Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет17/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61

 
52 
мәдениеттің  дамуы  нәтижесінде  қалыптасты.  Сондай-  ақ,  антика 
мәдениетіне тән емес сипаттары да болды. 
Орта  ғасыр  философиясы  да  антикалық  философияға  үлкен 
құрметпен  қарады.  Платонизм,  аристотелизм  бағыттары  оларға 
үлкен  әсер  етті.  Антикалық  философия  орта  ғасырға  –  авторитет 
болса, Қайта Ӛрлеу дәуіріне – идеал болды. 
Қайта Ӛрлеу дәуірі дүниетанымының ең маңызды белгісі оның 
ӛнерге,  мәдениетке  қарай  бет  бұруы.  Егер,  Орта  ғасырды  –  дін 
ғасыры  деп  атасақ,  ал,  Қайта  Ӛрлеуді  –  кӛркем  эстетика  ғасыры 
деуге болады.  Антика  заманы философтарының назары негізінен, 
табиғатқа,  космосқа  ауса,  Орта  ғасырда  орталық  назарда  –  дін, 
құдай тұрды, ал, Қайта Ӛрлеу дәуірінде басты назар адамға қарай 
ауысты.  Сондықтан,  бұл  кезеңдегі  философиялық  ойлау 
антропоцентрический  деп  сипатталды.  Яғни,  антропо  –  адам, 
центр-  орталық  деген  мағананы  білдіреді.  Бұл  дәуірде  индивид, 
яғни жеке адам үлкен ӛзіндік еркіндікке ие болды. Ол белгілі бір 
топтың  немесе  одақтың  атынан  емес,  ӛз  атынан  кӛріне  алады. 
Осыдан адамның ӛзіндік санасы қалыптасып, ол ӛзіне сеніп, ӛзінің 
қабілетін,  күшін  мақтаныш  етеді.  Ӛзіндік  «Мен»  адамның  негізгі 
сипаты бола бастады. Орта ғасырда адам ӛнер, ғылым иесі болып 
қоғамға жаңалық әкелсе де, олар ӛздерін сол қоғамға, қалыптасқан 
салт-санаға  бағыныштымыз  деп  есептеді.  Ал,  Қайта  Ӛрлеу 
дәуірінде  болса,  ӛнер  иелері  барлық  істеген  еңбек  нәтижесіне 
ӛздері  ие  болды.  Адамға  еркіндік,  ӛзіндік  шығармашылық 
белсенділік берілді. Сондықтан да, Қайта Ӛрлеу дәуірі дүниеге бір 
қатар  танымал,  жан-жақты  білімді,  ғұлама  тұлғаларды  әкелді. 
Бұған  сол  кездегі  қоғам  үлкен  жағдай  жасады.  Мәселен,  бір  ғана 
Италияның  ӛзінде  сол  дәуірде  бірнеше  ғұламалар:  Рафаэль, 
Тициан, Микеланджело, Леонардо да Винчи т.б. дүниеге келді. 
Адам  бір  маман  иесі  ғана  емес,  жан-  жақты  болды.  Жан- 
жақты  білімділік  Қайта  Ӛрлеу  дәуірі  адамының  идеалы  болды. 
Мысалы,  гуманист  Альбертидің  айналысқан  саласы:  архитектура, 
живопись, математика, механика, философия, эстетика т.б. 
Орта ғасырдағы ӛнер иесі белгілі бір корпорацияға немесе сол 
кезеңдегі  жүйеге  бағына,  соның  шеңберінде  ӛз  шеберлігін 
дамытса,  Ренесанс  дәуірінде  ӛзінің  мүддесін,  ар-  намысын  ӛзі 
қорғауға  тура  келді.  Ол  ӛзінің  білімімен,  жан  –  жақтылығымен 
бағаланды. ХV ғасырдың аса ірі гуманисті Пико делла Мирандола 


 
53 
(1463-1494)  адам  шоқтығы  туралы  сӛзінде  былай  дейді:  «Адамды 
жаратып, оны дүниенің ортасына қойып, Құдай оған айтады: – Ей, 
адам  мен  саған  белгілі  орын,  ӛзіндік  сипат,  бет-  перде,  міндет  те 
бермеймін. Дүниедегі орныңды, бет- пердеңді сен ӛз қалауыңмен, 
ӛз 
еркіңмен 
жаса. 
Басқа 
жаратылғандар 
белгілі 
бір 
мүмкіндіктермен  шектелген.  Ал,  сенде  ешқандай  шектеулер  жоқ, 
сондықтан ӛз бейнеңді ӛзің анықтайсын». Мұндай кӛзқарас антика 
дәуіріндегі  адамды  қарастырудан  ӛзгеше.  Онда  адам  табиғат 
жемісі,  адамның  мүмкіндігі,  дамуы  оның  табиғатымен 
анықталатын. Бейнелеп айтқанда, антика заманы философиясында 
адам  табиғаттың  иесі,  оны  игеруші  емес,  керісенше,  табиғат  – 
адамның  тәңірі,  иесі.  Сонымен,  гуманист  Пико  делла  Мирандола 
адам туралы ілімі бойынша, құдай адамға еркіндік, ерік берді, адам 
ӛз тағдырын ӛзі шешіп, дүниедегі ӛз орнын, ӛз бейнесін анықтауы 
керек. 
Қорыта  айтқанда,  Қайта  Ӛрлеу  философиясында  адам  тек 
табиғаттың  ӛмір  сүрушісі  ғана  емес,  сондай-  ақ,  ол  ӛзін  –  ӛзі 
жасаушы. Осы қасиетімен ол табиғаттағы басқа ӛмір сүрушілерден 
ерекшеленеді.  Адам  табиғаттан  жоғары  тұрады,  оны  ӛзіне 
бағындырады. 
2. Қайта Ӛрлеу дәуіріндегі ӛнер, гуманизм және ғылым. 
Қайта 
Ӛрлеу 
философиясында 
адам 
іс- 
әрекеті 
шығармашылық іс- әрекетке айналды. Оның кӛмегімен адам ӛзінің 
күнделікті  қажеттіліктерін  қанағаттандырып  қана  қоймай,  жаңа 
дүние,  жаңа  құндылықтар  жасай  бастады.  Сондай-ақ,  ең  жоғарғы 
құндылық  –  адам  ӛзін-  ӛзі  жасап,  қалыптастырады.  Адам 
шығармашылық  үрдісінде  ӛзін-ӛзі  жетілдіріп,  тұлға  ретінде 
дамиды.  Шығармашылық  іс  әрекеттің  басты  ерекшелігі  сыртқы 
дүниені ӛзгерте отырып, адамды ӛзіндік дамуға бағыттайды. 
Бұл  дәуірде  ғылым  мен  кӛркем  ӛнер  адамының  іс  әрекетінде 
айырмашылық жойыла бастады. Инженер де, суретші де, ғалым да 
-шығармашылық адамы. Олар табиғат заттары мен құбылыстарын, 
оның  заңдылықтарын  тануға  ұмтылады.  Жасайтын  жаңа  заттың 
табиғатпен үйлесімділігін қарастырады. 
Сонымен  қатар,  антропоцентризмге  байланысты  әдемілікті 
асыра  бағалау  кең  сипат  ала  бастады.  Қыл  қалам  шеберлері 
адамның бет әлпетін, ғажайып денесін бейнелеп, ӛнерде үлкен баға 
жетпес құндылықтар жасады. 


 
54 
Ренесанс дәуірі философиясында табиғатқа деген кӛзқарастың 
ӛзіндік  ерекшелігі  болды.  Философия  жаратылыс  тану 
ғылымдарымен  тығыз  дамыды.  Осы  ғылымдардың  жетістігі 
негізінде  философия  дүниенің  жаңа,  пантеистік  бейнесін  жасауға 
тырысты.  Табиғат  пен  Құдай  бірлігін  негіздеп,  оларды  бір  ұғым 
ретінде қарастырды. 
Қайта  ӛрлеу  дәуірінде  ӛнер  мен  ғылымның  бірнеше  саласын 
бір  басына  жинаған  кӛптеген  ойшылдар  болды.  Солардың  бірі 
италяндық Леонарда да Винчи ( 1452-1519). ұлы суретші, ойшыл, 
табиғат  зерттеуші  ғалым,  ӛнертапқыш.  Сүңгүйір  қайық,  тоқыма 
станок,  парашют  идеяларын  тапты.  Философиялық  ойлары  ӛз 
заманынан  озық  болды.  Ол  схоластикалық  философияны  сынға 
алып,  таным  процесіндегі  тәжрибенің  рӛліне  аса  мән  беріп, 
тәжрибеге, адам ақыл- ой күшіне сенуге шақырды. Табиғат ӛзінің 
объективті  заңымен  үнемі  ӛзгерісте,  даму  үстінде  болады.  Адам 
табиғатпен  тығыз  байланыста  болып,  ол  табиғаттың  қарапайым 
заттарынан күрделі заттар жасайды. 
Леонарда  да  Винчи  Ибн  Рушд  пен  Әл  Фарабидің  «екі  ұдайы 
ақиқат»  теориясына  келіспейтінін  айтып,  діни  ақиқат  жоқ,  тек 
ғылыми  ақиқат  ғана  бар  екенін  мойындайды.  Ғылыми  ақиқат 
практикада  кӛрініс  береді.  Ал,  құдайдың  бар  екеніне  күмән 
келтіреді. Дүниені тану тек ғылымның ғана міндеті емес. Л.Винчи 
ӛнерді шындықты танып білудің ерекше құралы деп біліп, ӛнерді 
ерекше  бағалаған.  Әсіресе,  сурет  ӛнерін  жоғары  қойған.  Тән  мен 
жан  сұлулығы  ұлы  суретшінің  шығармаларында  бейнеленіп,  әлі 
күнге дейін құнды, баға жетпес дүниелер қалдырған. 
Қайта Ӛрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия да дами 
бастады. Ӛкілдері : Томас Мор әйгілі «Утопия» еңбегінің авторы, 
Т. Компанелла басты еңбегі «Күн қаласы», Н.Макиавелли – еңбегі 
«Билеуші». 
«Күн  қаласы»  атты  шығармада  бай  мен  кедей  жоқ,  бәрі  заң 
алдында  бірдей  бақытты  ӛмір  сүретін,  әділетті  қоғам  туралы 
жазылады.  Бұл  қиялдан  жазылған  қоғам  жайлы  еңбек  кейіннен 
социалистік  ілімдердің  қалыптасуына  үлкен  ықпал  етті. 
Н.Макиавелли  «Билеуші»  атты  еңбегін  әлеуметтік  қажеттіліктен 
жазған. Мінсіз мемлекет теориясын жалғастырмақ болды. Адамдар 
табиғатынан  қатыгез,  алдауға  бейім,  мансапқор  болады. 
Сондықтан,  мемлекет  олардың  осы  жаман  қасиеттерін  шектеп, 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау