Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет42/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61

 
129 
Шығармашылықты түсіндіргенде тек заттық нәтижемен шектелуге 
болмайды.  Мәселен,  нәтижесіз  аяқталған  ғылыми  экспериментті, 
ізденісті,  балалардың  ӛзіндік  ойынын  шығармашылық  емес  деп 
айтуға болмайды. Ӛйткені, жаңаға барар жолдың ӛзі, осы жолдағы 
ұмтылыс,  ізденістер  де  шығармашылық  бола  алады.  Сондай-ақ, 
адамның  ӛзінің  алдына  қойған  мақсаты,  оған  жету  жолындағы 
ӛзіндік іс-әрекеттері, ой-қиялы да т.б. шығармашылық бола алады 
екен. Шығармашылық кӛрсеткіші жасалынған, пайда болған жаңа 
нәрсе  ғана  емес,  ол  дүниені,  сыртқы  ортаны  меңгеру,  ӛзгерту 
барысында адамның ӛзінің еркін, жан-жақты, әмбебап дамуы деуге 
болады. Ӛйткені, осы шығармашылық үрдісте жаңа пайда болсын 
немесе  болмасын,  ең  бірінші,  адамның  ӛзі,  оның  сыртқы  дүниені 
ӛзгерту қабілеттілігі дамиды. Ең бастысы, шығармашылықта адам 
сыртқы  дүниені  ӛзгертуші  және  сол  уақытта  ӛзін-ӛзі 
қалыптастырушы 
субъект 
ретінде 
кӛрінеді. 
Мұны 
шығармашылыққа философиялық тұрғыдан қараудың бір кӛрінісі 
деуге  болады.  Философия  шығармашылықты  адамның  мәндік 
сипаты ретінде қарауды ұйғарады. Адам шығармашылық үрдісінде 
ӛзін-ӛзі 
қалыптастырып, 
тұлға 
ретінде 
дамиды. 
Шығармашылықтың  басты  кӛрсеткіші  адамның  ӛзіндік  дамуы 
болып  табылады.  Ал,  шығармашылықтың  негізі  –  заттық  – 
практикалық іс-әрекет және рухани іс-әрекет болып табылады. 
Адамды ӛзіндік дамуға бағыттау – шығармашылықтың басты 
ерекшеліктерінің  бірі  деуге  болады.  Бұл  үрдіс  жас  баланың  тілі 
шығып,  сыртқы  ортаны  тануға  ұмтыла  бастаған  шағынан, 
балабақшадағы,  мектептегі  кезеңдерде  кең  етек  жаюға  тиіс. 
Жеткіншектің  келешекте  үлкен  шығармашылық  тұлға  болып 
қалыптасуының  ең  қажетті  негізі  осы  кезеңде  жатыр.  Сонымен, 
шығармашылыққа  қандай  анықтама  беруге  болады.  Әрине,  кез 
келген  анықтама  құбылысты  толық,  жан-жақты  аша  алмайды. 
Шығармашылық 
адамның 
іс-әрекетінің 
жоғары 
түрі. 
Шығармашылық  –  тек  адамға  ғана  тән  дамудың  ең  жоғарғы, 
ерекше формасы. Ол адам болмысының тәсілі, ӛзіндік іс-әрекеттің, 
ӛзіндік  дамудың  формасы  деуге  болады.  Адамның  ӛзін-ӛзі  танып 
білуі де, сыртқы ортаны  тану, ӛзгертуі де тек  шығармашылық іс-
әрекет арқылы жүзеге асады. 
Сондай-ақ,  шығармашылықта  міндетті  түрде  еңбек  кӛрініс 
беруге тиіс. Адам еңбексіз ешқандай жетістікке жету мүмкін емес. 


 
130 
Мысалы, пианист күйсандықта ойнап, жаттығулар жасағанда, бұл 
–  еңбек,  бірақ  шығармашылық  емес,  дегенмен,  бұл  еңбекті 
шығармашылыққа  қажетті  еңбек  деуге  болады.  Ӛйткені,  еңбексіз 
шығармашылық 
болмайды. 
Еңбек 
– 
адам 
дамуының, 
шығармашылықтың  ең  маңызды  факторы  болып  табылады. 
Алайда,  ғұлама,  таланттар  үшін  бұл  фактор  қажетті,  бірақ 
жеткіліксіз.  Бұған  қоса  оларға  үйлесілген  кӛптеген  факторлар 
қажет.  Олар:  ата-бабадан  берілген  қабілеттілік,  сапалы  білім, 
ӛнегелі тәрбие. Сонымен қатар, таланттың дамуы, ӛркендеуі үшін 
қажетті  жағдай  болуы  шарт.  Сол  ӛмір  сүрген  қоғамы, 
айналасындағы адамдар түсінуі, қолдауы керек. Сонда талант иесі 
халықтың рухани сұранымының биігінен кӛрінері сӛзсіз 
2.  Шығармашылық  –  адам  белсенділігінің  жоғарғы 
формасы. 
Шығармашылық 
– 
кӛп 
жақты, 
күрделі 
іс-әрекет. 
Шығармашылық  құрамында  оның  мәні,  заңдылықтары  кӛрінеді. 
Шығармашылықтың  ең  қарапайым  құрылымы  екі  кезеңнен 
тұрады.  Біріншісі  –  мәселені  қою,  екіншісі  –  оны  шешу.  Бірақ 
мұңда  шығармашылықтың  ең  маңызды  кезеңі  түсіп  қалады. 
Шығармашылық  толығымен  алғанда  құрылымы  жағынан  4 
кезеңнен тұрады. 

Мәселені ойлау, оны құрастыру. 

Мәселені, тапсырманы шешу принципін табу. 
3.Табылған принципті, методты толықтыру, дамыту. 
4.Табылған жаңалықты практикаға ұсыну, кӛркем туыңдыны 
шығару. Бұл - мәселенің шешімінің соңғы кезеңі. 
Енді  шығармашылықтың  белсенділікпен  қарым-қатынасы 
қаңдай?  Осы  мәселені  қарастырайық.  Кейбір  философтар 
шығармашылық  мен  белсенділік  категорияларының  ұқсастығын 
дәлелдеп, оларды біріктіруге тырысады. Енді бірі – бұл біріктіруге 
үзілді- кесілді қарсы. Олардың ойынша белсенділік – ӛте кең ұғым. 
Бұл – барлық материалдық дүниенің қасиеті, ол ӛлі табиғатқа да, 
тірі  табиғатқа  да  тән  қасиет.  Ал,  шығармашылық  белсенділіктің 
тек бір түрі ғана. Ол тек адамдарға ғана тән, белсенділіктің ерекше 
әлеуметті 
түрі. 
Әрине, 
шығармашылық, 
субъектінің 
белсенділігінсіз іске аса алмайды. Белсенділік шығармашылықтың 
алғышарты  деуге  болады.  Егер  әлеуметтік  белсенділік 
шығармашылықтың субъектілік қасиеті десек, ал, шығармашылық 


 
131 
–  осы  субъектінің  белсеңді  кӛрінісінің  формасы  деуге  болады. 
Сондай-ақ,  шығармашылық  осы  әлеуметтік  субъектінің  әрі  қарай 
дамуына ықпал жасайды. 
Материалдық  және  моральдық  факторлар  да  шығармашылық 
дамуына үйлесімді әсер етеді. Әрине, адамға ӛзін және жанұясын 
камтамасыз  ету  үшін,  ӛмірлік  қажеттіліктерді  алу  үшін  істеген 
еңбегіне  материалдық  марапат,  қаражат  ӛте  қажет.  Материалдық 
жетіспеушілік  шығармашылық  адамын  мұқатады,  оны  тоздырып, 
жанұясымен  ажырасуға  дейін  алып  келуі  мүмкін.  Тіпті  қайғылы 
жағдайға  душар  болуы  мүмкін.  Қаншама  талант  иелері 
жоқшылықтан, жетіспеушілектен зардап шеккені ғылым мен ӛнер 
тарихынан  жақсы  белгілі.  Сонымен  бірге,  екінші  жағынан, 
материалдық игілік шығармашылық іс-әрекетке жеткілікті стимул 
бола  алмайтынын  кӛптеген  фактілермен  түсіндіруге  болады. 
Материалдық  игіліктің  жоғарғы  деңгейіне  жеткен  кӛптеген 
адамдар  ӛздерінің  қаржылары  мен  уақыттарын  игіліктің  басқа 
түрлерін иелену үшін, лауазымды биікке шығу үшін, дем алу үшін 
жұмсайды.  Ӛздерінің  шығармашылық  қабілетін  жетілдіруді  тіпті 
ұмытып та кетеді. Тым жоғары дәрежедегі жетістік, игілік адамды 
бұзуы, жалқаулыққа, жатып ішерлікке айналдыруы сӛзсіз. «Мамық 
тӛсек бӛстекке қарағанда адам үшін қауіпті» деген сӛз бар. 
Халқымыздың мәдениетінің тарихына ой салсақ, елдің рухын 
кӛтерген  қаншама  жоғары  дәрежедегі  шығармалар,  ӛнер 
туындылары  дүниеге  келген.  Ӛнер  адамдары,  танымал  тұлғалар 
ӛздерінің ӛміріне тӛнген қауіпке, қойылған тосқауылға қарамастан 
ӛздерінің  щығармашылық  туындыларын  жарыққа  шығарды.  Ол 
үшін  олар  ешқандай  ақы,  материалдық  кӛтермелеуді  қажет  те 
етпеді.  Оларды  осындай  ерлікке  итермелеген  қандай  күш?  Біздің 
ойымызша, 
қандай 
жағдай 
болса 
да, 
адамды 
үлкен 
шығармашылыққа  тартатын  қоғамға  кӛңіл  толмаушылық,  рухани 
жетіспеушілік.  Ӛмір  сүріп  отырған  ортасындағы  әділетсіздік, 
озбырлық  тұлғалардың  ашу-ызысан  туғызып,  шығармашылық  іс-
әрекет  жасауға  итермелейді.  Қаншама  ақын  –  жазушылар, 
күйшілер  осындай  моральдық,  рухани  жетіспеушіліктерді  ашық 
айтып,  ұлы  болып,  есімдері  мәңгіге  қалды.  Қазақтың  ұлы  ақын, 
күйшілері Абай, Құрманғазы, Махамбетті т.б. айтсақ та жеткілікті. 
Ғұлама  адамдарды  сол  дәуірдегі  саяси,  әлеуметтік  жағдайлардың 
ӛзі  қалыптастырып,  сахнаға  шығарды  деп  айтуға  әбден  болады. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау