|
Әдістемелік нұсқаулық Әлеуметтану және саясаттану пәні бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық Шымкент, 2019жСтуденттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар
|
бет | 2/9 | Дата | 29.11.2022 | өлшемі | 135,5 Kb. | | #40391 |
| Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар
(оқытушының таңдауы бойынша)
СӨЖ түрлері
СӨЖ курстың белгілі бір тараулары немесе бірнеше тақырыптар, тараулар, модульдерді қамтитын проблемалар бойынша жүргізіледі. Көбінесе СӨЖ зерттеу түріне жатады, яғни бұл әдіснамалық түрдегі сұрақтар..
СӨЖ-ң барлық түрлері түрлі сәйкестіктерде әр түрлі әдістемелік қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
СӨЖ-ң ең көп тараған түрлері болып табылады:
Тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) жазу.
Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу (1-2 бет).
Ауызша сұрау– студент пәннің негізгі заңдылықтарын салыстырмалы ұғымдар арқылы түсіндіріп беру. Берілетін уақыт: 5-10 минут.
Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут).
Іскерлік ойын –Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).
Айқындап жағдайды үйрену нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.
Топтық жоба, 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.
Жеке жоба маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауапттар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
Жазба жұмыстары. модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.
Тесттер тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары.
Рефераттар мен баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару.
Пікір студенттер бір-бірлерінің рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазуы.
Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немесе 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.
Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет; уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0,1 балл алып тастау).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|