Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет25/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61

 
76 
Маркс  пен  Энгельс  бірлесіп  жұмыс  істеген  1844  жылдан 
бастап,  принципті  маңызы  бар  адам  мәні  туралы  теорияны 
қалыптастырды. 1845 жылы екеуі бірлесіп жазған «Қасиетті әулет» 
атты  кітабында  халық  бұқарасының  тарихтағы  шешуші  рӛлі 
туралы  материалистік  қӛзқарасты  дамытты.  Ал,  «Неміс 
идеологиясыңда» тарихтың түпкі негізі материалдық ӛндіріс екенін 
дәлелдейді.  1845  жылғы  жазылған  Маркстің  «Фейербах  туралы 
тезистерінде» олар ӛздерінен бұрынғы материализмді сынап, оның 
негізгі кемшілігін атап кӛрсетті. 
Маркс  пен  Энгельс  кӛзқарастарының  дәуірі  «Коммунистік 
партияның Манифесін» шығарумен аяқталады. Онда марксизмнің 
үш  құрамдас  бӛліктері  философияның,  саяси  экономияның  және 
ғылыми социализмнің негізгі идеялары баяндалған. 
Маркстік  философияның  одан  әрі  дамуы  1848-1849 
жылдардағы  революцияның  тәжірибесін  жинақтап  қорытумен, 
марксизмнің саяси идеяларын негіздеумен байланысты. 
XIX  ғасырдың  50-60  жылдарындағы  марксизмде  оның 
экономикалық  жақтары  бірінші  орынға  шығады.  Маркс  бүкіл 
капиталистік құрылысқа терең талдау жасады.  «Капитал», «Саяси 
экономияның  сынына»  атты  еңбектерінде  маркстік  теория  жан-
жақты жете негізделген. 
Екіншіден,  дүниенің  заттары  мен  процестерінің  ӛзін  танып 
білу керек. Яғни, ӛмір сүруші шындықты оқып, үйрену керек. 
Үшіншіден.  танымның  назарында  абстракты  ақыл-ой 
схемалары емес, заттар мен құбылыстардың ӛздері болу керек. 
В.И.  Ленин  маркстік  философияның  жаңа  сипатын,  оның 
дүниежүзілік  цивилизацияға  қосқан  үлесін,  маркстік  идеяларды 
қандай бағытта дамыту керектігін айтып берді. 
Лениннің  марксизмге  сіңірген  аса  зор  тарихи  еңбегі  ретінде 
оның  жаратылыстану,  әсіресе  физика  ғылымындағы  жаңа 
табыстармен байланысты диалектикалық материализмнің одан әрі 
дамуын  айтып  берді.  XX ғасырдың  бас  кезеңінде  жаратылыстану 
ғылымы  материализм  мен  идеализм  арасындағы  қызу  күрестің 
майданына 
айналды. 
Ленин 
жаратылыстану 
ғылымын 
идеалистердің  шабуылынан  қорғап  қалды.  Осы  мәселелерді 
В.И.Ленин  «Материализм  және  эмпириокритицизм»  деген 
еңбегінде  жазды.  В.И.Ленин  ӛзінің  бірқатар  еңбектерінде  даму 
туралы ілім ретінде диалектиканың теориясын айқындап берді. Ол 


 
77 
диалектиканы  тек  теория  жүзіңде  ғана  оқып  қоймай,  оны  ӛмірге, 
практикаға  енгізу  мәселесін  кӛрсетіп  берді.  Философия  бұқара 
ӛмірінің қоғамдық жағдайларын және сол жағдайлардың ӛзгеруін 
табиғи-тарихи жағынан зерттеуі қажет екенін түсіндірді. 
Маркстік 
философияның 
лениндік 
кезеңі 
маркстік 
методологиялық принциптерді жүзеге асырудың біртұтас, дәйекті 
жүйесі  ретінде  кӛрінеді.  Философиялық  еңбектерінде  В.И.Ленин 
маркстік  теорияны  ілгері  дамытып,  ғылымға  орасан  зор  үлес 
қосты. Атом бӛлшектеніп, одан бірнеше мың есе кіші электрондар 
бӛлініп  шыққанда,  философтар  енді  материя  жойылды  деген 
тұжырымға келді. В.И.Ленин метерияның жойылмайтынын, оның 
мәңгі  жасайтынын  дәлелдеді.  Материя  жойылған  жоқ,  тек  біздің 
материя  туралы  ескі  ұғымымыз,  біліміміз  жойылды  дей  келіп, 
В.И.Ленин  материяға  жаңа  философиялық  анықтама  берді.  Бұл 
Энгельстің  «Табиғат  диалектикасы»  атты  еңбегіндегі  материяның 
анықтамасын ілгері дамыту болып табылады. 
Лениннің  марксизмге  қосқан  зор  үлестерінің  бір  саласы  – 
оның  таптарға,  пролетариат  диктатурасына,  мемлекетке  берген 
анықтамалары.  В.И.Ленин  ӛзінің  «Карл  Маркс  ілімінің  тарихи 
тағдырлары»  деген  мақаласында  Маркс  ілімінің  революциялық 
мәнін,  оның  құдіретті  күші  мен  ӛміршеңдігін  ашып  кӛрсетті. 
Россия 
жұмысшы 
табы 
мен 
халықаралық 
еңбекшілер 
қозғалысының  жаңа  күрес  тәжірибесін  саралай  отырып,  Ленин 
маркстік теорияның маңызды қағидасын тұжырымдады. 
 
Негізгі ұғымдар: 
Априорлық.  Трансцендентальдық.  Антиномия.  «Біздік  зат».  «Ӛзіндік  зат». 
Легальдық.  Таза  ақыл  –ой.  Абсалютті  идея.  Феноменология.  Субъективті  рух. 
Объективті рух. Антропология. Тезис. Антитезис. Синтез. Еңбектің жаттануы. 
Практика. Жеке меншік. Догматизм. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. 
Эмпириокритицизм. Махизм. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
И.Канттың агностицизмін қалай түсінесіз? 
2. 
И.Кант «Сынға дейінгі кезеңде» неге материалистік кӛзқараста болды? 
3. 
И.Канттың «Категориялық императивінің» талаптары қандай? 
4. 
Г.Гегель философиясының жүйесі және әдісі қалай аталады? 
5. 
Г.Гегельдің диалектикалық тәсілінің ерекшелігі неде? 
6. 
Даму қалай жүреді? 
7. 
Л.Фейербахтың гуманизінің мәні неде? 


 
78 
8. 
Л.Фейербахтың  антропологиялық  материализімінің  кемшіліктері 
қандай? 
9. 
Марксизмнің тарихи және идеялық-теориялық алғышарттары қандай? 
10.  Марксизм жеке меншікпен үйлесімді бола ала ма? 
11.  Тарихи материалистік тұрғыдан түсіну дегеніміз не? 
12.   Философия партиялық болу керек пе? 
13.  Махизм  философиясы  мен  субъективті  идеализмнің  негізгі  идеялары 
қандай? 
 
Реферат тақырыптары: 
1. 
И.Кант – неміс классикалық философиясының негізін салушы. 
2. 
И.Канттың моралдық философиясы. 
3. 
И.Фихтенің субъективті идеализмі. 
4. 
Ф.Шеллингтің натурфилософиясы. 
5. 
Г.Гегель құқық философиясы. 
6. 
Л.Фейербахтың антропологиялық философиясы және гуманизмі. 
7. 
Маркске дейінгі материализмнің кемшіліктері мен шектеушілігі. 
8. 
К.Маркс адам мәні мен қоғамдық қатынастар туралы. 
9. 
Ф.Энгельс творчествосындағы табиғат диалектикасы мәселелері. 
10.  В .И.Ленин диалектика мәселелері туралы. 
 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау