"Егеменді Қазақстан" 2000 жылғы 1 желтоқсан N 302-303 жарияланды
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңы.
Әкімшілік рәсімдер туралы
МАЗМҰНЫ
Осы Заң басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттiк органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған.
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262; 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Әкiмшiлiк рәсiмдер деп:
1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртiбi және оларды ресiмдеу, оның ішінде электрондық нысанда ресімдеу;
2) мемлекеттiк аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi;
3) азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөнiндегi өтiніштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi;
4) экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады.
1-1. Қызметтік ақпарат деп меншік иесі, иеленушісі немесе пайдаланушысы мемлекет болып табылатын, мемлекеттік функцияларды орындау кезінде жасалатын, өңделетін және берілетін ақпарат түсініледі.
2. Мемлекеттiк органдар деп мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актiлер арқылы:
1) жалпыға бiрдей мiндетті мiнез-құлық ережелерiн белгілейтiн актiлер шығару;
2) әлеуметтiк мәнi бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру;
3) мемлекет белгiлеген жалпыға бiрдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк мекемелер ұғынылады.
2-1. Мемлекеттiк органның құзыретi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады;
мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттiк органның құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады;
мемлекеттiк органның құқықтары деп белгiлi бiр iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады;
мемлекеттiк органның мiндеттемелерi деп мемлекеттiк орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады;
мемлекеттiк органның мiндеттерi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады;
мемлекеттiк органның функциялары деп мемлекеттiк органның қызметтi өз құзыреті шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады.
Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттігі, функциялары мен міндеттері Конституцияда, заңдарда және Президент, Үкімет, өзінен жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
2-2. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-3. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-4. Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2-5. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-6. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-7. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-8. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-9. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-10. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-11. Мәліметтер нысаны - мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпаратты қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген электрондық немесе өзге де нысандағы құжат.
2-12. Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымды адамдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауына жүзеге асыратын бақылау.
3. Лауазымды адамдар деп осы Заңда мемлекеттiк функцияларды (өкiмет өкiлiнiң функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшілiк-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар ұғынылады.
Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына байланысты лауазымды адамдар өздерiне жүктелген функцияларды:
1) жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен мемлекеттiң нақты лауазымды адамының атынан;
2) нақты мемлекеттiк органда шешiмдер қабылдаудың заңдарда көзделген тәртiбiне байланысты жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен не алқалық тәртiппен нақты мемлекеттiк органның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң атынан жүзеге асыра алады.
4. Алынып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Алынып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.12 № 536, 2007.06.18 № 262, 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.04.01 № 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылу шектерi
1. Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер заң актiлерiмен реттелмеген бөлiгiнде:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың, Президентке тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың;
2) Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталары, Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының;
3) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты мен өзге де соттары аппараттарының;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Премьер-Министрi Кеңсесiнің, орталық атқарушы органдарының;
5) Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары аппараттарының;
6) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының қызметінде қолданылады.
7) алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы Заңда көзделген рәсiмдердiң күшi:
1) азаматтардың өтiнiштерiн қарауға және қаралу тәртiбi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда, қылмыстық iс жүргізу және азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген өзге де iстердi қарауға;
2) дайындалу рәсiмi өзге заң актiлерiнде көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауға;
3) жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін стратегиялық, бюджеттік және экономикалық жоспарлау түрлеріне қолданылмайды.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262, 2010.04.02 № 263-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер:
1) заңдылық;
2) төменгi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы;
3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi;
6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
7) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
8) мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;
9) барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бiрыңғай болуы;
10) барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi;
11) үнемдiлiк пен тиімділік қағидаттарына негізделеді.
12) алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262; 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын
ұйымдастыру және бақылау тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-бап. Мемлекеттiк органдардың өз функцияларын жүзеге асыруы кезiнде шешiмдер қабылдауы
Ескерту. 4-бап алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-бап. Құқықтық актілерге және олардың ресiмделуiне қойылатын талаптар
Ескерту. 5-бап алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау
1. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру тиісті уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының қабылданған шешiмдi уақтылы және тиянақты орындау жөнiндегi шараларды әзiрлеуi мен қабылдауы болып табылады.
2. Қажет болған жағдайда, жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (лауазымды адам) оны орындау жөнiндегi ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзiрлеп, бекiтедi және ол тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзіледi.
3. Егер жеке-дара қолданылатын құқықтық актiде оны орындаудың нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушылары айқындалмаса, онда оларды орындаушы мемлекеттiк орган немесе жоғары тұрған орган белгiлейдi және олар тiкелей орындаушылардың назарына дереу жеткiзiледi.
4. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және тиянақты орындау мақсатында мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға тиiс.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7-бап. Мемлекеттік органның жеке-дара қолданылатын құқықтық актісінің, Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Ішкі бақылау:
1) жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) орындалуына бақылау болып бөлінеді. Бұл жағдайда орындалуға жататын іс-шаралар қамтылатын барлық жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер бақылауға алынады;
2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді.
2. Ішкі бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап етіп алдыру;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
4) сол жерге бару арқылы тексеру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.
3. Ішкі бақылау мынадай өлшемдер бойынша жүргізіледі:
1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және олардың лауазымды адамдары қызметінің өздерінің алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі;
2) орындаудың уақтылығы және толықтығы;
3) орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы.
4. Күшіне енген жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қажет болған кезде бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
Бұл ретте бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түсетін ақпаратты:
1) жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің орындалу дәрежесі мен сапасын;
2) жеке-дара қолданылатын құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шаралар белгілеуді;
3) бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін;
4) жеке-дара қолданылатын құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды адамдардың жауаптылығын айқындау үшін талдайды.
Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша тұжырымдалған ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады. Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушыларына қабылданған шешім туралы хабарланады.
5. Құқықтық актіде көзделген іс-шараларды бақылаудан алуды және олардың орындалу мерзімдерін ұзартуды мемлекеттік органның басшылығы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын бақылаудан алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау қызметі жеке-дара қолданылатын құқықтық актіде белгіленген орындалу мерзімі өткенге дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалатын тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша еске салу жібереді.
Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін мемлекеттік органның өзі не оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы мүмкін.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8-бап. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiнiң күшiне енуi және қолданылуының тоқтатылуы
Ескерту. 8-бап алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ РӘСIМДЕРI
9-бап. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау
1. Мемлекеттік органдар өз қызметін стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ қажет болған жағдайда тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары органның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде және құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін алдын ала жасалады.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері өз жұмыс жоспарларын осы органның жұмыс жоспарының негізінде жасайды.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-1-бап. Регламент, мемлекеттік орган және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ереже
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-1. Мемлекеттік органның мәртебесі мен құзыреті мемлекеттік орган туралы ережемен айқындалады.
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу мен бекіту жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітеді.
5. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындау мәселелері бойынша ереже бекітіледі.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту. 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.18 N 262, жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 481-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
9-2-бап. Мемлекеттік органның функциялары
Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функциялары болып бөлінеді:
жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады;
мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеушілік функциялар болып табылады;
жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беруге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;
жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және бақылау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдардың құрылымында функцияларды стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау деп бөлуді - Қазақстан Республикасының Президенті, ал орталық атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында өздеріне көзделмеген функцияларды жүзеге асыруына тыйым салынады.
Ескерту. 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.27 N 315, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет
1. Жеке-дара өкiмдiк қызмет – лауазымды адамдар мемлекеттiк органдарда жүзеге асыратын, уәкiлеттi лауазымды адамдардың жеке-дара қолданылатын құқықтық актiлерге жеке-дара қол қоюын, қарамағындағы қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беруiн, мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру жөнiнде өзге де ұйымдық-өкiмдiк шараларды жеке-дара қабылдауын қамтитын қызметi.
2. Мемлекеттiк органның басшысы (алқалы мемлекеттiк органдарды қоспағанда) сенiп тапсырылған органға басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады.
3. Жеке-дара өкiмшiлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде төменгi лауазымды адамдар өздерiнiң әрекеттерiн жоғары тұрған лауазымды адамның шешiмдерiмен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырады. Егер мемлекеттiк функциялар тек қана жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырылса, бұл жағдайда төменгi лауазымды адамдардың мiндетi уәкiлеттi адамның осы қызметiн қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11-бап. Алқалы мемлекеттiк органдардың қызметi
1. Шешiмдерi мемлекеттiк органдар мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданатын органдар алқалы мемлекеттiк органдар болып табылады. Алқалы орган қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жауапкершiлiк, шешiмдi қабылдаған кезде қарсы дауыс бергендердi қоспағанда, алқалы органның дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерiне жүктеледi.
2. Алқалы органдар қызметiнiң негiзгi нысаны олардың отырыстары болып табылады, оларда осы органдардың шешiмдерi қабылданады.
3. Алқалы мемлекеттiк органдардың отырыстарын дайындау және өткiзу кезiнде уәкiлеттi органдар (олардың құрылымдық бөлiмшелерi) мен лауазымды адамдар мынадай мәселелердi шешедi:
1) отырыстарды жоспарлау - осы отырыстарды өткiзу жоспары әзiрленедi және бекiтiледi. Осы жоспар тиiсiнше тоқсандық және жылдық мерзiмге әзiрленедi, ал тиiстi келiсуден кейiн оны алқалы органның басшысы не алқалы органның қызметін қамтамасыз ететiн органның басшысы бекiтедi. Бекiтiлген жоспар мүдделi органдар мен лауазымды адамдардың назарына жеткiзiледi;
2) алқалы мемлекеттiк органның отырысына шығарылатын мәселелердi дайындауды, отырысты өткiзу жөніндегi өзге де ұйымдық шараларды оның тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi не алқалы органның қызметiн қамтамасыз ететiн орган жүзеге асырады.
4. Отырыстарды жүргiзу тәртiбi алқалы мемлекеттiк органдардың регламенттерiмен айқындалады.
5. Алқалы органның отырысы хаттамаға түсiрiледi.
6. Отырыста қабылданған шешiмдер алқалы мемлекеттiк органның регламентiне сәйкес қаулылармен ресiмделiп, орындаушылардың назарына жеткiзiледi. Қажет болған жағдайда қабылданған шешiмдердi iске асыру жөнiнде шаралар жоспары жасалып, бекiтiледi, олардың орындалуы бақылауға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |