Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет40/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61

 
122 
сыртқы  табиғи  ортаны  да,  ішкі  әлеуметтік  ортаны  да  ӛзгертуге 
бағытталған. Әлеуметтік орта – ол ешбір жануарларда болмайтын 
қоғамдық  практиканың  дара  нәтижесі  және  сол  практиканың  ӛзі. 
Сонымен,  практика  дегеніміз  –  адамдардың  ерекше,  белгілі  бір 
мақсатқа  бағыттаған  іс-әрекеті.  Практика  танымның  негізі  және 
мақсаты болып табылады, ол сондай-ақ ақиқаттың ӛлшемі ретінде 
кӛрінеді. 
Адамдар табиғи күштерді олардың ӛзіндік заңы бойынша ғана 
ӛзгерте  алады.  Дүниенің  объективтік  мәнін,  заңдылықтарын 
бейнелеп,  идеялар  түрінде  ӛзгертіп,  дамыта  алатын  адамның 
ойлауы  осыңдай  практиканың  ғана  нәтижесі.  Маркске  дейінгі 
философтар  практиканың  мәнін  дұрыс  түсіне  алмады.  Олар 
адамның іс-әрекеттік мәнін материалдық дүниеден бӛліп алып, тек 
идеалдық іс-әрекет ретіңде қарастырды. 
Адамдар  практикалық,  материалдық  іс-әрекет  процесінде 
сыртқы дүниені ӛзгертіп, жаңа рухани және материалды мәдениет 
жасайды.  Осы  қатыста  адамның  ӛзі  де  үнемі  ӛзгеріп,  жан-жақты 
дамып отырады. Осылайша материалдық дүниені ӛзгерту – барлық 
шығармашылық белсенділіктің негізі болып саналады. 
Практика  категориясы  философияда  үлкен  орын  алады. 
Практиканың  кӛмегімен  адамның  болмыс  құрамындағы  орнын, 
оның табиғатпен ӛзара қарым-қатынасын анықтауға болады. Адам 
дамуында  биологиялық  процестер  қоғамдық  дамуға  бағынышты. 
Адамдардың  ӛзгеруі  биологиялық  ӛзгерістердің  нәтижесі  емес. 
Керісінше.  олар  қоғамдық  практикада  ӛзгереді.  Осыған  сәйкес 
практикада  дүниенің  мәнін  ӛзгертіп,  ӛз  мәнінде  ойландыру  адам 
организміндегі  биологиялық  ӛзгерістермен  дара  іске  аспайды.  Ол 
мәңдерді қалыптастыруда адамдар ӛз организмінен тыс заттар мен 
процестерде  ӛзгерістер  туғызу  барысында  ғана  мүмкін  болатын 
нәрсе.  Соңдықтан  да  адамдардың  практикалық  іс-әрекеттері 
материянын  дамуының  басқа  формаларына  тіпті  ұқсамайтын 
ӛзгеше бір типі. 
Практиканың  екінші  жағы  –  затсыздану  процесі.  Терілген 
объективтік  мәндер,  күштер  мен  олардың  зандылықтары  сол 
қалпында сақтау үшін емес, келесі практикалық процесте қолдану 
үшін қажет. Олар үнемі жаңа практикалық процеске тартылып, іс-
қимыл,  процесс  формасына  ауысып  отырады.  Қоғамдық 


 
123 
практикада  ӛңделіп,  сұрыпталған  мәндер,  күштер  ӛзінің 
объективтік мазмұнын ұлғайта береді. 
Бір  сӛзбен,  қорыта  айтқанда
,
  практика  –  адамдардың 
күнделікті,  іс-әрекеттерінің  барлық  формаларына  негіз  болып 
табылады 
3.  Тұлға  және  оның  қоғамдағы  әлеуметтік  рӛлі.  Тұлға 
ұғымының  мәнін  адам  және  қоғам  диалектикасы  тұрғысынан 
түсінуге  болады.  Тұлғаны  қоғамдық  қатынастардың  субъектісі 
және нәтижесі деп қарастыра аламыз. Тұлғаның табиғи негізі оның 
биологиялық  –  тәндік  ерекшеліктерімен  байланысты  болғанмен, 
тұлғаның  мәнін  айқындайтын  табиғи  қасиеттер  емес  (мысалы, 
жоғары жүйке қызметінің типі), әлеуметтік маңызы бар қасиеттері 
(адамгершілігі,  дарын-қабілеті,  дүниетанымы  және  т.б.).  Тұлғада 
жалпы мен жалқының, ерекшеліктің диалектикасы кӛрініс табады. 
Тұлғаға  ӛз  әрекетін  құндылық  тұрғысынан  бағалау,  ӛмірдің  мәні 
мен  мақсатын  сезіну,  қабілетін,  арман-мұратын  жүзеге  асыру 
жолында ерік-жігерін жұмылдыра білу тән. Тұлғаның қайталанбас 
қасиеттері, іс-қимылы ерекшелік ұғымында кӛрініс табады. 
Тұлға  мен  даралық  (иңдивидуальность)  ӛте  жақын  ұғымдар. 
Оларды  синонимдер  ретінде  де  қолданады.  Алайда,  бұл 
ұғымдардың  арасында  байқала  бермейтін  айырмашылық  бар. 
Даралық  –  адамның  басқалардан  ӛзгешелігін  айқындайтын 
психологиялық  ерекшелігінің  жиынтығы  болса,  тұлға  ұғымы 
адамда қарым-қатынас пен мәндік әрекет барысында қалыптасқан 
жүйелі  әлеуметтік  қасиеттерді  және  жеке  адам  бойында  кӛрініс 
табатын қоғамдык катынастардың сапасы мен деңгейін бейнелейді. 
Жеке  адамды  белгілеу  үшін  «индивид»  ұғымы  да  қолданылады. 
Бұл ұғым адамның адамзат тегіне (оның әлеуметтік қасиеттері мен 
психологиялық 
ерекшеліктері 
бұл 
жерде 
ескерілмейді) 
жататындығын кӛрсетеді. Индивид ұғымында (мысалы, жаңа туған 
сәби)  адам  болу  мүмкіндігі  кӛрініс  табады.  Сәби  әлеуметтену 
барысында  (салт-дәстүрлерді,  құндылықтарды  және  т.б.  игеру) 
әлеуметтік қасиеттерге ие болуға тұлға ретінде қалыптасады. 
Тұлғаның  мәндік  сипатын  ашуда  оның  ӛзіндік  санасы,  ерік-
жігері, мінез-құлқы, әлеуметтік белсенділігі, ӛзінің құқықтары мен 
міндеттерін түсінуі, таңдау еркіңдігі маңызды рӛл атқарады. 
Тұлғаның  бас  бостандығы  туралы  айтқанда  тандау  еркі  мен 
ерікті  таңдау  мәселесіне  назар  аудару  қажет.  Адамның  сыртқы 


 
124 
ықпалсыз,  күштеусіз  әрекет  ете  алуы  оның  бостандығының 
құрамдас  бӛлігі,  бұл  тұлғаның  ерікті  таңдауымен  байланысты. 
Алайда  таңдау  еркінің  екінші  жағы  –  жауапкершілік. 
Жауапкершілік  –  тұлға  әрекетінің  реттеушісі,  оның  әлеуметтік 
және құқықтылық кемелділігінің кӛрсеткіші. 
Біз  тұлғаның  мәндік  сипаттамаларына  тоқталып  ӛттік.  Еңді 
оның  функционалды  сипаттамаларын  құрастыруға  кӛшейік.  Бұл 
жерде  «әлеуметтік  рӛл»  ұғымына  назар  аудару  қажет.  Аталмыш 
ұғым  адамның  әлеуметтік  статусы  мен  позициясына  қарай 
айқындалатын  жүріс-тұрысын  білдіреді.  Әрбір  адам  қоғамда 
кӛптеген  рӛл  атқарады  (мысалы,  саяси  қайраткер,  ұстаз,  офицер 
және  т.б.).  Тұлғаны  әлеуметтік  рӛлдер  тұрғысынан  талдаудың 
ғылыми  маңызы  зор.  Алайда,  адам  әрекеті  тек  әлеуметтік 
рӛлдермен шектелмейді, сол сияқты тұлға құрылымын әлеуметтік 
рӛлдер  жиынтығына  кіргізе  салуға  да  болмайды.  Керісінше, 
мұндай жағдайда тұлғаның жасампаздығы, еркі, ӛзіндік ерекшелігі 
назардан тыс қалады.  Жоғарыда біз адам әлеуметтену барысында 
тұлға  ретінде  қалыптасатындығын  атап  ӛттік.  Әлеуметтену 
дегеніміз  –  адамның  белгілі  бір  әлеуметтік  рӛлдер  жүйесі  мен 
мәдениетті игеруі. Әлеуметтену үш кезеңнен тұрады: 
1. Бастапқы немесе балалық шақтағы әлеуметтену. 
2. Аралық немесе жасӛспірім кездегі әлеуметтену. 
3. Тұрақты немесе қалыптасқан, ересек адамның әлеуметтенуі. 
Баланың әлеуметтенуі сәбидің дүниеге келуінің алғашқы 
жылдарынан  басталады,  ал  5-6  жаста  баланың  әлеуметтенуі 
негізі  қаланады.  Жасӛспірім  кездегі  әлеуметтену  туралы  сӛз 
қозғағанда осы кезеңде адам бойында орын алатын физиологиялық 
және  психикалық  ӛзгерістерді  ұмытпаған  жӛн.  Бұл  кезең  17-18 
жасқа дейінгі кезеңді қамтиды.  Жас адамның мамандық таңдауы, 
еңбек  жолын  бастауы  осы  кезге  сай  келеді.  Әлеуметтену  процесі 
білім алып, мамандықтың айқындалуымен, жүйелі кӛзқарастардың 
қалыптасуымен  аяқталады.  Бұл  жерде  тұлғаның  ӛзін  ӛзі 
қалыптастыру  мәселесі  сӛз  болады.  Тұлғаның  ӛзін  шындықта 
жүзеге  асыруы  тек  қоғамға  ғана  емес  оның  ӛзіне  де  байланысты. 
Әрине,  қоғам  мен  мемлекет  адамның  жан-жақты  дамуы  үшін 
барлық  жағдайлар  жасауға  тиіс.  Адам  еркіндігі  артып  отырған 
жағдайда тұлғаның ӛзін-ӛзі тәрбиелеуінің, ісіне жауапкершілікпен 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау