Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет43/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61

 
132 
Олардың шығармашылық іс-әрекеті бүкіл қоғамның рухани дамуға 
жол ашты. 
Адамдағы  шығармашылық  инстинкт  –  пайдакүнемдіктен  тыс 
болатын инстинкт. Мұнда шығармашылық адамы ӛзінің пайдасын 
ойламай, шығармашылық барысында ӛзін-ӛзі ұмытып, бар ынтасы, 
жігері,  мақсаты  басқаға  ауады.  Шығармашылық  адамы  шығарған 
ғылыми 
жаңалықтарды, 
кӛркем 
шығармаларды, 
кӛркем 
туындыларды  ӛзге  де  адамдар  қолданып,  ӛздерінің,  қоғамның 
мақсатына жұмсайды. Ойлау деңгейі кеңейіп, рухани дүниесі байи 
түседі.  Рухани  дүниесі  байыған  адамның  ой-ӛрісі  тереңдеп, 
айналасына  жаңа  кӛзқараспен,  шығармашылық  тұрғыдан  қарай 
бастайды. Ал, шығармашының ӛзі пайдакүнемдіктен тыс бейкүнә 
болып қала береді. 
Ертелі-кеш  ойлар  мазалап,  толғанып,  түнімен  ӛлең  жазып, 
«ӛлең азабын мен кӛремін, ал, әдемі жыр оқып, одан ләззат алып, 
қызығын  басқа  адамдар  кӛреді»  –  деп  жазады  халқымыздың 
кӛрнекті ақыны Қадыр Мырзалиев. (4) Шығармашылықтан рухани 
құндылықтар  туындайды.  Ұлы  ақындарымыз,  философтар, 
жазушыларымыз  жазып  қалдарған  дүниелер  ұрпақтан  ұрпаққа 
жетіп,  баға  жетпес  рухани  құндылықтарға  айналады.  Осы  рухани 
құндылықтардан  сусындаған  адамдар  рухани  даму  жолына  түсіп, 
ел  тағдары,  келер  ұрпақ  жайы  ой  толғанып,  жан-жақты  дами 
бастайды. 
3. 
Әлеуметтік 
шығармашылықтың 
ерекшелігі. 
Шығармашылық  ӛзінің  бағытталған  объектісіне  байланысты 
ғылыми 
шығармашылық, 
кӛркем 
шығармашылық 
және 
техникалық  шығармашылық  болып  бӛлінеді.  Ал,  әлеуметтік 
шығармашылыққа  келсек,  оның  қоғамдағы  алатын  орны  мен 
шығармашылықтың  басқа  түрлеріне  қандай  қатынасы  бар  деген 
мәселелерге  тоқталуды  қажет  етеді.  Әрине,  шығармашылықтың 
барлығы  әлеуметті.  Ӛйткені,  ол  тек  қоғамда  болады,  белгілі 
қоғамдық  маңызы  бар  мәселелерді  шешеді.  Ал,  әлеуметтік 
шығармашылық  ол  қоғамның  ӛзін  ӛзгерту,  құру  секілді  іс-
әрекеттерді  қамтиды.  Былайша  айтқанда,  жаңа  әлеуметтік 
мекемелер,  қоғамдық  қатынастар  тудыратын  іс-әрекеттердің 
жоғарғы формасы деуге болады. 
Әлеуметтік  шығармашылықты  кең  мағынада  және  тар 
мағынада  қарастыруға  болады.  Кең  мағынада  алғанда  ол 


 
133 
шығармашылықтың  барлық  түрлерін  және  типтерін  жинақтатып, 
қорытындылайтын  іс-әрекет  десек,  тар  мағынада  –  ӛз  объектісі  – 
қоғамдық қатынастар, бар іс-әрекеттің ерекше формасы. 
Әлеуметтік  шығармашылықтың  кӛптеген  сипаты  бар.  Оның 
объектісін,  субъектісін,  мақсатын  және  нәтижесін  қарастыру 
қажет.  Шығармашылықтың  субъектісіне  жеке  адамды,  тұтас 
ұжымды  және  халық  бұқарасын  жатқызуға  болады.  Ал,  оның 
объектісіне  барлық  қоғамдық  катынастардың  жиынтығын, 
материалдық,  рухани  және  әлеуметтік  қатынастарды  жатқызуға 
болады. Әлеуметтік шығармашылықтың мақсаты – адамның жан-
жақты, еркін дамуына жол ашатын жаңа қоғам құру, оны жаңарту 
болып  табылады.  Әлеуметтік  шығармашылықтың  нәтижесін 
жаңадан  пайда  болған  материалды  және  рухани  байлықтардан, 
ӛндіргіш  күштерден,  мәдениет  жетістіктерінен  кӛруге  болады. 
Әлеуметтік  шығармашылықтың  даму  кӛзі  мен  механизміне 
тоқталайық.  Диалектика  принципі  бойынша  кез  келген  дамудың 
кӛзі  қарама-қайшылықтың  күресі  болып  табылады.  Әлеуметтік 
шығармашылық  үнемі  даму  үстінде  тұратын  процесс.  Оның 
дамуының негізінде қайшылықтар күресі жатыр. Мұнда жаңа мен 
ескі  арасындағы  күрес  болады.  Бірақ,  бұл  жеткіліксіз,  тым 
жалпылама.  Әрине,  шығармашылық  кең  мағынада,  әлеуметтік 
прогрестің  негізгі  қайшылығына  кӛрінеді.  Бұл  қайшылық 
шығармашылықтың  әлеуметтік  субъектісімен  бүкіл  қоғамдық 
процестер  арасындағы  қайшылық.  Адамның  еңбек  процесінде 
қалыптасатыны  белгілі.  Ендеше  шығармашылық  қабілет  те, 
дүниеге 
шығармашылық 
қатынас 
та 
еңбектен 
туған. 
Шығармашылықтың  түрлері  және  соған  сәйкес  қабілеттіліктер 
адамның  ӛзінің  дамуымен,  қалыптасуымен  бірге  ӛсіп  отырады. 
Сӛйтіп, тарихи мәдениеттің нәтижесі, жемісі болып қалады. 
Сыртқы 
дүниеге 
осындай 
қатынас, 
шығармашылық 
қатынастың шығуының тікелей алғы шарты – қоғамдық практика 
деп  айтуға  болады.  Дүниеге  қатынастың  осындай  түрі  адамның 
сыртқы  дүниені  мақсатына  қарай  ӛзгертуін,  қоғам  мен 
мәдениеттің,  адамның  ӛзінің  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Бұдан  біз 
кӛріп  отырғанымыздай,  шығармашылықты  еңбектің  ажырамас 
қасиеті  ретіндегі  адамның  ӛзіндік  дамуының,  оның  ішкі  жан-
дүниесі  қалыптасуының  құралы  деп  айта  аламыз.  Яғни, 


 
134 
шығармашылық  –  еңбектің  ажырамас  қасиеті,  адамды  ӛзіндік 
дамуға, оның жан –жақты қалыптасуына үлкен ықпал етеді. 
Сонымен  қатар,  кез  келген  еңбекті  шығармашылық  іс-әрекет 
деуге  болмайды.  Еңбектің  шығармашылық  емес  тұстары  да 
болады.  Ол  бірқалыпты,  үнемі  қайталана  беретін  еңбек.  Ондай 
еңбек 
адамды 
жалықтырады, 
ешқандай 
қызығушылық 
тудырмайды.  Оның  рухани  сұранымын  қанағаттандырмайды. 
Адамның рухани дамуына, тіпті, тежеу болады деп айтуға болады. 
Сондықтан,  адам  жан-жақты  дамимын,  жетілемін  десе,  ол 
шығармашылық элементі бар еңбекпен айналысуы керек. 
Шығармашылық 
іс-әрекеттің 
дамуына 
субъектің 
белсенділігінің  ролі  үлкен.  Субъект  белсенділігі  табиғатта  ғана 
емес,  әлеуметтік  ӛмірді,  мәдениетті  ӛзгертуге  бағытталады. 
Субъект  қоғамдық  мәселелерге  кӛп  жақты  байланысқа  түскен 
сайын,  оның  белсендігі  жоғарылай  береді.  Шығармашылық  іс-
әрекетте  шешуші  рӛлді  субъективті  фактор,  тұлға  белсенділігі 
атқарады екен. 
Сондай-ақ,  адамның  ӛздік  тәрбиесін  де  шығармашылық  іс-
әрекетке  жатқызуға  болады.  Ӛзіндік  тәрбие  –  адамның  ӛзін  тұлға 
ретінде  жетілдіруге,  ӛзінің  мүмкіндігін  толығырақ  іске  асыруға 
бағытталған  саналы  іс-әрекеті.  Ерік-жігер,  шыдамдылық, 
қайырымдылық,  ұстамдылық  секілді  сапалы  қасиеттерді  ӛзінің 
бойына  сіңіруі,  санасына  тоқуы.  Адам  ӛзіндік  тәрбие  барысында 
ӛзін  жетілдіру  үшін  ӛзімен  ӛзі  күресуі  қажет.  Ӛзін-ӛзі  жеңген 
адамға басқаларды басқару, ӛзінің соңынан ерту, тәрбиелеу қиынға 
соқпайды. 
Адам 
практикалық, 
шығармашылық 
іс-әрекет 
барысында,  сыртқа  дүниеге  белсенді  әрекет  ету  арқылы  оны  ӛз 
мақсатына  қарай  ӛзгертеді,  сӛйтіп,  осы  процесте  ӛзі  де  дамиды. 
Былайша  айтқанда,  адам  ӛзін-ӛзі  қалыптастырады.  Үнемі  ӛзгеріс 
үстінде болады. Кӛпжақты дүниеде әртүрлі қатынасқа түседі. Оған 
сыртқы  орта,  адамдар,  ӛзгеріп  отыратын  жағдай,  жан  ұя  т.б.  әсер 
етпей  қоймайды.  Олай  болса,  адам  белгілі  жағдайда  сыртқы  орта 
мен  тәрбиенің  жемісі  деп  айтуға  болатын  секілді.  Ұлы  Абай 
атамыз «тәрбиеге кӛнбейді деген адамның тілін кесер едім «деген 
сӛзін  бекер  айтпаған  болар.  Алдымен,  тәрбиешінің  ӛзі  тәрбиелі 
болу  тиіс.  Ол  үшін  тәрбиеші,  әрбір  адам  ӛзіндік  тәрбиемен 
айналысуы  керек.  Бұл  –  шығармашылық  іс-әрекет  болып 
табылады. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау