Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет180/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   192

      1) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайларда 
– іс үшін едәуір маңызы бар мән-жайлар ашылған күннен бастап;
 
      2) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген 
жағдайларда – сот үкімінің заңды күшіне енген күнінен бастап;
 
      3) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда 
– қайта қаралатын қаулы негізделген сот үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы немесе өзге де 
мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісі заңды күшіне енген күнінен 
бастап;
 
      4) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайларда 
– Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес 
деп тану туралы қаулыны қабылдау күнінен бастап есептеледі.
 
      859-бап Арызды қарау
 
      Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды сот, орган 
(лауазымды адам) отырыста қарайды. Арыз беруші және іске қатысатын тұлғалар отырыстың 
уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі 
болып табылмайды.
 
      860-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның)
 
                істі қайта қарау туралы қаулысы
 
      1. Сот, орган (лауазымды адам) қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта 
қарау туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырады және қаулының күшін жояды не қайта 
қараудан бас тартады.
 
      2. Cоттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) қаулының жаңадан ашылған мән-
жайлар бойынша күшін жою туралы және қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта 
қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тартуы туралы шешіміне белгіленген тәртіппен 
шағым жасалуы және наразылық келтірілуі мүмкін.
 
      3. Қаулының күші жойылған жағдайда, сот, орган (лауазымды адам) істі осы Кодексте 
белгіленген қағидалар бойынша қарайды.
 
   48-тарау. АҚТАУ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ 
ҚАРАУҒА УӘКІЛЕТТІК БЕРІЛГЕН ОРГАННЫҢ (ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ) ЗАҢСЫЗ 
ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ 
      861-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның
 
                кiнәсiздiгiн тану арқылы ақтау
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкілеттік берілген 
судьяның, органның (лауазымды адамның) осы Кодекстiң 741-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 7) 
және 11) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша, өзіне қатысты iстi тоқтату туралы 
қаулысы шығарылған тұлға кiнәсiз деп есептеледi және оның Қазақстан 
Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтары мен 
бостандықтарына қандай да бір шектеулер қоюға болмайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілген судья, 
орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған тұлғаны кінәсіз деп тану 
және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судьяның, 
органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi салдарынан бұзылған жеке басының мүліктік 
емес және мүліктік құқықтарын қалпына келтіру бойынша заңда көзделген барлық шараларды 
қолдануға міндетті.
 
      862-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға
 
                уәкілеттік берілген соттың, органның (лауазымды
 
                адамның) заңсыз әрекеттерi салдарынан
 
                келтiрiлген зиянды өтеттіруге құқығы бар
 
                тұлғалар
 


      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судьяның, 
органның (лауазымды адамның) кiнәсiна қарамастан, іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету 
шараларын заңсыз қолдану салдарынан тұлғаға келтiрiлген зиян республикалық бюджеттен 
толық көлемде өтеледi.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судьяның, 
органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеттіруге:
 
      1) осы Кодекстiң 745-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған тұлғалардың;
 
      2) егер іс бойынша iс жүргiзу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс 
жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың болуына қарамастан басталса немесе олар анықталған 
кезден бастап тоқтатылмаса, iс бойынша іс жүргізу өздеріне қатысты басталмауға тиiс, ал 
басталғаны осы Кодекстiң 741-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 7) және 11) тармақшаларында 
көзделген негiздер бойынша тоқтатылуға жататын тұлғалардың құқығы бар.
 
      3. Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіру құқығы белгіленген тәртіппен 
оның мұрагерлерiне өтеді.
 
       4. Егер іс бойынша iс жүргiзу процесінде тұлғаның ерiктi түрде өзiне-өзi айып 
тағу жолымен шындықты анықтауға кедергi келтiргендiгi және сөйтіп осы баптың бiрiншi 
бөлiгiнде көрсетiлген салдардың басталуына ықпал еткенi дәлелденсе, оған зиян өтелуге 
жатпайды. 
 
      5. Осы баптың қағидалары осы баптың екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көрсетілген 
мән-жайлар болмаған кезде, тұлғаға қолданылған әкiмшiлiк жазаның және басқа да 
әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларының ескiру мерзiмдерiнiң өтуiне, әкiмшiлiк 
жауаптылықты жоятын немесе әкiмшiлiк жазаны жеңілдететін заңның қабылдануына байланысты 
күшi жойылған немесе өзгерген жағдайларға қолданылмайды.
 
      863-бап. Өтелуге жататын зиян
 
      Осы Кодекстiң 862-бабында аталған тұлғалардың мүлiктiк зиянды толық көлемде 
өтеттіруге, моральдық зиян салдарын жойғызуға және барлық жоғалтқан немесе нұқсан 
келтiрiлген құқықтарын қалпына келтiруге құқығы бар.
 
      864-бап. Зиянды өтеттіру құқығын тану
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкiлеттiк берілген судья 
немесе орган (лауазымды адам) тұлғаны толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдап, 
оның зиянды өтеттіру құқығын тануға міндетті. Iстi тоқтату туралы, өзге де заңсыз 
шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi тұлғаға 
тапсырылады не поштамен жiберiледi. Бір мезгілде оған зиянды өтеу тәртiбi түсiндiрiлген 
хабарлама жiберiледi. Залалды өтеттіру құқығы бар қайтыс болған адам мұрагерлерiнiң, 
туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер болмаған кезде
олар әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкiлеттiк берілген органға 
(лауазымды адамға) жүгiнген күнінен бастап бес тәуліктен кешiктiрілмей оларға хабарлама 
жiберiледi.
 
      865-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу
 
      1. Осы Кодекстiң 862-бабында аталған тұлғаларға келтiрiлген мүлiктiк зиян:
 
      1) олар айырылған жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың, өзге де қаражаттар мен 
кірістердің;
 
       2) судья қаулысының негiзiнде заңсыз тәркiленген мүлiктiң өтелуін қамтиды. 
Мүлiктi қайтару мүмкiн болмаған кезде оның құны қайтарылады; 
 
      3) iстi шешуге уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) заңсыз қаулысын 
орындау үшін өндіріп алынған айыппұлдардың; процестік шығындар мен заңсыз әрекеттерге 
байланысты тұлға төлеген өзге де сомалардың;
 
      4) заң көмегi көрсетілгені үшiн тұлға төлеген сомалардың;
 
      5) әкiмшiлiк жауаптылыққа заңсыз тарту салдарынан келтiрiлген өзге шығыстардың 
өтелуiн қамтиды.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау