5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
188-бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны
туралы ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу
Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты бермеу немесе
уақтылы бермеу, егер оны беру заңда көзделсе, –
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
189-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау
тәртiбi мен мерзімдерін бұзу
1. Ірі кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзуы –
заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Осы баптың біріншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет (әрекетсіздік) –
заңды тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
15-тарау. САУДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
190-бап. Тұтынушыларды алдау
1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің
немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тауардың (көрсетілетін
қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруы
немесе өзгедей алдауы –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып және үш жылға дейінгі мерзімге
қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі залал келтіруге әкеп соққан
әрекеттер –
белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге
қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі залал келтіруге әкеп соққан
әрекеттер –
белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге
қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сома – елеулі
мөлшердегі залал, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасы – ірі мөлшердегі залал деп
танылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
15-тарауды 190-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 14.01.2016
№ 445-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа
енгізіледі).
191-бап. Қаруды және оның патрондарын сату қағидаларын
бұзу
1. Тиісті лицензиясы бар заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруды және
оның патрондарын сату қағидаларын бұзуы –
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лицензиядан айыра отырып, сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
192-бап. Арнаулы техникалық құралдарды сату тәртiбiн бұзу
Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық
құралдарды, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк
органдардан басқа, тиiстi рұқсаты жоқ тұлғаларға сату –
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
193-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу
туралы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтiнуi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары,
тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелері және талаптар қою тәртiбi туралы қажеттi
ақпарат бермеу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – екi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты
құқыққа сыйымсыз пайдалану –
тауарлар тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – жетi, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап әрекеттерді (әрекетсiздiкті) жасау –
тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
194-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi
қабылдаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды
орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің
немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас
тартуы –
Достарыңызбен бөлісу: |