. Қазақстанда өтпелі кезеңде нарық пен мемлекеттік реттеудің пропорциясын мұқият жасау керек. Мемлекеттік ықпал ету шаралары үш топқа бөлінеді.

Біріншісіне, халық шаруашылығы кешенін реттеу кіреді: құрылымдық инвестициялық саясаттың оң бағытын анықтау; экономиканың тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау, сыртқы экономикалық реттеу шараларын анықтау және ұлттық тауар өндірушілерді қорғау.

Екіншісіне, мемлекеттік меншікті басқару және өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыру кіреді. Ол мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады, мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарды басқаруды, аралас типтегі акционерлік қоғамдағы мемлекеттің мүдделерін ұсынуды, тауар – ақша айналымының инфраструктурасын жасауды қамтиды. Жүйені нығайту мақсатында, олар реттудің субъектісі болып кетуі де мүмкін.

Үшінсіне, мемлекеттік басқаруды орындайтын мекемелердің қызметі кіреді, яғни мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етудің республикалық бағдарламасын жасауда тапсырыс берушілердің рөлін анықтайды.

Мемлекеттің рөлі қолдағы барлық құралдармен ұлттық тауар өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғау. Ұлттық тауар өндірушілер әлемдік нарықта бәсекелесе алатын кезде ішкі сала аралық бәсекені күшейтуге қажеттілік туындайды. Өндіріс немесе жаңа бір сала пайда болғанда отандық тауар өндірушілер мемлекеттің көмегіне тәуелді болады.

Өнеркәсіптік саясат шеңберінде мемлекет ескі салалардан жаңа салаларға капитал мен еңбектің ағымын ынталандырады. Сонымен қатар кадрларды қайта дайындау жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты бағдарламалардың іске қосылуына ықпал жасайды. Сондықтан экспорт – импорттық ережелерді реттеу, оңтайлы салық климатын жасау, жеңілдетілген несие ұсыну, мұның бәрі мемлекеттің негізгі қызметі болып табылады. Бұған салаларды дамытуға және кадрларды мамандандыруға бюджеттік субсидия мен дотация беру жатады.

Орташа мерзімде өнеркәсіпті басқарудың негізгі әдістері мыналар:


  • мемлекеттік тапсырыс механизмдерін қолдануды, толық мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру;

  • өнеркәсіптік және мемлекеттік бюджеттен бағдарламалар мен шараларды үлестері бойынша қаржыландыру. Мұндайда коммерциялық табысқа жеткенде мемлекеттің үлесі азайып, жанама түрде ғана ықпал жасайды;

  • Өнеркәсіптік саясат қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіпке жанама ықпал ету;

“Аралас” экономика жағдайында ұлттық өнеркәсіпті дамыту мен қаржыландыруды басқарудың рациональдық (концепция, құрылым және механизм) жүзеге асыру қажет. Акционерлік және холдингтік компаниялардың әрекеттерін мемлекеттік реттеу механизмдерін шыңдау шараларын дайындайды.

Экономика тұрақтана бастағанда өнеркәсіптің мемлекеттік өнеркәсіп орындары үшін қызмет етуінің арнайы ережелерін қолдану керек.

Бұл ереже мыналарды қамтиды:


  • өндірісті дамыту қорына табысынан мөлшерлі аударымдар бөлу;

  • жоғарғы нормативпен дамып келе жатқан өндірістерді салықтан босату, алдыңғы қатардағы өндірістің құнды қағаздарына салымдар аударудан босату;

  • ұзақ мерзімді қарыздарды амортизациялық қор есебінен төлеу;

Ұлттық инновациялық жүйе мемлекет экономикасының аяғынан тік тұрып, көштен қалмауы үшін индустриялық – инновациялық стратегияны ту етп алға ұстаудың жеткіліксіз екені, өндіріс пен өнеркәсіпке сапалы ғылыми жобаларды енгізбейінше бұл саланың алға баспайтыны әлемдегі инновациясы жақсы дамыған мемлекеттердің тәжірибесінен байқалар еді. Қазақстанның экономикасы салмақты елдердң қатарынан табылуы үшін Үкімет мемлекетіміздің ұлттық инновациялық жүйесін дамыту қажеттігін айтып, былтыр жазда дабыл қаққан болатын. Осы мәселеге қатысты Үкімет отырыстарының бірінде Даниял Ахметов еліміздің индустриалық инновациялық стратегиясын ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырмайынша, жүзеге асыру қиын соғатынын айтып, Қазақстандағы инновациялық қызметтің барлық нысандары көптеген елдермен салыстырғанда кейін қалып қойғанын сынға алған-ды. Оның айқын дәлелі ретінде инновациялық даму инфрақұрылымдары – технопарктер мен инновациялық орталықтардың енд ғана құрылып жатғанын және қаржылық құрылымдарының мүлде дамымағанын, сондай-ақ, іс жүзінде бірде –бір венгурлық қордың құрылмағанын мысалға келтіреді.

Ал, Индустрия және сауда министрлігі тарапынан ұлттық инновациялық жүйенің негізгі құрамдауыштары - ғылыми әлеуетті дамытуға қаржының жеткіліксіз бөлінетіні, инновациялық орталықтар мен технопарктар құрылғанымен, инновациялық кәсіпорындар және инновациялық менеджерлердің жоқтығын жеткізіп, осы мәселелердің ұлттық инновациялық жүйенің дамуын тежеп отырғаны айтылған еді.

Индустриялық - инновациялық стратегияның ұлттық инновациялық жүйені құрмай іске асыру ауыр болатынын бағамдаған Үкімет 2005-інші жылға арналған бюджеттік бағдарламада өндірістегі ғылымның дамуына баса көңіл бөліп, ұлттық инновациялық жүйені құру туралы бағдарламаны 2004-інші жылдың соңына дейін әзірлеу туралы тиісті органдарға тапсырма берді. Соған сәйкес, Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері мен «Қазақстанның инновациялық қоры» Ақ-ы мен «Инжиринг және технологиялар трансферті» АҚ-ы сынды даму институтары бірлесіп жұмыс тобын құрып, еліміздің 2020-2025 жылдарға арналған Ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеп, оны былтыр күзде Үкіметке ұсынды. Ал, желтоқсан айының соңына таман атқарушы билік бағдарламаны мақұлдады.

Бағдарламада нендей жайттар қарастырылған, ол несімен ерекшеленеді?

Сөз жоқ ағымдығы мыңжылдық инновация және ақпараттық технологиялар дәуірі болмақ. Дамушы елдердің көпшілігі, тіпт дамыған мемлекеттердің өзі әлемдік экономикада жетекш орынға шығып, өзгелерден озу үшін ұлттық инновациялық жобаларын дамытада қыруар жұмыстар атқаруда. Болашағы зор ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізіп, ғалымдарының ынталы жұмыс істеуіне жағдай жасауда. Яғни, дүниенің кілті ғылым мен білімде деген қағиданың жыл өткен сайын мәнін жоғалтпай, керісінше, жаңа сипатқа ие болғанын сөзбен емес, іспен дәлелдеуде. Жаһандану дәуірінде мықты мемлекет болу үшн тіл, дін сынды ұлттық ұлт екенін айғақтайтын маңызды өлшемдермен қоса, оның салмағын көрсететін экономикасының да мықты болуы шарт.

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – мемлекет өндірісінің түрлі салаларындағы әлеуеті және халқының әл-ауқатының деңгейімен өлшенеді. Елбасының өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті мемлекет, бәсеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» Жолдауында айтылған міндеттердің түп төркні ең алдымен қазақтың, Қазақстан халқының бақуатты ғұмыр кешуі үшін нарықты экономика заманында озғанды қуып жетіп, қуып жеткенді басып озуға бағытталған стратегия екені анық. Экономиканы мығым ету үшін осы саланың түрлі секторларында атқарылып жатқан жұмыстармен қоса өндіріс пен өнеркәсіпке жан бітіріп, аяғынан тік тұрғызу қажет. Олай ету үшін сапалы идеялар мен ғылыми жобаларды аталған саларға көптеп енгізіп, жұмыс істету аса маңызды. Мұндай жобалар бізде бар, тіпті көп деп айтсақ та болады. Тек оны дер кезінде қолданып, мемлекет мүддесі, ұлт игілігі үшін пайдалану кемшін түсіп жатқаны рас. Мамандардың айтуынша, ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту бағдарламасы осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жасалған.

Бағдарламаны әзірлеген арнайы жұмыс тобының өкілдері технологиясы жақсы дамыған, инновациялық инфрақұрылым қалыптасқан Сингапур, Қытай, Германия, АҚШ және басқа да мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенді. Олардың бірқатарына сапар жасап, көздерімен көргендерін, көңілдеріне түйгендерін ортақ жүйеге келтіріп, сұрыптаудан өткізген. Әрине, бағдарламаны әзірлегенде, ең алдымен еліміздің экономика саласындағы жеке мүмкіндіктері назардан тыс қалмағаны ақиқат. Алдағы он жылда Қазақстанның жаңа экономикасының негізін құруға бағытталған бұл бағдарламада ең алдымен қолға алынуы тиіс басым бағыттар белгіленген. Әлемдік тәжірибеде инновациялық жүйенің белгілі бір элементтерден тұратыны белгілі. Осыны ескере отырып, бізде жасалған бағдарламада мамандар төрт негізгі элеметке – елдің ғылыми – техникалық әлеуетіне, инновациялық кәсіпкерлігіне, инновациялық инфрақұрылымы және қаржылық инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлді. Ал, аталға элементтердің өзара тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету үшін бұл мемлекеттік басқару жүйесі көлемінде қамтылатын болыр келісілді. Қазақстанның ғаламдық мәселелерге араласуы және оның шешудегі қабілеттлігі мемлекеттің инновациялық дамуынсыз іске асуы мүмкін емес. Бағдарламаның идеологиясы ғылымды нақты өндіріс үшін жұмыс жасауға шақырады. Яғни, бағдарлама елімізде ғылыми идеялар мен ұсыныстардың өндіріс пен өнеркәсіпке өнгізілуін ынталандыруды қамтамасыз етіп, ұлттық – инновациялық жүйені қалыптастыруға бағытталған. Мамандар пікірінше, діттеген мақсатқа жету үшін ғылыми жобалардың авторларына белгілі бір деңгейде еркіндік берген жөн.

Біз экономикалық маңызы бар дамытуда Кеңес одағы кезінде қалыптасқан кейбір үрдістерден әлі арыла алмай жүрміз. Мәселен, одақ кезінде өндіріске жіберілген ғылыми жобалардың басым көпшілігін мемлекет қаржыландыратын. Нәтижесінде, жоба кейін өндіріс пен өнеркәсіпке енгізіліп, нақты өмірде жұмыс жасай бастаған жағдайда қаржы бөлгендіктен ғана ол мемлекет меншігінде қалып қоятын. Дәл осы үрдіс Қазақстанда әлі де болса басым. Бұл жұмысқа жеке секторларды жұмылдырмайынша, нарық заманында экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мүмкін емес. Экономикалық жетістіктер жіті зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, ғылыми жобаларды 100% мемлекет тарапынан қаржыландандыруға шектеу қою заман идеяларының пайдасын көру үшін ғылыми жобаларға мемлекеттен бөлінетін қаржыны 50% асырмаған жөн деп санайды. Бұл өз кезегінде жеке секторлардың өндіріске енгізілуге құлшынып тұрға идеялар мен жобаларға қызығушылығын тудырып, оған қаржылық жағынан қолдау көрсетуге ынталандырады. Осылайша, ұжымдаса жұмыс істеуден жоба авторы мен оған қаржы салған кәсіпкер немесе бизнесменнің де қомақты пайда табуына мүмкіндік бар.

Алайда, бір өкініштісі, біздегі жеке секторлар ғылыми жобаларды тек мемлекет қаржыландыруы тиіс деген қасаң түсініктен әлі арылмай келеді. Олардың ұғымында ғылыми жобалардың болашағына күмәнмен қарап, өзіне және қоғамға пайда әкелетін идеяға үрке қараушылық басым. Тәуекелге бару жағы кемшін. Сондықтан, еліміз экономикасының іргесі берік әрі бәсекеге қабілетті болуы үшін Еуропа мен Азияның бірқатар дамыған елдеріндегі тәжірибенің бізге пайдалы тұсын алып, ғылыми жобаларды жеке секторлардың қаржыландыруына көңіл бөлуіміз керек. Яғни, ғылым өндіріс үшін формуласын жүзеге асыру үшін мемлекет пен жеке сектор бірлесіп жұмыс жасауы тиіс. Бұған ведомствалық мүдделерді, яғни, бір жүріп екі асауға дағдыланғандарды араластырудың қажеті жоқ. Бұл дегеніміз – жобалармен кәсіби мамандардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.

Атап өтер жайт, еліміз тәуелсіздік алған 90-шы жылдың басынан бері өнеркәсіп пен өндірісте салмақты инновациялық жаңалықтар болмады. Яғни, ғалымдарымыздардың идеялары өндірісітік тәжірибеде сыналмады. Мұның басты себебі – бізде ғылыми идеяларды коммерцияландыру жүйесі әлі жасалмаған. Ал, бағдарламаны осы кемшіліктерді жою мақсатында істеліп отырған алғашқы маңызды қадамдардың бірі деп қарастыруға болады. Мамандар, ғылыми жобалар мен деяларды коммерциландырудың алғашқы кезеңде тиімді болмауы мүмкін екенін, алайда, уақыт өте келе бұл іс міндетті түрде өз жемісін беретін айтуда. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында осы жолмен жүру келер ұрпақ болашағы үшін қажет дүние.

Бағдарлама кезең – кезеңімен іске асырылатын болады. Яғни, 2020 жылы осы мақсатқа 519 млрд. теңге, 2021 жылы 779 млрд. теңге, ал 2022 жылы 779 млрд. 2023 жылы 799 млр. теңге, 2024 жылы 556 млрд. теңге, 2025 жылы 400 млрд. тенге қаржы бөлу қарастырылған. Егер бағдарлама орындалатын болса, Ішкі жалпы өнімдегі ғылыми және ғылыми – инновациялық қызметтің салмағы артып, 2015 жылмен салыстырғанда Қазақстанның инновациялық және ғылыми – зерттеу қызметтеріне келетін тікелей шетелдік инвестициялардың 15 – 20 есеге дейін артуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, еліміздегі инновациялық қызметтің біртұтас ақпараттық базасын қосатын тиімді инновациялық инфрақұрылым жасауға, отандық және шетелдік капиталдардың қатысуымен венчурлық қаржыландыру жүйесін құруға мүмкіндік тумақ.

Әзірге аты аталып, түрі түстелмесе де нновациялық жүйені қалыртастыру және дамыту мақсатында ағымдағы жылы бірқатар ғылыми жобаларды өндіріске енгізу жоспарланып отыр. Оның нәтижелерінің қандай болатыны уақыт көрсетер. Дегенмен, инновацияны дамыту үшін ең алдымен ғылымға көңіл бөліп, соны дамыту қажет деген Елбасының пікірін жоғарыда келтіріп өттік. Істің іргетасы қаланды. Қазақта «Тек түбін берсін» деген әдемі сөз бар. Бізде мемлекетіміздің экономикасын дамытуда және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) енуіне ұмтылыс жасаған тұста қолға алынып отырған осы істің түбін беруіне ниеттеспіз. Бұған Қазақстанны экономика әлеуеті толық жетеді. Тек қолда барды ұқсата білген жөн.

Өнеркәсіптік кешен құрылымын мемлекеттік реттеуді әкімшілік және институционалды жетілдірілуі. Индустриялық- инновациялық стратегия индустриядан кейінгі дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік әлеуетті ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестік артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиіс.

Негізгі бағыттар мыналар болуы тиіс:

1. Жоғары технологиялы өндірістер қалыптастыруға, оның ішінде шетелдік те, салааралық та технологиялар трансфертінің тиімді жүйесін жасауға жәрдемдесу;

2. Жоғары ғылыми – технологиялық әлеуеті бар ғылыми – техникалық және өнеркәсіптік ұйымдар мен кәсіпорындар желісі бар қалаларда қазіргі заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазіргі заманғы элеметтерінің қызметін (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми – технологиялық аймақтар және с.с.) қолдау;

3. Индустриядан кейінгі экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазіргі ғылыми – техникалық әлеует салаларын пайдалану.

Қазақстан қазірдің өзінде мына салалардағы әзірлемелер негізінде ғылымды көп қажет ететін өндірістерді дамыту үшін белгілі бір ғылыми базаға ие, оның ішінде:

биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптері, бактериалар штамдары және басқалары);


  • ядролық технологиялар;

  • ғарыштық технологиялар;

  • жаңа материалдар, химиялық өнімдер және басқаларды жасау.

4.Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар; ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау.

5.Ғылыми – техникалық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың инновациялардың қызметін ынталандыруға, ғылым мен инновацияллр салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуіне бағытталған заң шығару базасын жетілдіру.



жүктеу 231,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау