40
Осылайша, Эпикур танымда негізгі рӛлді сезімдік танымға береді.
Сезім, түйсік арқылы ӛтпеген құбылыстарды ақыл-оймен тануға
болмайтынын айтады.
Эпикур материалистік кӛзқараста болғанымен құдайларды
жоққа шығармайды. Құдайлар ғарышта ӛздерімен -ӛздері ӛмір
сүруде. Олар адамдардың ӛміріне араласпайды. Егер адамдар ісіне
араласса, онда олардың рахат ӛмірі тоқтар еді деп пайымдайды
ойшыл.
Эпикурдің этика туралы ілімі қоғамда ерекше ілтипатқа ие
болып, оның даңқын кӛтерді. Философияның мақсаты – адамды
бақыты ету. Адам ӛлімнен, қасіреттен, о дүниеден қорқады. Екінші
жағынан, адам махаббаттан, сұлулықтан ләззат алуға ұмтылады.
Адам ӛзіне қорқыныштан қалай құтылып, рахатқа (ләззатқа)
қалай жақындауға болады деп сұрақ қояды. Ол таным арқылы
болады екен. Философияның мәні де сол. Ғарыштың табиғатын,
оның заңдылықтарын, қоғам заңдылық біліп, адам тыныштыққа,
рахатқа малынады. Еркін адамның ең жоғары ләззаты алуы таным
деуге болады.
Адамның ең басты ләззаты – адамгершілік пен әділетті, ақыл-
оймен ӛмір сүруі. Бірақ, барлық ойды тек денелік ләззатқа арнасақ,
онда ауруға, қайғыға т.б. ұшыраймыз. Ләззат алудың да шегі болу
керек. Адам оған салынып кетпеу керек. Ӛзін-ӛзі шектеп отыру
қажет.
Эпикур адамдарды ӛлімнен қорықпауға шақырады. Адамның
денесі мен жаны атомдардан құралғандықтан, адам ӛлгенде оның
жанын құрайтын жеңіл атомдар ұшып кетеді. Бұл – табиғи нәрсе.
Сондықтан «ӛлімнің бізге ешқандай қатысы жоқ. Біз бұл Дүниеде
болсақ, онда әлі ӛлім жоқ, ал ӛлім келгенде, біз жоқпыз» дейді
ойшыл.
Қоғам әділеттік принципке, қоғамдық келісімге негізделуі
тиіс.Осындай қоғамда ләззат алып ӛмір сүруге тырысқан адамдар
бір-біріне кедергі жасамайды, бір-бірімен қастаспайды. Эпикурдың
осы айтылған ойларынан мынадай қорытынды шығаруға болады.
Біріншіден, дүниені сезімдік таным арқылы танып білуге
болады;
екіншіден, дүниені тану – адамды нақты ӛмірде бақытқа
әкеледі;
41
үшіншіден, бақытқа жетудің басты шарты – адам ӛзін-ӛзі, ӛзінің
жанын белгілі деңгейге кӛтеру.
Яғни, құдай да, мемлекет те адамға бақыт бермейді. Бақыт –
адамның ӛзінде, яғни, бақытты сезіне, түсіне білуінде.
Осылайша, антикалық философия – ӛз дамуында ӛте биік
белеске жетті. Олардың теориялық, философиялық ойлары,
идеялары күні бүгінге дейін, екі мың жыл бойы бүкіл әлемдік
(европалық) философияның дамуына әсерін тигізуде.
Негізгі ұғымдар:
Апейрон. Логос. Космоцентризм. Натурфилософия. Идея. Форма. Майевтика.
Диалектика. Субстанция. Материя. Апория. Рационализм. Атомизм. Каноника.
Бақылау сұрақтары:
1.
Антикалық философия қандай кезеңдерден тұрады?
2.
Натурфилософтар кімдер және олар немен айналысты?
3.
Гректердің «Жеті данасы» кімдер?
4.
Апейрон, логос деген ұғымдар нені білдіреді?
5.
Элейлік Зенонның қандай «апориялары» бар?
6.
Философияда адам мәселесін философияның мәні ретінде қарастырған
кім?
7.
«Адам- барлық заттардың ӛлшемі» деген сӛзді айтқан кім және бұл сӛз
қандай мағананы білдіреді?
8.
Платонның айтуынша, мемлекетті кімдер басқаруы керек?
9.
Платон қандай ізгіліктерді атап кӛрсетті?
10. Демокрит пен Платонның философиялық бағыттарының арасында
қандай айырмашылық бар?
11. Аристотельдің форма және материя ұғымдарын қалай түсінесіз?
12. Аристотельдің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесі қандай?
13. Антикалық философияның классиктері шексіздік мәселесін қалай
шешкен?
Реферат тақырыптары:
1.
Антикалық философияның ерекшеліктері.
2.
Грек философиясындағы диалектиканың қалыптасуы.
3.
Болмыс идеясы және элейліктер мектебінің философиялық ілімдері.
4.
Атомистік ілімнің қалыптасуы.
5.
Сократ және сократтық мектептер.
6.
Платонның «идеялар әлемі» туралы ілімі.
7.
Аристотель философиясындағы болмыс, таным, мемлекет мәселелері.
8.
Стоиктер философиясы.
42
Тақырып № 4. Орта ғасырлық философия.
1. Орта ғасырлық христиан философиясының даму кезеңдері
және негізгі ерекшеліктері.
2. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасуы.
Әл- Кинди және Ибн-Сина философиясы.
3. Әл-Фараби философиясының әлеуметтік – этикалық
мәселелері.
1. Орта ғасырлық христиан философиясының даму
кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани ӛмірінің барлық
саласына діни идеология бүтіндей үстемдік етуі философияның
дамуына ӛз әсерін тигізді. Философия іс жүзінде дін иелерінің
қызметшісіне айналды. Орта ғасыр философиясы ұзақ кезеңді V-ХV
ғасырларды қамтыды.
Европада феодалдық қатынастардың қалыптасып, христиан
дінінің етек жайып таралуыны байланысты орта ғасырлық
философия 3 кезеңге бӛлініп қарастырылды:
1. Апологетикалық кезең ( қорғау) – б.д. II-III ғасырлары.
2. Патристикалық кезең (шіркеу әкелері) – б.д. III-VI ғ.ғ.
3. Схоластикалық кезең – б.д. IХ-ХV ғ.ғ.
Апологетикалық кезеңде грек философиясының орнына
христиандық діни философия жасауға тырысады. Құдайды
нақтылық деп танып, грек философиясының тән мен жан туралы
ілімін сынап, христиан дінінің тәрбиелік, ӛнегелік қағидаларын
ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыра бастайды.
Құдайдің мәні, әлемнің жаратылуы және адам табиғаты мәселелері
қарастырылады.
Патристика – мұнда шіркеу әкейлері ӛздерінің діни-
философиялық ілімдерін алғы шығарады. Августин Блаженный
айтуынша, адам туылмай жатып құдай алдын – ала оның ӛмірін,
тағдырын белгілеп қояды. Құдай барлық заттардың, құбылыстардың
ары қарай дамуына мүмкіндік береді. Адамдар шіркеуге бағынуы
керек, ӛйткені шіркеу құдай атынан сӛйлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |