ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Дәрістердің тезистері
Дәріс №1. Қазақстанда қор биржасының қалыптасуы.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудағы әсері.
Бағалы қағаз нарығы түсінігі, қызметтері және құрамдас бөлігі.
Бағалы қағаздардағы эмитенттер және инвесторлар, бағалы қағаздардың обьектілері.
1. Қазақстан Республикасында жекешелендіру 90 жылдардан бастап жүргізіді. Жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кәсіпорынның кірістерін бөліп тарату және қолдану орталықтандырылған нысанда болды.
Жекешелендірудің басты мақсаты жоғары, тиімді, бәсекеге қабілетті экономикаға негіз бола алатын, меншіктің әртүрлі нысандары дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Сонымен қатар жекешелендіру толықтай ашылуы үшін арнайы ұйымдармен және құқықтық экономикалық реттеуші жүйені қалыптастырды.
Жалпы елімізде жекешелендіру 90 жылдардан бастап 3 кезеңнен өтті. 1 кезең 1991-1992 жылдары, 2кезең 1993-1995 жылдары, 3 кезең 1996-1998 жылдары. Жекешелендіру нарықтық айналымға чектер мен купондарды алып келді, чектер мен купондар – мемлекеттік бағалы қағаз. Чектер мен купондар өз иесіне меншікті мемлекет иелігінен алып, қайтарымсыз қолдануға құқық береді. Ірі және орта кәсіпорындарды жекешелендіру акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғам иесі құрылтайшы болып табылады. Олардың меншік құқығы белгілі бір көлемде акция алумен куәландырады. Сонымен қатар жекешелендіру чектеріне акция сатып алуға құқық береді. Қорыта айтқанда, жекешелендіру нарыққа бір жағынан чектер мен купондарды алып келсе, 2-ші жағынан акционерлік қоғамдардың құрылуына жол ашты, яғни кәсіпорындарды жекешелендіру - бұл бағалы қағаздарды қалыптастырудың алғашқы кезеңі болды.
2. Қаржы нарығы бұл субьектілерінің арасындағы ақшалай қорларды сатып алу бойынша болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы нарығы мынадай қызмет түрлерін атқарады:
1) қаражаттарды нарыққа жинақтау
2) оларды бөліп тарату
Қаржы нарығы
Несие нарығы валюта нарығы Бағалы қағаздар
нарығы
Ең алғашқы болып экономикада несие нарығы пайда болды. Олардың обьектісі болып нақты және нақты емес нысандағы ақша табылады.
Несие нарығы тауарлардың түрлі депозиттер, коммерциялық және банкаралық несиелер болып табылады. Ал субьектісі болып әртүрлі қаржы субьектілері табылады. Несие нарығының тауарларының бағасы пайызбен өлшенеді.
Валюта нарығы дегеніміз – субьектілер арасындағы әртүрлі валюталарды сатып және сатып алу бойынша болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Валюта нарығының қажеттілігі мына себептерге байланысты:
Халықаралық сауда
тұрғындардың халықаралық миграциясы
туризм
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз – субьектілерінің арасында бағалы қағаздарды сатып және сатып алу бойынша болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Бұл нарықтың обьектісі болып әртүрлі бағалы қағаздардың түрлері табылады.
Бағалы қағаз – бұл бағалы қағазды шығарушы тұлғаға немесе оны ұстаушы тұлғаға құқық беретін беретін ақшалай құжат.
Бағалы қағаз – оны ұстаушы иесіне мүлікке немесе кіріске құқығын растайды.
Бағалы қағаз нарығы (схема)
Бағалы қағаз нарығы
Алғашқы нарық Екінші нарық
1)Ұйымдастырылған нарық 2)Ұйымдастырылмаған нарық
Бағалы қағаздың алашқы нарығы бағалы қағаздарды эмитенттен бірінші сатып алушыға немесе бірінші инвесторға өтетін экономикалық қатынас. Осы қатынас шегінде эмитент өзіне қажетті капиталды жинай алады. Бағалы қағаздың әрі қарай нарықтағы қозғалысы эмитент үшін кіріс көзі болып табылмайды. Бағалы қағаздарды алғашқы нарыққа шығару үшін мынандай қызмет түрлерін атқару керек:
эмитент шығаратын бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз ету қажет.
эмитент бағалы қағаздарды эмиссиялауға сәйкес мемлекеттік органдарда тіркеп бағалы қағаздардың шығуы жөнінде арнайы баспасөз бетінде жариялау керек.
Бағалы қағаз нарығының 2-ші нарығы дегеніміз – нарықтардағы субьектілер арасындағы бағалы қағаздарды нарықтық бағасы бойынша сатып және сатып алу қатынасының жиынтығы.
Бағалы қағаз нарығының ұйымдастырылған нарығында бағалы қағаздар сату және сатып алу бойынша қатынастарда арнайы брокерлер ұйымдастырады.
Бағалы қағаз нарығының алғашқы нарығында бағалы қағаздардың нарықтық бағасы болмайды. Онда эмитент белгілеген номиналдық баға болады. Бағалы қағаз нарығының нарықтық бағасы бұл нарықтағы бағалы қағазға деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты.
Дәріс №2 Бағалы қағаз нарығын реттеу
Бағалы қағаз нарығын реттеудің мазмұны, қызметтері және
әдістері.
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаз нарығының
қаржылық базасының қалыптасуы.
1. Қор нарығы жалпы нарықтық экономиканың бір бөлігі бола тұра өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар қор нарығы осы жалпы нарықтық экономиканың қарама-қайшылықтарына бағынады. Әлемнің дамыған елдерінде қор нарығын арнайы әкімшілік бақылау облыстары реттеп отырады.
Бағалы қағаз нарығын мемлекеттік реттеудің мынадай негізгі түрлері бар:
Бағалы қағаз нарығында операция жүргізудің тәртіптері мен стандарттарын және заң жобаларын жасау.
Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу.
Бағалы қағаз нарығына кәсіби қатысушылар мен қор биржасын лицензиялау
Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен айналысуының арнайы шарттарын жасау.
Бағалы қағаздар нарығындағы инвистициялық қаржылық қорғау жүйесін құру.
Бағалы қағаздар нарығын реттеуші заңдардың іске асырылуын бақылау және заңды бұзғаны үшін арнайы шаралар қолдану.
Кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесін құру.
Бағалы қағаздар нарығы жөніндегі ақпараттарды және бағалы қағаздар нарығына қатысушылар жөніндегі ақпараттарды жинақтаушы және таратушы жүйені құру.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына экспорттық және техникалық көмек көрсету.
Мемлекеттік реттеу бағалы қағаздардың қызмет етуіне тікелей және жанама әсер етеді. Мемлекеттік реттеудің тікелей әсер ету әдісіне мыналар жатады:
Өкілетті органдардың қор нарығы мәселелер бойынша атқаратын қызметтерінің барлық кешені.
Осы мәселелер бойынша өкілетті органдардың қабылдайтын шешімдері
Бағалы қағаздар нарығының қызметтеріне байланысты туындайтын сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен жүргізілетін шаралар.
Мемлекеттік реттеудің жанама әсеріне мыналар жатады:
мемлекеттің салық саясаты
мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты
мемлекеттің қарыз капиталдарын нарыққа шығару саясаты
2. Совет одағы кезінде бағалы қағаздар нарығының ішкі нарыққа қажеттілігі болмады, тек нарықтық экономикалық қатынастарға өту кезеңінен бастап бағалы қағаздар нарығын қалыптастыруға қажеттіліктер туындады.
ҚР егемендігін алғаннан кейін бірінші сатыда (1991-1994) бағалы қағаздарды шығарып, сатуының жалпы қаржылық базасын қалыптастырды. Бұл кезеңдегі негізгі қабылданған заң актілеріне мыналар жатады:
1991 жылы шаруашылық субьектілері және акционерлік қоғам жөніндегі заң актілері қабылданды.
Бағалы қағаз айналысы жөніндегі және қор биржасы жөніндегі заң қабылданды.
Бағалы қағаздар жөніндегі ережелер шығарды.
Жекешелендіру процесін реттеуші нормативтік актілер қабылданды.
Осы мерзім ішінде акционерлік қоғамдардың алғашқы акциялары шығарылды, сонымен қатар нарықта тауар және қор биржасы қалыптасты. Бұл кезең ішінде мемлекет бағалы қағаздар нарығығының эмитенті, инвесторы және реттеуші субьектісі ретінде болды.
Дәріс №3 Акция
Акция мәні және түрлері
Акцияны эмиссиялау
Акцияның құндық бағасы және дивиденттер
1. Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздардың түрлері туынды және негізгі болып екіге бөлінеді. Туынды бағалы қағаздарға: вексельдер, опсиондар, варанттар, әртүрлі сертификаттар жатады. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Акция дегеніміз белгілі бір тұлғамен акционерлік қоғамның капиталына салым салынғанын растайтын және белгілі бір көлемде дивидент алуға мүмкіндік беретін немесе құқық беретін бағалы қағаз.
Акциялар кіріс алу формасына қарай 2 түрге бөлінеді:
қарапайым
артықшылығы бар
Қарапайым акцияның ерекшелігі бұл акция түрі бойынша дивидент, артықшылығы бар акция бойынша дивидент сомасы төленгеннен кейін қалған акционерлік қоғамның ауытқуына байланысты болады.
Қарапайым акция бойынша акция иелері дауыс беруге немесе акционерлік қоғамның кірісін басқаруға және бөлуге, араласуға құқығы бар. Сонымен қатар қарапайым акцияның иегері белгілеген салым бойынша кріс алуға құқығы бар. Сол себепті қаражатты акционерлік қоғамның қарапайым акциясына салу неғұрлым тиімді болып табылады.
Артықшылығы бар акция бойынша ерекшелігі мұнда дивидент тұрақты түрде салымшылардың салған салымына байланысты белгілі бір көлемде төленіп отырады.
Акцияны сатып алу акцияның иегеріне келесідей құқықтар береді:
акционерлік қоғамда туындайтын сұрақтарға байланысты дауыс беруге құқық береді.
акционерлік қоғамның кірісін бөлуге, оларды таратуға, орнатуға қатысуға құқық береді.
жаңа акционы сатып алуға құқық береді.
акционерлік қоғамның жалпы жағдайын немесе қаржылық жағдайын тексеруге құқық береді.
белгілі бір көлемде дивидент сомасын алуға құқық береді.
Артықшылығы бар акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
Айырбасталатын акция – бұл акциялар акционерлік қоғамның келісімі бойынша қарапайым акция түріне айыстырылады.
Дивиденттік ставкасы өзгертілетін артықшылығы бар акциялар - мұндай артықшылығы бар акциялардың дивиденттік ставкасы мемлекеттік бағалы қағаздардың ставкасына байланысты өзгертіледі.
2. Акционерлік қоғамдар құрылтайшылардың салымы арқылы акцияларды эмиссиялау бойынша қысқарады. Сонымен қатар акционерлік қоғам түрінде ашылған банктің, сақтандыру ұйымдарының , зейнетақы қорларының акциялардың эмиссиясы мемлекеттік тіркеуге жатады.
Акционерлік қоғамның акциясын орнату акциялардың ұлттық нөмері болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Бағалы қағаздардың тіркелгендігі жөніндегі мәліметтер бағалы қағаздардың мемлекеттік регистріне енгізіледі. Мемлекеттік регистрге енгізілмеген бағалы қағаздардың эмиссиясы жарамсыз болып табылады. Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу мыналардан тұрады:
акционерлік қоғам мен тапсырылған құжаттарды қарастыру және акцияны шығарушы эмитенттің қаржылық жағдайын тексеру.
Бағалы қағаздардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеу.
Эмиссиясының мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлікті береді
Бағалы қағаздардың эмиссиясы жөніндегі құжаттарды арнайы өкілеттті органдар 30 күн ішінде қарастырады.
Егер эмитент банк немесе банкаралық операциялардың кейбір түрін жүзеге асырушы ұйым болып табылса, эмиссияны тіркеу Ұлттық банктің келісімі бойынша жүргізіледі.
Егер тапсырылған құжаттар әрекет ететін заңға сәйкес болмаса, өкілетті органдар бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуден бас тартады.
Бағалы қағаздардың эмиссиясын тоқтату үшін негіз болып мыналар табылады:
бағалы қағаз эмиссиясы заңға сәйкес келмесе;
бағалы қағаз эмиссиясы тіркелген көлемнен асып кетсе;
белгіленген мерзімнен эмитент өкілетті органдардың қойған талаптарын орындамаса;
III. Акциялардың негізінен 3 түрлі бағасы болады:
номиналдық баға;
эмиссиондық баға;
нарықтық баға;
Акциялардың номиналдық бағасы – акция бетінде көрсетілдеді. Облигациялардың номиналдық бағаларынан айырмашылығы акциялардың номиналдық бағасы акциялардың бағалы қағаз нарығында әрі қарай қозғалысына әсерін тигізбейді.
Эмиссиондық баға бойынша – акция алғашқы нарықта сатылады. Акциялардың эмиссиялық эмиссиялық бағасы номиналдық бағаларынан өзгеше болады.
Нарықтық баға бойынша акция 2-ші нарықта сатылады. Нарықта баға акциялардың нақты құндылығын анықтайды.
Дивиденд дегеніміз – акция иелерінің акционерлік қоғам капиталына салған салымы мен көлемі бойынша немесе акция көлемі бойынша алынатын кіріс түрі.
Акция бойынша дивиденттер ақшалай немесе қосымша акциялар шығару арқылы төленуі мүмкін.
Таза кіріссомасы
Бір акцияға келетін таза кіріс =__________________________
Акционерлік акция саны
Дивиденттердің жылдық ақшалай көрністегі дивиденттер мөлшері
проценттік ставкасы = акциялардың номиналдық бағасы
6.Семинар сабағының жоспары
№
|
Тақырып
|
Семинар сабағының мазмұны
|
Апта
|
Әдебиеттер
|
|
ҚР-ғы қор нарығының қалыптасуы
|
1.Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және „мемлекет иелігіне алу”- түсінігі
ҚР-ғы жекешелендіру кезеңдері.
Кіші жекешелендіру.
|
|
3,5, 15,20.
|
|
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және түрлері
|
Нарықтық және нарықтан тыс бағалы қағаздар
Аукцион нарығы.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
|
|
2,10,17,22
|
3
|
Құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
|
Құнды қағаздар бойынша ҚР Ұлттық комиссиясының мақсаты мен міндеті.
2. Ұлттық комиссияның өкілдігі.
|
|
2,12,14,16,23.
|
4
|
Акциялар
|
1. Акцияларды сатудың тәртібі. Акциялардың міндетті реквизиттері
2. Акциялардың құндық бағасы.
3. Акцияларды төлеу бойынша дивидендттерді төлеудің көздері
|
|
3,5,7,18,20.
|
5
|
Облигация
|
1. ҚР-ғы облигацияны эмиссиялау көлемі. Облигациялық қарыздардың жағдайы.
Облигация түсінігі және олардың түрлері
Облигацияны өтеудің әдістері
|
|
4,6,8,11.
|
6
|
ҚР-ғы мемлекеттік құнды қағаздар
|
Мемлекеттік құнды қағаздар. ҚР үкіметініңң қарыз міндеттемесінің түрлері және олардың жіктелуі.
Құнды қағаздарды шығару мақсаты және оған қатысушылар.
|
|
12,22,25.
|
7
|
Вексель – қарыз міндеттемесі ретінде
|
1. Вексель түсінігі және жіктелуі.
Индоссамент түсінігі және мәні.
Аваль-вексель тапсырысы рентінде.
Қазақстандық және шетелдік тәжірибедегі вексельдердің қолданылуы.
|
|
22,23,24.
|
8
|
Бағалы қағаздардың басқа да түрлері
|
Бағалы қағаздардың басқа да түрлері.
Чек және оның түрлері.
|
|
2,3,6,8,9,12,17.
|
9
|
Қор биржаларының қызметін ұйымдастыру
|
Қор биржасын құрудың мақсаты
Қор биржаларының атқаратын қызметтері
Тауар биржаларының пайда болу тарихы
Қазіргі дүниежүзілік экономикадағы тауар биржаларының ролі
|
|
12,22,23,26.
|
10
|
Қор биржаларының инфрақұрылымы
|
Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымы
Биржалық дағдарыс түсінігі және қалыптасу формасы.
|
|
12,13,16.
|
11
|
Өндірістік бағалы қағаздар
|
Опцион түсінігі. Опцион бағасы
Варрант түсінігі және мәні
|
|
11,13,14,20.
|
12
|
Шетелдік қор нарығы
|
Шетелдік қор нарығының қызмет ету механизмі
Лондон және Нью-Йорк қор биржасы
|
|
2,11,13,15,16,22,24
|
13
|
Қор индекстері және индикаторлары
| Қор индекстерінің түсінігі.
Қор индекстерінің түрлері
Қор нарығының конъюнктурасына қор индекстерінің әсері.
|
|
11,12,15,16,17, 22
|
14
|
Бағалы қағаздардың нарықтық және құндық бағасы
|
Бағалы қағаздардың ағымдық және болашақ құны
Акцияның есеп айырысу коэффициенті.
|
|
14,16,18,20,22,24,29.
|
15
|
Бағалы қағаздарды сату және сатып алу
|
Бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары
Қор биржасындағы бағалы қағаздар котировкасы.
|
|
4,6,8.
|
Достарыңызбен бөлісу: |