Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет44/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61

 
135 
Шығармашылық  іс-әрекет  дамуына 
мәдени-әлеуметтік 
факторлардың  әсері  орасан.  Шығармашылық  тікелей  әлеуметтік 
ӛмірден шығады, сӛйтіп, ӛз кезегінде оны ӛзгертеді, дамытады. 
Шығармашылық  пен  рухани  даму  –  қоғамның,  бүкіл 
мәдениеттің  сапалық  даму  формасы  ретінде  қатар  жүреді. 
Шығармашылық  арқылы,  адам  ӛзінің  рухани  дамуына  ӛзі  негіз 
қалайды.  Осы  үрдісте  бүкіл  қоғамның,  ӛркениеттің  алға  жылжуы 
жүзеге асады. 
 
Негізгі ұғымдар: 
Шығармашылық. 
Интуиция. 
Дарын. 
Қабілет. 
Талант. 
Әлеуметтік 
шығармашылық. Ғылыми-техникалық шығармашылық. Кӛркем шығармашылық 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Шығармашылық дегеніміз не? 
2. 
Әлеуметтік шығармашылықтың ӛзіндік ерекшелігі неде? 
3. 
Шығармашылықтың қандай түрлері бар? 
4. 
Шығармашылық пен рухани дамудың қандай байланысы бар? 
5. 
Шығырмашылықтың басты кӛрсеткіші немен сипатталады? 
6. 
Шығармашылық адамның тау біткен мәні деген сӛзді қалай түсінесіз? 
7. 
Шығармашылықтың құрылымы қандай? 
8. 
Шығармашылық және белсенділік ұғымдарының байланысы бар ма? 
9. 
Ӛзіндік тәрбие қалай жүзеге асады? 
 
Реферат тақырыптары: 
1. 
Әлеуметтік шығармашылық және қоғамдық прогресс. 
2. 
Таным және шығармашылық. 
3. 
Шығармашылық – адам белсенділігінің жоғарғы бітімі. 
4. 
Ғылыми танымдағы интуицияның рӛлі. 
5. 
Кӛркем шығармашылықтың қоғамдағы рӛлі. 
6. 
Техникалық шығармашылық. 
7. 
Шығармашылық және белсенділік. 
8. 
Шығармашылық және рухани даму. 
9. 
Ғылыми шығармашылық және даму. 
 


 
136 
Тақырып № 13. Әлеуметтік философия 
 
1.  Қоғам  туралы  түсінік.  Қоғамдық  ӛмірді  философиялық 
пайымдаудың ӛзіндік ерекшеліктері. 
2.  Қоғам ӛздігінен дамитын жүйе ретінде. 
3.  Табиғат және қоғам. 
4.  Қоғамдық прогрестің алғы шарттары, кӛрсеткіші және 
тарихи типтері. 
 
1. Қоғам туралы түсінік. Қоғамдық ӛмірді философиялық 
пайымдаудың ӛзіндік ерекшеліктері. 
Философиялық  талдаудың  аса  күрделі  объектілерінің  бірі  – 
қоғам. Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой пiкiрлер, 
идеялар  мен  ұғымдар  алғашкы  қауымдық  қоғам  дәуiрінде-ақ 
қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай 
пайда  болды,  ол  қалай  дамиды,  дамудың  кӛздерi  мен  қозғаушы 
күштерi неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердiң байланысы 
қандай деген сұрақтар, ой-пiкiрлер мен идеялар тұрды. 
Қоғамдық құбылыстарды, процестердi, тарихты танып бiлуде, 
ӛзгертуде  философия  тарихында  материализм  мен  идеализмнiң 
арасында  ұдайы  қарама-қарсы  кескiлескен  күрес  болып  келдi. 
Жалпы  алғанда,  материализм  қоғамды,  оның  даму  заңдарын 
дұрыс,  ғылыми  тұрғыдан  түсіндiруге  ұмтылса,  идеализм, 
керiсiнше, ғылымға жат, қоғамдық практикаға сүйенбеген, оларды 
дiни тұрғыдан түсiндiруге тырысады. 
Қоғамның iлгерiлеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегi 
мен дене еңбегінің бӛлінуі, еңбекшi бұқараны қанаудың күшеюi – 
қоғам туралы ой-пiкiрлердi, идеяларды одан әрi дамыта түсті. 
Адамзат  қоғамы  –  табиғаттың  ерекше  бӛлiгi,  ол  табиғаттың 
ұзақ уақыт эволюциалық даму нәтижесінде пайда болды. Адамзат 
қоғамы әлемдегi барлық тiрi жүйенің жоғары, ерекше, сапалы даму 
дәрежесінің нәтижесi. Ол бір-бірімен тығыз, күрделі байланыстағы 
кӛптеген  элементтер  мен  жүйелерден  тұрады.  Қоғам  осы 
элементтер мен жүйелердің құр жиынтығы емес, ол үнемі дамып 
отыратын, құрамдас элементтері үнемі жаңарып, ӛзгеріп отыратын 
динамикалық жүйе. 


 
137 
Қоғам –адамдардың түрліше саналы қызметінің, іс-әрекетінің 
негізінде  қалыптасқан  адамдардың  тарихи  бірлігі.  Адам  қоғамда 
ӛмiр сүрiп, әрекет етедi, ол қоғамның ажырамас бiр бӛлiгi. 
Қоғамды  тарихи  қалыптасқан  адамдардың  бірігіп  ӛмір  сүру 
бітімдерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Ең алдымен, 
қауым  мен  қоғам  ұғымдарының  айырмашылығын  атап  ӛтейік. 
Қауым  ұғымында  қандас  туысқандық,  шығу  тегінің  жалпылығы 
алдыңғы  қатарға  шығады.  Ал,  қоғам  ортақ  мүдде  мен  келісім 
негізінде  парасат  пен  мақсатқа  сай  ұйымдасқан  адамдар  тобы 
ретінде  түсініледі.  Сол  сияқты  қоғам  ұғымын  «халық»,  «ұлт», 
«мемлекет» ұғымдарынан ажырата білу керек. Халық – ең алдымен 
тілі  мен  мәдениеті,  шығу  тегі  арқылы  байланысқан  адамдар 
қауымы.  Ұлт  –  бір  халықтың  (немесе  бірнеше  туыстас 
халықтардың)  ұйымдасу  бітімі.  Ұлтқа  мемлекеттілік,  адамдар 
арасындағы экономикалық, саяси. рухани байланыс тән. Мемлекет 
– заң мен құқыққа негізделген, халықтар мен ұлттардың ұйымдасу 
бітімі,  адам  ӛркениетінің  дамуының  нәтижесі.  Бұл  ұғымдар  бір-
бірімен тығыз байланыста болады. 
Тарихты жасайтын халық. Ол барлық материалдық игiлiктердi 
де,  рухани  игiлiктердi  де  ӛндiредi,  революция  жасайды.  Жеке 
адамдар халықтың ӛкiлi. Халық қашанда жеке адамдардан тұрады. 
Сӛйтiп,  тарихқа  жаңа,  материалистiк  кӛзқарас  қалыптасты. 
Бұрынғы  социологтар  табиғат  заңдары  мен  құбылыстарын 
материалистiк  тұрғыдан  түсіндiрiп  келгенімен,  тарихи  жағдайлар 
мен  таптық  шектеушiлiк  салдарынан  қоғамдық  ӛмiрдi  танып-бiлу 
саласына  материализмнің  ӛзін  қолдана  да,  тарата  да  алмады, 
қоғамды жалпылама, абстрактiлi қарастырды. 
Қоғамды  философиялық  және  жалпы  әлеуметтік  тұрғыдан 
зерттеудің 
арасында 
елеулі 
айырмашылық 
бар. 
Әлеуметтанушылардың  қоғамды  зерттеудегі  басты  назары  оның 
әлеуметтік құрылымына ауады. 
Философияның  назарыңда  тарихи  процестің  бағыттылығы, 
оның мәні, мақсаты, қозғаушы күштері мәселелері тұрады. Қоғам 
ұғымының  философиялық  мәні  жеке  адамдарды  (индивидтерді) 
белгілі  тұтастыққа  біріктіретін  байланыс  типтерінің  ерекшелігін 
анықтауда.  Мұндай  байланыстардың  негізгі  типтері  ретінде 
Августин мен Фома Аквинский рухани типтерді, XVII – XVIII ғғ. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау