17. Осы баптың үшiншi және он бірінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып
келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта лауазымды адамдар деп:
1) бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің
бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды
ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе)
конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;
2) екінші бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің
бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
3) үшiншi бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе
Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге
асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;
4) төртінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын
және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның)
мүшелері мен хатшысын;
5) бесінші бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын
немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн
жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;
6) алтыншы бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс
берушінінің бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып
алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
7) жетінші бөлiкте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын,
сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;
8) сегізінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын
және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның)
мүшелерін;
9) тоғызыншы, он бірінші және он екінші бөліктерде – мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн
атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға
жауапты адамдарды;
10) он үшінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын
және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның)
мүшелерін түсінген жөн.
2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы
хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні
ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар дербес жойылған
жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 207-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.12.2015
№ 435-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
208-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және
кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
заңнамасының талаптарын бұзу
1. Кредиттiк бюроның Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк
тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзуы
–
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпараты бар кредиттiк тарих субъектiсi
және (немесе) кредиттік есеп туралы терiс ақпарат ұсыну жағдайларын қоспағанда, ақпарат
берушiнiң кредиттік тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк тарих субъектiсi туралы
мәліметтерді кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттiк бюроны қоспағанда) беруі
және (немесе) кредиттiк есептi алушының ақпарат субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттiк
есептi ұсыну туралы сұрау салуды беруi, сондай-ақ оны дұрыс ресiмдемеу –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ақпарат берушiнiң Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік
тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін, кредиттiк тарих
субъектiсiнен алынған мәліметтерді кредиттік бюроға ұсынбауы, сол сияқты уақтылы
ұсынбауы не анық емес мәліметтерді ұсынуы –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Мәліметтер деп кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану
жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен
куәландырылатын электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне
қатысты мәліметтер түсініледі.
209-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы
заңнамасын бұзу
Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық
өтiнiмi үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия
шартының талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзу барысында концессиялық
өтiнiмнiң бастапқы параметрлерiне және сипаттамаларына өзгерiстер енгiзу –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Ескертпе. Осы бапта лауазымды адамдар деп концессия жөнiндегi конкурсты
ұйымдастырушының бiрiншi басшыларын немесе конкурсты ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн
жүзеге асыру үшiн жауапты, олардың мiндеттерiн атқаратын адамдарды түсiну керек.
210-бап. Тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда,
валюталық шартты (түпнұсқаны немесе оның
көшірмелерін) ұсынбай валюталық операциялар
бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүргiзу
1. Уәкiлеттi банктердiң тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда, валюталық шартты
(түпнұсқа немесе оның көшірмелерін) ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдер мен
ақша аударымдарын жүргiзуi –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Егер валюталық шарт экспортпен немесе импортпен байланысты болса және
келісімшарттың есепке алу нөмірін алуды талап етсе, валюталық шарттың түпнұсқасы немесе
келісімшарттың есепке алу нөмірі алынғаны туралы белгісі бар оның көшірмесі беріледі.
211-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары
туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Микроқаржы ұйымдарының «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |