«Егемен Ќазаќстан» газетіне



Дата15.05.2018
өлшемі78 Kb.
#13754
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердiң бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;      

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық

маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санаты

Еңбек сінірген жылдарына байланысты




min

maх

С-О-5

83282

112431


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы,

Индекс:160019, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 4 үй, электрондық мекенжайы: itk.uko@mid.gov.kz, анықтамалар үшін телефондар 8(7252) 56-29-59, факс 56-29-59.
Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңінен 03.04.2019 ж қоса алғанға дейін), (С-О-5 санаты, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Инспекцияның Ережесіне сәйкес автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының көлік, лицензиялау заңнамаларының, нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісімдердің жеке және заңды тұлғалармен сақталуына бақылау жасайды. ҚЕБ АЖО (АРМ БСО), ЭСЖ (ЭПЗ), ТБЕ АЖО (АРМ ЕУП), СТССОТ (РНИОН), ХҚКО БАЖ (ИИС ЦОН) бағдарламаларын жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетеді: «1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктi тасымалдауға арнайы рұқсат беруге», «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беруге», «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсаттар беруге». Салық төлеушілер мен берілген рұқсат құжаттар бойынша салық салу объектілерінің тізімін жүргізеді және ҚР ИДМ Көлік комитетінің серверіне мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұйғарым береді. Атқарылған жұмысының есептерін және талдауларын әзірлейді.тҚазақстан Республикасының аумағындағы автомобиль жолдары желісінің сақталуын қатамасыз етілуне бақылау жасайды. Транзиттік әлеуеттің қолданылуы туралы ақпаратты жинақтайды, автокөлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын есептейді, бекітілген нысанда есептілік құжаттар түріндегі жинақталған ақпараттың берілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады, Автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау жасайды, халықаралық қатынастағы тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын жылжымалы құрамға қойылған талаптарының тасымалдаушылар тарапынан сақталуына бақылау жасайды, халықаралық және облысаралық қатынастағы жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалына рұқсаттың болуын тексереді және автомобиль көлігі саласындағы шаруашылық субъектілерінде тексеру жүргізу барысында қозғалыстың маршруты мен кестесінің сақталуына бақылау жасайды, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел тасымалдаушыларымен жасалынатын каботажды тасымалдауды анықтауды және алдын алуды жүзеге асырады, белгіленбеген өткізу бекеттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шетел автокөлік құралдарының кіру фактілерін анықтайды, рұқсат етілген салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн асырып, автоматтандырылған өлшеу жүйесі арқылы өткен автокөлік құралдарына бақылау жасайды, Кеден одағының сыртқы шекарасында берілген хабарландырулардың орындалуын тексереді, автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салады, ұстап, стационарлық көліктік бақылау бекеті жанындағы арнайы алаңдарда, тұрақтарда олардың уақытша сақталуы үшін жеткізеді, белгіленген тәртіппен жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалын жасауға рұқсат куәлігін, автокөлік құралына рұқсат карточкаларының болуын тексереді. Көлік саласындағы (әуе көлігінен бөлек) шаруашылық субъектілерін тексереді, ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұйғарым береді. Атқарылған жұмысының есептерін және талдауларын әзірлейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Көлік, көліктік техника және технология, автоматтандыру және басқару, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, құқық, экономика және бизнес мамандықтары бойынша.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің ресми сайты: www.transport.mid.gov.kz

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________


______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау