Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет11/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61

 
34 
Сократ  философияның  орталық  мәселесі  адам  мәселесі  екенін 
айтып,  адамның  моральдық  табиғатымен,  жақсылық  пен 
жамандықтың  мәні,  адамдар  арасындағы  әділеттілік,  қарым-
қатынастық  мәселелерімен  айналысты.  Сӛйтіп,  философ  ӛзіндік 
танымға  ұмтылды.  «Ӛзіңді  –  ӛзің  танып  біл»  дейді  ұлы  ғұлама. 
«Таным  –  Сократтың  айтуынша,  –  адамның  басты  қабілеті  және 
мақсаты.  Ӛйткені  біз  таным  арқылы  объективті  ақиқатқа  жетеміз. 
Жақсылық  пен  жамандықты,  ізгілікті,  адам  бақытын  танимыз. 
Философияның басты мақсаты да осында» – дейді ұлы ойшыл. 
Сократтың  танымал  сӛздерінің  бірі  «Менің  білетінім  –  мен 
ешнәрсе білмеймін, басқалар оны да білмейді». Мұнда ғұлама заттар 
мен  құбылыстар  туралы  шын  мәнінде  білу  мүмкін  еместігін, 
білімнің шексіз екендігін айтады. Бәрін білем деп кӛкірек қағу дұрыс 
еместігін,  адамның  кішіпейіл,  ӛзіне  сыни  тұрғыдан  қарау 
қажеттілігін  меңзейді.  Жеке  адам  еркіндігін  дәріптей  отырып,  ол 
мемлекет  рӛлін  де  жоғары  қояды.  Мемлекетті  басқару  ісіне  үлкен 
мән  береді.  Оның  пікірінше,  мемлекетті  кім  болса  сол  басқара 
бермеуі керек. Оны қолынан іс келетін, таңдаулы адамдар, даналық, 
жоғары  адамгершілігі  бар,  әділетті  адамдар  басқаруы  керек.  Ал, 
адамдар  мемлекет  заңдарына  бағынуы  тиіс.  Сократты  «жастарды 
азғырып, басқа құдайларды уағыздады» деп айыптап, ӛлім жазасына 
кескенде, ол ӛз еркімен у ішіп б.д.д. 399 жылы дүниеден ӛтеді. 
4.  Платон,  Аристотель  және  Эпикур  философиясы 
ерекшеліктері. 
Антака  заманындағы  аса  ұлы  философтардың  бірі,  идеализм 
бағытының негізін салушы, ғұлама Платон б.э.д. 427 жылы Афина 
қаласына  жақын  Эгин  деген  аралда  дүниеге  келген.  Ол  кӛптеген 
мемлекет туралы тамаша еңбектер жазған, табиғат философиясын да 
зерттеген.  Идеалистік  дүниетанымды  теориялық  тұрғыдан 
негіздеген.  Сократтың  шәкірті,  одан  дәріс  алған.  Шын  аты  – 
Аристокл. Шығармалары: «Апология»-(Сократты қорғау), «Критон» 
–  (заңды  сыйлау  туралы),  «Федон»  –  (әділеттік  туралы), 
«Мемлекет», «Заңдар» т.б. 
Платон материалистік философияға, оның ішінде Героклит пен 
Демокритке  қарсы  күресті.  Платон  ӛзгермейтін,  мәңгі,  рухани 
идеялар әлемін алғашқы, анықтаушы деп санады. Ал, материалдық 
әлем  екінші,  ол  идеялар  әлемінен  туындаған  деп  есептеді.  Оның 
философиясы  бойынша,  материалдық  әлем  әртүрлі  ӛзгергіш, 


 
35 
сезімдік заттардан тұрады. Олар: минералдар, ӛсімдіктер, жануарлар 
және  адамдар.  Сондай-ақ,  адамдар  жасап  шығарған  заттардан 
тұрады.  Біз  ӛмір  сүріп  отырған  әлем  үнемі  қозғалыста,  ӛзгерісте 
болады.  Сондықтан  осы  ӛзгермелі  әлемді  Платон  «жай  кӛрініс» 
деген  ұғыммен  бейнелейді.  «Кӛріністі»  біз  түйсік,  қабылдау, 
елестету арқылы түсінеміз. Олар бізге ақиқат білім бермейді, сезім 
мүшелеріміз  бізді  алдайды.  Сондай-ақ,  басқа  екінші  әлем  бар  –  ол 
әлем  мәңгі,  жойылмайтын  әлем.  Ол  заттардың  себебінің,  мәнінің 
әлемі.  Бұл  әлем  –  болмыс  деген  ұғыммен  белгіленеді.  Болмыс  – 
идеялар  әлемі.  Оны  сезім  мүшелері,  түйсік  арқылы  танып  білуге 
болмайды. Оны ақыл- ой арқылы, ұғымдармен ғана танып білеміз. 
Мұнда  ақыл  алдайтын  сезімдікке  сүйенбей,  ұғымға,  логикамен 
тексерілетін ұғымдар жүйесіне сүйену керек. Логика ережесімен бір 
ұғымнан екінші ұғымға ӛтіп, нәтижесінде біз ақиқатқа жете аламыз. 
Сонымен, ақылмен танитын идеялар әлемі, мәндер әлемі біздің ӛмір 
сүретін  «ӛзгермелі  әлемді»,  «кӛріністі»  анықтайды.  Шындығында, 
бәрін ақылмен танып білеміз. 
«Идеялар әлемі» – материалды емес, уақыт пен кеңістіктен тыс, 
ол  бұрыннан  болған  және  ешқашан  ӛзгермейді.  Платон  мынадай 
мысал  келтіреді:  әдемі  гүл,  әдемі  сурет,  әдемі  зат  т.б..  Сондай-ақ, 
әдемілік  деген  ұғым  бар.  Әдемілік  деген  идея,  ол  әдемі  заттардың 
себебі,  мәні.  Заттардың  ӛздері  ӛзгереді,  жойылады.  Ал,  әдемілік 
мәңгі, ӛзгермейді. Оны біз ақыл арқылы диалектиканың кӛмегімен, 
логика заңымен танып білеміз. Осылайша, Платонның ойынша, екі 
әлем  бар.  Нағыз  дүние  біз  ӛмір  сүріп  жүрген  дүние  емес.  Ол 
ӛзгермелі, уақытша дүние. Ал, ӛзгермейтін, мәңгілік дүние – о дүние 
болып  болып  табылады.  Заттардың  ӛзі  –  идеялардың  кӛмескі 
кӛшірмелері.  Идея  –  заттардың,  бүкіл  материалды  әлемнің  мәні, 
себебі болады екен. Заттардың ӛзі де идеяларға байланыста болады. 
Заттар  ӛздерінің  идеяларына  ұқсауға  тырысады,  ӛйткені,  заттарда 
идеяның  бӛлшектері  бар.  Идеялар  адамның  жанында  ӛмір  сүреді. 
Біздің  жанымыз  идея  туралы  білімдерді  қамтиды,  ӛйткені,  жан 
денеге  енгенге  дейін  идеялар  әлемінде  ӛмір  сүрген.  Идеялармен 
қарым-  қатынаста  болған.  Сондықтан,  біз  идеяларды  сезім 
мүшелерімен емес, идеялар әлемін кӛрсететін ақыл-ой арқылы ғана 
танып білеміз. 
Платонның  таным  туралы ілімі  – әлемді мәңгілік  идеялар  мен 
ӛткінші  заттар  деп  бӛлуден  басталады.  Идеялар  –  бұл  білімнің 


 
36 
объектісі,  ал  заттар  –  пікірдің  объектісі.  Идея,  білім  –  абстракты 
ойлау  арқылы  алынады,  ал  заттар  туралы  пікірлер  –  сезімдік 
қабылдау  арқылы  туындайды.  Платон,  сезімдік  қабылдау  арқылы 
алынған,  соған  байланыстылардың  бәрін  білім  саласынан  алып 
тастайды.  Оны  білім  мен  білімсіздік  ортасындағы  пікір  саласына 
қосады. 
Сонымен,  қорыта  айтқанда,  Платон  танымның  мәні,  білімнің 
кӛзі деп нақты заттарды емес, идеяларды, жалпы ұғымдарды алады. 
Сезімдік  қабылдаудың  адам  білімі  мазмұнына  ешқандай  қатысы 
жоқ.  Сонымен  бірге,  түйсік  пен  қабылдауды  ақиқат  білімге,  идея 
туралы білімге жетуге кедергі жасайды деп сипаттайды. 
Платонның  саяси-әлеуметтік  кӛзқарасына  келсек,  ол  оның 
«идеалды мемлекет» туралы ілімінде айқын кӛрінеді. Бұл ілімде ол 
құл  иеленуші  құрылыс  демократиясының  жауы,  аристократтардың 
таптық мүдделерін қорғаушы ретінде кӛрінеді. «Идеалды мемлекет» 
теориясында Платон қоғамды үш бӛлікке бӛледі. 
1)  Басқарушылар, билік иелері – философтар; 
2)  Әскерлер, қарауылдар; 
3)  Жермен айналысатын адамдар, қолӛнершілер; 
Платон  игіліктерді  4  түрге  бӛледі.  Олар:  1)  жүректілік,  2) 
данышпандық, 3) естілік, 4) әділеттілік. Бұлардың бәрі адамға бірдей 
дарымайды. Осы тӛрт игілік түгелдей дарыған адамдар философтар, 
сондықтан олар  мемлекетті басқару керек. Данышпандықтан басқа 
үш  игілік  дарыған,  әскер  басшылары  –  олар  мемлекетті  қорғауы 
керек.  Соңғы, екі игілік дарыған адамдар шаруалар,  қолӛнершілер. 
Олар  мемлекетке  қажетті  материалдық  игіліктерді  ӛндіреді. 
Мемлекет  ӛз  тарапынан  азаматтарын  қорғап,  материалдық 
жағдайын  жақсартып,  тәрбиелеу  керек.  Сонда  мемлекетте 
қайырымдылық орнайды. 
Платон  идеялар  дүниесін  жаратушы  құдай  дей  келіп,  адам 
туылғанға дейін оның жаны сол дүниеде болады, ал, содан кейін ол 
жан бұл дүниеге, жер бетіне келіп, уақытша адам денесіне енеді, ал, 
ӛлген  соң  қайтадан  денені  тастап  шығады  да,  жаңадан  дүниеге 
келген адамға қонады. Дене тӛрт түп негізден жаралған, дене ӛлген 
соң  соған  қайтады.  Дененің  міндеті  –  жанды  қорғау,  жан  – 
тіршіліктің идеясы ретінде мәңгі. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау