Егер маған ақпаратты бермесе, мен қайда және қалай шағым жасай аламын?


«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына



жүктеу 254,5 Kb.
бет2/2
Дата14.11.2018
өлшемі254,5 Kb.
#19306
1   2

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына


ЖАДЫНАМА
«Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар».
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 бабының 2 тармағы

«Әрбір адамның ақпаратты еркін алуға және таратуға құқығы адам құқықтары жөніндегі іргелі халықаралық құжаттарда бекітілген»
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы; Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті (Қазақстан 2006 жылы ратификациялады)


Астана, 2016 ж.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) мемлекет істерін басқарудағы қоғам қатысуының маңызды құралы және салық төлеушілер алдында мемлекеттік құрылымдар қабылдайтын шешімдері үшін жауаптылығын арттырудың тиімді тетігі болып табылады. Заң арқылы алынған ақпарат қоғамдық және жеке мәселелерді және бизнестегі және коммерциялық емес қызметтегі проблемаларды шешу үшін қолданылуы мүмкін.
Бұл заң мемлекетке, қоғамға және адамға
қандай пайда әкеледі?


  1. Мемлекеттік басқаруды реформалау (ашықтық және есептілік);

  2. Мемлекеттік шешімдерді қабылдауға азаматтарды тарту;

  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар және олардағы қоғамның рөлін арттыру


Кез келген ұқсас заң «құқық берілген тұлғалар» және «міндетті тұлғалар» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Осы жағдайда барлығымызда (азаматтар және азаматтар емес, азаматтығы жоқ адамдар) бізге қажетті кез келген ақпарат алуға құқығымыз бар. Біз бұл ақпарат не үшін және қандай мақсат үшін қажеттігі, онымен не істейтініміз және оны қалайша қолданатынымыз туралы мемлекетке түсіндіруге міндетті емеспіз. Мемлекет сұратылып отырған ақпаратты беруге, ал егер бұл ақпаратты беруден бас тартуға себептер болса, онда осы себептерді түсіндіріп, ақпаратты беру уақытын хабарлауға міндетті.


Құқық берілген тұлғалар – ақпарат пайдаланушылар





Міндетті тұлғалар – мемлекеттік органдар, мекемелер және т.б. – ақпарат иеленушілер болып табылады.


Осы заңның аясында «ақпарат» дегеніміз не?

Заңда ақпарат – ақпарат иеленуші алған немесе жасаған, кез келген жеткізгішке түсірілген және оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер деп белгіленген. Бұл ұғым құжат немесе құжатталған ақпарат деген ұғымдардан кең болып табылады.

«Ақпарат» деген ұғымның Заңда қамтылған мұндай анықтамасы – енді мемлекеттік органдар қабылдайтын құжаттарды да, сол сияқты олардың қызметі туралы ақпарат, атап айтқанда есептік, талдамалық, зерттеушілік, әлеуметтанушылық, статистикалық, құқықтық және т.б. ақпарат сұрату және алу мүмкіндігін білдіреді.
Кімнің ақпарат сұратуға және оған қол жеткізуге
құқығы бар?


Ақпарат пайдаланушы – бұл ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке (немесе) заңды тұлға. Осыған қоса, ақпарат пайдаланушы болып кез келген жеке немесе заңды тұлға: Қазақстанның азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, көшіп-қонушылар, барлық меншіктің барлық ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарындағы заңды тұлғалар, олардың бірлестіктері мен қауымдастықтары бола алады. Ақпаратты сұрату мен алу кезінде ҚР азаматы мәртебесін растау қажеттілігі жоқ.
Ақпаратты кімнен сұратуға болады?

Кім оны ұсынуға міндетті?

Ақпарат иеленушілер – бұл:

  • мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың органдары және мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер;

  • квазимемлекеттік сектордың субъектілері;

  • мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпарат бөлігінде – бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар (коммерциялық және коммерциялық емес);

  • өздері өндіретін (сататын) тауарлардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағаларына қатысты ақпарат бөлігінде – үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар;

  • өздері ие болатын экологиялық ақпарат, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жағдайы, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық ахуал, тамақ өнімінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына және елді мекендер мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс ықпал ететін өзге факторлар туралы ақпарат бөлігінде – заңды тұлғалар.

Қандай ақпаратты шектеусіз алуға болады?

Заңда қолжетімділігі ешбір жағдайда шектелмейтін, мыналардың:

  • азаматтардың қауіпсіздігіне және денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдары туралы, сондай-ақ дүлей зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен салдары туралы;

  • денсаулық сақтау, санитария, демография, көші-қон, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қорғау, экономика, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ қылмыстылық жағдайы туралы;

  • терроризм актілерін жасау фактілері туралы;

  • экологияның, өрт қауіпсіздігінің жағдайы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық ахуал, тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы;

  • мемлекет жеке және заңды тұлғаларға беретін артықшылықтар, өтемақылар мен жеңілдіктер туралы;

  • адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы;

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервінің мөлшерлері туралы;

  • мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар қамтылған нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ олардың жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін қамтитын;

  • мемлекеттік құпиялар қамтылған мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат қалыптастыру және жұмсау туралы;

  • мемлекеттік құпиялар бар мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың жұмсалуын бақылау туралы;

  • ақпарат иеленушілердің, олардың лауазымды адамдарының заңдылықты бұзуының фактілері туралы;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын ақпаратты қоспағанда, саяси, әлеуметтік және өзге де себептер бойынша, оның ішінде архивтердегі жаппай қуғын-сүргін туралы ақпараттың белгілі бір тізбесі белгіленген.


Қандай ақпарат шектеулермен ұсынылуы мүмкін?

Ақпараттың үш санатына ғана:

  • мемлекеттік құпияларға жатқызылған ақпаратқа;

  • жеке, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияларға жатқызылған ақпаратқа;

  • «қызмет бабында пайдалануға арналған» белгісі бар қызметтік ақпаратқа қолжетімділік шектелуі мүмкін.


Қажетті ақпаратты қандай тәсілдермен
сұратуға және алуға болады?


Заңда ақпарат алудың мынадай тәсілдері айқындалған:

  • сұрау салу бойынша ақпарат ұсыну;

  • ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда және осы мақсаттарға арналған өзге орындарда ақпаратты орналастыру;

  • ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар алқаларының отырысына қолжетімділікті және жыл қорытындысы бойынша жүргізілетін ҚР Парламенті Палаталарының отырыстарының, оның ішінде бірлескен отырыстарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдарының отырыстарының онлайн-трансляцияларымен интернет-ресурстарда қамтамасыз ету.

  • орталық атқарушы органдар (ҚР Қорғаныс министрлігін қоспағанда) басшыларының, әкімдердің және ұлттық ЖОО-ы басшыларының есептерін тыңдау және тақылау;

  • бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру;

  • ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру;

  • «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамбөліктерінде ақпаратты орналастыру;

  • ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер.


Құқықтық саясатты зерттеу орталығы «Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы үкіметтің есеп беруін арттыру» жобасы шеңберінде дайындаған, Астанадағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен іске асырылған «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы бойынша пайдаланушылар үшін (сұрақтар мен жауаптар түрінде) практикалық нұсқаулықта кез келген тұлға үшін пайдалы болуы мүмкін және ақпараттық басқа да сұрақтар мен жауаптар бар.
Ауызша сұрау салу бойынша мен қандай ақпарат ала аламын?

Ауызша сұрау салуға жауап берілген жағдайда жауапты берген адамның аты мен лауазымы көрсетіледі. Ауызша сұрау салуға мынадай ақпарат бойынша жауап беріледі:

  • ақпарат иеленушінің жұмыс кестесі;

  • ақпарат иеленушілердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының пошта мекенжайы, электрондық поштасының және (немесе) интернет-ресурстарының мекенжайы, анықтама қызметтерінің телефондары, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтер;

  • жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі;

  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сұрау салуларын, арыздарын және шағымдарын қарау тәртібі;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі;

  • сот істерін қарау кестелері;

  • ашық конкурстық сауда-саттықтар (аукциондар, тендерлер) өткізу күні мен орны туралы мәліметтер;

  • жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;

  • ақпарат иеленуші құрған бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтер (болған жағдайда);

  • бос лауазымдардың бар екендігі туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірлері.


Жазбаша сұрау салу бойынша мен қандай ақпаратты және

қандай мерзімде ала аламын?

Қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, жазбаша сұрау салу бойынша кез келген ақпарат беріледі. Қол жеткізу шектелген ақпаратқа мемлекеттік құпиялар, заңмен қорғалатын құпия және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат жатады.

Жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иеленушіге сұрау салу келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі.

Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге де ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, ақпарат иеленушінің басшысы қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушыға хабар беріледі.
Электрондық сұрау салу бойынша мен қандай ақпарат ала аламын?

Электрондық сұрау салу – бұл тек жазбаша сұрау салу нысаны. Егер жазбаша сұрау салуды сіз қағазда ресімдесеңіз және поштамен жіберсеңіз, электрондық сұрау салуды дайындау және жіберу үшін сізге компьютер және интернетке қолжетімділік қажет болады.

Электрондық сұрау салуды дайындау және жіберу кезінде сияқты, электрондық сұрау салуды жібере отырып, сіз мемлекеттік органнан немесе ақпарат иеленушіден қол жеткізу кез келген, қол жеткізу шектелмеген ақпаратты талап ете аласыз. Сіздің электрондық сұрау салуыңыз алынған кезде, егер тек:

1. сұратылатын ақпарат мемлекеттік құпия болып табылса;

2. заңмен қорғалатын құпия болса;

3. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі болса, ақпарат беруден бас тартылуы мүмкін.

Электрондық құжат түріндегі сұрау салу электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс екеніне назар аударыңыз,. Жеке және заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ-ны (электрондық цифрлық қолтаңба) қалай алуға болатыны «Электрондық үкімет» порталының http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/getecp& lang=ru сілтемесі бойынша көрсетілген.
Электрондық сұрау салуларды жіберу үшін мен қандай

ресурстарды пайдалана аламын?

Ақпаратты онлайн түрде сұратуға және алуға үйренген немесе мемлекеттік органдармен келешекте тек осылай ғана байланыста болуға ниеті бар пайдаланушылар үшін электрондық сұрау салуларды жіберу үшін бірнеше мүмкіндік бар.

«Электрондық үкімет» порталының «Электрондық өтініштер» сервисіне

http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/citizensgovernment/articlesforcg/passport/e_app&lang=ru сілтемесі арқылы қол жеткізуге болады.

Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасына

http://www.blogs.e.gov.kz/ru/site сілтемесі арқылы қол жеткізуге болады.

«Ашық диалог» порталы

Сервиске https://dialog.egov.kz/ сілтемесі бойынша қол жеткізуге болады

Мемлекеттік органның немесе басқа да ақпарат иеленушінің ресми электрондық поштасы арқылы жіберу

Мемлекеттік органдардың барлық сайттарында кеңсесінің байланыстары және кеңсесінің электрондық мекенжайы көрсетілген. Сіз электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық өтінішті кеңсенің мекенжайы арқылы жібере аласыз.

Мемлекеттік органдардың және ақпарат иеленушілердің интернет-ресурстарындағы «Сұрақ-жауап» сервисі

Мемлекеттік органдардың және басқа да ақпарат иеленушілердің барлық интернет-ресурстарында «Сұрақ-жауап» сервисі болуға тиіс. Жіберілген өтініштер мен сұрау салулар қағаз түріндегі сұрау салулармен қатар бірдей тіркеледі және қаралады. Мысалы, Алматы қаласы прокуратурасының «Сұрақ-жауап» сервисі осылай жұмыс жасайды (http://almaty.prokuror.kz/rus/areaquestions сілтемесі арқылы).

Жазбаша сұрау салуды қалай дайындап, жіберуге болады?

Сұрау салуда міндетті түрде:

  • сұрау салу жіберілетін мемлекеттік органның немесе кез келген басқа да ақпарат иеленушінің атауы;

жүктеу 254,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау