Экономика және қҰҚЫҚ


Тақырып № 6. Неміс классикалық



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет22/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61

 
67 
Тақырып № 6. Неміс классикалық 
философиясы 
 
1.  И.  Кант  –  неміс  классикалық  философиясының  негізін 
салушы 
2.  Г. Гегельдің диалектикасы және философиялық жүйесі 
3.  Л. Фейербахтың – антропологиялық материализмі және 
гуманизмі. 
 
1.  И. Кант – неміс классикалық философиясының негізін 
салушы. 
XVIII ғ. соңы – XIX ғ. бас кезінде Европаның экономикалық, 
әлеуметтік – саяси және рухани ӛмірінде түбірлі ӛзгерістер болды. 
Жаратылыстану  ғылымдарында  кӛптеген  жаңалықтар  ашылып, 
философияда  диалектикалық  тенденциялар  орын  ала  бастады. 
Еркін ойлау мен дін арасындағы күрес күшейе түсті. Германияның 
рухани  мәдениетінің  дамуының  маңызды  кезеңі  ретінде  неміс 
классикалық философиясы кең ӛріс жайып дами бастады. 
Неміс  классикалық  философиясының  негізін  салушы 
Иммануил  Кант  (1724-1804)  Шығыс  Пруссияның  астанасы 
Кенингсберг  қаласында  туылған.  Кенинсберг  университетін 
бітірген. 
Негізгі 
еңбектері: 
«Таза 
ақыл-ойды 
сынау», 
«Практикалық  ақыл-ойды  сынау»,  «Пайымдау  қабілетін  сынау» 
т.б. 
Екі 
докторлық 
диссертация 
қорғаған. 
Университет 
профессоры,  сосын  ректоры  болып  жұмыс  істеген.  Ғылымның 
барлық  саласынан  хабары  бар  энциклопедиялық  білімі  болған 
адам.  Канттың  ғылым  ӛмірі  2  кезеңнен  тұрады:  1)  сынға  дейінгі 
кезең (1746-1769) 
2) сын кезеңі (1770 жылдан – ӛмірінің соңына дейін). 
Кант сынға дейінгі кезеңде университетте физика, математика, 
антропологиядан дәріс оқып, материалистік кӛзқараста болған. Ол 
аспан  денелері,  күн  жүйесі  табиғи  жолмен,  материяның  даму 
нәтижесінде  пайда  болғандығы  туралы  ғылыми  гипотеза  айтқан. 
Кеңістікте ұсақ бӛлшектер топталып, буылдар тұмандық жасайды. 
Олар  қоюланып,  ӛзіне  тарту  және  кері  итеру  күш  әсерінен  шыр 


 
68 
айналу қозғалысына түседі. Ӛз кіндігінде айналып тұрған буылдар 
тұманнан  плететалар  пайда  болған.  Канттың  табиғи  –  ғылыми 
дәлелдерге  негізделген  бұл  Космогониялық  теориясы  ғылыми  ой 
дамуындағы үлкен ірі жетістік болды. 
Қозғалыс  ешқандай  сыртқы  күштің  әсерінсіз  материяның 
ӛзіндік  қасиетінен  болады.  Әлемдегі  жүйелер  біріннің  құрамына 
бірі еніп6 шексіз кете береді. Бәрі ӛзара байланыста болады. 
Кант  таным  мәселесі  бойынша  философияда  үлкен  ӛзгеріс 
әкелді. Ол танымды ӛз заңдары арқылы жүретін іс-әрекет ретінде 
қарастырды. Таным субъектісі – таным тәсілін анықтайтын басты 
фактор.  Теориялық  философияның  пәні  адамды,  табиғаттың, 
әлемнің  заттарын  оқып  білу  емес,  танымдық  іс-әрекетті  зерттеу, 
адам  ақыл-ой  заңдылығын,  оның  деңгейін  анықтау  болып 
табылады. 
Ал,  сын  кезеңінде  Кант  идеализмге  бой  бұрады.  Біздің 
танымдық  қабілетімізді,  оның  табиғатын,  мүмкіндігін  білу  үшін 
бірінші  кезекте  сыни  тұрғыдан  талдау  жасауымыз  керек.  Кант 
табиғатты екіге бӛледі: 
1. «Біздік зат» – адам қолымен жасалған заттар. 
2. «Ӛзіндік зат» – табиғат заттары. 
Адам, субъект – тек ӛзі жасап шығарған заттарды ғана танып 
біледі.  Ал,  «ӛзіндік  заттарды»  тану  мүмкін  емес.  Әрине,  таным 
сезімдік түйсінуден басталады. Бірақ, олар бізге заттың ӛзін емес, 
тек кӛріністерін ғана береді. Біздің санамызда бейнеленген заттар 
құбылыстар деп аталады. Адам тек құбылыстарды ғана танып біле 
алады.  Ал,  заттың  ӛзін,  оның  сапасын,  қасиеттерін,  бізден  тыс 
болатын  қатынастарын,  адам  ешқашан  біле  алмайды.  Сондықтан, 
«ӛзіндік затты» танып білуге болмайды. 
Сонымен,  Кант  сыртқы  дүниені  тану  мүмкіндігін  терістей 
отырып,  соңында  агностицизмге  бой  ұрады.  Агностицизм  оны 
идеализмге  әкеледі.  Кант  идеализмін  априоризм  дейміз.  Латын 
сӛзіне  аударғанда  мағынасы  тәжірибеден  бұрын  болған  деген 
ұғымды білдіреді. Былайша айтқанда, білімнің  негізгі қағидалары 
тәжірибеден тәуелсіз, одан бұрын пайда болған, сананың априорлы 
формалары  болып  табылады.  Кант  пікірінше,  материя  ӛмір  сүру 
формалары, тәжірибеден бұрын санаға түсірілген, адам санасының 
формалары, сезімдік байқаудың априорлы формалары. 


 
69 
Кант  таным  теориясында,  оны  үш  кезеңге  бӛледі.  1)  сезімдік 
таным, 2) сараптаушы парасат, 3) таза ақыл-ой. 
1.  Сезімдік  танымда  біз  түйсік  арқылы  «ӛзіндік  заттың» 
кӛріністерін бейнелейміз, құбылыстар туралы мәліметтер аламыз. 
2.  Сараптаушы  парасатта,  түйсіктер  арқылы  алынған 
мәліметтерді  жинақтап,  қорытындылап  жаңа  білім  аламыз.  Бұл 
білімді  Кант  трансцендентальды  білім  дейді.  Ол  білім  заттың 
толық  білімі  емес,  осы  зат  туралы  қандай  деңгейде  біле 
алатынымызды кӛрсетеді. 
1.  Таза  ақыл-ой  сатысында  біз  тек  кӛріністер  әлемімен 
шектелмей,  оның  ішінде,  ар  жағында  не  бар  екенін  білуге 
ұмтыламыз.  Сӛйтіп,  ӛзіндік  затты  тануда,  мәнін  білуде  кӛптеген 
қайшылықтарға  тап  боламыз.  Оны  антиномиялар  дейміз.  Рух  ӛле 
ме, ӛлмейді ме?, о дүние бар ма, жоқ па? -деген сұрақтарға жауап 
беру  қиын.  Осыған  жауап  іздеген  діни  ілімдер  жалған  ғылымға 
жатпайды.  Оны  теориямен  дәлелдеу  мүмкін  емес.  Сондықтан, 
«ӛзіндік заттың» мәнін біле алмаймыз. 
Кант  пікірінше,  ғылым  саласы  құбылыс,  оның  ӛзіндік 
заттарда,  адамның  ішкі,  рухани  дүниесінде  ісі  жоқ.  Адамның 
рухани дүниесі – діннің жұмысы. Осылайша, Кант құбылыстар мен 
ӛзіндік  затты  бір-біріне  қарсы  қояды.  Бұл  құбылысты  ӛзінің 
мәнінен,  заттан  ажыратып  қарау  болып  табылады.  Кант 
философиясының метафизикалық белгісі осы. 
Кант  айтуынша,  адам  күнделікті  ӛмірде  танып  білуге 
ұмтылып,  ӛзінің  практикалық  ақыл-ойына  сүйеніп,  ӛзіндік  іс-
әрекет  жасайды.  Адам  баршаға  бірдей  әдептілік  заңы  –  әдептілік 
императиві бойынша ӛмір сүреді. Әдептілік императиві бойынша, 
қоғамда  қалыптасқан  әдептілік  заңдарға,  қағидаларға  бағынып 
ӛмір сүрсең, ең ӛнегелі іс болып табылады. Яғни, теория жүзінде 
білу ғана емес, оны практикалық іске асыру керек. Сонда адамның 
ар-  ожданы,  іс-әрекеті  –  адамгершіліктің  жоғарғы  қағидасы, 
әдептілік  императивіне  сай  келеді.  Әдептілік  императиві  дінге 
тәуелді емес. Оның ӛз заңы бар. Дін – құдайды ең жоғарғы идеал 
деп  санайды.  Осы  тұрғыдан,  қоғамдық  ӛмірге  келсек,  қарама  – 
қайшылыққа толы. Әр адам еркіндікке, бақытқа ұмтылғандықтан, 
олар бір-бірімен қайшылыққа түседі. 
Мемлекет әрбір адамға, оның бақыты болуына, тұлға болуына 
жағдай  жасай  бермейді.  Сондықтан,  мемлекеттік  билікті  де 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау