Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет4/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

 
12 
Философия  тарихында  идеализм  де  екі  топқа  бӛлінеді.  Олар 
объективті  және  субъективті  идеалистік  ағымдар.  Объективті 
идеализмнің  негізін  қалаушылар  –  Платон  мен  Гегель.  Олардың 
пікірінше,  идея,  рух  кез  келген  нәрсенің  анықтаушы  бастамасы 
және олар адамдардан тыс, тәуелсіз ӛмір сүреді. Олар уақытпен де, 
кеңістікпен де санаспайды. 
Субъективті  идеализм  (Беркли,  Юм,  Мах  және  т.б.)  санадан 
тыс ӛмір сүретін болмысты мойындамайды. Олар үшін заттар адам 
санасынан  тыс  ӛмір  сүрмейді.  Бүкіл  дүние  адамның,  субъектінің 
санасына кӛшіріледі. 
Философияда  дуалистік  ағым  да  (Декарт,  Кант)  қалыптасты. 
Дуализм  -дүниенің  екі  бірдей  бастауын  –  материя  мен  рухты, 
материалдылық пен идеалдықты ӛзара тепе-тең субстанция ретінде 
қарастырады. Дуализм материализм мен идеализмді ӛзара ымыраға 
келтірмек болды. 
Біз  жоғарыда  философияның  негізгі  мәселесінің  екінші  жағы 
да  бар  дедік.  Бұл  –  гносеологиялық,  танымдық  мәселе.  Дүниені 
танып білуге біздің ойлауымыздың қабілеті жете ме? Философтар 
дүниені тануға болатынына күмән келтірмеді. Бірақ дүние дегенде 
идеалистер  тек  рухани  дүниені  ғана  ескереді  және  сол  арқылы 
қалған  кұбылыстарды  түсінуге  болады  дейді.  Материализм 
ӛкілдері  ойлау  табиғаттың  кӛлеңкесі,  кӛшірмесі  деп  ұғынды. 
Дүниені әбден танып білу мүмкіндігін таласқа салатын ағымдар да 
болды.  Агностицизм  (Юм,  Кант  және  т.б.)  дүниені  толық,  не 
жартылай тануға болатынына күмән келтіретін ілім. Агностицизм 
танымның  ақиқаттығы  туралы  мәселені  біржолата  шешуге 
болмайды деген кӛзқарасты ұстанады. 
Мысалы, Канттың ұйғарымынша, заттардың сыртқы кӛрінісін, 
құбылысын ғана тануға болады, ал, оның ішкі байланыстары мен 
мазмұнын,  даму  зандылықтарын  санада  толық,  тұтас  бейнелеуге 
болмайды. 
Заттардың  мәнін  дәлелді,  объективті  тұрғыдан  тану  мүмкін 
емес. Кант мұны «ӛзіндік зат» деп атады. Канттың ұйғарымынша, 
бұл  мәселеге  біржақты  жауап  беруге  болмайды.  Танып  білуге 
болатын  да,  танып  білуге  болмайтын  да  заттар  бар.  Кант 
«танымның  белгілі  шекарасы  болуға  тиіс»  деген  қорытындыға 
келді. 


 
13 
Сонымен,  философия  тарихында  түрлі  ойшылдар  философия 
дегеніміз  не  деген  сұраққа  түрліше  жауап  берді.  Мәселен,  ежелгі 
грек  философтары:  Сократтың  айтуынша,  «Философия  –  ойлау 
арқылы  ақиқатқа,  білімге  жету»,  Аристотель  бойынша, 
«Философия – ғылымдардың негізі», ал, Ортағасырлық ойшылдар: 
Августин  философияны  ақылдылыққа  құштарлық  деп  санады, 
Аквинский  философияны  барлық  ақиқаттың  негізі  болып 
табылатын  ақиқат  (Құдай)  туралы  ілім  деп  түсінді.  Жаңа  заман 
философиясының  ӛкілі  Р.Декарт:  «Философия  –  даналық,  адам 
танып  біле  алатын  заттар  мен  құбылыстар  туралы  жан-жақты 
білім» - деді. Мұның бірнеше себептері болды. Адам мәдениетінің, 
қоғамдық  тарихи  практиканың  дамуымен  филоcофияның  пәні, 
оның  ӛзіндік  ерекшелігі  де  ӛзгеріп  отырды.  Алғашқыда  ғасырлар 
бойы  философтардың  назарында  тек  табиғат  тұрды.  Ежелгі  грек 
философтары  жердің,  космостың  құрылымын  зерттеді.  Дүниенің 
түп  қазығын,  негізін  табиғат  заттарынан  іздеді.  Философиясы 
натурфилософиялық  сипатта  болды.  Бері  келе  философтардың 
назары  қоғамдық  ӛмірге  ауысты.  Оларды  қоғамның  саяси  және 
құқықтық құрылымы, адам мен қоғам арақатынасы тағы да басқа 
мәселелер  қызықтыра  бастады.  Сондай-ақ,  философтардың  ойлау 
пәні болып адамның ӛзі, оның табиғаты, ақыл-ойы, сезімі, діні т.б. 
қарастырыла бастады. Адам мәселесі философияның пәні ретінде 
тұнғыш рет ежелгі грек философы Сократтан басталды. Сонымен, 
философиялық ойлаудың пәні табиғи, қоғамдық Әлем және Адам, 
олардың  күрделі  байланысы  болып  табылады.  Басқаша  айтқанда, 
философияның  пәні  адам  және  оның  сыртқы  дүниеге  күрделі 
қатынасы.  Ежелгі  грек  философы  Аристотель  тұңғыш  рет 
философияны  теориялық  білімдердің  ерекше  саласы  деп 
қарастырды.  Философия  –  дүниетанымның  ғылыми-теориялық 
түрі  деуге  болады.  Ол  нақты  ұғымдар  мен  категориялардан 
құралады.  Ішкі  тұтастық  пен  жүйелікке  негізделеді,  білімге 
сүйенеді. 
Философияның 
барлық 
басқа 
ғылымдардан 
айырмашылығы 
адамзат 
жинаған 
білімдердің 
мейлінше 
жалпыланған  түрі.  Философия  дүниеге  жалпы  теориялық 
кӛзқарастардың  жүйесі  және  ондағы  адамның  орнын,  адамның 
дүниеге 
әртүрлі 
қатынасын 
түсіндіреді. 
Философия 
дүниетанымның  басқа  формаларынан  тек  пәнімен  ғана  емес, 
сондай-ақ,  ойлау  тәсілімен,  мәселені  талдауда  жоғары 


 
14 
интеллектуальды  деңгейімен  айрықшаланады.  Дүние  және  адам 
ӛмірі  туралы  толғаныста  догмалық  сенімге,  «жоғарғы  күшке» 
сүйенбей,  білімді,  ақыл  –  ой  принципіне  негізделген,  еркін,  сыни 
ойлауды бағдарға алады. 
3.  Философияның  міндеттері  және  атқаратын  қызметі. 
Философияның  негізгі  міндеттерінің  бірі  –мәңгі  және  үнемі 
ӛзгерістегі нәрсені тану, бар заттар мен құбылыстардың себептері 
мен  принциптерін  айқындау.  Ол  үшін  диалектикалық  ойлауға 
дағдылану  қажет.  Заттар  мен  құбылыстар  үнемі  ӛзгерісте,  ӛзара 
байланыста  тұрады  дедік.  Олардың  себептері  мен  принциптерін 
айқындау үшін біз оларды жан-жақты, ӛзара байланыста, ӛзгерісте 
қарауымыз  керек.  Яғни,  дүниені  тану  диалектикалық  ойлауды 
қажет  етеді.  Бізді  қоршаған  дүние,  құбылыстар,  қоғам  –  бәрі  бір-
бірімен ӛзара тығыз байланыста, шексіз қозғалыста болып тұрады. 
Оны  толық,  жан-жақты  танып,  білу  мүмкін  емес.  Тек 
диалектикалық  ойлау  ғана  бізді  қателіктерден,  жалған 
тұжырымдардан сақтандырады. Сондай-ақ философия адамдардың 
дүниетанымын 
кеңейтеді. 
Табиғаттың, 
қоғамның 
түрлі 
құбылыстарын  ғылыми  тұрғыдан  тануға  үйретеді.  Оның  жалпы 
заңдылықтарын  ашады,  адам  мен  қоғам  дамуының  келешегін 
бағдарлайды. 
Философияның  басты  міндеттерінің  бірі  –  оның  тәрбиелік 
функциясы.  Оның  негізгі  мәселесі  адам  болғандықтан,  адамның 
қоғамдағы  рӛлі,  адамгершілік  қатынастары,  гуманистік  тәрбие, 
эстетикалық  талғам  мәселелері  философияда  кеңінен  сӛз  болады. 
Ол  келешек  ұрпақ  тәрбиелеуде  адам  ӛмірінің  мәні,  оны  түсіну 
секілді  мәселелерді  алға  қоя  отырып,  оны  шешуге  тырысады. 
Ӛйткені, адам мәселесі – философияның келелі мәселелерінің бірі. 
Ӛзгерген  дүние,  қоғам  әрқашан  да  адамды  жаңаша,  сол  қоғамға 
сәйкес  қарастыруды  талап  етеді.  Адамтану  үнемі  даму  үстінде 
тұратын философияның негізгі оқытатын пәні. 
Философия атқаратын қызметі – дүниетанымдық, гуманистік, 
гносеологиялық, әдістемелік, болжамдық, тәрбиелік. 
Дүниетанымдық  қызмет  –  дүниеге  кӛзқарастардың  жүйесін 
және  дүниедегі  адамның  орнын  анықтайды.  Сондай-ақ,  олардың 
ӛзара  байланыс  заңдылықтарын  кӛрсетеді.  Ол  дүниенің  мәні 
туралы, оның даму сипаты мен ӛмір сүру негізі туралы сұрақтарға 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау