Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет30/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61

 
91 
Адамдардың  санасы,  ақыл-ойы,  кӛңіл-күйі,  ішкі  сезімі  бәрі  де  – 
болмыс. 
Болмыс  мәселесінің  үшінші  қоры  –  дүниеде  ӛмір 
сүретіндердің бәрі іс жүзінде бар нақты шындық, бұл шындықтың 
ӛмір сүруінің ӛз логикасы бар, ол санада нақты түрде бейнесін таба 
алады.  Былайша  айтқанда,  дүниенің  ӛмір  сүруі  мен  дамуы 
шындықты, объективті нақтылықты құрайды. 
Болмысты  жалпы  түрде  нақты  және  идеалды  деп  бӛлуге 
болады.  Нақты  болмысқа  кеңістіктік  пен  уақыттық  сипаттағы 
заттардың,  құбылыстардың  және  адамдардың  нақты  ӛмір  сүруі 
жатады.  Идеалды  болмыс  уақытқа  тәуелсіз,  ӛзгермейтін  мәңгілік 
сипатқа  ие.  Оған:  рухани  құндылықтар,  идеялар  т.б.  жатады.. 
Кейде идеалды болмысты ақиқат болмыс деп атайды. 
Қорыта айтқанда, «болмыс» категориясы, философияны басқа 
категориялар  сияқты  дүние  мен  оның  нақты  кӛріністерінің  ӛзара 
байланыстарын, бірлігін талдап, карастыруға мүмкіндік береді. 
Болмыстың бір бірімен ӛзара байланысты, негізі 4 түрі бар: 
1.  Заттар  мен  процестер  болмысы,  ол  ӛз  кезегінде  табиғи 
заттар мен адам жасаған заттар болмысына жіктеледі; 
2.  Адам  болмысы  –  ол  заттар  дүниесіндегі  адам  болмысына 
және адамның ӛзіндік болмысына жіктеледі; 
3. Рухани болмыс; 
4. Әлеуметтік болмыс. 
1. Табиғат – философиядағы ӛте кең тараған ұғымдардың бірі. 
Табиғат  ұғымы  жалпы  алғанда  барлық  ӛмір  сүрушілерді,  бүкіл 
ғарышты қамтиды, бұл жағынан материя ұғымына жақын. Табиғат 
философия пайда болғаннан бастап, оның ең басты объектісі, пәні 
болып  табылады.  Адам  мен  табиғат  тығыз  байланыста.  Адам 
табиғатта  ӛмір  сүреді,  сондай-ақ,  ол  оның  бір  бӛлігі  болып 
табылады.  Адам  табиғатқа  бағынып  қана  қоймай,  ӛз  кезегінде 
ӛзінің  іс-әрекетімен  оны  бейімдеп,  ӛзгерте  алады.  Сондықтан  да 
табиғат  адам  үшін  тек  ӛмір  сүруінің  табиғи  шарты  ғана  емес, 
сонымен қатар, оның іс-әрекеттік объектісі болып табылады. 
Ежелгі  грек  философиясында  табиғат  ӛзгерістері  қозғалыста 
тұратын  біртұтас  дүние  ретінде  қарастырылды.  Олар  табиғаттың 
диалектикасын  жорамалдап  тапты.  Ал,  орта  ғасырдың 
философиясында табиғатты құдайдың жасағаны, оның құдіреті деп 
қарастырады. Ал, Қайта ӛрлеу заманында табиғатқа деген қатынас 


 
92 
ӛзгереді. Адам табиғаттың әдемілігін қабылдап, оны қуаныш кӛзі, 
тегі  ретінде  кӛреді.  Табиғат  қашан  да  болса  философияның 
тақырыбынан  түсіп  кӛрген  емес.  Табиғат  материализм  үшін  аса 
құнды объект, табиғат арқылы оның объективтілігін, санадан тыс 
ӛмір сүретінін түсіндіреді. 
Тіршіліктің  негізі  –  табиғат  заттары  мен  табиғи  процестер. 
Олар  адамзатқа  дейін  пайда  болған.  Табиғат  заттары  мен 
құбылыстары  болмысын  қоршаған  орта  деген  ұғым  арқылы 
бейнелеуге болады.  Ол бірінші және екінші  табиғат деп бӛлінеді. 
Бірінші  табиғат  адамнан  бұрын  пайда  болған,  оған  дейін  ӛмір 
сүрген.  Адамның  санасынан  тыс  және  тәуелсіз  ӛз  болмысы 
арнасына  ерекше  тұрпатты  –  шындық  дүние  болып  табылады. 
Табиғат объективті, ӛзгермелі. Кеңістік пен уақытта шексіз. Кейін 
жер  бетінде  адамдар  дүниеге  келіп,  адамдар  ӛндірген,  жасаған 
заттардан тұтас бір дүние пайда болды. Мұны «екінші табиғат» деп 
атаймыз. Табиғатқа мән беретін, оны қабылдайтын – адам. «Екінші 
табиғат»  –  бұл  адам  еңбегімен,  білімімен,  бірінші  табиғаттың 
материалдарынан  жасаған  заттар  дүниесі.  Бірінші  және  екінші 
табиғат  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  сонымен  қатар.  ӛзіндік 
ерекшеліктері  бар.  «Екінші  табиғаттың»,  «бірінші  табиғаттан» 
айырмашылығы неде? 
Біріншіден,  «екінші  табиғат»  та  объективті,  адамнан  тәуелсіз 
ӛз  заңымен  ӛмір  сүреді.  Екінші  жағынан,  «екінші  табиғаттың» 
заттарына адамның затталған еңбегі, білімі және идеясы еңгізілген. 
Оны  адамның  заттанған  мәні  десе  де  болады.  Басты 
айырмашылығы – «екінші табиғат» болмысы, ӛзінің мәні жӛнінен 
–  әлеуметтік-тарихи,  атап  айтқаңда,  цивилизацияланған  болмыс. 
«Екінші табиғат» заттары табиғи ӛмір сүре отырып, ӛзінің басқа да 
ӛмірін  ӛткізеді:  олар  адамзат  цивилизациясының  болмысынан 
ерекше  орын  алады.  Сӛйтіп,  «бірінші»  және  «екінші»  табиғатты 
салыстырғанда,  тұтасынан  алғанда,  олардың  бірлігі,  ӛзара 
байланысы,  сондай-ақ,  олардың  айырмашылығы  да  байқалады. 
Бірінші  табиғат  тұтасынан  –  шексіз,  түпкілікті  болмыс,  онда 
жекеленген  адамның  ӛмір  сүруі  ӛткінші  кезең  болып  табылады. 
Екінші табиғат тұтасымен – адамзат ӛмір сүруінің уақытымен және 
кеңестігімен, әлеуметтік болмыспен тығыз байланыста. 
Адам  болмысы.  Адам  болмысының  ӛзіндік  ерекшелігі  бар. 
Адам  болмысына  адамның  бүкіл  ішкі,  рухани  дүниесі,  сыртқы 


 
93 
бітімі  бәрі  кіреді.  Адам  тікелей  жанды,  нақты  организм  ретінде 
ӛмір  сүреді.  Оның  ӛмір  сүруінің  табиғи  алғышарты  –  оның 
денесінің  ӛмір  сүруі.  Адам  денесі  –  табиғат  бӛлшегі.  Жеке  адам 
болмысы  денемен  шектелмейді,  ол  оның  рухани  болмысын,  ішкі 
жан  дүниесін  де  қамтиды.  Жеке  адамның  болмысы  –  дене  мен 
жанның  диалектикалық  бірлігінен  тұрады.  Адам  табиғи  және 
әлеуметтік  жақтардың  бірлігі.  Адамның  ӛзі  «бірінші  табиғаттың» 
және  сонымен  қатар,  «екінші  табиғаттың»  да  жемісі  болып 
табылады. 
Ӛйткені, 
адам 
іс-әрекеті 
арқылы 
ӛзін-ӛзі 
қалыптастырады.  Адамның  ӛзгешелігі  үш  түрлі  болмыстық 
ӛлшемдерден  тұрады.  Бірінші.  жекеленген  адам  ойлаушы  да, 
сезуші  «зат»,  дене  ретінде,  екіншіден.  адам  белгілі  бір  дербес 
ерекшелігімен, үшіншіден,  әлеуметтік  тарихи жан иесі ретінде де 
ӛмір сүреді. Міне, бірлікте алынған осы үш ӛлшем адам болмысын 
кӛрсетеді. 
Рухани  болмыс.  Сана  шындық  есебінде  ӛмір  сүреді,  мидың 
қызметі  арқылы  пайда  болады  да,  болмысқа  айналады.  Сананың 
ӛмір  сүру  ӛзгешелігі  –  оның  процестері  ерекше  қозғалыста 
болатынында,  бұл  процестердің  тікелей  болмысы  кез  келген 
сырттай бақылаудан жасырын жатады. Солай бола тұрса да біз оны 
адамдардың  іс-әрекетінен  олардың  талап  тілектерін,  ой-
армандарын аңғарамыз. Сонымен бірге, адам ӛмірінде санасыздық 
да болады. Санасыздықтың бірінші деңгейі – адамның ӛз денесін, 
тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы. Екінші деңгейі – 
адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын процестер мен жай-
күйлер. Санасыздықтың үшінші деңгейі – адам жанындағы рухтың 
жоғары  сергектігінде  пісіп  жетілетін  кӛркемдік,  ғылыми, 
философиялық  және  басқа  сезімталдық  бір  процестерден  кӛрініс 
табады.  Бұл  процестегі  санасыздық  санамен,  адамның  сезімдері 
мен  ақыл-ойының  творчестволық  қуатымен  тығыз  ұштасып, 
тұстасып жатады. 
Тіл  –  дербестелген  рухани  болмыстың  кӛрінісі  болып 
табылады.  Тіл  мен  сананың,  тіл  мен  ойдың  байланысы  бар  екені 
талассыз.  Рухани  болмыста,  сондай-ақ,  адамгершілік  принциптер, 
нормалар, идеялар, құндылықтар – әдемілік, әділеттік, ақиқат т. б. 
сияқтылар ерекше орын алады. 
Адам  болмысы  әлеуметтік  болмыс  арқылы  мәнді.  Болмыс 
түрлері  бір-бірімен  диалектикалық  байланыста.  Болмыс,  оны 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау