64
қалыптастырады. Егер Декарт дүниенің негізінде бір-біріне
тәуелсіз екі субстанция жатыр, Құдай оларды бір-бірімен
үйлестіреді десе, Спиноза Құдай мен субстанцияны қосып, оларды
табиғатқа теңейді. Сӛйтіп, ӛзінің біртұтас субстанция туралы ілімін
негіздейді. Құдай мен табиғат бір. Бүкіл тіршілікті, дүниені қамтып
тұрған бір ғана субстанция бар. Субстанцияны ешкім жаратпайды.
Ол ӛзінің пайда болуына ӛзі себепкер (causa sui).
Субстанция нақты заттарды – модустарды дүниеге әкеледі.
Нақты заттар шектеліп, басқа заттардан бӛлінеді, ӛзіне тән
белгілері пайда болады. Осылай әрбір зат болмыста ӛз орнын
алады.
Сондай-ақ,
субстанцияның
модустарынан
басқа
атрибуттары да бар. Олар: кеңістікте кӛсілу және ойлау
атрибуттары. Кеңістікте заттар қалай пайда болады? Спиноза оның
себебін қозғалыс пен тұрақтылықтан кӛреді. Олардың қатынасыны
нақты шектелген заттарды құрайды. Әлем түпнегізбен тең
болғандықтан
әлем универсум ретінде мәңгі, ӛзгермейді. Ал, оған кіретін
жеке денелер үздіксіз ӛзгерісте, қозғалыста болады. Әлем мен жеке
денелер арасындағы байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге
асады.
Ал, субстанцияның ойлау атрибуты барлық жеке денелер мен
құбылыстарға тән. Спиноза бүкіл дүниені тірі деп есептейді.
Модустар әрқайсысы жеке денелерде әр түрлі болады. Егер,
жануарларда – жан модусы, адамдарда – жан, рухани, ақыл – ой,
жігер модустары, ал заттарда тек тіршілік модустары ғана бар. Бұл
жерде Спиноза «тіршілік» деп жеке денелердің пайда болып,
жойылғанға дейінгі ӛмір сүруін айтады.
Спиноза ілімі бойынша, адамдар ӛз мүмкіндіктерін, табиғат
сырын неғұрлым кӛбірек білсе, соғұрлым әдептілік қағидаларын
түсініп, жаман іс- әрекеттен аулақ болып, құдай мәнін түсінуге
жақындар еді. Дүниедегі ең жоғары игілік – Құдайды танып білу.
Құдайды жақсырақ түсінген сайын, біз оған жақындай түсеміз, оны
сүйеміз.
Спиноза
таным
мәселесінде
рационалистік
бағытты
қолдайтынын кӛреміз. Таным процесін үш сатыға бӛліп кӛрсетеді.
Бірінші саты – сезімдік таным. Біз бұл сатыда шынайы білім
ала алмаймыз. Себебі түйсіктер арқылы алынған ақпарат – кӛңіл-
күйге байланысты. Сезімдік таным әрқашанда буылдыр, кӛмескі.
65
Екінші саты – рационалдық таным, ақыл – ой танымы. Таным
бұл сатысында шынайы білімге жетуге болады. Ақыл – ой арқылы
ұғымдық дәрежеде заттардың мән-мағанасын айқындай аламыз.
Спинозаның ойынша, сезімдік танымда заттардың сыртқы жағын
білсек, ал, ақыл-оймен біз заттардың ішкі сырын, мәнін біле
аламыз.
Үшінші саты – интуиция немесе заттар мен құблыстар мәнің
іштей түсіну. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп – білу арқылы,
олардың түпнегізін білуге мүмкіндік аламыз. Интуицияда заттар
мен құбылыстарды сезім мен ақыл-ой елегінен ӛткізбей-ақ тікелей
ақиқатқа жете аламыз.
Әлеуметтік, моральдық мәселелерге келсек, жақсылық пен
жамандық, ізгілік пен зұлымдық Спинозаның ойынша, қоғамдық
ӛмірден, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан шығатын
нәрселер. Адамдар ӛмірде ӛз мүдделері үшін күреседі. Діннің
қарапайым халықты моралдық тұрғыдан тәрбиелеуде маңызы бар.
Ал, дүниетанымға келсек, ақыл-ой, зерденің орны аса жоғары.
Спиноза пікірінше, дін халықты бағындырып, басқарып отыру
үшін және қоғамда тәртіп орнату үшін қажет болған.
Қорыта
айтқанда,
Спинозаның
озық
философиялық
тұжырымдары, оның дедуктивті тәсілі мен таным процесіндегі
жаңа идеялары неміс классикалық философиясында ары қарай
дамытылды.
Негізгі ұғымдар:
Гуманизм. Антропоцентризм. Пантеизм. Субстанция. Онтология. Атрибут.
Априор. Ақыл. Парасат. Антропология. Субъекгивті идеализм. Натурфилософия.
Эмпиризм. Рационализм. Индукция. Дедукция. Монодология.
Бақылау сұрақтары:
1.
Пантеизм, гуманизм, диалектика дегеніміз не?
2.
Қайта Ӛрлеу дәуіріде адам мәселесі қалай қойылды?
3.
Н.Кузанский сенім мен ақыл-ой туралы не айтты?
4.
Н.Макиавелли саясат пен моральды қалай сипаттайды?
5.
Н.Коперник, Дж.Бруно ілімдерінің мәні неде?
6.
Субстанция дегеніміз не?
7.
Эмпиризм және рационализм бағыттарының айырмашылығы неде?
8.
Ф.Бэкон қандай әдісті табиғатты зерттеуге қолайлы деп есептеді?
9.
Р.Декарт таным процесінде ақиқат білім алуда қай салаға аса үлкен мән
берді?
10. Т.Гоббс мемлекеттің пайда болуын қалай түсіндіреді?
66
11. Б.Спиноза субстанциясының ерекшелігі қалай ?
12. Дж.Локктың таным теориясы қандай қағидалардан тұрады?
13. Дж.Локктың мемлекет және азаматтық қоғам туралы ойлары қандай?
Реферат тақырыптары:
1.
Қайта Ӛрлеу дәуірі философиясының негізгі бағыттары .
2.
Н.Кузансийдің диалектикасы.
3.
Н.Макиавеллидің саяси-әлеуметтік кӛзқарастары.
4.
Қайта Ӛрлеу дәуіріндегі ғылым.
5.
Ф.Бэкон – эмпиризм бағытының негізін қалаушы.
6.
Р.Декарттың рационалдық философиясы.
7.
Дж.Локктың таным туралы ілімі.
8.
В.Лейбництің монадологиясы.
9.
Жаңа заман философиясындағы пантеистік бағыт.
10. Жаңа заман философиясындағы тәсіл(метод) мәселесі.
Достарыңызбен бөлісу: |