Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет103/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   192

      азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене 
отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза 
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
 
      азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене 
отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      484-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оның патрондарын
 
                сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау
 
                қағидаларын бұзу
 
      1. Қаруды сақтауға, алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар жеке 
тұлғалардың азаматтық қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе 
тасымалдау қағидаларын бұзуы 

 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Қызметтiк қарудың, оның патрондарының сақталуына жауапты ұйым қызметкерлерiнiң 
оларды сатып алу, сақтау немесе тасымалдау қағидаларын бұзуы, сол сияқты олардың 
қызметтiк қаруды және оның патрондарын өз мақсатында пайдаланбауы 

 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      485-бап. Газды қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану
 
        1. Газды қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану 

 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет 

 
      қару тәркiлене отырып немесе онсыз, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      486-бап. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта
 
                тiркеу) тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу
 
      1. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртiбiн не оны есепке 
қою қағидаларын:
 
      1) жеке тұлғаның қаруды сатып алғаннан кейiн тiркеу және оны сақтауға және 
(немесе) алып жүруге рұқсат алу;
 
      2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсатты 
ұзарту туралы iшкi iстер органына өтiнiш жасау;
 
      3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер 
органын хабардар ету;
 
      4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi 
iстер органдарына өтiнiш жасау;
 
       5) заңды тұлғаның қызметтiк және (немесе) азаматтық қаруды сатып алғаннан кейiн 
оны iшкi iстер органдарында тiркеу мерзiмдерiн бұзудан көрінген бұзу 

 
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет 

 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      487-бап. Азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшiн
 


                тапсырудан жалтару
 
      Азаматтық қаруды, оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші 
жойылған жеке тұлғалардың оларды өткізу үшiн тапсырудан жалтаруы 

 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      488-бап. Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды,
 
                митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен
 
                демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу
 
                тәртiбi туралы заңнамасын бұзу
 
      1. Қазақстан Республикасының жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттерді, 
демонстрацияларды не өзге де көпшiлiк iс-шараны ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi 
туралы заңнамасын бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткiзуге кедергi келтіру, сол 
сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де 
көпшiлiк iс-шараға қатысу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет 
белгiлерi болмаса, 

 
      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға, лауазымды адамдарға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға әкеп соғады.
 
       2. Ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының санкцияланбаған 
жиналысқа, митингіге, пикет қоюға, демонстрацияға немесе өзге де көпшiлiк iс-шараға 
қатысушыларға үй-жай не өзге де мүлiк (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдық, 
көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн өзге де жағдайлар 
жасауы 

 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза шаралары 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не жиналысты, митингiнi, шерудi, 
демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған әрекеттер –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi 
мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      488-1-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық
 
                  мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді
 
                  ұйымдастыру тәртібін бұзу
 
      1. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды 
өткізуді ұйымдастыру тәртібін жергілікті атқарушы органдарға мәдениет туралы және дене 
шынықтыру және спорт туралы заңнамада көзделген ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу 
түрінде бұзу –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елу 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
 
      жеке тұлғаларға – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 27-тарау 488-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.01.2016 
№ 446-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер
 
                туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан
 
                Республикасының заңнамасында белгіленген
 
                тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни
 
                бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау,
 
                қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау