31
Сондай- ақ, ол дүниедегі жаңа заттардың, құбылыстардың
пайда болуын қарама- қарсылықтың күресі арқылы тепе- теңдіктің
бұзылу нәтижесінде болатын айтып, қарама – қарсылық күресін
әлемнің негізгі заңы екенін дәл айтқан ғұлама деуге болады.
Гераклит адам, қоғам мәселесіне де кӛп кӛңіл бӛлген. Оның
айтуынша, адамдар табиғатынан тең болмайды. Ӛйткені, олардың
қабілеті, талап- талғамы, мақсаты әр-түрлі. Соған сәйкес қоғамда
әртүрлі орын алуы заңдылық. Әр адам ӛз түсінігімен, ӛз деңгейімен
ӛмір сүреді. Логос заңын, табиғатты танып білуге адамдардың ӛздері
талпынуы керек. Сонда табиғат ӛз құпиясын ашып, оны адамдардың
пайдалануына кең жол ашады. Ол бұдан басқа да бірқатар құңды
пікірлер айтқан ойшыл.
Грециядағы материалистік ілімді одан әрі ежелгі грек
ойшылдары – Левкипп және Демокрит жалғастырды. Олардың
ілімдері
кейіннен
философияда
материалистік
бағыттың
қалыптасуына үлкен үлес қосты. Атомдық ілімнің негізін қалаған
ойшыл Левкипп (б.э.д. У ғ,) дүниені бӛлінбейтін ұсақ атомдардан
тұратынын, олар үнемі үздіксіз қозғалыста болып, бір- бірімен
қосылып, барлық заттарды, құбылыстарды құрайтынын айтқан.
Левкипптің бұл пікірін Демокрит (б.э.д. 460-371 жж) ары қарай
тереңдетіп дамытты. Шығармалары: «Табиғат туралы», «Ақыл ой
туралы», «Үлкен әлем туралы» т.б. Оның ілімі бойынша, дүниедегі
барлық нәрселердің түп негізі, бастамасы – сансыз кӛп атомдар.
Атомдар бос кеңістікте қозғалады. Дүниедегі заттардың бәрі
атомдардан тұрады. Адам жаны да атомдардан құралған. Жанға ӛлім
тән. Дене ӛлген кезде жанның атомдары оны тастап шығып,
кеңістікке тарап кетеді. Атомдар шексіз, сондықтан кеңістік те
шексіз.
Атомдар – дүниенің әрі қарай бӛлінбейтін ең ұсақ бӛлшегі
болғандықтан ол бӛлінбейді, оның ішкі қасиеті ӛзгермейді. Олар
үздіксіз қозғалыста болып, ӛзара бірігіп, түрліше заттар мен
денелерді құрайды. Атомның ӛзі ӛзгермейді, ал одан құралған
денелер мәңгі емес, олар ӛзгеріп, бір күйден бір күйге ауысып
отырады.
Атомдарда түс, иіс, дыбыс секілді сезімдік қасиеттер жоқ. Бұл
касиеттер тек адамның сезімдік түйсіктерінде ғана пайда болады.
Бұдан біз Демокриттің адам түйсігінің субъективті болатынын
дұрыс айтқандығын білеміз. Заттың жеңіл атомдары адамның
32
түйсіктеріне әсер еткенде, адамда әртүрлі сезімдер пайда болады.
Бірақ сезімдік танымның адамды қателестіретініне мән беріп,
сондықтан оны ақыл- ойға тоқу керек дегенді айтады.
Демокриттің ойынша, себепсіз ешқандай құбылыс болмайды, әр
нәрсенің себебі қажеттіліктен туады. Сондықтан дүниеде
кездейсоқтық деген болмайды. Ол ешқандай Құдай, рухани күшті
мойындамайды. Дүниені табиғаттың ӛзіндік заңымен, механикалық
кӛзқарастың шеңберінде түсіндіреді.
3. Софистер және Сократ философиясындағы адам
мәселесі.
Ежелгі грек елінде б.д.д. V – ғасырда софистика мектебі пайда
болды. Осы кезде рационалдық танымға деген құштарлық күшейе
түсті. Софистер ӛздерін дана адамдармыз деп атады. Олар
адамдарды ғылымға, қалай ӛмір сүруге, қиындықтан жол таба
білуді ақыға үйретті. Сондай ақ, олар әдемі сӛйлеуді, ӛз ойын
негіздеп жеткізе білу, сендіру ӛнерін адамдарға үйрете отырып,
ӛздерін практикалық, ӛмірлік философтармыз деп есептеді.
Философия олар үшін айтыста, пікірталаста аргументтерді
негіздейтін құрал болып есептеледі. Негізгі ӛкілдері: Протагор,
Горгий, Гиппий т.б.
Софизмнің қалыптасуына үлкен үлес қосқан, ойшыл Протогор
(б.э.д. V ғасырдың соңы) болды. Протогор жақсылық пен
жамандықтың, білімнің салыстырмалы екендігін, ақиқатты танып
білуге болмайтынын айтқан. Ненің жақсы, ненің жаман екенін
адам ӛз пайдасына қарай шешеді. Адамның субъективті
қабылдауы оның ӛзі үшін ақиқат болып табылады. Оның ойынша,
табиғат, материя үнемі ӛзгерісте болады. Сондықтан оны танып
білуге ұмтылған адамның да білімі, ойы ӛзгермелі, салыстырмалы
болады. Құбылыстар туралы бір- біріне қарама- қарсы пікірлер
айтылса, оның екеуі де дұрыс болуы мүмкін. Адам қарама- қарсы
пікірдің бірін дұрыс деп қабылдап, екіншісін терістейді.
Протогордың айтқан «адам – барлық заттардың ӛлшемі» деген сӛзі
әрбір адамға заттар мен құбылыстар қалай кӛрінсе, ол үшін сол
ақиқат болып табылады. Әр адамның талғамы, қабылдауы әр-
түрлі. Біреу үшін күн салқын болса, сол мезетте біреу үшін күн
жылы болуы мүмкін. Талғам үшін таласпайды деген сӛз бар
халықта. Бір адам үшін ұсқынсыз нәрсе, енді бір адам үшін әдемі
болып кӛрінеді.
33
Протогордің ойынша, адамның адамгершілік қасиетері туа
біткен болмайды. Ол қасиеттерді адам ӛмірден кӛріп- біліп,
үйреніп алады. Сондықтан адамға әділдік, рахымшылық,
инабаттылық секілді қасиеттерді үйретуге, оқытуға болады. Оған
әрине, адамның ӛзі талпынуы керек.
Софистер адамның тілі, танымы, адамгершілік қасиеттері
туралы құнды пікірлер айтқанымен, адам мәселесін философиялық
мәселе деңгейінде қарастыра алмады. Адам мәселесін осындай
деңгейде бірінші кӛтерген ежелгі грек философы, ғұлама ойшылы
Сократ (б.э.д. 469-399 жж) болды. Сократ мамандығы бойынша
скульптор, мүсінші болған. Ол ӛзінің философиялық ілімдерін,
ойларын тек ауызша айтқан, сӛйтіп, ӛзінің айналасына кӛптеген
шәкірттер жинап, оларды даналыққа, пікір- таластыққа үйреткен.
Кейіннен Сократ қайтыс болғаннан соң, оның шәкірттері
ұстазының айтқанын сӛздерін, дана ойларын кітап етіп жазып
қалдырған.
Сократтың айтуынша, философия табиғатты зерттеп, танып
білу үшін емес, адам туралы, қалай ӛмір сүру, ақиқатты іздеу туралы
ілім. Философияның басты объектісі – адам. Оның мақсаты –
адамды ізгілікке тәрбиелеу, адамның моральдық табиғатын,
жақсылық пен жамандықтың, әділеттіліктің мәнін ашу. Сократ
білімділікті адамгершілікпен байланыстырады. Оның айтуынша,
ешбір адам жамандықты ӛз еркімен әдейі жасамайды.
Жамандықтың не екенін, оның салдарын білмегендіктен жасайды.
Сол үшін алдымен адамға білім керек. Білім адамға жақсылық пен
жамандықты ажыратуына кӛмектеседі. Білімділік – ізгілікке,
даналыққа жетелейді, ал, білімсіздік – жамандыққа, адасушылыққа
апарады.
Ӛмір – бұл ӛнер десек, ӛнерді жетілдіру үшін ӛнер туралы білім
қажет. Онда философияның практикалық мәселесін шешу үшін
білімнің мәні туралы мәселені білуіміз керек. Білім – бұл зат туралы
ұғым, оған ұғымдарды анықтау арқылы жетуге болады. Ұғымдарды
анықтау, оның мәнін ашу үшін Сократ диалектика әдісін қолданған.
Диалектика – грек тілінен аударғандағы мағанасы пікір алыса білу
дегенді білдіреді. Диалектика Сократ философиясының ең жоғарғы
жетістігі деуге болады. Ол философиялық ілімін тек ауызша, әңгіме
немесе пікірталас арқылы ӛзінің әдісімен шәкірттеріне үйреткен.
Достарыңызбен бөлісу: |