Сұрақтарға жауап



жүктеу 21,46 Kb.
Дата11.06.2020
өлшемі21,46 Kb.
#30914
сұрақтарға жауап Маменова Аружан


Қарағанды Білім және ғылым министрлігі

Ж.К. Бөкенов атындағы Қарағанды Банк колледжі



Сұрақтарға жауап

Орынаған: Ф-21 тобының студенті

Маменова Аружан

Тексерген: Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің мұғалімі Тунгушбаевп У.Ж.


Қарағанды 2020


1. Құжаттарды тіркеу жəне есепке алу туралы сіздің түсінігіңіз?

Мекемеге келіп түсетін хат-хабарларды қабылдауды кеңсенің хат- хабарларды тіркеу бөлімшесі немесе хатшы орталықтандырған түрде жүзеге асырады. Конверттер ашылады («жеке өзіне» деген белгісі барынан басқасы). Конверттер жойылады, мұнда жіберушінің мекен-жайы тек конвертте ғана болса, онда сақталуы мүмкін. Барлық түскен құжаттар тіркелетін жəне тіркелмейтін құжаттар болып сұрыпталады.

2. Құжаттарды тіркеу кезінде қандай ережелерді білу керек?

Мiндеттi түрде тiркеуге жататын құжат туралы мəлiметтердiң мынадай құрамы белгiленедi:

1) ұйымның (автордың немесе корреспонденттiң) атауы;

2) құжат түрiнiң атауы;

3) келiп түскен құжаттың күнi мен тiркеу нөмiрi;

4) мəтiннiң тақырыбы (құжаттың қысқаша мазмұны);

5) бұрыштама (орындаушы, тапсырманың мазмұны, авторы, күнi);

6) құжаттың орындалу уақыты;

7) құжаттың алынғаны туралы орындаушының қолы;

8) құжаттың орындалғандығы жəне оның iске жiберiлгендiгi туралы белгi.

3. Құжаттарды тіркеу дегеніміз не?

Құжаттарды тіркеу – құжатқа бірегей тіркеу нөмірін (құжат индексін) бере отырып жəне ол туралы тіркеу журналына мəліметтер жаза отырып, оны жасау немесе қабылдау фактісін белгілеу.

4. Тіркеу нысандары қалай жүргізіледі?

Тіркеу-есепке алу формаларының журналдық нұсқасын жылдық құжат айналымы 500-600 құжаттан аспайтын ұйымдар қолданады. Журналдың барлық парақтарына оң жақ жоғарғы бұрышынан нөмір қойылып, түбі айрықша берік жіппен тігіледі. Жіптің ұштары нөмірленген соңғы парақтың теріс бетінен шығарылады. Шаршы қағаз қиындысын пайдалана отырып жіптің ұштары клейленеді де, оған ұйым мөрі басылып куəландырылады. Мөр шеті шаршы қағаз қиындысының бір бөлігін қамтуы тиіс. Шаршы қағаз қиындысының көлемі ұйым мөрі диаметрінен үлкен болуы шарт. Сол бетке куəлік-жазба түсіріледі.


5. Тіркеу-бақылау карточкасы не үшін керек?

Құжаттарды жедел іздестіру мақсатында тіркеу-бақылау карточкаларынан анықтамалық, бақылау-анықтамалық, ақпараттық-анықтамалық картотекалар, азаматтар өтініштері бойынша картотекалар, нормативтік құқықтық актілердің, өкімдік құжаттардың т.б.-дың тақырыптық картотекалары жасалады. Картотекалар жасау оларды пайдалану мақсатына байланысты белгілі бір схемамен жүзеге асырылады. Мəселен, Қазақстан Республикасы Үкіметі құжаттарына, азаматтар өтініштеріне арналған картотекалар – корреспонденттер бойынша, өкімдік құжаттарға арналған картотекалар – ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері бойынша жасалады. Карточкалар əр тараудың өз ішінде хронологиялық тəртіппен жүйеленеді. Тек азаматтар өтініштеріне арналған карточкаларды жүйелеу – алфавиттік ретпен жүргізіледі.
жүктеу 21,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау