Марк Аврелий Антонин мемлекет пен құқық туралы ойды дамыта түсті. Император-стоик қоғамдағы адам-дардың заң алдында барлығының бірдей және жауапты болуымен қатар, қол астындағылардың ерікті азат болуын қалады.
Стоиктердің саяси ойлары кейіннен рим саяси құқығының негізін қалады.
ОРТАҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ САЯСИ ІЛІМДЕРГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Батыс Еуропа тарихында ортағасыр тарихы ең ұзақ кезеңді (V–XVI) қамтиды. Батыстағы саяси-құқықтық идеялардың қалыптасуы үлкен таптық қайшылықтарға толы, құқықтық институттардың пайда болуымен және мемлекеттік тәртіптердің қалыптасу процесімен қатар жүрді.
Ортағасырда Батыстағы саяси ойлар ылғи өзгеріп, дамып отырды. Қоғамдағы сол өзгерістер кейіннен ескі құрлықтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзге-рістердің, сондай-ақ, феодалдық қатынастардың дамуына әкеліп соқты.
Батыстағы саяси ойлардың дамуы мен қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – ерте феодалдық (V–XI ғғ). Бұл уақытта қоғамда феодалдық қатынастар енді ғана қалыптасып, жаңа қоғамдық-экономикалық формацияның негізі қаланған уақыт еді. Осы уақытта ірі мемлекеттік құрылымдар қалыптасып, монархиялық билік орнады және сол ірі мемлекеттер кейіннен ұсақ конгломераттарға бөлшектеніп кетті.
Екінші кезең – феодалдық қатынастардың шарықтап дамыған (XI–XV ғғ.) тұсына және орталықтандырылған сословиелік-монархияның орнауына тұспа-тұс келеді.
Үшінші кезең – (XVғасырдың аяғы – XII бас кезі) феодализмнің аяғы, капиталистік қатынастардың енді пайда бола бастаған кезі, сондай-ақ, монархиялық биліктің көпшілігі абсолюттік монархияға ұласып үлгерген тұсы-мен сипатталады.
Ортағасырлық Батыстағы саяси ілімдердің қалып-тасуына христиан дінінің, соның ішінде рим-католик шіркеуінің ықпалы өте күшті болды. Христиан діні Батыс-та тұтастай христиандық мәдениеттің қалыптасуына тіке-лей әсер етті. Осыдан барып белгілі библиялық «Құдай-дан басқаның билігі жоқ, барлық билік тек құдайдан» деген қағиданы ұстанды және ол феодалдық қоғамның басты идеологиясына айналды.
Батыс Еуропаның ортағасырлық саяси тарихында мемлекеттік билік үшін рим-католиктік шіркеуі, папство мен зайырлы феодалдар арасында қатаң тартыс жүрді.
Ортағасырлық Еуропаның саяси және рухани өмірін-де папство өзінің шарықтау шегіне ХІІІ ғасырда жетті. Оның ерекше дамуына үлкен үлес қосқан доминикандық монах, теолог-ғалым Фома Аквинский (Аквинат, 1225– 1274 жж.). Фома Аквинскийдің еңбектері сол замандағы шіркеу билігінің ресми идеологиясына айналған еді. Негізгі еңбектері «Билеушінің басқаруы туралы» (1265– 1266 жж.), «Теология жиынтығы» (1266–1274 жж.).
Фома Аквинский өз саяси доктринасының негізі етіп Аристотельдің идеяларын қабылдады. Әсіресе, оған Аристотельдің мемлекет туралы идеясы құба-құп келді. Аквинский Аристотельдің «адам саяси хайуан» ұғымын басты назарға ала отырып, адамдардың әу бастан бірігіп мемлекет құруға ұмтылысы олардың табиғатынан, өйткені адамдар жеке-жеке жүріп өз қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да олар мемлекет құруға ынталы болды дейді. Мемлекеттің пайда болуы құдайдың әлемді жаратқанымен пара-пар. Әлемді жаратпастан бұрын құдай жерде тәртіп пен біркелкілікті орнатты. Монархта осы жолды қайталайды. Әуелі мемлекеттің құрылымын анықтап алғаннан кейін, тәртіп пен басқаруды жүзеге асырады деп тұжырымдайды.
Мемлекеттің мақсаты – «жалпыға жайлы» адамдарға лайықты өмір сүру мүмкіндігін қалыптастыру. Аквинат
билікті айқындауда үш: 1) биліктің мәніне; 2) формасына (пайда болуына); 3) билікті қолдану элементіне назар аударады.
Биліктің мәні – басқару мен бағындыру, соның ішінде жоғарғы сословие төменгі сословиеге өз билігін жүргізуге тиісті деген қорытындыға келеді. Осылайша, ол биліктің құдайдан келген әмір екенін тағы да бір тұжырымдайды. Бірақ Аквинат билікті теріс мақсатта пайдаланатын билеушілер де бар деп ескертеді.
Аристотельдің мемлекетті басқаруын (аристократия, олигархия, демократия) саралай келе, Аквинат, басқару-дың ең жоғарғы жетілген формасы ретінде монархияны қолдайды. Ол монархияның екі түрін ұсынады: абсолюттік және саяси монархия. Аквинат абсолюттік монархияға қарағанда, саяси монархияға үлкен ықыласпен қараған. Өйткені ол кезде, яғни саяси монархия жағдайында ірі феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің мүдделері қарастырылып, олар билікке ықпал ете алатын еді.
Фома Аквинский өз заманының нағыз идеологы бол-ды. Әсіресе ол католиктік шіркеу мен ірі феодалдар мүд-десін қорғаушы ретінде жасаған еңбегі католиктік шір-кеу тарапынан жоғары бағаланып, Аквинатқа «періштелер докторы» деген жоғарғы титул берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |