Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет8/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61

 
24 
– 
адамгершілік 
этикалық 
ілімдердің 
жинағы. 
Ертедегі 
адамгершілік  ұстанымдарды  жинақтап,  біріктірумен  айналысты. 
Конфуцийшылдардың орталық назарында этика, саясат және адам 
тәрбиесі мәселелері тұрды. Олардың ілімі бойынша, әділеттіліктің 
ең  жоғарғы  кепілі  –  Аспан.  Аспанның  еркі  –  тағдыр.  Адамзат 
аспанның еркін орындап, оны тануға талпынуы керек. 
Конфуцийшылдың  басты  идеясы  жэнь  (адамды  сүю)  ұғымы. 
Адамгершілікке  ұмтылу  –  бұл  адамдармен  ӛзара  келісімде  ӛмір 
сүру,  адамды  сүюге  үйрету.  Конфуций  ӛзінің  моралдық 
ілімдерінде  адамдарды  ӛзара  сыйластықта,  тату-тәтті  тең  ортада 
ӛмір  сүруге,  әке-шешені,  іні-қарындасты  сыйлауға  шақырады. 
Жақсылықтың жақсылық болып қайтатынын айтады. Әрбір халық 
ӛздерінің  сан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-санасын,  әдет-
ғұрыптарын сақтап, оны сыйлау керек.  Әдет-ғұрпынан айырылса, 
халық бола алмай, тарап кетеді. Конфуцийдің бұл айтқаны тарихта 
қаншама дәлелденіп келеді. 
Конфуций  адамгершіліктің  алтын  ережесін  –  «ӛзіңе 
қаламағанды басқа біреуге жасама» деген сӛзімен тұжырымдаған. 
Бұл – моральдық мұрат және тәрбиенің мақсаты. 
Адамдарды екі түрге бӛлуге болады. Олар: «текті адам» және 
«ұсақ  адам».  Моральдық  тұрғадан  жетілген  адам  «текті  адам» 
болып  табылады.  Ол  «ұсақ  адамға»  қарама-қарсы.  Егер  «текті 
адам» ӛз парызын ӛтеп, заңды ұстап ӛмір сүрсе, ал «ұсақ адам» тек 
қара  басының  қамын  ойлап,  ӛз  пайдасымен  ӛмір  сүреді.  Оған 
сенуге  болмайды.  Сондықтан  мемлекетті  басқару  ісіне  тек  «текті 
адамдар»  ғана  қатысуы  керек,  мемлекет  басшысы  барлық  адамға 
үлгі болуы керек. 
Конфуцийшылдар  адамдарды  бір-біріне  кешірімді  болуға, 
жақсылық  пен  ізгілік  істерді  ұмытпауға  шақырады.  Әрбір  адам 
істеген  қателіктерін  тез  арада  түзетіп,  ӛзін-ӛзі  бақылауда  ұстауы 
тиіс.  Кӛрсе  қызарлықтан,  құмарлықтан  аулық  болуды,  достық 
қарым-қатынасқа адалдықты дәріптейді. 
Конфуций  ӛзінің  әлеуметтік-саяси  ілімдерінде,  дүниедегі 
барлық  нәрсенің  ӛзгерісте  болатынын  айтса  да,  қоғамдық  ӛмірге 
келгенде,  қалыптасқан  жағдайлар  сол  қалпында  болуы  керектігін 
айтады.  «Елбасы  әрқашанда  ел  басы  орнында,  қызметші  – 
қызметші  орнында,  әке  –  әке  орнында,  ұл  –  ұл  орнында  болуы 
керек» -дейді ойшыл. Заң мен моралдың арасын айқындай отырып, 


 
25 
адамдарды  жаман  іс-әрекеті  үшін  заң  арқылы  жазалағаннан  гӛрі, 
оның  дұрыс  істемегенін  сана-сезіміне  әсер  етіп,  моралдық 
тұрғыдан  тәрбиелеген  ұтымды  болатынын  айтады.  «Егер 
адамдарды  заңдар  негізінде  жазалап,  шектеп  ұстасақ,  онда  олар 
қылмыс  жасамауы  мүмкін,  бірақ  олардың  жүрегінде  жаман 
қылықтарға  деген  жиреніш  қалыптаспайды.  Егер  адамдарды 
моралдық талаптарға сай тәрбиелесек, онда олар ӛздерінің жаман 
қылықтары  мен  пиғылдарынан  ұялып,  шынайы  дұрыс  жолға 
түседі». 
Конфуций  білімнің  адам  ӛміріне  ӛте  қажеттілігін,  білімнің 
орнын  терең  түсінген  ғұлама  деуге  болады.  Адамдарды  қажымай 
оқып  білуге  және  білгенін  басқа  адамдарға  үйретуге  шақырады. 
Білімді үш дәрежеге бӛледі.  «Ең биік білім –  ол  туа біткен білім, 
келесі  деңгей  –  игерілген  білім,  одан  кейінгі  –  қиындықтарды 
бастан  кешіп  алған  білім».  Білім  алудың,  оны  ой-санаға  тоқудың 
ӛте  қиын  жұмыс  екенін  айта  отырып,  ғұлама  ойшыл  білгеніңді 
айтып, білмегеніңді мойындау – даналықтың белгісі деп кӛрсетеді. 
Конфуцийдің  бұл  бұл  ӛсиеті  бүгінгі  еліміздің  білім  алып  жүрген 
жастарымыздың әрдайым жадында жүрсе екен дейміз. 
Легистер (заңгерлер) мектебі. Бұл мектептің негізгі ӛкілдері: 
Шан Ян (б.э.д.  ІУ ғ.) және Хань Фей (б.э.д.  ІІІ  ғ.)  Олар ӛздерінің 
ілімдерінде  заңды,  мемлекетті  басқару  ӛнерін  бірінші  орынға 
қойды. 
Император Цин-Ши-XVа дәуірінде (б.э.д. ІІІ ғ.) легизм ежелгі 
Қытайдың ресми идеологиясына айналады. Легизм қоғамды қалай 
басқару мәселесін қояды. Тарихи даму туралы, мемлекетті басқару 
туралы  легистер  конфуцийлықтарға  қарама  –  қарсы  кӛзқараста 
болды. Әдептілікке негізделген заңмен емес, мемлекетті тек қатал 
заңға сүйеніп басқару керектігін дәріптейді. Ар-ождан, әдептіліктің 
орнына,  үрейді,  қорқытуды  уағыздайды.  Адам  әуел  бастан 
ӛзімшілдік мүддеге ие, табиғатынан залым. Мемлекет, армия заңға 
бағынатын,  оны  орындайтын  адамдарды  мадақтап,  бағынбайтын 
адамдарды  аяусыз  жазалап  отыруы  тиіс.  Мемлекетте  тәртіп  болу 
үшін  тіпті  ұсақ  қылмыс  жасағандарды  да  аямай  жазалау  керек. 
Сонда  халық  арасында  үрей  туып,  үлкен  қылмыс  жасамайтын 
болады.  Мемлекет  билеушісіне  бағынып,  айтқанын  екі  етпей 
орындайтын  болады.  Жазалауды  мемлекетті  басқарудың  басты 
әдісі ретінде қарайды.  Легистердің айтуынша, мемлекет басшысы 


 
26 
халықтың  әкесі,  қамқаршысы  емес,  ол  халықтан  да,  аспаннан  да 
жоғары  тұратын  деспот.  Легистік  философия  –  қатал  да  күшті 
мемлекеттік билік философиясы деуге болады. 
Шан  Янның  ойынша,  мемлекет  халыққа  емес,  ең  алдымен 
билеушіге  қажет.  Мемлекет  халыққа  қызмет  етеді  деген  пікірді 
«күлкі  туғызатын  аңғалдық»  деп  сынады.  «Мемлекет  халықты 
бағындару үшін билеушіге қажет, ал содан кейін Аспан астындағы 
гегемонияға  қол  жеткізу  үшін  керек»-  деп  ойын  тұжырымдайды 
Шан  Ян.  Сондай-ақ,  ол  білім  беруге,  халықты  ағарту  ісіне  қарсы 
екендігін  білдіреді.  Ӛйткені,  білімді  адамдар  ӛзіндік  пікірлер 
айтып,  жазалау  тәртібін  сынап,  мемлекетке,  оның  билеушісіне 
қарсы  шығуы  да  ғажап  емес.  Бұл  –  мемлекеттің  іргетасының 
бұзылуына алып келеді. 
Легистер жазалау  мен марапаттауды мемлекеттік басқарудың 
екі  тәсілі  деп  қарайды,  бірақ  та  екеуін  теңдей  дәрежеде 
қолданбайды.  Олар  үшін  «жазалау  –  негізгі  әдіс,  ал  марапаттау  – 
тек қосалқы әдіс». 
Хань  Фейдің  ілімі  басқару  теориясының  қалыптасуына  үлес 
қосып,  қоғамның  ілгерілей  дамуын  қолдады.  Адам  табиғатынан 
«ӛзін-  ӛзі  сүйеді»  деген  ілімді  дамыта  отырып,  ол  утилитарлы 
моральдың жақтаушысы болды. Оның ойынша, адам іс- әрекетінің 
себептері  ешқандай  мінге  ие  бола  алмайды.  Адамдар  ӛзіне 
пайдалыны жақсы кӛреді, ал, жазалауды, ӛзіне зиянды нәрсені жек 
кӛреді.  Билеуші  қоғамда  тәртіп  орнату  үшін,  бәрін  заң  арқылы 
ретке  келтіріп  отыруы  тиіс.  Заңды  бұзған  адам  қатты  жазалануы 
керек.  Оны  халықтың  алдында  жасау  керек.  Сонда  басқа 
адамдардың  жүрегінде  қорқыныш  сезімі  ұялайды.  Олар  заңды 
бұзбайтын, қылмыс жасамайтын болады. 
 
Негізгі ұғымдар: 
Дао.  Варна.  Карма.  Сансара.  Мокша.  Дхарма.  Брахман.  Упанишад.  Кшатри. 
Вайшьи. Шудра. Джайнизм. Буддизм. Нирвана. Цзюн цзы. Атман. Йога. Чарвака-
локаята.  Жэнь.  «Алтын  орта».  «Ӛзара  сүйіспеншілік».  «Текті  адам».  «Ұсақ 
адам». Даоцизм. Ян және инь. Дао және дэ. Легистер. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Дао ұғымының мағанасы қандай? 
2. 
Даоны қалай танып білуге болады? 
3. 
Даоцизм  бағытының  негізін  салған  кім  және  олардың  кӛзқарастарының 
ерекшеліктері қандай? 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау