Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет52/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61

 
159 
қиналған  адамға  шын  ниетімен  кӛмектесуге  әрқашанда  дайын 
тұруы десек артық айтпаған секілдіміз. 
Адамның  рухани  әлемінің  қалыптасуына  адамгершілік, 
моралдық  тәрбиенің  орны  ерекше  деуге  болады.  Философия 
тарихында бірде-бір ұлы ғұламалар адам мәселесіне, адамгершілік, 
мораль  тақырыбына  соқпай  кетпеген.  Аты  әлемге  жайылған 
ғұлама,  «Екінші  ұстаз»  аталған  Әль-Фарабидің  философиялық-
этикалық ойларында терең гуманизм лебі еседі. Ол адам баласын 
жаратылыстың  ең  биік  шоқтығы  деп  түсініп,  жоғары  бағалау 
керектігін айтады. Адамгершілік адамның бір-бірімен және сыртқы 
дүниеге қатынасын білдіреді. Адамның қоғамдағы іс-әрекетін және 
адам  мен  қоғам,  адам  мен  адам  арасындағы  қатынастарды 
реттеудің  негізгі  тәсілдерінің  бірі.  Ол  шындық  дүниені  тануға 
тереңірек  үңіледі,  оның  адамгершілік  мәнін  табуға  тырысады. 
Қоғамдағы  құбылыстар  мен  үрдістерді  гуманистік  тұрғыдан 
қарастырады.  Адамдардың  іс-әрекетін,  жүріс-тұрысын  барлық 
деңгейде  реттей  отырып,  тәрбиенің  барлық  түрін  қамтиды.  Жеке 
және  қоғамдық  мүдденің  гармониялық  үндестігін  қамтамасыз 
ететін  ізгілікті  идеалдар  мен  мақсаттар  арқылы  тәрбиеге  дұрыс 
әлеуметтік бағдар береді. Сондықтан адамгершілік тәрбие адамның 
санасы  мен  рухани  мәдениетінің  қалыптасуында  маңызды  роль 
атқарады. 
Адам  кӛп  жақты  дүниеде  әр  түрлі  қатынасқа  түседі.  Сыртқы 
дүниені  ӛз  мақсатына  қарай  ӛзгерте  отырып,  ӛзі  де  үнемі  ӛзгеріс 
үстінде  болады.  Ӛйткені  оған  ӛзі  ӛмір  сүріп  жатқан  орта, 
айналасындағы  адамдар,  отбасы  т.б.  әсер  етпей  қоймайды.  Олай 
болса,  адам  қашанда  ӛмір  сүрген  ортасының  және  алған 
тәрбиесінің жемісі. Алдымен тәрбиешінің ӛзі тәрбиелі болуы тиіс. 
Студенттерге  әрбір  адамның  тәрбиеші  екенін  және  де  әрбір  адам 
ӛзіндік  тәрбиемен  айналысуы  керек  екендігін  түсіндірген  абзал. 
Ӛзіндік  тәрбие  –  бұл  адамның  ӛзін  тұлға  ретінде  жетілдіруге,  ӛз 
мүмкіндігін толығырақ іске асыруға бағытталған саналы іс-әрекеті. 
Ерік  –  жігер,  шыдамдылық,  ұстамдылық,  еңбекқорлық  секілді 
сапалы  қасиеттерді  ӛзінің  бойына  сіңіруі,  санасына  тоқуы. 
Орыстың  ұлы  педагогы  Ушинский  ӛзіндік  тәрбиені  ӛзінің  ерік-
сезімдеріне  иемдене  басқара  алатын,  ӛзіндік  ойлай  алатын 
адамдарды  қалыптастыру  деп  түсінді.  Ол  адамның  ӛзінің  мінез-
құлқын жетілдіру мен ерік-жігерін нығайту үшін істеген әрекетіне 


 
160 
үлкен мән берді. Әрбір адамның ӛзіне тән кӛптеген кемшіліктері, 
ӛзіне ұнамайтын әдеті, қимылы бар екені сӛзсіз. Кемшіліксіз адам 
болмайды дейді халқымыз. Бірақ, әрбір адам осы кемшіліктермен, 
ӛзіне ұнамсыз әдеттерімен үнемі үздіксіз күресе білуі керек. Яғни, 
адам  ӛзіндік  тәрбие  барысында  ӛзін  жетілдіру  үшін  ӛзімен-ӛзі 
күресуі қажет. Ӛзін-ӛзі жеңген адам – рухани даму жолына түскен 
адам,  оған  басқаларды  басқару,  ӛзінің  соңынан  ерту,  қиынға 
соқпайды. 
Рухани  даму  –  бұл  адамгершіліктен  тыс  іс-әрекеттерден, 
нәпсіқұмарлық,  пайдакүнемдік,  мансапқорлық,  кӛрсе  қызырлық 
т.б.  адамның  табиғатына  жат  қасиеттерден  арылып,  адамның 
ақиқат жолына түсе бастауы, адам деген атқа лайықты ӛмір сүруі 
деуге  болады.  Рухани  даму  жолына  түскен  адамның  жан-дүниесі 
тазарып,  оның  ой-санасының  ӛскені,  белгілі  бір  деңгейге 
кӛтерілгені байқалады. 
Руханилықтың  қыры  мен  сырын  жан-жақты  зерттеп  жүрген 
ғалымдардың  бірі  Нұрмұратов  С.Е.  адамның  рухани  дамуы  мен 
шығармашылығын үйлесімді байланыстырады.  «Адамның рухани 
дамуының  тағы  бір  кӛрінісі  –  оның  шығармашылығы.  Ол  адамға 
тән  еркіндіктің,  әркімнің  дарындылығының,  шынайылылықтың, 
еңбекқорлықтың  әлеуметтік  практикада  жүзеге  асуы  болып 
табылады.  Әрбір  еңбектің  нәтижесі  шығармашылықтан  туындап 
отырса, 
онда 
дүниедегі 
кӛптеген 
қайшылықтардың 
шешілгендігінің белгісі болар еді. Бірақ, тұлға ретінде қалыптасып 
келе  жатқан  жеке  индивид  кӛп  жағдайда  ӛз  қалауына  сәйкес 
келмейтін  істерді  атқару  кезеңінен  ӛтеді.  Міне,  осы  сынақтардан 
сүрінбей  ӛту,  яғни,  қандай  еңбекті  болса  да  шынайылықпен 
атқаруға тырысу рухани даму жолына түскен азамат үшін міндетті 
асу болып табылады. Сынақтың үлкені мен кішісі жоқ, күнәнің де 
маңызды, 
маңызсызы 
болмайды. 
Адам 
барлығына 
да 
жауапкершілікпен  қарағаны  жӛн.  Сонда  ғана  ол  ӛзінің  «Менін 
«биік деңгейге дейін жетілдіре алады». 
Рухани  дүниесі  байыған  адамның  ой-ӛрісі  тереңдеп, 
айналасына  жаңа  кӛзқараспен,  шығармашылық  тұрғыдан  қарай 
бастайды. 
 
Негізгі ұғымдар 
Мәдениет. Ӛркениет. Зиялылық. Әсемдік. Құлықтылық. Руханилық. 


 
161 
 
Бақылау сұрақтары 
1. 
Мәдениет мәселелері неге ӛзекті мәселеге айналып отыр? 
2. 
Мәдениетті философиялық талдаудың ерекшеліктері неде? 
3. 
Мәдениет пен ӛркениет ұғымдарының арақатынасы қандай? 
4. 
Қандай ӛркениет типтерін білесіз? 
5. 
Рухани және материалды мәдениеттің айырмашылығы мен ұқсастығы 
неде? 
6. 
Мәдени  этноцентризм  мен  мәдени  релятивизмнің  арақатысын 
кӛрсетіңіз? 
7. 
Мәдениеттің дамуына табиғи жағдайлар тіл, жазу, тәрбие қалай әсер 
етеді? 
 
Реферат тақырыптары 
1. 
Мәдениет және адамдық әрекет. 
2. 
Мәдениет және ӛркениет. 
1. 
З. Мәдениеттер сұхбаты мәселесі. 
3. 
Рухани құндылықтар және мәдениет. 
4. 
Қазақ халқының мәдениетінің қалыптасуы. 
5. 
Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі рухани құндылықтар. 
6. 
Руханилық және адам әлемі. 
7. 
Тәуелсіз Қазақстандағы қазақтың ұлттық мәдениеті 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау