Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет105/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   192

       6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау 
және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру 

 
      лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       7. Уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни 
бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмаған адамның 
ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде 
кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға 
жол бермеу шараларын қолданбауы 

 
       Республиканың шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 
 
       8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші 
бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап 
жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) 

 
       қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға 

 үш 
жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      491-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу қағидаларын бұзу
 
      Некеге отыруға кедергi келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал 
актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер беру 

 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты
 
                куәландыратын құжаттарсыз тұру
 
        1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен үш айға дейінгі 
мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша 
тiркеуден өтпей тұруы 

 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
       2. Қазақстан Республикасы азаматтарының үш айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз 
немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеуден өтпей тұруы 

 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет 

 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       4. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның 
күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өтпей не 
тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгінсiз не жарамсыз тұру 
ықтиярхатымен, азаматтығы жоқ адамның жарамсыз куәлiгімен тұруы, сондай-ақ ішкі істер 
органдарын паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің жоғалғаны 
туралы уақтылы хабардар етпеу 

 
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер 

 
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      493-бап. Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында
 
                тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар
 
                бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын
 
                жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі
 
        1. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және 
(немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да 
тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты 
тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi 

 


      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет 

 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және 
(немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да 
тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда 
тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуден шығару жөнiнде шаралар қолданбауы –
 
      жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет 

 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      494-бап. Паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою
 
                немесе оларды кепілге қабылдау
 
        1. Азаматтардан паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды 
кепілге қабылдау 

 
      ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 

 
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      495-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде
 
                не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға
 
                рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының
 
                азаматтығына қабылдау не Қазақстан
 
                Республикасының азаматтығын қалпына келтіру
 
                туралы өтініш берген кезде Қазақстан
 
                Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу
 
                жалған мәлiметтерді ұсыну
 
        1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну 

 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты 
тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не 
Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсынуы 

 
      Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
 
      496-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы
 
                заңнамасын бұзу
 
        1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан 
Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы 

 
      жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау