7. ПӘНДІ МЕҢГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Теориялық білімді меңгеру үшін әдістемелік нұсқау
«Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі» курсы экономикалық ғылымның маңызды бөліктерінің – базалық оқу пәні болып табылады. Қаржы туралы ғылымның ерекшеліктері зерделетін «Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі»- арнаулы пән және оның мақсаты – теориялық курс. Ол болашақ қаржыгерлер мен банкирлерді кең профильді маман ретінде дайындауға негіз береді. Бұл курс экономикалық теория, макро және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, менеджмент және сол сияқты басқа оқу пәндерімен қосылып, ақша-несие қатынастарының, банктік қызмет теориясының және ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастырып, олардың маңызы мен экономикадағы қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Семинар жұмыстарына әдістемелік нұсқау
Семинар сабағы оқу сабағын өткізудің неғұрлым кең қолданылатын нысаны болып табылады. Ол пәнді оқытудың негізі және неғұрлым күрделі мәселелерін игеруге мүмкіндік береді.
Семинар сабағының негізгі тапсырмалары мыналар:
дәрісте берілген студенттің өз бетінше жұмыс істеу бырсында игерілген теория және тәжірибе сұрақтары бойынша білімді тереңдету;
әдебиеттер мен басқалай ақпараттық материалдармен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру;
қарастырылатын мәселелерге сәйкес талдау жасай білу қабілетін қалыптастыру;
материалдың игерілгендігіне бақылау жасау.
Студент семинар сабағына қатысу үшін оған алдын- ала дайындықпен келуге, әдеби шолу жасап, тапсырманы орындауға міндетті.
Семинар сабағына студенттер қаржының көптеген анықтамалары мен, қаржылық бақылау, қаржылық басқару түрлерімен, бағалы қағаздарды жетілдіру нысандарымен танысады. Практикалық оқып-үйренуге бастайтын, сондай-ақ қаржы заңдылықтарын қамтамасыз етуге комплексті шаралар қолдану көзделеді.
СӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныстар
СӨЖ орындауға дайындық кезінде ойлау, әр түрлі нұсқаулар ұсынып және оларды шетел тәжірибесімен салыстыру қажет.
Жеке және топ презентациясын жүргізу кезінде міндетті түрде тақырып сұрақтарын бөлу керек, ойды мазмұндау формасын табу және көрсетілім пособияларын қолдану қажет. Презентация тақырыбының логикалық моделін құрастыру қажет, яғни кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдері.
Реферат жазу барысында келесідей талаптар қойылады: жоспар және қолданылған әдебиеттер тізімімен басылымды түрде минималды 10 бет. Реферат орфографиялық қатесіз және бет параметрлері сақталу қажет.
(А 4 беттің барлық жағынан 2 см)
8. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бұл пән бойынша курстық жұмыс қарастырылмаған
9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ–дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
СӨЖ материалдарының түрлері, келесі құжаттарды қамтиды:
типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі
рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары
негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
кеңес түрлері
бақылау түрлері
бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.
СӨЖ-дің ұйымдастырылуы
жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары,глоссарий),
ғылыми жобаны өңдеумен (проблемалық мақалалар),
виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),
электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы)
Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
(реферат, баяндама)
1. Биржадағы опциондармен сауда
2. Фьючерлік нарықтағы баға
3. Фьючерлік саудадағы бағаны талдау және болжамдау әдістері
4. Фьючерлік нарықтағы спекуляциялық операциялар
5. Түсті және қымбат металдардың биржалық саудасы
6. Ауыл шаруашылық тауарларының фьючерлік және опциондық нарығы
7. Хеджирлеу тәжірибесі және концепциясы
8. Хеджирлеу стратегиясы
9. Биржа қызметін, опциондық және фьючерлік операцияларды құқтық реттеу
10. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
11. Шетелдердің құнды қағаздарының қор нарығы
10. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Бағалау жүйесі және принциптері
Студенттердің білімін тексеру және бағалау жүйесі – оқу процесінің құрамдас бөлігі.
Студенттердің білімін бағалау және тексеру жүйесі:
пәнді меңгеру қабілеті
оқу- тәрбиелік қызметін,
пән бойынша өзін-өзі жетілдіру қызметін жүзеге асыру керек.
Пәнді оқу дәріс, практикалы, ОСӨЖ сабақтарының жүруі негізінде, ағымдағы, аралық бақылау (7 және 14 апталар), қорытынды бақылаудың жүруі нәтижесінде жүзеге асады.
Жақсы баға мынадай жағдайларда қойылады: егер студент барлық оқу материалдарын толық көлемде білсе, берілген жеке, өзіндік және практикалық жұмыстарды толығымен орындаса және барлық дәріс конспектілері болса, программа шегінде қойылған сұрақтарға дұрыс және сенімді жауап берсе, ауызша жауапта әдеби, профессионалдық тілде сөйлеп және қате жібермесе.
Студент үлгерімі әр түрлі бақылау, яғни ауызша жауап, жазбаша бақылау, үй жұмысына берілген презентация, дискуссиялар, тренингтер, дөңгелек үстел, тест және т.б. түрінде анықталады.
Бағалау саясаты.
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Қорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Пән бойынша білімді бағалау кестесі
Бағалау саясаты:
№
|
«Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
Жұмыс түрі
|
Бағалау түрі
|
Атпа
|
Жұмыс үшін %
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Дәрістерге қатысу
|
|
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Практикалық сабақтарды орындау
|
|
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
3
|
Жеке тапсырмалар (реферат, баяндама)
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
4
|
Коллоквиум
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
...
|
т.б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Р1 + Р2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
...
|
Емтихан
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |