3. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың
уәкілетті органға табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада
белгіленген тәртіппен осы қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік он
бес күн ішінде Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы
өтінішті және құжаттарды (ақпаратты) ұсынбауы –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының бір
жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи
монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын
уәкілетті органға ақпарат, есеп, хабарлама беру міндетін қоспағанда, табиғи монополия
субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар
туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне
– үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет
(әрекетсіздік) –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің
(түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп
табиғи монополия субъектісі алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы
сақталған кезде табиғи монополия субъектісі алуға тиіс кіріс (түсім) арасындағы айырма
түсініледі.
Ескерту. 164-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015
№ 376-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
165-бап. Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу
1. Электр энергиясын спот-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы
көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу (сату)
жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының тиісінше шекті,
жеке, есептік тарифінен асатын тариф бойынша өткізуі (сатуы) –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің
(түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Электр энергиясының экспорты жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның
көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке және
заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуі (сатуы) –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім)
сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан
заңсыз алуы (сатып алуы) –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған (сатып
алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
4. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа
ұйымға заңсыз өткізуі (сатуы), сол сияқты оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан
заңсыз алуы (сатып алуы) –
заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде өткізілген
(сатылған), сол сияқты алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының
бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп:
1) осы баптың бірінші бөлігі бойынша: осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда,
энергия өндіруші ұйымның алған кірісі (түсімі) мен электр энергиясының тиісінше шекті,
есептік, жеке тарифтері бойынша есептелген кіріс (түсім) арасындағы айырма;
2) осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері бойынша: Қазақстан
Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген электр энергиясын
өткізуге (сатуға) тыйым салуды бұзу нәтижесінде алынған барлық кіріс (түсім) түсініледі.
2. Кіріс (түсім) құрамына өткізілген (сатылған), бірақ әкімшілік құқық бұзушылық
туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген электр энергиясының құны да енгізілуі
керек.
166-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттерді
бұзуы
1. Реттелетін нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік
материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес
қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі
мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және
реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде бермеуі, сол сияқты табиғи
монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын
уәкілетті органға анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты беруі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт
жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларда ескерілген инвестициялық
бағдарламаларды (жобаларды) орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған
соманың он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Реттелетін нарық субъектілерінің алынған және шекті бағаларда ескерілген
инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті (түсімді)
тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға
белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару
жөніндегі міндетті орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде
алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаны негізсіз асырып жіберу
нәтижесінде алынған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін
белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті
бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде
алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Реттелетін нарық субъектісінің бағалардың алдағы көтерілетіні туралы
хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде табиғи
монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын
уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын
көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар
және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе
жобаланып отырған бағаны табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы
Достарыңызбен бөлісу: |