Егеменді Қазақстан


-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі



жүктеу 2,26 Mb.
бет14/27
Дата17.01.2020
өлшемі2,26 Mb.
#27022
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

150-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстары қажет болуына қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), байқау кеңесі мүшесінің немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының талап етуі бойынша шақыруы мүмкін.

3. Байқау кеңесі туралы ережені, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу тәртібін тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекітеді.

4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысы, егер шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің барлық мүшелері оның өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етілсе және отырысқа шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің өз дауысын байқау кеңесінің басқа мүшесіне немесе өзге жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруіне жол берілмейді.

5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.

6. Байқау кеңесінің шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді және оларға байқау кеңесінің барлық мүшелері қол қояды.

151-бап. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның аудиті

1. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізуге міндетті.

2. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның аудиті байқау кеңесінің, мемлекеттік кәсіпорын басшысының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) бастамасы бойынша мемлекеттік кәсіпорын қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.

152-бап. Мүдделер қайшылығы

Байқау кеңесінің мүшесі шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуға тиіс. Байқау кеңесінің мүшелеріне шешімдер қабылдаған кезде өзінің жеке мүддесін көздеуіне, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның коммерциялық мүмкіндіктерін жеке мақсатында пайдалануына тыйым салынады.



5-параграф. Қазыналық кәсiпорын

153-бап. Қазыналық кәсiпорынның мүлкiне билік ету

РҚАО-ның ескертпесі!



153-баптың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

Осы Заңның 135-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, республикалық қазыналық кәсіпорын – негізгі құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, сондай-ақ дебиторлық берешекті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана, ал коммуналдық қазыналық кәсіпорын жергілікті атқарушы органның келісімімен ғана беруге және есептен шығаруға құқылы.

Қазыналық кәсіпорын негізгі құралдарға жатпайтын, өзіне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

РҚАО-ның ескертпесі!



154-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

154-бап. Қазыналық кәсіпорынның жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығы

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) қазыналық кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

2. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) қазыналық кәсіпорынға алып қойылған мүлікті өзге тұлғаға бергенге дейін оны күтіп ұстау және сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеуге құқылы.

155-бап. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi

1. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi жарғыда бекітілген оның мақсаттарымен және мiндеттерiмен айқындалады.

2. Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

156-бап. Қазыналық кәсiпорын өндiретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

1. Республикалық қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейдi.

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын жергiлiктi атқарушы орган белгiлейдi.

3. Табиғи монополия немесе мемлекеттік монополия субъектісіне жататын қазыналық кәсіпорындарды қоса алғанда, қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) бағалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.

Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

157-бап. Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталы

Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптастырылады.



158-бап. Қазыналық кәсіпорынның жауаптылығы

1. Қазыналық кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билігіндегі ақшамен жауап бередi.

Қазыналық кәсiпорынды тарату жағдайларын қоспағанда, осы заңды тұлғаның қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.

2. Қазыналық кәсiпорын мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

3. Қазыналық кәсiпорынның ақшасы жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

6-параграф. Мемлекеттік мекеме

159-бап. Мемлекеттік мекемені құру

РҚАО-ның ескертпесі!



1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

1. Республикалық мемлекеттік мекемені – Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік мекемені облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрады.

2. Мемлекеттің жеке тұлғалармен және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен бірлесіп мемлекеттік мекеме құруына жол берілмейді.

3. Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені құрудың ерекшеліктері мен мемлекеттік органдардың мүліктік айналымға қатысуын құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Заңның 163 және 164-баптарында белгіленеді.



160-бап. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру

РҚАО-ның ескертпесі!



1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметін тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерге басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асырудан бөлек, табыс әкелетін қызметті (ақылы қызметтер көрсету) жүзеге асыру құқығы берілуі мүмкін.

161-бап. Мемлекеттік мекеменің мүліктік құқықтарды іске асыруы

1. Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге құқылы емес.

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.

3. Арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлкін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ мүліктік жалға беру (жалдау) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Ескерту. 161-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

162-бап. Мемлекеттік мекеменің жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығы

РҚАО-ның ескертпесі!



162-баптың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік мекемеге бекітіліп берілген мүлікті тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша алып қоюға не оны басқа мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

Мемлекеттік мекемеге бекітіліп берілген және жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлік басқа мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге жатпайды.

Ескерту. 162-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.11.2015 № 387-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

163-бап. Мемлекеттік органдардың мүліктік қатынастарға қатысуы

1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына орай мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнамасында және оларды құру туралы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде олар заңды тұлғалар ретінде айқындалса, мемлекеттік мекемелер болып танылады.

2. Заңды тұлға ретінде айқындалған мемлекеттік органдар, егер олар азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан емес, өз атынан қатысса (жалға алу, кеңсе керек-жарақтарын, жабдықтар сату-сатып алу шарттарын жасаса, зиян келтіргені үшін міндеттемелер бойынша жауаптылықта болса, басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер жасаса) мемлекеттік мекемелер ретінде қарастырылады.

Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

164-бап. Мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді құрудың және олардың қызметінің ерекшеліктері

1. Осы Заңның 163-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік органды құру туралы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің негізінде құрылады және осы мекеме туралы ережелердің негізінде жұмыс істейді.

2. Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеме өзінің атынан басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (акционері, қатысушысы, мүшесі) ретінде әрекет етуге құқылы емес. Мемлекеттік заңды тұлғаларды, акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру кезінде мемлекеттік органдар мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) атынан ғана құрылтайшы (акционер, қатысушы) ретінде әрекет етуге құқылы.

РҚАО-ның ескертпесі!



3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелер табыс әкелетін қызметпен айналысуға құқылы емес. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен табыс әкелетін қызметпен айналысуға құқылы.

4. Мемлекеттік органның құзыреті, құрылымы, ведомстволық бағыныстылығы және функцияларын жүзеге асыруға байланысты басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы мемлекеттік органдарды құру туралы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде айқындалады.

РҚАО-ның ескертпесі!



164-бапты 4-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы Заңның күші мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылады.



Ескерту. 164-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

165-бап. Мемлекеттік мекеменің жауаптылығы

1. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді.

Мемлекеттік мекеменің қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.

2. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.



12-тарау. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСІЛІ АКЦИЯЛАРЫНА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСІЛІ ҚАТЫСУ ҮЛЕСТЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

166-бап. Акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне мемлекеттің өзіне тиесілі құқықтарын жүзеге асыруын құқықтық реттеу

1. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құруды, акционерлердің (қатысушылардың) құқықтарын, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басқару органдарын құру мен олардың өкілеттігін құқықтық реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы акционердің (қатысушының) акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысу құқығын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органына беруі мүмкін. Республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетіне билік ету құқығы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органда қалады.

Акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырушы тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының (қатысушылардың жалпы жиналысының) құзыретіне жататын мәселелер бойынша акционер (қатысушы) ретінде мемлекеттің мүддесін білдіреді.

3. Әкімшілік-аумақтық бөлініс қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде әкімшілік-аумақтық бөліністің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Ескерту. 166-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28. № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

167-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне құқықтарының туындау негіздері

Мемлекет акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне құқықтарды:

1) мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру;

2) мемлекеттің акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құруы;

3) мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуы;

4) жарғылық капиталындағы қатысу үлесі осы Заңның 19-бабында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдарды акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру;

5) "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін мәжбүрлеп сатып алу;

6) стратегиялық объектілерді сатып алуға басым құқықты іске асыру;

7) осы Заңның 19-бабында көзделген өзге де негіздер бойынша сатып алу жолымен ие болады.

168-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүргізіледі.



169-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуы

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін республикалық және коммуналдық мүліктің құрамына сатып алу туралы шешімді тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

2. Акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

3. Акционерлік қоғамдардың акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік мүлікті беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.

4. Акционерлік қоғамдардың акцияларын республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарды құрған кезде республикалық мүліктің құрамына түсетін, акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізіліміндегі акциялар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жеке шотының есебіне жатқызылуға тиіс.

Акционерлік қоғамдардың акцияларын жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алған кезде, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөлініс қатысатын акционерлік қоғамдарды құрған кезде коммуналдық мүліктің құрамына түсетін, акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізіліміндегі акциялар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның жеке шотының есебіне жатқызылуға тиіс.



170-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құруы

1. Мемлекет акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құрған кезде олардың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болады.

3. Әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болады.

4. Акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құратын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органды және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары және мемлекеттік мекемелер акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы бола алмайды.

5. Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекеттің қатысуына тыйым салулар мен шектеулер белгіленуі мүмкін.

6. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын төлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

7. Акционерлік қоғамның акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда, мемлекеттік мүлікті беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.

8. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


жүктеу 2,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау