Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет19/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61

 
58 
онша келе бермейді. Табиғат құбылыстарын, оның заттарын түгел 
саралау  мүмкін  емес.  Олар  шексіз  кӛп.  Сондықтан  ғыламда 
толымсыз  индукция  қолданылуы  керек.  Толымсыз  индукция 
негізінде  аналогия  бойынша  қорытынды  жасауға  болады.  Ол 
әрқашан  болуы  мүмкін  қорытынды  береді.  Мұнды  қатал  реттілік 
пен  қажеттілікті  қолданбау  керек.  Мәселен,  бірнеше  құбылыстың 
белгілі қасиеттерін тауып, сондай құбылыстын бәрінде сол қасиет 
бар деп қорытынды шығаруға болады. Осы толымсыз индукцияны 
мүмкіндігінше ретке келтіріп, оны жүйелеп, «таза индукция» жасау 
үшін, Бэкон ойынша, тек растайтын фактілерді ғана емес, сондай- 
ақ, терістейтін фактілерді  де, мағлұматтарды да іздеу, табу қажет 
деп есептейді. XVII ғасырда, жаңа жаратылыс тану ғылымдарының 
дамуы, Бэкон ойлағандай, дәлме – дәл келмейді. Индуктивті әдіс, 
қаншама  қалыптасқанмен,  ол  сайып  келгенде,  ғылым  ұмтылған 
жалпыға  ортақ,  қажетті  білім  бере  алмады.  Білім  құбылыстан 
мәнге,  одан  келесі  мәнге  ары  қарай  тереңдей  береді.  Алайда, 
адамға  нағыз  шын  объективті  білімге  жету  оңай  емес,  ӛйткені, 
әрбір  адамға,  субъектке  жаңылысушылық,  қателесу  тән,  ақиқат 
білімді танитын субъектің ӛзіндік ерекшелігі болады.. Сондықтан, 
ақиқат білімге жету мүмкін емес, ол үшін субективтік кедергілерді 
жоятын құрал табу керек дейді. 
Бэкон пікірінше, сана, ақыл – ой жалған «идольдардан» немесе 
елестерден  таза  болғанда  ғана  тәжірибе  ақиқат  білімдер  бере 
алады. Жалған «елестердің» тӛрт түрі бар.Олар: 
1.  «Үңгір  елестері».  Оның  бүкіл  адамзатқа  қатысы  жоқ,  тек 
жеке адамдардың тәрбиесінен, талғамдары мен түсінігінен туатын 
ӛзіндік қателіктер. Оны жою онша қиын емес. 
2. «Нарық елестері». Бұл – басқа біреулердің айтқан сӛздеріне 
сын  кӛзбен  қарамай,  сене  салудан  туатын  қателіктер.  Мұндай 
қателіктер  адамдардың  қарым  –  қатынасынан  тіл  арқылы 
туындайды. 
3. «Театр елестері». Бұл – беделді адамдарға кӛзді жұмып, сене 
салудан  туатын  қателіктер.  Жаңа  заман  ғылымының  принципі  – 
ешқандай беделге арқа сүйемей, тек тәжірибеге ғана сену керек. 
4.  «Тетіктер  елестер».  Бұл  –  адамның  тегінен,  ата-бабасынан 
берілген  мінез-құлық,  қасиеттерінен  туындайтын  түсініктер,  қате 
пікірлер.  Ол  адам  мәніне,  психологиясына,  ақыл  –  ойына  терең 


 
59 
тамыр  жайған.  Сондықтан  одан  босану  қиындау.  Елестердің 
ішіндегі ең қауіптісі. 
Ақыл – ой қисық айна секілді, оған түскен бейнені бұрмалап, 
қисық кӛрсетеді. Бұлай қисату, Бэкон ойынша, адамның табиғатты 
аналогия бойынша кӛтеруге тырысуы. Осыдан келіп адасушылық, 
бұрмалаушылық, қателік туындайды. 
Нағыз  ақиқат  білім  бізге  онымен  қолдану  үшін,  басшылыққа 
алу үшін керек. 
Сонымен,  қорыта  айтқанда,  ағылшын  философы  Бэконның 
ойынша, адамның, ғылымның негізгі мақсаты – табиғат күштерін 
игеру.  Табиғат  сырын,  заңдылықтарын  білген  адам,  оларды  ӛз 
қажетіне  жарата  алады,  яғни,  табиғатты  тану,  оны  ӛз  мақсатына 
қарай ӛзгерту, адамның негізгі мақсатының бірі.  «Дін мен ғылым 
бір  –  біріне  кедергі  жасамай,  әр  қайысы  ӛз  жолымен  ақиқатқа 
жетулеріне болады». 
Ф.Бэкон  ілімі,  творчествасы  XVII  ғасыр  философиясы  мен 
ғылымы  қалыптасқан  рухани  кеңістікке  күшті  әсер  етті.  Алайда, 
Бэкон  зерттеудің  тәжірибелік  әдісін  тым  асыра  бағалады,  ал, 
танымның  рационалдық,  ақыл  –  ой  бастауына,  әсіресе, 
математикаға  жете  мән  бермеді.  Бұл  жетіспеушілікті  ӛз  кезегінде 
француз  ойшылы,  математигі  Рэне  Декарт  (1596-1650) 
толықтырды. 
Жаңа жаратылыс  тануды  негіздеу мақсатымен Декарт жалпы 
адам танымының табиғаты туралы мәселені кӛтерді. Еңбегі: «Тәсіл 
туралы  ойлар»,  «Бірінші  философия  туралы  метофизикалық 
ойлар»,  «Философия  бастамасы»  т.б.  Бэконнан  айырмашылығы, 
Декарт  танымдағы  рационалдық  бастаудың  маңызына  кӛп  мән 
берді.  Оның  ойынша,  тек  ақыл  –  ой  арқылы  ғана  нағыз,  толық 
білім алуға адамның мүмкіндігі бар. 
Сӛйтіп,  Бэкон  тәжірибеге  сүйінген  европалық  эмпиризмді 
асыра  кӛтерсе,  Декарт  жаңа  заманның  рационалды  бағытының 
қайнар кӛзін ашты. 
Декарттың  ойынша,  бұған  дейінгі  ғылым  ескі,  жоспарсыз 
салынған қала секілді, онда әдемі ғимататтар да, ескі, қисық үйлер 
де  табылады.  Жаңа  ғылым  –  белгілі  бір  жоспармен,  белгілі  бір 
әдіспен  қалануы  керек.  Бұл  әдіс  –  адамды  табиғаттың  иесі  етеді. 
Жаңа  әдістің  мықты  тірегі  болуы  тиіс.  Ол  тірек  –  ақыл  –  ойдан 
табылу керек. Оның ішкі қайнар кӛзі – ӛзіндік сана. 


 
60 
Декарттың  философиясы  ӛз  бастамасын  «күмәндану» 
қағидасынан  алады.  Ол  дәстүрлі  пікірлерге  де,  сезімдік  таным 
ақиқаттығына  да  күмәнданады.  Нағыз  шындық  –  «күмәндану» 
ойлаудың  қабілеті,  маңызды  қасиеті  деп  түсіну.  Оның  «Мен 
ойлаймын,  ендеше,  ӛмір  сүремін»  деген  афоризмі,  бар.  Ол 
танымның  негізін  объективті  шындықтан  іздемейді,  керісінше, 
таным процесінің ӛзінен табуға ұмтылады. 
Ежелгі  грек  философиясында  түпнегізді  от,  су,  ауа  анейрон 
деп  санады.  Декарттың  пікірінше,  бір  мезгілде,  бір  –  біріне 
тәуелсіз,  бірақ  байланысты  рухани  түпнегізбен  (құдай) 
материалдық түпнегіз де (табиғат) қатар ӛмір сүреді. 
Рухани  субстанция  ең  маңызды  белгісі  оның  бір  тұтас, 
бӛлінбейтіні,  ал  материалдық  түпнегіздің  –  басты  белгісі  оның 
шексіз, түпсіз бӛлінуі. 
Рухани  субстанция  негізгі  атрибуты  –  ойлау,  идея,  ал, 
материалдық субстанция негізгі атрибуты – тартылыс. Оны Декарт 
табиғатпен  біріктіреді.  Сӛйтіп,  Декарт  философияда  дуализм 
бағытының негізін қалады десек болады. 
Декарттың  айтуынша,  барлық  заттардың,  құбылыстардың 
мәнін  механика,  математика  арқылы  түсініп  білуге  болады. 
Математика ең дәл, тура ғылым болып табылады. Философия, егер 
ғылым  болғысы  келсе,  онда  математикаға  табынуы  керек.  Ал, 
философия  ӛз  кезегінде,  барлық  ғылымдардың  ішінен  ең  сенімді, 
нағыз ақиқат ғылым болуы тиіс. 
Декарттың  ӛзі  аналитикалық  геометрияны  шығарушы, 
танымал математик болған. Ол ғылымдардың бәріне ортақ ғылыми 
әдіс  табу  керектігін,  ол  «универсалды  математика»  болу  тиіс  деп 
есептеді.  Сол  арқылы  ғылым  жүйесін  құру  мүмкіндігін,  адамның 
табиғатқа үстемдігін орнатуын қамтамасыз ететінін айтты. 
«Табиғатқа  үстемдік  орнату  –  ғылыми  танымның  түпкі 
мақсаты»  деп  келіп,  Декарт  бұл  жӛнінде  Бэконмен  келісетінің 
білдірді. 
Сондай ақ, Декарт таным процесінде рационалдық (ақыл – ой) 
танымға үлкен мән береді. Рационалдық (ақыл – ой) таным арқылы 
адамдар табиғаттың сыры мен мәнін ашуға мүмкіндік алады дейді. 
Ақыл  –  ой  сезімдік  түйсінуге  мұқтаж  емес,  себебі  рационалдық 
таным  заттарды,  құбылыстарды  «туа  біткен  идеяларға»  сүйініп, 
танып  біле  алады.  Ал,  «туа  біткен  идеялар»  себебі  рухани 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау