61
түпнегіздің (құдайдың) ӛзі болғандықтан олар айқын, анық, ал
олардың негізінде алынған білім де, айқын, анық, былайша
айтқанда, ақиқат болды. Олай болса, оларды тәжірибеде тексерудің
қажеті жоқ деп есептейді.
Сонымен, қорыта айтқанда, Декарт философиясы артында
ӛзіндік із қалдырған философия, оның рационалық танымы,
субстанция туралы дуалистік кӛзқарасы, «туа біткен идея» туралы
тұжырымы кейінгі философиялық ағымдарға, бағыттарға үлкен
ықпал етті.
5. Дж. Локк, Т.Гоббс және Б.Спинозаның философиялық-
әлеуметтік концепциялары.
Бэконның ілімін жалғастырушы және оны бір жүйеге түсіруші
ағылшын философы Томас Гоббс (1588-1679) болды. Негізгі
еңбектері: «Философия негіздері», «Азамат туралы философиялық
бастапқы негіздеме», «Левиафан – материя, форма, мемлекеттік,
діни және азаматтық билік».
Гобсс теологиялық схоластикалық философияға қарсы шықты.
Оның айтуынша, объективті дүние барлық заттар мен денелердің
жиынтығынан тұрады. Заттардың қатысуынсыз ешқандай құбылыс
болмайды. Денелер кеңістікте салыстырмалы қозғалыста болады.
Дене қозғалысы бір орыннан екінші орынға ауысқанда болады.
Осылайша ол материя қозғалысын механикалық тұрғыдан
түсіндіреді. Гоббс геометрияны ең басты ғылыми ойлау тәсілі деп
айтты. Ойлау дегеніміз – математикалық амалдар арқылы есептеу,
санау. Сондай-ақ, барлық заттар мен денелер бір-бірінен
геометриялық формалары арқылы ажыратылады.
Гоббстың материалистік кӛзқарастары оның таным туралы
ілімдерінде кӛрініс береді. Дүниені танып білуге болатынын
мақұлдайды. Адам білімінің қайнар кӛзі объективті дүние.
Денелердің қозғалысы түйсік арқылы қабылданып, біздің
санамызда ұғымдарды қалыптастырады.
Адам туралы ілімінде Гоббс адамның қоғамға қатынасын
қарастырады. Мемлекеттің пайда болуына, адамдар арасындағы
қатынасты реттеудегі рӛліне мән береді. Оның айтуынша, адам
табиғатынан залым және ӛзімшіл, адамдардың еріктері бір – біріне
қарама – қарсы келгендіктен, адамдар ӛзара келісім жасау арқылы
мемлекетке біріккен және билеушіге ӛз еріктерімен бағынған. Олай
болса, мемлекет – жасанды дене (левиафан). Ол ӛз міндетін
62
орындау үшін аса күшті болуы тиіс. Қоғам тіршілігі, ондағы тәртіп
пен әділеттілік үшін ӛте қажет кӛп бейнелі дене. Сӛйтіп, адамдар
ӛзін – ӛзі қорғауға және адамша ӛмір сүруге мүмкіндік алған.
Ӛздерінің кейбір құқықтарыныан ерікті түрде бас тартып, оларды
күшті орталықтандырылған билікке берген. Билеушінің айтқанын
екі етпей орындау керек, себебі ол қоғамдық талап – сұраныстарды
түсініп білгендіктен айтады, ал оны қарсыластары (оппозиция)
халық мұқтаж–мүддесін білмегендіктен теріс жолға бастайды.
Қоғамдық заң – адамдардың ар– ожданы.
Сонымен, қорыта айтқанда, Гоббстың материя, форма,
қозғалыс туралы ойлары ғылым дамуына, механикалық әдістің
қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ал, мемлекет, қоғам, заң туралы
ілімдері сол замандағы алдыңғы қатарлы идеялар болды.
Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан
негіздеп, психологиянын ғылым ретінде қалыптасуына жол ашқан
ағылшын философы, психологы, педогогы Джон Локк (1632-1704).
Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл –ойы туралы тәжірибе», «Ақыл-
ойды басқару туралы», «Басқару туралы екі трактат» т.б.
Егер Бэкон білім тәжірибеден шығады десе, Локк оған
қосымша тәжірибенің ӛзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасады
дейді. Сезімдік танымды білімнің қайнар кӛзіне жатқызады. «Туа
біткен идеяларды» сынға алады. «Егер біз қандайда болмасын
білімнің пайда болған жолын кӛрсетсек, онда біз оның туа
бітпегенін дәлелдейміз» – деп, ағынан жарылады Дж. Локк. Біздің
ішкі дүниеміздегі ойлар, идеялар, ғылым мен ӛнер -бәрі күнделікті
ӛмірлік тәжірибе арқылы қалыптасады.
Локктың
таным
теориясы
негізінен
үш
қағимен
тұжырымдалады: біріншіден, адамда «туа біткен идеялардың
«болуы мүмкін емес, себебі идеялар ӛзі тәжірибе арқылы пайда
болады. Екіншіден, адамның дүниеге келген кездегі ақыл – ойы
ештеңе жазылмаған таза тақта, «ақ қағаз» секілді, ол кейін тек
«тәжірибе» арқылы мазмұнға толады. Үшіншіден, ақыл – ойда тек
сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа
ешнәрсе жоқ, себебі дүниеге шығатын жалғыз терезе тек түйсік.
Сезімдік түсінудің ӛзі сырқы түйсіну және ішкі рефлекция
(ӛзін – ӛзі бақылау) деп екіге бӛлінеді.
63
Сыртқы түйсінудің қайнар кӛзі сезім мүшелеріне әсер ететін
материалдық денелер болса, ішкі рефлекцияның негізі – адамның
ӛз кӛңіл – күйін іштей сезінуі, қиналуы
Локк идеяларды екі түрге бӛліп қарастырады: Олар: бірінші
сапалы идеялар және екінші сапалы идеялар.
Бірінші сапалы идеялар олар заттардан бӛлінбейтін негізгі
қасиеттер: дене бітімі, қозғалыс, тыныштық, тұрақтылық т.с.с..
Екінші сапалы идеялар: заттардың әрқашанда ӛзгерісте, бірде
пайда болып, енді бірде жойылып жататын қасиеттері. Оған
дененің иісі, түсі, дәмі тағы сол сияқты қасиеттері жатады, біз
оларды субъективті қабылдаймыз. Екінші сапалар адамның ӛзінде
болады, бірақ оны тудыратын себеп, заттардың бірінші
қасиеттерінің бір-бірімен араласуы болып табылады.
Ақиқат осы идеялардың ӛзара сәйкес келуі және кӛпшіліктің
ӛзара келісімі –дейді Дж.Локк.
Адам бақытқа, ӛмір сүруге талпынады. Сондықтан адамды
рахатқа бӛлейтін, қуанышты сезім тудыратын істердің бәрі –
игілік, жақсылық болып табылады. Ал, оған қарама–қарсы адамға
қайғы, зардап әкелетіндер – жамандық, бақытсыздық. Ең жоғарғы
заң, адамды қуанышқа бӛлейтін болғандықтан ең басты игілік
болады. Мемлекеттің негізгі мақсаты адамдардың меншігін қорғау.
Мемлекет адамдардың іс-әрекетінің заңға сәйкестігін қадағалап
отыруы қажет. Мемлекет заң шығарушы, сот, атқарушы биліктер
арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті
сақтауға кепілдік жасауы тиіс.
Қорыта айтқанда, Локктың таным процесі, оның ролі туралы
ойлары философияның дамуына үлкен үлес қосты.
Декарттың субстанция туралы ілімінің әлсіз жақтарын
ӛздігінше толықтырып, оның дуализмін қабылдамай, монистік
ілімді жасаған Нидерланд философы Спиноза Бенедикт (1632-
1677) болды. Негізгі еңбектері: «Діни саяси толғау», «Декарт
философиясының қағидалары», «Этика» т.б.
Спиноза ӛзінің философиялық ілімдерінде субстанция
мәселесін,
дүниетанымдық
мәселелерді
және
этикалық
адамгершілік мәселелерді жан-жақты қарастырды. Оның ілімі
бойынша, барлық материалдық денелерді, құбылыстарды
біріктіретін ұғым – ол субстанция (түпнегіз). Спиноза Декарттың
субстанция теориясын – оның дуализмін сынап, ӛз жүйесін
Достарыңызбен бөлісу: |