88
Сыны рационализм.
Ӛкілдері: К.Поппер,
И.Лакатос,
П.Фейерабенд.
Ғылым таным процесінде әр түрлі ғылыми теория типтерінде
ӛзара үздіксіз сыни пікірталастар болып тұрады. Білімнің ӛзі
субъективті сипатта болғандықтан, оны ақиқаттығы да әр түрлі
болады. Мұнда философияның жалғыз шынай тәсілі – рационалды
сын болады. Поппердің айтуынша, ғылыми білім дамуы қандай
болмасын ғылыми білімнің болжамдық бағытында болады.
Герменевтика, (Г.Гадамер, М.Ландман). Бұл бағыт – талдау
жасау, түсіну идеяларымен сабақтасып жатады. Герменевтика кӛне
әдеби ескерткіштерді түсіну негізінде қалыптасқан тіл туралы
ғылымның ерекше әдісі түрінде дүниеге келген. XIX ғасырда рух
туралы ғылымның тәсіліне айналды. Хайдеггер герменевтика деп –
ӛмір сүру құбылысын айтса, қазіргі кезде герменевтика деп рух
туралы ғылымның мәселелерін ғылыми тұрғыдан түсінуді айтады.
Ғылыми түсінуде денелердің, заттардың маңызы, мәні
түсіндіріледі. Қазіргі кездегі герменевтика ӛкілдері оны тек саяси –
әлеуметтік ғылым тәсілі деп қарамай, жалпы тарихи жағдайларды,
адам болмасын түсіндіретің әмбебап әдіс деп қарастырады.
Осыдан түсіну проблемаларын философияның негізгі мәніне
айналдырып, герменевтика оған универсалды мән береді.
(Гадамер) Сӛйтіп, герменевтика ӛкілдерінің пікірінше, философия
пәні – адамдардың қатынасы ретінде түсінілген адамдар әлемі
болып табылады. Сӛйтіп, тек осындай қатынаста адамдар
күнделікті ӛмір сүреді, мәдени және ғылыми құндылықтар
туындайды. Ал, қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар адамдардың
бірін – бірі түсінбеушілігінен болып жатқан құбылыстар.
Жалпы, аталған философиялық ілімдер – әр қайсысы ӛз
қағидалары тұрғысынан заманымыз күрделі проблемаларын шешу
жолдарын қарастырады. Осыған орай мәселелер кӛтеріп,
философия тарихында ӛзіндік із қалдырып отырған кӛзқарастар
деп айтуға болады.
Негізгі ұғымдар:
Позитивизм. Махизм. Неопозитивизм. Сцентизм. Антисцентизм. Иррационализм.
Релятивизм. Интуиция. Экзистенциализм. Персонализм. Феноменология.
«Логикалық позитизм» . «Лингвистикалық философия». «Верификация»
«Фальсификация». Когеренттілік (байланыстық) принципі. Прагматизм. Сыны
рационализм. Структурализм. Герменевтика.
89
Бақылау сұрақтары:
1.
Иррационализмнің негізгі идеясы неде?
2.
Релятивизм бағыты нені меңзейді?
3.
Экзистенциализм философиясы адам мәселесін қалай қарастырады?
4.
Позитивизмнің идеясы қандай?
5.
Лингвистикалық философияның негізгі қағидасы.
6.
Неопозитивизм не себептен верификациялау принципін ұсынды?
7.
К.Поппердің фальсификациялау принципінің мәні неде?
8.
Прагматизм философиясының басты принципі .
9.
Эмпирикалық сӛйлемдер дегеніміз не?
10. ХХ- ғасырдың діни философиясының ерекшеліктері қандай?
Реферат тақырыптары:
1.
М.Хайдеггер – экзистенциализм бағытының негізін салушы.
2.
Иррационализм және оны негіздеудің формалары.
3.
Э.Гуссерль – феноменологияның негізін қалаушы.
4.
Герменевтиканың негізгі қағидалары.
5.
ХХ ғасыр философиясындвғы ғылыми ақыл-ой мәселелері.
6.
К.Поппердің «Ашық қоғам және олардың жаулары» еңбегі.
7.
ХХ ғасыр философиясындағы сана және бейсаналық мәселелер.
8.
ХХ ғасырдағы постпозитивизмнің негізгі идеялары.
90
Тақырып № 8. Философияның
онтологиялық мәселелері
1. Болмыс философиялық категория ретінде: оның мәні
және ерекшелігі, негізгі формалары.
2. Материя философиялық категория ретінде. Қозғалыс
және даму. Уақыт және кеңістік.
3. Сана мәселесінің философияда қойылуы. Сана –
объективті дүниенің бейнесі. Сана мен тіл.
1. Болмыс философиялық категория ретінде: оның мәні
және ерекшелігі, негізгі формалары.
Болмыс тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды
философиялық ұғым. Адамдар ерте заманнан-ақ табиғат пен
қоғамда әрқашан ӛзгерістер болатынын, сондай-ақ, дүние біршама
тұрақты тұтастық ретінде сақталатынын байқаған болатын.
Философия тек заттардың ӛмір сүруін белгілеп қана қоймай, оның
жалпылық сипатын, күрделі байланысын қарастырады. Заттар мен
құбылыстар ӛздерінің барлық ерекшелігімен, қасиеттерімен ӛмір
сүреді, сондай-ақ, олар барлық ӛмір сүрушілермен бірігеді. Осы
бірігу, байланысу философиялық болмыс категориясымен
кӛрсетіледі. Философиялық болмыс категориясымен дүниенің ӛмір
сүру мәселесі анықталады. Болмыс туралы ілімді философияда
онтология деп атайды. Болмыс ұғымына анықтама берсек, болмыс
– бар болып, ӛмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын,
құбылыстардың нақты ӛмір сүруін білдіретін категория. Болмыс
категориясының ауқымы басқа ұғымдардан кең.
Дүние бар, ол шексіз, ӛткінші емес, біртұтас. Дүние адамның
санасынан тыс және оның еркіне тәуелсіз түпкілікті бірлік ретінде
ӛмір сүреді. Әрине, бұл бірлік кӛптүрліліктен кӛрініп тұрады.
Болмыс мәселесін философиялық тұрғыдан ойлау – дүниенің
бірлігі неде деген мәселемен шектелмейді.
Болмыстың философиялық мәселесінің екінші қоры: табиғат,
қоғам, адам, сана – бәрі де тұтас алғанда тең ӛмір сүреді. Ал, бұл
ӛмір сүрушілер формалары жағынан әр алуан. Бар нәрсенің ӛмір
сүруі – дүниенің бірлігінің алғышарты болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |