Әдістемелік нұсқаулық Әлеуметтану және саясаттану пәні бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық Шымкент, 2019ж



жүктеу 135,5 Kb.
бет1/9
Дата29.11.2022
өлшемі135,5 Kb.
#40391
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ф. 7.03-03

С.А.Султанов




Әдістемелік нұсқаулық


Әлеуметтану және саясаттану пәні бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық

Шымкент, 2019ж.
ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Философия және мәдениеттану» кафедрасы

С.А.Султанов


Әлеуметтану және саясаттану пәні бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық

Шымкент, 2019ж.


ӘОҚ 32.001 (076)


Құрастырушы: С.А.Султанов


Әлеуметтану және саясаттану пәні бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық.
Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2019. ___ бет.

Әдістемелік нұсқау ОҚМУ Әдістемелік Кеңесінің 2016 жылғы 30 мамырында мәжілісі хаттамасының шешімімен бекітілген әлеуметтану және саясаттану пәнінен курс бағдарламасы негізінде жасалған.


Студенттердің өзіндік жұмысын орындау үшін барлық мәліметтерін қамтиды.
Университеттің күндізгі бөлімінде оқитын студенттері үшін дайындалған.
Рецензент:
Корганова С.С. философия ғылымының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Философия және мәдениеттану» кафедрасының доценті міндетін атқарушы. (ішкі)
Сағындықова Б. әлеуметтану ғылымының кандидаты. ОҚМПИ, «Қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы. (сыртқы)
«Философия және мәдениеттану» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, Хаттама №_______ ____ 2019ж және «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің әдістемелік комиссиясында қаралған. Хаттама №_______ ____ 2019ж.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2019.

Шығаруға жауапты: С.А.Султанов




Кіріспе
Әлеуметтік өмірдің негізгі мазмұнын - адамдар мен олардың бірлестіктерінің арасындагы әрекеттер мен өзара әрекеттері құрады. Әлеуметтану және саясаттану пәні - адамдардың адамдар арасындағы, яғни қоғамдағы, олардың өзара әрекет ету тәртібі, мінез-құлқы туралы ғылым. Әлеуметтану адамдардың әр түрлі бірлестіктердегі өзара қарым-қатынастарының жалпы заңдылыктарын зерттейді. Әлеуметтану және саясаттану пәнінің объектісі - қоғам туралы басқа ғылымдар нені зерттесе /қоғам, адам, т.б./, ол да соны зерттейді. Әлеуметтанудың категориялары /негізгі ұғымдары/: Әлеуметтік топтастық", "әлеуметтік жүйе", "әлеуметтік құрылым", "әлеумсттік институт", "әлеуметтік ұйым', "әлеуметтік топ", "әлеуметтік әрекет', "әлеуметтік мінез-құлық", "әлеуметтік әділдік", "әлеуметтік еркіндік", т.б. "әлеуметтік топтастық" ұғымы әлеуметтанудың негізгі категориясы деп есептелінеді. Ал, "әлеуметтік" ұғымы неғүрлым жалпы категория деп есептеледі. Әлеуметтану заңдары - әлеуметтану категсрияларының байланысы. Ол - қоғамның, әлеуметтік топтастықтың және жеке тұлғалардың өзара әрекеттесу және іс-қимыл заңдары. Әлеуметтік заңдар адамдар мен олардың топтарының мінез-құлкын реттейді. Әлеуметтік заңдарға әлеуметтік дифференциация және интеграция /жіктелу және бірігу/, әлеуметтік мобильдік "қозғалыс", индивидті социализациялау /'әлеуметтендіру"/, қоғамды урбанизациялау /латын тілінен "қала" деген сөзден/, қоғамдық өмірді интернационализациялау жатады. Әлеуметтанудың құрылымы жалпы әлеуметтанудан, жеке әлеуметтанудан, микросоциологиядан, фуңдаменталды /іргелі/ және қолданбалы әлеуметтанудан тұрады. Жалпы әлеуметтану бүкіл қоғам деңгейіңдегі, ал, жеке әлеуметтану қоғамдық қатынастардың саласына ғана қатысты заңдылықтарды зерттейді. Эмпиризмдік әлеуметтану негізінен фактілерді жинақтайды, ал теориялық - оларды жалпылап, жалпы қорытынды жасайды. Іргелі және қолданбалы әлеуметтану білімнің сипатына қарай жіктеледі. Іргелі әлеуметтану негізінен теориялық білімді дамытумен айналысса, ал қолданбалы әлеуметтану негізінен практикалық міндеттерді шешеді. Саясаттану бағыты елдердің саяси жүйелерінің конституциялық құқықтық аспектілерін, саяси биліктің механизмдерін, легитимділік теориясын, саяси мәдениет пен конфликтілік процесстерді зерттейді.


Мазмұны
Өзіндік жұмысты орындау студенттің аудиториялық және аудиториядан тыс білімін жанама тексеруге арналынған оқу процессін жүргізу түрі. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты бұл студенттің оқу процессінде және одан тыс берілетін материалдар мен деректерді меңгеруі арқылы өзінше ойлау қабілетін дамыту, ғылыми мазмұндағы материалдарды игеруіін және сол алынған білімнің негізінде өзін өзі тәрбиелеуін қамтамасыз ету, білімін арттыру. Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың шешуші ролі бұл оқытушы мен студенттің арасындағы жекелік байланысты қалыптастыру, өйткені оқытушының басты мақсаты ол студентке тәрбие беру арқылы оның тұлға ретінде қалыптасуын негіздеу. Кредиттік технология арқылы оқытудың басты талабы да осы. Себебі, бұл жүйе бойынша оқу процессінің басты субъектілері, ол оқытушы және студент. Осы білім арқылы бекітілмеген өзіндік іс әрекет адамның жетістігі болып саналмайды. Сондықтанда оқытушы студенттің танымдық білімін алуына бағыт беру, ұйымдастыру қызметін атқарады. СӨЖ-дің ұйымдастырудың негізгі тапсырмасы мен міндеті, ол психологиялық-дидактикалық жағдайда студенттің кез келген сабақ формасында ойлау, саналы шешім қабылдау қабілеттерін дамыту болып табылады.
Өзіндік жұмыс дегеніміз-оқытушының тапсырмасы оның әдістемелік жетекшілігімен, бірақ қатысынысыз орындалатын студенттердің жоспарлы жұмыстары. Өзіндік жұмыс тек жекеленген меңгеру ғана емес, сонымен қатар, оқу, ғылыми кеңес, кәсіби іскерлік, өзіне деген жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да өзіндік жұмыс білікті маман дайындаудың тиімді бір жолы болып табылады. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге толықтыруға, дағды мен білікті қалыптастыруға танымдық әрекетке қызығушылықты туғызуға , таным үрдісінің әдіс-тәсілдерін игеруге, танымдық қабілеттің дамуына, шығармашылықпен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік жасайды.
Өзіндік жұмыс студенттердің бойында төмендегідей іс-әрекеттерді қалыптастырады: арнайы оқулық, әдебиеттермен, анықтамалық сөздіктермен , мерзімдік басылымдармен және интернетпен жұмыс істей білу. Өзіндік жұмыстың келесі формалары кеңінен қолданылады: сарамандық және зертханалық сабақтарға дайындалу, тесттік тапсырмалар мен дәрісханалық бақылау жұмыстарына дайындық, реферат, баяндамалар кейстермен жұмыс істеу және т.б.

Студенттің өзіндік жұмысының орындалу формасы силлабусста көрсетілген кестеге және қабылдану түріне қарай жүргізілуі керек. Сонымен бірге СӨЖ көлемі тапсырма түріне сай қабылданады. Тапсырма формалары ауызша сұрау, глоссарий, баяндама, реферат, презентация, іскерлік ойын, кроссворд т.б болып табылады. Әлеуметтану және саясаттану пәні бойынша СӨЖ-дің орындалу 45 сағат аудиториялық, 45 сағат аудиториядан тыс сағаттық көлемді құрайды.





жүктеу 135,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау