Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет18/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61

 
55 
тәртіп  орнату  үшін  қажет.  Адамдар  қабылданған  ережелерге 
саналы  түрде  бағынғанда  ғана  қоғамда  заңдылық  орнайды.  Кӛп 
нәрсе  басшы,  билеушіге  байланысты.  Билеуші  саяси  ӛмір 
талаптарын  ескере  отырып  басқаруы  керек.  Барлық  ерік-жігері, 
күші  мен  құралдарын  басты  мақсатқа,  күшті  мемлекет  құруға 
жұмсауы  қажет.  Билеуші  мақсатқа  жету  үшін  түрлі  айла-тәсіл, 
құралдарын пайдалануы тиіс. Олай етпесе, ол биліктен айырылып 
қалады. Н.Макиавеллидің «Мақсат құралдарды анықтайды» деген 
сӛзі осыны меңзейді. 
3. Жаңа Заман философиясының жалпы сипаттамасы. 
Жаңа  заман  философиясы  XVII-  ғасырдан  басталды.  Жаңа 
заман  философиясының  оған  дейінгі  Антика,  Орта  ғасыр,  Қайта 
ӛрлеу дәуірі философиясынан негізгі айырмашылығы қандай? Бұл 
кезеңдегі философия жалпы философияның дамуына қандай үлес 
қосты. 
Алдымен,  бұл  кезеңнің  философиясының  алғы  шартына, 
ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Бұл дәуірдегі қоғамдық ӛмірдегі 
үлкен ӛзгеріс ӛндіргіш күштердің қарқынды дамуы болды. Бұл ӛз 
кезегінде  феодалдық  ӛндіріс  тәсілінің  капиталистік  ӛндірістік 
тәсіліне ауысын қажет етті. XVII ғасырдың ортасында (1640-1688) 
ӛнеркәсібі  аса  дамыған  Англия  мемлекетінде  буржуазиялық 
революциялар ӛрлей түсті. Мануфактуралық ӛндіріс дами бастады. 
Мануфактура ӛз кезегінде еңбек ӛнімің арта түсуіне алып келді. 
Жаңа  буржуазиялық  қоғамның  орныға  бастауы,  экономикада 
ғана емес, саясатта да, рухани және әлеуметтік ӛмірде де, ғылымда 
да  үлкен  ӛзгерістер  алып  келді.  Ғылым  мен  материалистік 
философия  дамуына  қажетті  жағдайлар  жасалынды.  Философия 
мен  ғылымды  схолистикалық  шырмаудан  арылта  басталды. 
Ӛндіргіш күштер дамуы, техниканың ӛсуі, зерттеудің тәжірибелік 
және математикалық әдісін қажет етті. Бұл – сол заманның талабы 
еді. 
Жаратылыстану  ғылымдары  табиғат  құбылыстарын  бір  – 
бірінен 
оқшау 
алып, 
байланыссыз 
қарастырды. 
Яғни, 
метафизикалық әдіс басым болды. 
Сондай–ақ,  бұл  кезеңдегі  материализм  механикалық 
сипаттағы материализм болды. Жаңа қоғамдық құрылыс шындық 
дүние  туралы  дәл  ғылыми  білімдерді,  алдымен,  механика, 
математика,  астрономия  білімдерін  қажет  етті.  Осы  міндеттерді 


 
56 
орындау 
механика, 
экспериментальды 
– 
математикалық 
жаратылыс  тану  ғылымдарының  дамуын  тездетті.  Қоғамдық 
сананың  ӛзгеруінің  маңызды  факторы  –  ғылым  болып  саналады. 
Сондықтан,  XVII  ғасырды  ғылыми  революциялар  ғасыры  деп 
бекерге аталмаған секілді. 
Материалистер,  дененің  кеңістік  пен  уақытта  орын  ауысын 
материя  қозғалысының  бір  формасы  деп,  жай  құбылыстар  жай 
механикалық  қозғалысқа,  ал  күрделі  құбылыстар  күрделі 
механикалық  қозғалысқа  байланысты  деп  тұжырымдады. 
Қозғалыстың ішкі себебін түсінбеді. 
Егер, философия Орта ғасырда құдаймен одақтас болса, Қайта 
Ӛрлеуде  –  ӛнермен,  гуманитарлық  білімдермен  сабақтас  болды. 
Ал, Жаңа заманда басты назар – ғылымға қарай ауысты. 
Сондықтан,  XVII  ғасырдың  философиясы  алдында  тұрған 
мәселелерді түсіну үшін – біріншіден, ғылымның сол кезде қалана 
бастаған  жаңа  түрі  экспериментальды  математикалық  жаратылыс 
танудың ерекшелігін білу керек, екіншіден, ғылым – сол дәуірдің 
дүнтанымда  алдыңғы  шекте  болғандықтан,  философияда  бірінші 
орынға таным теориясы – гносеология шықты. 
Орта  ғасырдағы  схоластикалық  білім  Қайта  ӛрлеу  дәуірінде 
тұрақты сынға алынса, Жаңа заманда бұл сын ӛткірлене түсті. 
Орта  ғасыр  философиясында  екі  бағыт:  реализм  мен 
номинализм  бағыты  Жаңа  заманда  XVII  ғасырда  эмпиризм  мен 
рационализм бағыты болып жалғасын тапты. 
Эмпиризм –  танымда, тәжірибені бірінші,  негізгі деп санады. 
Тек тәжірибеге негізделген білім ғана ақиқат білім деп есептеді. 
Ал,  рационализм – ақиқатты тануда басты рӛлді ақыл – ойға 
берді, Яғни ақыл-ойға негізделген білім ақиқат болады. 
Эмпиризм мен рационализм бағыттарының мәнін, бір-бірінен 
айырмашылығын  Бэкон  мен  Декарт  философиясын  талдағанда 
тереңірек  қарастырамыз.  Сонымен,  қорыта  айтқанда,  Жаңа  Заман 
философиясында  негізгі  назар  ғылымға  ауғандықтан  ғылыми 
әдіске кӛбірек кӛңіл бӛлінді. Таным мәселесі алға шықты, ақиқатты 
тануда тәжірибелік, ақыл -ой арқылы алынған білімге сүйенді. 
4.  Жаңа  заман  философиясындағы  рационалистік  және 
эмпиристік бағыттар. Ф.Бэкон және Р.Декарт. 
Эмпиризм  бағытының  негізін  салушы,  оны  алғаш  дүниеге 
әкелген  ағылшын  философы  Фрэнсис  Бэкон  (1561-1626)  болды. 


 
57 
Негізгі  еңбектері:  «Ғылымдар  табысы»,  «Жаңа  органон»,  «Жаңа 
Атлантида»  т.б.  Ол  тәжірибеге  негізделген  білімді  ғана  ақиқат 
білім деді. Материалдық дүниені ғылыми тұрғыдан тану, Бэконнің 
пікірінше,  тәжірибеге  негізделеді  және  тәжірибе  мәліметтерін 
ақылға  қонымды  етіп  ӛңдеу  болып  табылады.  Шын  ғылым 
тәжірибе  мәліметтерін  жинайды,  оларды  теория  тұрғысынан 
ӛңдеп,  ғылыми  білімдер  жүйесіне  айналдырады.  Тәжірибе, 
эксперимент  ақиқат  ӛлшемі.  Бэкон  зерттеудің  тәжірибелік  әдісі 
үлкен мән берді. 
Ӛз  дәуірінің  кӛптеген  ойшылдары  секілді,  Бэконның 
пайымдауынша,  философияның  міндеті  ғылыми  танымның  жаңа 
әдісін  жасау.  Ол  ғылымның  сол  кезде  айтылып  жүрген  пәні  мен 
міндетін қайта қарауды ұсынады. 
Ғылыми  білімнің  басты  мақсаты  –  адам  баласына  қажетті 
пайда  әкелу  болып  табылады.  Ғылым  –  қоғам  мен  практикаға 
қызмет  ету  керек.  Ол  осымен  құнды  болмақ.  Ал,  барлық 
ғылымдардың  ортақ  міндеті  –  адамның  табиғат  алдындағы 
үстемдігін кӛтеру. 
Ғылым ӛзіндік мақсат емес, ол – құрал, оның негізгі миссиясы 
(қызметі)  –  адам  игілігі  үшін  табиғат  құблыстарының  себептік 
байланыстарын  табу.  Ол  осылайша  ғылымның  рӛлін,  орнын  дәл 
айқындап берді. 
Бэконың танымал афоризмі «Білім – күш». Табиғатқа үстемдік 
ету  үшін,  табиғатты  адамның  қызмет  етуіне  бағындыру  үшін, 
ағылшын  философының  ойынша,  зерттеудің  ғылыми  әдістерін 
түбірімен  ӛзгерту  қажет.  Орта  ғасырда,  Антика  заманындағы 
ғылымда  Аристотельдің  силлогистикасына  сүйенген,  дедуктивті 
әдіс қолданылды. Дедуктивті әдістің кӛмегімен ой жалпыдан жеке 
қорытындыға  жылжиды.  Бэконның  ойынша,  бұл  әдіс  табиғатты 
тану  үшін  жеткіліксіз.  Кез  келген  таным,  кез  келген  идея 
тәжірибеге  негізделуі  керек,  ол  жеке  фактілерден  жалпыға  қарай 
жылжуы  тиіс.  Бұл  әдіс-  индуктивті  әдіс  деп  аталады.  Мұны  да 
кезінде  Аристотель  кӛрсеткен.  Бэкон  бұл  әдіске  ерекше, 
универсальды  мән  береді.  Индуктивті  әдістің  қарапайым  түрі  – 
толық  индукция.  Мұнда  бір  топтың  барлық  мүшелерін  саралап, 
одан  ортақ  қорытынды  шығарады.  Мәселен,  ӛткен  аптада  ауа  – 
райы қандай болғанын айту үшін, сол аптаның барлық күніне шолу 
жасап,  қорытынды  шығарылады.  Ал,  ғылымда  толық  индукция 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау