299-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және бөгеттердiң
қауiпсiздiгi саласындағы аттестатталатын жұмыс
түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзу
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және бөгеттердiң қауiпсiздiгi саласындағы
аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүргізілген сараптамалардың нәтижелері
бойынша сараптама объектісінің сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы толық емес және
(немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындысын, оның ішінде жарылыс
жұмыстары саласында беру;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қауіпті өндірістік
объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу;
3) қауіпті өндірістік объектілердің мамандарын, қызметкерлерін даярлаудың, қайта
даярлаудың Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарына
сәйкес келмеуі;
4) газ тұтыну жүйелерінің жарамды күйін қамтамасыз етпей оларға техникалық қызмет
көрсетуді жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi
(сәйкес еместiгi) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама
қорытындыларын беру, бөгеттердiң қауiпсiздiгi декларацияларын әзiрлеу түрінде жасалған
бұзушылық –
аттестаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген
бұзушылықтарды жоймау –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
300-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық
пайдаланудың, электр станциялары мен жылу
желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану
кезіндегі қауіпсіздік техникасының,
тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық
пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу,
сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген
режимдерін бұзу
Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін немесе қызмет көрсетушi персоналдың
өмiрiне қауiп төндіретін жай-күйге әкеп соққан, электр станциялары мен желілерін
техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық
жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр
қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да
энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) одан ажыратуға әкеп соққан энергия
тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
300-1-бап. Энергия беруші ұйымдардың электрмен
жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің
бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі
Энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің
нормативтік мәндерінен асып кетуі –
энергия беруші ұйымның лауазымды адамына бір жүз жиырма бес айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе: Осы бапта энергия беруші ұйымның лауазымды адамы деп энергия беруші
ұйымның бірінші басшысын немесе оның міндетін атқаратын адамды түсіну керек.
Ескерту. 18-тарау 300-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.03.2016
№ 479-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
301-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа
әзірлік паспортын алу мерзімін бұзуы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз
елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
302-бап. Электр желiлерiн бүлдiру
1. Кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн,
жерасты және суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi шағын станцияларды,
бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру -
жеке тұлғаларға – сегіз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кернеуі 1000 вольттан асатын электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн,
жерасты және суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi шағын станцияларды,
бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен
қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде
қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен
қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде
қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |