Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет16/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61

 
49 
қажеттілігі ғылымдардың шығуына себеп болды. Ғылым болмысты 
танып білудің құралы дей отырып, оны екі салаға бӛледі. Біріншісі – 
теория,  ал,  екіншісі  –  практика.  Теориялық  білімге  логика, 
жаратылыс  тану  ғылымдары,  метафизика  жатады.  Ал,  практикаға 
этиканы  және  саясатты  жатқызады.  Ғылым  адамға  ақиқат  білімді 
жалған білімнен ажыратуға кӛмектеседі. Дүние қайшылыққа толы, 
оның  заңдылықтары  логиканың  негізгі  принципі  болып  табылады. 
Оны тану үшін логикадан бастау керек. 
Әл-  Фарабидің  жаратылыстану  ғылымдарының  саласы 
бойынша «Вакуум туралы», «Әлхимия ӛнерінің қажеттілігі туралы» 
атты  еңбектері  бар.  Ол  бұл  еңбектерінде  табиғатта  вакуум,  бос 
кеңістік  жоқ  екенін  дәлелдейді.  Сондай-ақ,  физиканың  түрлі 
заңдылықтарын қысымға байланысты ауа кӛлемінің ӛзгеруі, дененің 
жылуға  әсері  т.б.  мәселелерін  қарастырып  зерттейді.  Медицина, 
биология ғылымдарының  саласы бойынша  «Адам ағзалары жайлы 
Аристотельмен  алшақтығы  туралы  Галенге  қарсы  жазылған 
трактаттар»,  «Темпераменттер туралы»,  «Жануарлар ағзалары» т.б. 
еңбектер  жазған.  Ғұлама  бұл  еңбектерінде  жаратылыстану 
ғылымдарының  ары  қарай  дамуына  қажетті  құнды  пікірлер, 
тұжырымдамалар айтқан. 
Әл- Фараби, сондай-ақ, этикалық және эстетикалық мәселелерге 
кӛңіл  бӛліп,  сұлулық,  инабаттылық,  білімділік,  жақсылық  туралы 
кӛптеген  пікірлер  айтқан.  Этика  ғылымы  адамға  жақсылық  пен 
жамандықты  ажыратуға  кӛмектеседі.  Оның  этикалық  ойларынан 
адамға  деген  құрметтің,  терең  гуманизмнің  лебі  еседі.  Ол  адам 
баласын  жаратылыстың  ең  биік  шоқтығы  деп  түсінген.  Адамның 
ақыл – ойы мен білімін жоғары қойған. «Бақытқа жол сілтеу» деген 
трактатында  Әл  -Фараби  бақытты  болу  әр  адамның  ӛз  қолында 
екенін, оған жету үшін адам ӛзін – ӛзі жан-жақты жетілдіріп, еңбек 
ету  керектігін  айтады,  Адамның  жақсылық  жасауға  да  және 
жамандық  жасауға  да  қабілеті  бірдей.  Сондықтан  адамның 
жақсылыққа  қарай  ұмтылысы  оның  ӛзінің  алға  қойған  мақсатына 
байланысты  болады.  Адамның  ақыл  –  ой,  ізгілік  іс-  әрекеті 
әрқашанда  мақсаттылық  сипатта  болуы  тиіс.  Ол  үшін  адам 
логиканың  дұрыс  ойлай  білу  әдістеріне  сүйегені  дұрыс.  Қорыта 
айтқанда.  Әл-  Фарабидің  пікірінше,  адамның  бақытты  болуы  тек 
ӛзіне байланысты, ол үшін білім арқылы дүниені танып біліп, ӛзін 
рухани жағынан жан- жақты жетілдіріп отыруы қажет. 


 
50 
«Мемлекеттік қайраткердің нақыл сӛздері», «Азаматтық саясат» 
атты  трактаттарында  ғұлама  ойшыл  адам,  саясат  және  қоғам 
мәселелелері  жайлы  ой  толғайды.  Адам  мен  қоғам  арақатынасы 
мәселесінде,  қоғам  адамдардың  достығы  мен  ӛзара  қамқорлығына 
негізделуі  қажет  екендігін  айтады.  Қоғамда  адамды  –  адам  қанау, 
теңсіздік  деген  болмауы  керек.  Адам  ӛз  басының  мүддесін  ғана 
ойламай, қоғамның мүшесі болғандықтан қоғамдық мүддделерді де 
жоғары қоюы керек. Бұл – адамның адамгершілік, азаматтық қасиеті 
деп санайды ғұлама. 
 
Негізгі ұғымдар: 
Номинализм.  Реализм.  Монотеизм.  Теоцентризм.  Креакционизм.  Апологетика. 
Патристика. Схоластика. Мистика. Перипатетизм. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері қандай? 
2. 
Орта ғасыр философиясы қандай кезеңдерден тұрады? 
3. 
Схоластикалық философия не себептен құлдырай бастады? 
4. 
Жалқы ұғымдар мен жалпы ұғымдар арасындағы тартыс не себептен 
туындады? 
5. 
Фома  Аквинскийдің  универсалийлердің  үш  түрлі  ӛмір  сүретіні  туралы 
айтқаны нені меңзейді? 
6. 
Араб және түркі тілдес философияның қарқынды даму себебі неде? 
7. 
Әл-Киндидің танымның үш сатысы туралы ілімінің мәні? 
8. 
Әл-Фараби философиясының негізгі идеясы қандай? 
9. 
Әл-Фарабидің ойынша ғылым адамы болу үшін не істеу керек? 
10.  Әл-Фарабидің  этикалық,  эстетикалық  ілімдерінің  бүгінгі  күнге 
ӛзектілігі қандай? 
11.  Ибн-Синаның «Сауығу кітабының» рӛлі. 
 
Реферат тақырыптары: 
1. 
Орта ғасырлық философия және оның теологиялық сипаты. 
2. 
Августиннің философиялық ілімі. 
3. 
Орта ғасырлық схоластиканың ерекшеліктері. 
4. 
Реализм және номинализм. 
5. 
Ф.Аквинский сезім мен ақыл-ой туралы. 
6. 
Араб тілдес философия: ерекшеліктері және сипаты. 
7. 
Әл-Кинди – араб философиясының ұлы тұлғасы. 
8. 
Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық кӛзқарастары. 
9. 
Әл-Фарабидің онтологиялық ілімі. 
10.  Ибн-Синаның философиялық кӛзқарастары. 


 
51 
Тақырып 5 . Қайта Ӛрлеу және Жаңа заман 
философиясы 
 
1.  Қайта  Ӛрлеу  дәуірі  философиясы  даму  кезеңдері  және 
ерекшеліктері 
2.  Қайта Ӛрлеу дәуіріндегі ӛнер, гуманизм және ғылым. 
3.  Жаңа Заман философиясының жалпы сипаттамасы. 
4.  Жаңа  заман  философиясындағы  рационалистік  және 
эмпиристік бағыттар. Ф.Бэкон және Р.Декарт. 
5.  Дж.  Локк,  Т.Гоббс  және  Б.Спинозаның  философиялық-
әлеуметтік концепциялары. 
 
1.  Қайта  Ӛрлеу  дәуірі  философиясы  даму  кезеңдері  және 
ерекшеліктері. 
ХV  ғасырдан  бастап  Батыс  Европа  елдерінің  әлеуметтік, 
экономикалық  және  рухани  ӛмірінде  бірқатар  үлкен  ӛзгерістер 
бола  бастады.  Мәдениеттің  барлық  саласында  керемет 
жетістіктерге  қол  жеткізілді.  Корольдық  ӛкімет  феодальдық 
дворяндықты  ығыстырып,  монархия  қалыптасты.  Жаңа  тап 
буржуазия  пайда  болды.  Ремесладан  мануфактураға  ӛтуге  жол 
ашылып,  жаңа  ірі  ӛнеркәсіп  орындарының  құрылуына  негіз 
салынды.  Сӛйтіп,  Европаның  алдыңғы  қатарлы  елдерінде 
капиталистік қатынастырдың негізі қаланды. 
Осы аса ірі әлеуметтік – экономикалық ӛзгерістер адамдардың 
ақыл – ойына, рухани ӛміріне де елеулі әсер етті. Қоғамның барлық 
әлеуметтік  мәдени  ӛмірінде  діннің,  церквидің  ықпалынан  босану 
процесі жүріп жатты. Сондай-ақ, ғылым, ӛнер, философия да бірте 
– бірте діннің шырмауынан арыла бастады. Бірақ, бұл үрдіс Европа 
елдердерінде әртүрлі деңгейде жүріп жатты. 
Бұл жаңа дәуір ӛткен антика мәдениетін, ӛмір бейнесін, ойлау 
тәсілін қайта жаңғырту деп қарастырылды. Осыдан «Қайта Ӛрлеу» 
немесе «Ренессанс» деген атқа ие болды. 
Шындығында,  Қайта  Ӛрлеу  дәуірінде  адам,  мәдениет, 
философия антикалық дәуірден ӛзгеше болды. Ол Орта ғасырлық 
философияға  қарсы  тұрғанымен,  дегенмен  орта  ғасырлық 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау