Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет183/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   192

                бар адамдар
 
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы 
ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жауаптылықтан 
иммунитетті Қазақстан Республикасында мына адамдар пайдаланады:
 
      1) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң 
дипломатиялық персоналы мүшелерi және егер олар өздерiмен бiрге тұрып жатса және 
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасы мүшелерi;
 
      2) егер осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының 
азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара түсіністік 
негiзінде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсетушi персоналының қызметкерлерi мен 
олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, егер Қазақстан Республикасының 
халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде өздері 
жасаған іс-әрекеттерге қатысты консулдықтардың басшылары және басқа да консулдық 
лауазымды адамдары;
 
      3) егер осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының 
азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара түсіністік 
негiзінде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық персоналы қызметкерлерi мен 
өздерiмен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерi;
 
      4) дипломатиялық курьерлер;
 
      5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, парламенттiк және үкiметтiк 
делегациялардың мүшелерi және өзара түсіністік негiзінде – Қазақстанға халықаралық 
келiссөздерге, халықаралық конференцияларға және жиналыстарға қатысу үшін немесе басқа 
да ресми тапсырмалармен келетiн шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi не 
осындай мақсаттармен Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өтетіндер және егер 
осы отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, аталған 
адамдармен ілесіп жүретін отбасы мүшелері;
 
      6) халықаралық шарттар немесе жалпы танылған халықаралық  әдет-ғұрыптар негiзiнде, 
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер 
өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi және персоналы, осы ұйымдардың лауазымды адамдары;
 
      7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін, үшiншi елдегi шет 
мемлекеттердің дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, өкiлдiктердің дипломатиялық 
персоналының мүшелерi және аталған адамдармен ілесіп жүретін немесе оларға қосылу үшін 
немесе өз елiне қайту үшiн бөлек бара жатқан олардың отбасы мүшелерi;
 
      8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де тұлғалар.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4) – 7) тармақшаларында аталған адамдар, 
сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де тұлғалар, егер 
шет мемлекет әкімшілік жауаптылықтан иммунитет беруден айқын білдірген бас тартуды 
ұсынған жағдайда ғана, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн. Мұндай бас тарту туралы 
мәселе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының 
Сыртқы iстер министрлiгi арқылы дипломатиялық жолмен шешiледi. Аталған адамдарға 
иммунитет беруден тиiстi шет мемлекеттiң бас тартуы болмаған кезде оларға қатысты 
әкiмшiлiк iс жүргiзуді бастау мүмкін болмайды, ал басталғаны тоқтатылуға жатады.
 
      3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы 
баптың екiншi бөлiгiнiң қағидалары осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) 
тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды, бұған осы адамдардың жасаған құқық 
бұзушылығы өздерінің қызметтік мiндеттерiн орындауға байланысты болған және Қазақстан 
Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталмаған жағдайлар қосылмайды.
 
      877-бап. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдарды
 
                 жете тексеру, әкiмшiлiк ұстап алу және күштеп
 
                 әкелу
 
      1. Осы Кодекстiң 876-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 
 


1), 4) – 7) тармақшаларында санамаланған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар жеке басына қолсұғылмаушылықты пайдаланады. 
Олардың өздерімен бірге дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдардың мәртебесін 
растайтын құжаттары болған кезде, олардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке 
басын жете тексеруге, оларды ұстап алуға немесе күштеп әкелуге болмайды. Олардың 
өздерімен алып жүрген заттарына да жете тексеру жүргiзуге болмайды.
 
      2. Егер шет мемлекет 876-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4) – 7) тармақшаларында 
көрсетілген адамдарға әкімшілік жауаптылықтан иммунитет беруден айқын білдірген бас 
тарту ұсынса, іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
 
      878-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет
 
      1. Осы Кодекстің 876-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 3) – 6) тармақшаларында 
санамаланған адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес 
өзге де адамдардың куә, жәбiрленушi ретiнде айғақтар бермеуiне болады, ал мұндай 
айғақтар беруге келiскен кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан 
судьяға, органға (лауазымды адамға) осы үшін келуге мiндеттi емес. Сұрақ қою үшiн 
көрсетілген адамдарға тапсырылған шақыруда олардың келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларының 
қолданылу мүмкіндігі туралы ескерту қамтылмауға тиіс.
 
      2. Егер осы адамдар әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында жәбiрленушiлер, куәлар ретiнде 
айғақтар берiп, ал iстiң қаралуына келмеген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
iстi қарап жатқан судья, орган (лауазымды адам) олардың айғақтарын жария етеді.
 
      3. Осы Кодекстiң 876-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында аталған адамдар 
өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн орындауға байланысты мәселелер бойынша айғақтардан 
басқа, куәлар және жәбiрленушiлер ретiнде айғақтар беруден бас тарта алмайды. Консулдық 
лауазымды адамдар куә ретінде айғақтар беруден бас тартқан жағдайда, оларға әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iс бойынша қамтамасыз ету шараларын қолдануға болмайды.
 
      4. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
iстi қарап жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) өздерiнiң қызметтік міндеттерiн 
орындауға қатысты хат-хабарды және басқа да құжаттарды ұсынуға мiндеттi емес.
 
      879-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық
 
                иммунитеті
 
      1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан 
үй-жайлар, дипломатиялық персонал мүшелерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-
жайлары, олардағы мүлiк және жүрiп-тұру құралдары қол сұғылмайтын болып табылады. Осы 
үй-жайларға кiру, оларды қарап-тексеру, сондай-ақ жүрiп-тұру құралдарын тексерiп қарау 
дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның келiсуiмен ғана 
жүргiзілуі мүмкін.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген иммунитет өзара түсіністік негізінде, 
егер осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары 
болып табылмаса, дипломатиялық өкiлдiктің қызмет көрсетушi персоналының қызметкерлерi 
мен олардың өздерiмен бiрге тұрып жатқан отбасы мүшелерi орналасқан тұрғын үй-жайларына 
қолданылады.
 
      3. Консулдық орналасқан үй-жай және консулдық басшысының резиденциясы өзара 
келісім негiзде қолсұғылмаушылықты пайдаланады. Осы үй-жайларға кiру, оларды қарап-
тексеру тиiстi шет мемлекеттің консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгi басшысының 
өтiнуi бойынша немесе келiсуiмен ғана орын алуы мүмкiн.
 
      4. Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдықтардың мұрағаттары, ресми хат жазысуы 
және басқа да құжаттары қол сұғылмайтын болып табылады. Оларды дипломатиялық өкiлдiк, 
консулдық басшысының келiсуiнсiз қарап-тексеруге және алып қоюға болмайды. Дипломатиялық 
пошта ашылмауға және кiдiртiлмеуге тиiс.
 
      5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетілген үй-жайларға 
кiруге, оларға қарап-тексеру жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау